Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

Содержание

Кіріспе

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
8
1.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары
8
1.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістер
17
1.3
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері
19
2
«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
32
2.1
Кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі
32
2.2
Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
36
2.3
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
44
2.4
Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
53
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
62
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері
62
3.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар
64

Қорытынды
71

Қолданған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Корпоративтік қаржылық жоспарлау.doc

— 700.50 Кб (Скачать файл)

Жоспарлаудың үздіксіздік  қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық  жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және бюджет  жасау:

    - жоспарлау  өзіне мақсаттар мен міндеттерді  қалыптастыруды және баяндауды  кіріктіреді.

    -  бағдарламалау  деп мақсаттарға жету үшін  пацдаланылатын құралдардың қолда  барын іріктеуді және жаңаларын  табуды түсіндіреді;

    - бюджет жасау  жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде  анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :

      - мүмкін  болатын ішкі шаруашылық резервтер  анықтауды есепке  алмайды;

      -   материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген  нормалар мен нормативтердің негізінде  есепке шығарылады.

Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.

Баланстық әдіс шығындардың  оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының  барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге  өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің  өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.

Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің  параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың  тәжірибесін пайдалануды қажет  етеді.

Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды  ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

      Қаржылық  жоспарлауда тарихи мына ұйымдық  қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік  мақсатты. Ведомстволық және салалық  қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

     Нарықтық  қатынастар жағдайында аумақтық  және предметтік мақсатты қағидаттар  кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық  қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық  бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

      Қаржылық  жоспарлаудағы предметтік мақсатты  қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени  және басқа бағдарламаларды қамтамасыз  ету үшін қаржы ресурстарын  нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

      Қаржы  жоспарларын жасау негізінен  үш  кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде  есеп беріліп отырылған мезгілдің  қаржылық көрсеткіштердің орындалуына  экономикалық талдау жасалады. Қаржылық  көрсеткіштерді талдау өндірістік  мәліметтермен өзара байланысты жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты резервтерді табуға мүмкіндік бреді.

      Екінші  кезеңде әлеуметтік және экономикалық  даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп қисаптары жасалады.

     Үшінші  кезеңде сметедағы тапсырмалар  және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған  шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістері

 

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды  мына қағидаттарға негізделеді:

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл Кәсіпорынның қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

Биліктің  жергілікті органдары бюджеттерінің  олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық ендіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;

- бірлік қағидаты Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасы субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының Кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық   жоспарлауда   олардың   міндеттерін   нақтылаумен   қол   жетеді.

Кәсіпорынның Қаржылық жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші  субъектілерді, олардың нақтылы  даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі – жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау: 

жоспарлау өзіне мақсаттар  мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді;

бағдарламалау деп мақсаттарға  жету үшін пайдаланылатын құралдардың  қолда барын іріктеуді және жаңаларын  табуды түсінеді;

бюджет жасау - жалпы  көпжылдық бағдарламаларды қаржы  жылдары бойынша жылдық бюджеттік  цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойыыша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

Кәсіпорынның Қаржылық жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық   көрсеткіштерді   олардың   динамикасын   белгілеу   негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің  немесе  төмендеудің  салыстырмалы  тұрақты  қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

мүмкін болатын  ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды  есепке алмайды;

материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға  теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

  1. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
  2. Математикалык, үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.

4. Баланстық   әдіс   шығындардың    оларды   жабу   көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрсеткіштердің өзара   үйлесуін   қарастырады.  Қаржы   балансының   талаптарын   сақтау кәсіпорынның,   саланың,   бюджеттердің,   бүкіл ұлттық  шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері

 

      Қаржылық  жоспарлаудың негізгі құжаты  болып келетін қаржы жоспары  шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы  мемлекеттің ақшалай табыстары  (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

      Басқарудың  барлық деңгейлеріндегі жасалынатын  саны көп қаржы жоспарларын  бір жүйеге келтіру үшін оларды  көптеген белгілері бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

      Жиынтық  қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік  қаржы ресурстарының қозғалысын  негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

      Нысаны  бойынша олар әрқашан жиынтық  жоспарлар болып табылады, бірақ  бұл оның жалғыз ғана белгісі  емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының  да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

      Қазіргі  кезде жиынтық қаржы жоспарлары  жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық  жоспарларды кіріктіреді. Мыналар  жалпымемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы,  мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

      Жиынтық  қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған  дамудың жалпымемлекеттік болжамының  қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық  банктің белсенді қатысуымен  экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстын есеп қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

      Баланстың  кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді:  таза табыс, тұтынуға салынатын  салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері