Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 10:54, реферат
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғылым философиясы мен методологиясы
1.1. Ғылым философиясы
1.2. Ғылым методологиясы
1.3. Қазақ философиясы
1.4. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғылым философиясы мен методологиясы
1.1. Ғылым философиясы
1.2. Ғылым методологиясы
1.3. Қазақ философиясы
1.4. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ—ХХІ ғасырыда десек , алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз.Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды . Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенме олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.
Негізгі бөлім
Қазақстандағы қазіргі философияның алдында жаңа әлеуметтік және саяси шындықтың күрделі мағынасын ашу, өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, тәуелсіз Қазақстанның өркениетті елу ел қатарына кіруінің мәдени-тарихи алғышарттарын байыптау сияқты қиын да күрделі міндеттер тұр. Жаңа философиялық білім беру, ғылыми-техникалық, ұлттық және мәдени саясатты қалыптастыру мәселелері сананың азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканың құндылықтарына бағдар ұстануын қажет етеді. Жаңа құндылықтарға бағдар ұстану Қазақстан дамуының демократиялық жолмен өрбуіне, әлеуметтік қатынастардың қоғамды біріктіре түсетін құрылысқа айналуына негіз бола алады. Бұл этносаралық және конфессияаралық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың республикада нығая түсуіне ықпал етеді.
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани жаңа мәселелерінің жүйелі талдауын жасау, Қазақстандағы экологиялық әлсіздіктен орнықты дамуға көшу мәселелерін қарастыру, әлемдік экологиялық проблемаларды адамдағы руханилықты асқақтату тұрғысынан зерттеу, халықтың ұлттық мәдениеті ауқымында адам экологиясы философиясын зерттеу мәселелері алда тұр. Өйткені, экология, экономика және саясат өзара байланысты дүниелер.
Адамзат тарихында XІX ғасырдың рөлі айрықша. Міне, осы кезеңде Қазақстанда Ш.Уәлихановтың қоғамдық прогресс философиясы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің музыкалық эстетикасы, Ы.Алтынсариннің оқу-ағарту философиясы мен Абай Құнанбаевтың адам философиясы дүниеге келді. Ал XІX ғасырдағы қазақ философиясының ұлы ойшылдарына Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Шоқаев және басқалар жатады. Олар тәуелсіздік пен егемендікті ту етіп, ұлттық идеяны іске асыруға тырысты. Ал кеңес өкіметі кезінде ұлттық философияға жол ашылмай, негізінен, бізге жат еуропалық маркстік-лениндік философия үстемдік етті.
Кеңестік дәуірден кейінгі уақытта қазақ және түркі философиясы арасындағы байланысты тереңдету мәселесі өзекті бола түсуде. Сонымен қатар XX ғасырда кең дами бастаған жаңа философиялық ойлау типтерін игеру маңызды болып отыр. Өйткені оларда демократиялық мәдениеттің, азаматтық қоғамның қалыптасуы, тоталитарлық ойлаудың түбірінен өзгеруі, рационалдықтың жаңа моделі көрсетілген. Бұл тәжірибе біздің ұлттық ерекшелігімізді ескере отырып, ұлттық философиямыз бен мәдениетімізді атамекенде өркендетуге теориялық көмек береді, басқа мәдени кеңістіктермен бірлікте болуға ықпал етеді.
Кәсіби философияның күрт дамуы — халықтың өзіндік ұлттық санасы дамуының көрінісі, оның рухани еркіндігінің, ашық азамат қоғамын құруға талпынысының, қазақстандық демократияның қағидаттарын нығайтудың айғақтары. Қазақ философиясы еліміздің рухани тәуелсіздігінің бірден-бір көрінісі болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіз жылдарында Философия және саясаттану институтында біз тұжырымдаған жаңа өзара түсінісу философиясы – бұл жаңа мыңжылдықта лайықты ғұмыр кешуіміз үшін алда тұрған іргелі мәселелер мен түйіндерді шешуге бағытталған келешек философиясы.
Өзара түсінісу философиясы өзінің арғы мысалы ретінде дәстүрлі қазақ философиясында, далалық өркениет философиясында көрініс тапқан десек, артық айтқан болмаймыз. Ал қазір біздің күндерде де, түркілер мен славяндардың бай философиялық және әлеуметтік ойларын синтездеп, сонысымен елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырған еркін қазақ философиясында да бұл идея бар. Қалай болғанда да қазақ және қазақстандық философия өзінің мәдени-тарихи мінездемесі жағынан таза түрде батыстық, не шығыстық емес немесе солардың біріне қарай басымдылығы да жоқ. Ол еуразиялық философия, демек, Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның құндылықтарын іштей жалғастыра алады. Сол сияқты ол өзінде бар мәдениеттердің өзара құрметтеу сезімімен, алқалылық рухымен сусындаған, бұл жағдай мақтаныш ұялатпай қоймайды.
Біздің еліміз XXІ ғасырда еуразиялық континентте, өркениеттердің тоғысатын жерінде байланыстырушы негізгі буын болуы заңды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” кітабында: “Түркі-ислам әлемі келесі мәдени-өркениетті кешендердің арасында халықтар мәдениетінің өзара байыту көпірі болады: а) Батыспен; ә) араб-иран әлемімен; б) Ресеймен; в) Қытаймен”. Ендеше, біз өзіміздің геосаяси жағдайымызды ұлттық мүдде мақсатында толық пайдаланғанымыз дұрыс.
Қазіргі заманда жаһандану үдерісі ықпалынан оқшау қалу мүмкін емес. Жаһандану жағдайындағы Шығыс пен Батыстың, Азия мен Еуропаның үнқатысуы мәселесінің Қазақстанда күн тәртібіне қойылып, біздің елімізде шешімі табылуы мүмкін екендігіне төмендегідей жағдайлар негіз болады: біріншіден, қазақстандық (өз рухы бойынша еуразиялық) философиясының өзіндік ерекшелігі қазіргі кезеңде әлемдік өркениеттік кеңістіктің кең көлеміне шығуға мүмкіндік береді, мәдениеттер мен өркениеттердің үнқатысуына шақырады. Екіншіден, біз үшін жаңа мәдени-тарихи өлшемдерге осындай болып ену қазақстандық мәдениеттің басқа мәдениеттермен танысуы арқылы өзінің көкжиегін кеңейтуге көмектеседі және бұл үдерісте өзін тереңірек тануға мүмкіндіктер ашылады. Сөйтіп, сол арқылы әлемдік дамудың жаңа биіктеріне көтерілуге болады. Үшіншіден, жаһанданудың жаңа үлгісі, міне, осындай әлемдік ақпараттар ағымына қосылатындай мәдениеттердің ашық, шығармашылықты қолдайтын үнқатысуын артық көреді. Бірақ сонымен қатар өзіндік ұлттық болмыс пен абыройды, халықтың ұлттық бірегейлігін және қайталанбастығын сақтап қалу қажеттілігі бар.
1.1. Ғылым философиясы
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.
1.2. Ғылым методологиясы
Методология (грек. metodos – таным
жолы, logos – ілім) : Методология
адамның теориялық және тәжірибелік қызметін
ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері
мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап,
жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын,
мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың
өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін
анықтап, философиялық-
Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негіз
XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері,
қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер,
жаһандық мәселелердің туындауы методологияның
ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы
ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның
3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми
және жеке-ғылыми милософиялық методология –
жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным
мен тәжірибенің жалпылама принциптері
мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылым
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
“Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тұрғысынан келгенде қоғамдық ғылымдардың маңызын ешбір жағдайда да төмендетуге болмайды, – деді Президент Н.Ә.Назарбаев. – “Адамтанудың” басқа да салаларын қоса алғанда әлеуметтік ғылымдар қоғамдық проблемалардың дәл диагнозын беріп қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік жұмылудың тиімді рецептін де ұсынады”.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың, олардың ішінде философия мен саясаттанудың бәсекеге барынша қабілетті елу ел қатарына кірудегі орны мен маңызы айтарлықтай.
Тәуелсіз Қазақстандағы өтпелі кезең әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар алдына түбегейлі реформалау міндетін қойған-ды. Нарықтық қатынастар жүйесіне өту жағдайында түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің негізінде ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғыртудың жобасын жүзеге асырудың және жалпыадамзаттық өркениетке енудің мүмкіндіктері жасалынуы тиіс еді.
Кеңес дәуіріндегі жоғарыда аталған ғылымдар дағдарысының негізгі себебі олардың шектен шыққан идеологиялануы болып табылады. Философия идеологиямен етене теңестіріліп, түгелінен мемлекеттік бола түсті. Сөйтіп, әлеуметтік шындықтың нақты қайшылықтарын сыни және объективті түрде талдау мүмкіндігі шектеле түсті, оның орнына философия апологеттік доктринаға айналды.
Әсіресе, салыстырмалы философияның, әлеуметтік, саяси және құқықтық философияның жағдайлары мәз емес еді. Олардың тұжырымдамаларын қоғамдық өмірдің ағымын өзгертуге болатын әлеуметтік технология ретінде қолдану іске асырыла бастады. Міне, сондықтан да болар, бұрынғы кеңес заманындағы қоғамтану аясында философиялық білімнің осы салалары тиісті деңгейде дами алмады.
Қоғамтану саласындағы, соның ішінде философиядағы дағдарыстың себебі болатын тағы бір құбылыс рухани мәдениеттің бедерсізденуі болып табылады. Бұл үрдістер қазақ халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар көздері мен түп-тамырларын елемеуге әкеліп соқтырды. Қоғамтану теориялары әлеуметтік дамудың абстрактылы, қайшылықсыз схемалары ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайлар ресми мәдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана қалыптасуы мүмкін еді. Ал нақты өмірде, әсіресе қазақ халқының бай рухани әлемімен және ұлттық психологиясымен түйіскенде бұл теориялар әр түрлі қайшылыққа толы қорытындылар жасайтыны айғақталды. Сырт көзге дұрыс болып көрінетін абстрактылы қағидаттар халықтың тіршілік әлемінен оқшау тұрғандықтан, өзінің дүниетанымдық маңыздылығы мен әлеуметтік құндылығын жоғалта бастады.