Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

Содержание

Кіріспе

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
8
1.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары
8
1.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістер
17
1.3
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері
19
2
«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
32
2.1
Кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі
32
2.2
Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
36
2.3
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
44
2.4
Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
53
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
62
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері
62
3.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар
64

Қорытынды
71

Қолданған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Корпоративтік қаржылық жоспарлау.doc

— 700.50 Кб (Скачать файл)

 

«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС»  Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі өндірілген өнім көлемінің мөлшері 21730 мың теңгеге немесе 161,9 өссе. өткізілген өнім көлемі   2012 жылы     22074 мың тенге немесе 181,6% өскен. Өндірілу көлемінің өсуіне байланысты өнімнің өзіндік құны да 42854 мың тенгеге, яғни 132,8% құрайды жұмысшылар саны 8 адамға азайып,0,8%-ға төмендеді..

Өнімнің өзіндік құнының  оны сатудан түскен табыстан ұлғаюына байланысты таза пайда көрсеткіштері  де өзгерген. Мысалы, 2011 жылға қарағанда 2012 жылы таза пайда 20510 мың теңгеге  немесе 103 %-ға кеміді.

«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде  өндірісті ұлғайтуға байланысты негізгі құралдардың құны да 2012 жылы 105,6% өсуде.

«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі жаңадан құрылып, ашылуына байланысты табыс мөлшері төмен болғандықпен қор қайтымдылығы 30 пайызға, ал қорсыйымдылығы 18,8 пайызға төмендегін кестеден көріп отырмыз

 

 

2.2 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

 

Қаржы жағдайын талдаудың маңызды этапы болып баланстың өтемпаздығын талдау табылады.  Өтемпаздықты талдау кәсіпорынның несиелендірі қабілеттілігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, яғни оның өзінің міндеттемелері бойынша өз уақытында және толық шамада есептесу қабілеттілігін.  Баланстың өтемпаздығы, ақшаға айналдыру мерзімі міндеттемесін өтеу мерзімімен сәйкес, кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады.  Баланстың өтемпаздығынан активтер өтемпаздығын ажырата білу керек. Активтер өтемпаздығы олардың ақша қаражатына айналуы үшін қажетті уақытқа кері шама ретінде анықталады.  Активтердің осы түрінің ақшаға айналуына қаншалықты аз уақыт кететін болса, соншалықты олардың өтемпаздығы жоғары болады.

Баланстың өтемпаздығын талдау, олардың өтемпаздық дәрежелері бойынша топтастырылған, міндеттемелерімен, төлем мерзімінің дәрежесі бойынша сыныпталған активтің қаражаттарымен салыстырмалы қорытындыланады. 

Өтімді дәрежесіне тәуелді кәсіпорын активтері келесі топтарға сыныпталады.

Ең өтемпазды  активтер  (ЕӨА)  -  оған кәсіпорынның ақшалай қаражатының барлық баптары және қысқа мерзімді қаржы жұмсалымы жатады (бағалы қағаздар). Ақша қаражаты мен бағалы қағаздар айналымды қаражаттың ең жұмылдырғыш бөлігі болып табылады. Ақша төлемге бірден дайын, ал бағалы қағаздар ақшаға жылдам қолма-қол ауыстырыла алады.

«Семей жолы сервис» ЖШС 2012 жылғы балансының мәліметтеріне сүйенсек, бұл баптар жыл басында 1,423,430  мың тенгеге теңесті. Ал жыл аяғында 2,143,834  мың тенгеге дейін жоғарылады.

Жылдам өткізілетін  активтер (ЖӨА) -  есеп беру күнінен соң 12 ай ішінде төлемдер күтілетін, дебиторлық берешек (қысқа мерзімді),  Дебиторлық берешек бойынша сома есеп айыру шотына белгілі бір мерзімде түседі, сонымен қатар өзінің міндеттемелерін төлеуге бағыттала алады.

«Семей жолы сервис» ЖШС бойынша, жылдам өткізілетін активтер, 2012 жыл басында 7,368,215  мың тенгені құрады және  жыл аяғында біраз көтерілді, сөйтіп 8,288,519  мың тенгені құрады.

Баяу өткізілетін  активтер (БӨА) – қорларды және басқа айналымдағы активтерді қамтитын (ұзақ мерзімді инвестициядан басқа субъектілердің жарғылық капиталын алып тастағанда) баланс баптары. Бұл кезде «Келешек кезеңдер шығыны» бабы жойылады. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру күрделірек болады:  сатып алушыны табу қажет, ол белгілі бір уақытты қажет етеді.

«Семей жолы сервис» ЖШС баяу өткізілетін активтері 2012 жылдың басында 2,555,312  мың тенгені құрады, ал жыл аяғында 2,625,453  мың тенгені.

Қиын өткізілетін  активтер (ҚӨА)  –  негізгі қаражат және материалдық емес активтер сияқты айналымнан тыс активтер.

Қиын өткізілетін  активтер, «Семей жолы сервис» ЖШС есеп берушілігіна сәйкес,  2012 жылдың басында 49,025,410  мың тенге болды және жыл аяғында едәуір жоғарылап,  56,040,012  мың тенгеге жетті.

Балансты қаржыландыру көздеріде төлем мерзімділігінің дәрежесі бойынша төрт топқа топталады:

Ең мерзімді міндеттемелер   (ЕММ) – оларға қысқа мерзімді несиегерлік берешек  жатады.

«Семей жолы сервис» ЖШС есеп берушілігіна сәйкес, қысқа мерзімді несиегерлік берешек 2012 жылдың басында 6,174,849 мың тенгені құрады  және жыл аяғында 7,056,919  мың тенгені құрады.

Қысқа мерзімді міндеттемелер (ҚММ) – бұл  қысқа  мерзімді қарыздың қаражаты және басқа  қысқа мерзімді  пассивтер.

«Семей жолы сервис» ЖШС қысқа мерзімді міндеттемелері 2012 жылдың басында 8,621,581  мың тенгені құрады  және жыл аяғында 10,390,803 мың тенгеге дейін жоғарылады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер (ҰММ)  –  бұл ұзақ мерзімді несиелер және  қарыз қаражаты,  жәнеде келешек кезеңдер табысы.

«Семей жолы сервис» ЖШС ұзақ мерзімді міндеттемелері   2012 жылдың басында 12,273,263  мың тенгені құрады  және жыл аяғында 13,649,028  мың тенгеге дейін жоғарылады.

Қаржыландырудың тұрақты көздері немесе орнықтылықты (ҚТК) -  бұл меншікті капитал. Сыныпталған  топтардың балансын сақтау үшін осы  топтың қорытындысы «Келешек кезеңдер шығыны» бабына сәйкес шаманың сомасына төмендетіледі.

«Семей жолы сервис» ЖШС  бойынша тұрақты қаржыландыру көздері  33,302,674  мың тенгеге теңесті және жыл соңында 38,001,068 мың тенге болды.

Баланстың өтемділігін  анықтау үшін келтірілген топтардың активтері және қаржыландыру көздері бойынша қорытындыларды салыстыру қажет.  Баланс,    абсолютті өтімділікті деп саналады, егер келесі қатынастар орын- далса:

ЕӨА >= ЕММ;      ЖӨА > = ҚММ;   БӨА >=ҰММ;    ҚӨА = < ҚТК.

Егер осы жүйенің бірінші үш теңсіздігі орындалса, онда бұл  төртінші теңсіздіктіңде орындалуын тартады, сондықтан  бірінші үш топтың активтері мен пассивтері бойынша қорытындыларын салыстыру маңызды. Төртінші теңсіздік «баланстаушы» сипатты болады, және ол терең экономикалық ойлы:  оның орындалуы қаржылық орнықтылық жағдайының – меншікті айналымды қаражаттың бар екенін – сақталуы туралы куәлендіреді.

Жүйенің бір немесе бірнеше  теңсіздігі, оптималды нұсқада белгіленгеннен кері белгіде болса, баланстың өтімділігі көп немесе аз дәрежеде абсолюттіктен айрықшаланады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражаттың жетіспеуі басқа топ бойынша, құндық бағада, артықша өтеледі, нақты жағдайда аз өтімділікті активтер жоғары өтімділікті активтердің орынын баса алмайды.

 

Кесте 2 – «Семей жолы сервис» ЖШС балансына сәйкес өтімділік топтары бойынша активтер мен қаржыландыру көздерінің қатынасы  2011 және  2012 ж.ж.

 

 

01.01.2011ж-ға

01.01.2012ж-ға

 

01.01.2011ж-ға

01.01.2012ж-ға 2г

01.01.

2011ж-ға

01.01.

2012ж-ға

ЕӨА

1,423,430

2,143,834

ЕММ

6,174,849

7,056,919

А1 < П1

А1 < П1

Ақшалай қаражат

 

1,407,501

 

2,143,834

Салық бойынша  қарыз

 

683,976

 

571,581

   

Қысқа мерз. ФИ

 

15,929

 

--

 

Несиег. берешек

 

5,490,873

 

6,485,338

   

ЖӨА

7,368,215

8,288,519

ҚММ

8,621,581

10,390,803

А2 < П2

А2 < П2

АғымдыДБ

7,368,215

8,288,519

Қысқа мерз. несиелер

 

2,167,500

 

3,664,880

   
     

Ұзақ мерз. Ағымды бөл.

 

6,454,081

 

6,725,923

   

БӨА

2,555,312

2,625,453

ҰММ

12,121,958

13,455,395

А3 < П3

А3 < П3

ТМЗ

2,555,312

2,625,453

Ұзақ мерз. несиелер

 

10,100,553

 

8,021,673

   
     

Басқа мінд.

--

3,225,653

   
     

Мерз. Ұзарт. салықтар

 

2,075,811

 

2,273,000

   
     

Келеш. Кез. Шығ.

 

- 54,406

 

- 64,931

   

ҚӨА

49,025,410

56,040,012

ҚТК

33,453,979

38,194,701

А4 > П4

А4 > П4

НМА

637,478

844,223

У Капитал

12,136,529

12,136,529

   

ОС

40,585,357

49,879,600

Алынған капитал

 

--

 

-2,652,636

   

Аяқталмаған.күрд.құр.

 

6,612,797

 

4,564,900

Қос. төлен-бейтін капитал

 

9,743,577

 

5,611,552

   

Ұзақ мерз. ФИ

1,189,778

511,007

Резервтік капитал

 

143,503

 

1,820,479

   

Ұзақ мерз. ДБ

--

240,282

Бөлінбеген  табыс

 

11,355,176

 

21,257,378

   
     

Кел.мер.табысы

96,899

128,702

   
     

Кел.мер.шығыны

- 21,705

- 107,303

   

БАРЛЫҒЫ

60,372,367

69,097,818

БАРЛЫҒЫ

60,372,367

69,097,818

   

 

Активтер мен  қаржыландыру көздері баптарының 1 тобының қорытындыларын салыстыру жақын уақыттағы түсім мен төлем қатынастарын көрсетеді. 5 кестеден байқағанымыздай, активтердің бірінші тобы (ең өтімді активтер)  қаржыландырудың көздерінің бірінші тобынан аз (ең мерзңмдң міндеттемелер).  Демек, жылдың басындада, аяғында да баланс өтімділіксіз, және бұл кезеңдерде жақсару жағдайы жоқ.

Активтер мен  қаржыландыру көздері  баптарының 2 тобын салыстыру төлем тәртібі  күйінің жақын уақытта жақсаратыны  туралы қорытынды жасауға мүмкіндік  береді. Бірақ, дегенмен,  егер бірінші  шарт талап етілетін нормаларға сәйкес келмесе, онда, сөзсіз, келесі шарттарда оған сәйкес келмейді.

Жалпы активтер мен қаржыландыру көздері  баптарының 1 және 2 топтарын салыстыру  ағымды өтімділікті анықтауға мүмкіндік  береді. Ол  қаралатын кезеңге  жақын уақыт аралығындағы төлеу қабілеттілікті (немесе төлеуге қабілетсіздікті) куәлендіреді.  Егер жоғарыда келтірілген кестені қарастыратын болсақ жақын уақыттағы төлеуге қабілетсіздік туралы қорытынды жасауға болады.

Баяу өткізілімді  активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру келешектегі өтімділікті көрсетеді және  алдағы түсімдер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлеу қабілеттілігін болжайды, яғни ең кейінгі мерзімдердегі қаржы жағдайының жақсаруын немесе нашарлауын болжауға мүмкіндік береді.

Активтер мен  балансты қаржыландыру көздері  баптарының 4 тобының қорытындылары шаруашылық жүргізуші субъектінің меншіктенушілер алдындағы міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді.  Бірақ бұл субъект жойылған жағдайда ғана қажетсініледі. Үздіксіздік немесе әрекеттенуші субъект принципін сақтау, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті айналымды капиталы болуын талап етеді. Ал ол үшін төртінші теңсіздіктің орындалуы қажет,  яғни  шашыраған активтерден меншікті қаражат көздерінің жоғары болуы.

Ал төртінші теңсіздікте, кестеде келтірілген деректерге сәйкес, орындалмайды және үздіксіздік принципі бұзылған деп айтуға болады, және  бәрінен бұрын, қаражаттың үлкен бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталады деп қорытынды жасауға болады,  ал  қарыздарды тарту көрсетілген қызметтер  тарифтері бойынша түсетін меншікті қаражаттардың жеткіліксіздігімен байланысты. Тарифтер мемлекетпен реттелетін болғандықтан, әрине онда жаңғырту үшін қажетті қаражаттарды қарастыру мүмкін емес, ал орнықтырылған тарифтер арқылы негізгі қаражаттар амортизациясы ретінде түскен қаражат негізгі қорларды жаңалау үшін жеткіліксіз.

Көбінесе төлеу  қабілеттілігін анықтау үшін үш көрсеткіш  қолданылады:  абсолюттік өтімділік  коэффициенті, мерзімді өтімділік  коэффициенті (аралық) және ағымды  өтімділік  коэффициенті.

Абсолюттік  өтімділік коэффициенті ақшалай  қаражат пен қысқа мерзімді қаржы  инвестициясының ең мерзімді ағымды міндеттемесіне қатынасы ретінде есептеледі. Ол арқылы жеткізушілер тұрғысынан төлеу  қабілеттілігінің деңгейі бағаланады.

 

                   АҚар  +  Қар              ЕӨА

Аб.ө.к.  =                            = 


                          МА                       ЕММ                                                   

 

01.01.2011 ж.  бұл   коэффициент «Семей жолы сервис» ЖШС балансы  бойынша 0.23  (1,423,430/ 6,174,849) тең және 01.01.2012 ж.  -  0.30 (2,143,834/7,056,919) тең.

 Ол ағымды  берешектің қандай бөлігі, балансты  құру күніне немесе жақын уақытта,  өтеле алатынын көрсетеді. Бұл,  ағымды міндеттемелердің қандай  бөлігінің тез арада өтелетінін көрсететін, төлеу қабілеттілігінің ең қатаң критериясы.  Әлемдік тәжірибеде  оның мәні 0.2 – 0.3 деңгейінде қабылданады.  Кәсіпорын бойынша есептеуден алынған нәтижелерден, бұл коэффициенттің ұйғарынды деңгейде екенін көреміз.

Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті есептеу үшін алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық берешектік және басқада активтер қосылады,  ал бөлімі болып сол көрсеткіш қалады  -  ағымды міндеттемелер.  Ол банкирлер тұрғысынан төлеу қабілеттілікті талдау үшін қарастырылады. 

 

                АҚар  +  Қар +  ДБ         ЕӨА + ЖӨА

М.ө.к. =                                       =


                    МА                                ЕММ + ҚММ                                  

 

Мерзімді өтімділік (аралық) коэффициентті 01.01.2011 ж.  «Семей жолы сервис» ЖШС балансының деректері  бойынша 0.6 (1,423,430 + 7,368,215/6,174,849 + 8,621,581)) тең және 01.01.2012 ж. тура солай 0.6 тең    (2,143,834+8,288,519/ 7,056,919 + 10,390,803).

Ол  дебиторлармен  есеп айырысуды өз уақытында жүргізу  жағдайлары кезіндегі төлеу мүмкіндіктерінің болжамын көрсетеді, яғни  ағымды міндеттемелердің қандай бөлігі тек қана ақшалай қаражат есебінен емес, сонымен бірге жіберілген өнімдерден, орындалған жұмыстан немесе көрсетілген қызметтен күтілетін түсімдердің есебіненде өтелетінін сипаттайды.

 Бұл коэффициент  болжалды  0.5 - 0.7 тең болуы керек,  яғни  ең мерзімді қысқа мерзімді  міндеттемелердің әрбір теңгесіне  ақшалай қаражат пен дебиторлық  берешектің 50 – 70 тиыннан кем  емес шамасы келуі керек.  Осы  коэффициенттің есептелуінен байқағанымыздай, ол ұйғарынды деңгейде орналасқан.

Жалпы өтімділік  коэффициенті  барлық ағымды активтердің (келешектегі кезеңдер шығынын алып тастағанда) ең мерзімді және қысқа  мерзімді міндеттемелердің шамасына қатынасын  көрсетеді,  яғни ағымдағы міндеттемелер шамасына  (келешектегі кезеңдер табысын алып тастаумен).  Бұл коэффициент акционерлер мен инвесторлар жайғасымымен пайдаланылады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері