Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2014 в 10:54, реферат
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ғылым философиясы мен методологиясы
1.1. Ғылым философиясы
1.2. Ғылым методологиясы
1.3. Қазақ философиясы
1.4. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Философиялық теорияның мемлекеттік идеологияның ықпалында болуы, ұлттық рухани мәдениеттің ерекшеліктерін елемеушілігі отандық философиялық ілімнің халықаралық философиялық бірлестіктен оқшаулануын туындата бастады. Әлемдік философиялық мектептердің негізгі бағыттарымен идеялық текетірестік жағдайында болу өзара тиімді дүниетанымдық және методологиялық (әдіснамалық) үнқатысуды жүргізу мүмкіндігін шектей түскен болатын. Біздің философияның томаға-тұйықтығы әлеуметтік мәселелердің практикалық шешімін іздеуде догматизм мен методологиялық әлсіздікке әкеліп соқтырды. Екінші жағынан, осылай догмаланған философиялық теория қоғамтануды өз жолынан адастырды, ол әміршіл-әкімшіл жүйенің елді әлеуметтік-саяси тұрғыдан басқару істерін ақтап отырды.
Қазақстандағы философияның реформалануы бұрынғы жылдардың негізгі бағдары болған идеологиялық қағидаттардан бас тартуды талап етті. Осылай философияның идеологиясыздануы философиялық танымның саяси шешімдер үстемдігі мен идеологиялық цензураның шектеулерінен құтылу мүмкіндіктерін ашты. Бұл өтпелі кезеңнің нақты қайшылықтары мен жанжалдарына жан-жақты талдау жасауға жағдай жасады, объективті зерттеулер республикадағы жүріп жатқан жаңару, әлеуметтік-саяси өзгерту үдерістерін терең түсінуге бағдар болды.
Философия ғылымындағы осындай қиындықтардың тамырлары әлеуметтік жаттану үдерістерімен астасады. Бұл — адамның меншіктен жаттануы, өзінің ұлттық тарихы мен философиясынан жаттануы, тіпті адамның өз мәнін, тарихы мен мәдениетін, тілі мен дінін жатсынуы болып табылады. Соның салдарынан адамдар әлеуметтік үдерістердің қарапайым құралы мен объектісіне айналды. Сондықтан қазіргі кезеңдегі философия ғылымының басты міндеті әлеуметтік жаттануды еңсеру жолдары мен ерекшеліктерін анықтау болып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің нарықтық тұрпатына өту жағдайында қоғамның бірыңғай ойлауға сүйену бағдарын қоғамдық және жеке сананың дүниетанымдық және құндылықтық плюрализмі ауыстырады. Осындай уақытта, бір жағынан, саяси волюнтаризмді еңсеру жүріп жатса, екінші жағынан, халықтың философиясы өзіне қайтарылды, адамдар саясатқа саналы түрде қатыса бастады. Бұқаралық сананы бұрмалауда қолданылатын теориялық догмалар, идеологиялық мифтер мен қасаңдықтар қоғам мұқтаждықтарымен сәйкес келмейді және әлеуметтік-экономикалық мүдделерді реттеуші нарықтық тетікпен сыйыспайды.
Рухани өмірдің бедерсізденуін еңсеру мен қазақ халқының өзіндік санасын жаңғырту міндеттері философиялық ғылымдарды Шығыс, оның ішінде түркі өркениетінің ерекшеліктері мен тарихи тамырларын дүниежүзілік мәдениетпен салыстыра отырып кешенді түрде зерттеуге назар аудартады. Бұл жерде тарих пен философияны зерттеуші ғалымдардың, республикамыздың жалпы қоғамтанушыларының және халықаралық ғылыми қауымдастықтың, әсіресе, Шығыс елдері мәдениеті өкілдерінің кәсіби мүдделері түйіседі.
Бұрынғы кеңес дәуірі кезінде қазақ философиясы жабық тақырып болды. Ол кезде Қазақстанның қоғамдық және философиялық ойы ғана айтылатын, ал қазақ философиясы бойынша ешқандай сөз болмайтын. Барлық ғылыми-зерттеу мен білім беру саласында тек әл-Фараби, Абай, Ыбырай, Шоқан туралы ғана сөз болатын. Басқа ойшылдар, философтар жөнінде әңгіме қозғалмайтын. Қазіргі тәуелсіздік заманында көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының 20 томдық философиялық мұрасы жинақталып, жасалып жатыр. Әсіресе, қазір еліміздің маман-философтары қазақтың халықтық философиясын герменевтикалық және компаративистік тәсілдермен жасау үстінде. Біздің Философия және саясаттану институтында 15 жыл ішінде “Қазақ даласының ойшылдары” атты 5 кітаптан тұратын сериялық зерттеу аяқталды. Оның 4 кітабы жарық көрді, соңғы 5-ші кітап жуырда шықпақ. Енді алдағы уақытта тұлғалық зерттеуден проблемалық зерттеуге көшпекпіз. Қазақ философиясы өркениеттік дәстүрлердің динамикасын, ұлттық тарих пен әдебиеттің, өнер мен музыканың, гуманитарлық ғылымдардың дүниетанымдық негіздерін зерттеуге өте-мөте қажет. Сондықтан да қазақ және түркі философиясының тарихы мен теориясын тереңірек жүйелі зерттеу күн тәртібіндегі мәселе. Келесі жылдың соңына қарай барлық 20 томдық қазақ философиясы жасалып, әрі қарай баспадан жарыққа шығып, оқырман қауымға тисе екен деген тілектеміз.
Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық-дүниетанымдық ойы батыстағыдай қалыптасқан жүйелерде емес, поэзияда, фольклорда, ауыз әдебиетінде, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Адам мен әлемнің арақатынасын, адамның өзін-өзі тануы, сөйтіп өзін басқаға танытуы, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін философиялық және этикалық тұрғыдан жан-жақты зерделеуге айрықша мән беру қазақ философиясының ерекше сипаты болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы – шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жағынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәстүрін жалғастыра отырып, оны өзіндік мазмұнмен байытқан философия.
“Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем, – деп атап көрсетті Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” атты кітабында, – тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады”.
1.4. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі
Ғылым философиясы мен методологиясының
қазақстандық мектебі (Ғылым философиясы
мен методологиясының қазақстандық мектебі) – халықараралық ауқымда танылған отандық
философия зерттеу бағыты.
Бұл философия мектеп өкілдерінің (Ж.М.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, К.Рахматуллин, М.
Ғылым философиясы мен методологиясының
қазақстандық мектебінің қалыптасу тарихын шартты
түрде 3 кезеңге бөлуге болады:
1-кезең (1960–70), тұтастай алғанда ғылыми
танымның логикалық-методология проблемаларын
диалектика тұрғысынан талдаумен байланысты
болды. Философтардың осы кезеңдегі еңбектерінде
(Әбділдин, Нысанбаев, «Теория құрудың
диалектикалық-логикалық принциптері»,
1973, Қазақстан Ғалымдарының Ш.Ш.
Уәлиханов атындағы 1-дәрежелі сыйлыққа
1974; Орынбеков, «Философиядағы және ғылымдағы
субстанция мәселесі», 1975; «Осы заманғы
ғылымдағы нақтылық принципінің рөлі»,
1976; т. б.) 20 ғ-дың 2-жартысындағы ғылымның
логикалық-гносеол. аспектілері мен проблемалары
қарастырылды. Қазақстан философтарының
бұл бағыттағы ғылыми-зерттеулері Ресей, Польша, Германия, Венгр
Ол пәндік-практикалық қызметтің субъекті ұғымын алдыңғы шепке шығарып, ғылыми теориялардың әлеуметтік – мәдени өлшемдеріне мүдделілікті арттыруымен ерекшеленеді. Ғылыми танымның методологиялық проблемаларын жүйелі зерттеу ісіндегі әлеуметтік – мәдени және категориялық талдауларды біріктіру де осы кезеңде атқарылды. Ғылыми танымды категориялық талдау оның мәдени-тарихи сипаттамаларын ой елегінен өткізу арқылы жүзеге асты. Осы кезеңдегі қомақты мәселе – «Ғылыми танымның және әлеуметтік қызметтің логикасы ретіндегі материалистік диалектика» жетекші орынға шығып, әлеуметтік – мәдени ауқымда байыпталды. Мұның өзі көптеген тың идеялар мен материалдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Бұл бағытта қазақстандық философтардың іргелі еңбегі саналатын төрт томдық «Диалектикалық логиканың» 4-кітабы («Осы заманғы жаратылыстанудың методологиясы ретіндегі диалектикалық логика», 1985; Нысанбаев, Р.Кубанов, «Осы заманғы ғылымның әлеуметтік және этикалық проблемалары», 1988; ұжымдық еңбектер: «Ғылымның категориялық аппаратының генезисі», 1990; «Ғылымның логикалық-гносеологиялық талдауы», 1990; т.б.) жарық көрді. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі жұмысының қазіргі заманғы талаптарға сай 3-кезеңі өрістеді.
Бұл кезең ғылым мен техниканы таза марксшілдік талдау шеңберінен шығып, жаратылыстың, техникалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың (психология, тарих, социология, саясаттану, мәдениеттану, т.б.) философиялық – методология және дүниетанымдық проблемаларын зерделей зерттеумен ерекшеленеді. Отандық философия мектеп бұл кезеңде пәндік-практикалық, әлеуметтік – мәдени қызметтің идеологиялық қасаңдықтан арылған принциптеріне сүйеніп, тарихи – философия , тарихи –ғылым және тарихи-мәдени мол мұраларды пайдалана отырып, әлеуметтік және жеке тұлғалық болмысты танудың аса маңызды диалектикалық –логикалық принциптерін қорытты. Әсіресе, қарама – қарсылық , нақтылық, субъектінің белсенділігі, тарихилық принциптері дүниетанымдық, логикалық - гносеол. және методологиялық мәселелермен бірлікте қарастырылды. Ғылымның категориялық және ұғымдық аппаратын қалыптастырып, жетілдіру заңдылықтарын, оны дамытудың интегративтік жолдарын іздестіруге ғалымдар жете мән берді. Өркениеттің өркендеуі барысындағы ықпалды техникалық сана құбылысы мен компьютерлік революцияның салдарын талдай қарастыру қолға алынады. Қазіргі кезде ғылымның бағдарлылығын зерттеуге орай ғылым методологиясы жөніндегі отандық әдебиетте бұрын-соңды зерделенбеген тың мәселелер, соның ішінде, ұлттық мәдениет, оның этн. бейнесі мен әлемдік көрінісі аясындағы проблемаларды зерделеуге талпыныс жасалуда. Үшінші кезең, сондай-ақ Еуропаға құлай жүгінетін логикалық парадигмалардан Шығыс пен Батыстағы ғақылиялы ой кешудің алуан тұрпаттарының диалогына қарай ойысу қажеттілігін бағдар тұтуымен де ерекшеленеді. Философия және саясаттану ин-ты ғалымдарының «Шығыс және батыс мәдениеттерінің өзара байланыстары ауқымындағы ғылым методологиясы» (1998) атты ұжымдық монографиясы осы мәселені талдауға арналды. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебінде жүзеге асырылған зерттеулер ғылым философиясы мен методологиясын дамытудың әлемдік бағыттарына сәйкес келеді.
ҚОРТЫНДЫ
Қорыта келе , Қазақ халқының философиялық және әлеуметтік ойын зерттеуші ғалымдар осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті ұлттық философияның өмір сүру пошымы ретінде түсінгені, көркем әдебиет туындыларын салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып зерделегені, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы философиялық мазмұнды ашып көрсету үшін оны философиялық ойлау құралдары көмегімен қайта саралағаны дұрыс болар еді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
культур. Алматы.-1998.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚОҒАМДЫҚ ПƏНДЕР» КАФЕДРАСЫ
Тақырып:______________________
Алматы 2014