Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 23:31, доклад
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.
1. Ғылым және күнделікті сана
2. Ғылым туралы түсінік
3. Сана
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
Негізгі зерттеу әдістері.
Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады.
Салыстырмалы әдіс. Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады. Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді. Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт (1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды кӛлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жажүйесіды.Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады.
Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға өзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жөн.
Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің өзі лабораториялық және табиғи болып бөлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды.
Психикалық процестерді зерттеуде көптеген аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.
Қосалқы зерттеу әдістері.
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мен беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сөз аптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі.
Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері – жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні бұрын бланкіге жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді.
Салыстырма – генетикалық зерттеу әдісіне бірнеше әдістер еніп отырады. Бұл психикалық әрекеттердің өсіп-даму жолдарын салыстыра зерттейді, Ал салыстырма филогенетикалық зерттеу жолы арқылы адамдардың психика дүниесін хайуанаттар психологиясымен салыстырып, олардың арқасында қандай айырмашылық, қандай ұқсастық бар екендігі, адамның психологиясы қалайша адамдық психологияға айналғаны зерттеліп отырады. Салыстырма тарихи зерттеу әдісінде – қоғамдық эканомикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отырады. Сондықтан психикалық әрекеттерін зерттегенде, бұлар тек бүгінгі күннің ғана жемісі емес екендігін, адам баласының ғасырлар бойы дамып отыруының нәтижесі екендігін ескеріп, зерттеу жұмысында зерттеудің тарихи жағын көздеу керек болады. Психологияда басқа ғылымдардағыдай тарихи әдісті мейлінше қолданып адамның барлық әрекеттерінің ақыл-ойының санасының бірқалыпта тұрмайтынын, қоғамның өзгеріп дамуымен бірге, ол қоғамда өмір сүруші қоғам мүшелері – адамдардың сана – сезімдерінің өсіп, дамып, өзгеріп отыратынын ескеріп, адам жалпы адамзатты зерттемей, белгілі қоғамда өмір сүрген я нақты құрамының мүшесінің психикалық әрекеттерін зерттеу керек – бұл тарихи психологияның міндеті.
Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жӛнінен мағлұмат алуға кӛмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, тӛмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет. Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның ӛмірбаяны, естелік, мінездемелерін талдау жатады.
Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық көмек, обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларыида да көбірек көрсетіледі және тиімді болады.
Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ тӛтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы өмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады. Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды. Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы өзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та көтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді айдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сөздің реттеуші және бағдарламалаушы рөлімен байланысты болады. Ішкі сөздің бұл қасиеті
жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден қолданылады.
Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады.
Қолданылған әдебиеттер: