Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 18:04, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі халық шаруашылығында және адамдардың қызмет ету саласында тұтыну және оны қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне сәйкестендіру әрбір заңды немесе жеке тұлғаның негізгі мақсаты мен әрекеті және оған деген ұмтылу күнделікті қалыптасқан ұдайы өндірістің бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да диплом жұмысының негізгі мақсаты кәсіпорындарда қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Содержание

Кіріспе.
тарау. Қаржылық есеп беру және оның жасалуы.
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.
Қаржылық есеп беруді жасау және оның элементтері.
тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.
2.1. Бухгалтерлік баланс- есеп беру жүйесіндегі негізгі форма.
2.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі.
2.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдауы үшін ақпарат көзі ретінде
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ҚАРЖЫЛЫҚ-ЕСЕП-ЖӘНЕ-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДА-БУХГАЛТЕРЛІК-БАЛАНСТЫҢ-РОЛІ-МЕН-МАҢЫЗЫ.doc

— 324.00 Кб (Скачать файл)

Жүйелік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелігін сақтау мүмкіндігі артады.

Есеп беруге қойылатын  ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер  мен инвесторларға есеп берудің  мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің  мерзімінде жасалған жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел- статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел – статистикалық  есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты және басқа  да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия  өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген  материалдық және басқа есептерін  толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің  ақпараттары балансқа дейін қажет  өңдеулерден өтеді. Бұл өңдеу  процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша- қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Төртінші кезең. ШС- нің қаржылық- шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі  жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру  ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін  өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Жасалған баланстық  және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

№ 2 “Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген  мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін  берумен қатар, жалпы белгіленген  тәртіпке біріккен (жиынтық) есебіне де береді.

Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының  заңдарында басқадай ерекшеліктері  ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті, есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1- наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары)  белгілейді.

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладғы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен  бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен  қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы  туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

1.2. Қаржылық  есеп беруді жасау және оның  элементтері.

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, құлшылық- қажылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының  ақысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.

Қаржылық есеп берудің  мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдеі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және тиімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі  тағы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

инвесторлар- жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара- пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз иесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

кредитор- алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

жабдықтаушылар- кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін көтеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

қызметкерлер- кәсіпорынның тұрақты және рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер- тұрақты түрде дивидент  алып тұруын көздейді;

Мемлекеттік органдар- кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс деңгейіне мүдделі,  өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай- ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

Жұртшылық- жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді- мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.

Қаржылық есеп беру қорының  инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу жасап дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың  әр түрлі құқы бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа  сай келуі үін оның қызметіне  капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі құқы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы не басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ереже барлық пайдаланушылардың  мүддесіне ортақ әрі сай келетін  ақпарат деп саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.

 

Есеп берудің мәліметтері

Пайдалылығы

Экономикалық ресурстары

(активтер құрылымы)

Кәсіпорынның табыс  алу қабілетін бағалау және болашақта  болатын ақша қаражаты

Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара  қатынасы)

Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау

Өтемділік пен төлем  қабілеттігінің коэффициенті

Өз міндеттемесіне жауап  беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа  мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау

Рентабельділік пен  іскерлік белсенділігінің коэффициенті

Кәсіпорынның ресурстарды  пайдалану тімділігін бағалау

Қажылық жағдайының өзгеруі

Қаржылық инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау


 

 

Қаржылық есеп беру өзара  байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың  бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

Қажылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.

Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.

Қаржылық есеп беру өткен  кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының  валятасында жасалады, өлшем бірлігі- мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31- ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).

Қаржылық есеп берудің  элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

Активтер болашақта  жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде  көрсетіледі. Ол өткен мәміленің  немесе оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай- ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

Активтердің физикалық  нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай  нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, “ноу- хау”, гудвилл және т.б.); сондай- ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші  субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға  немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.) бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және  оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір- бірімен тұспа- тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.

Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім- шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай- ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, тартылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық- шаруышылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс- бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс- бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру- шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс  пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай- ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай- ақ тауарлы- материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Информация о работе Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы