Каржы нарыгының қалыптасуы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 21:49, реферат

Краткое описание

Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.

Вложенные файлы: 1 файл

Каржы нарыгының қалыптасуы жағдайы.doc

— 248.50 Кб (Скачать файл)

коммерциялық — қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;

баға белгілеу — қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының кызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылса, онда каржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарыктардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар:

үй шаруашылығы (жеке тұлға);

меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;

мемлекеттік басқару органдары.

Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылык қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.

Нарықтық экономика — өндірісті әлдеқайда тиімді ұйымдастырудың формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада қаржы нарығы — ғылыми-техникалык прогрестің базасында дамитын, жалпы коғам әл-ауқатының кажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.

Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар әр түрлі экономика субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда, ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес. Ол ақша ресурстары мен шаруашылык жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы — бұл ең алдымен, әр түрлі экономика субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, каржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;

монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылык жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;

бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;

бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұракты өсуі.

Қаржы нарығының құрылымы мен мәні

Кез келген экономикалық игілікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатындығын дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көідуі сатып алу-сатудың нақты объектісі — ақшаның рөлін арттыруды шұғыл қажет етеді.

Ақшаны сатып алу-сату төлем қаражаттарының, несие ресурстарының жэне сан алуан бағалы қағаздарының ауқымы зор айпалымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторының пайда болуына себепші болады.

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.

Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі — теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.

Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат кө-лемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды.

Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және валюта нарығының мәні мен мазмүнын түсініп жалпы айтсақ, валюта нарьпъін қаржы нарығының құрама бөлігі ре-тінде қарастыруға болады, бірақ бұл тарауда жалпы макроэкономикалық деңгейден қарастырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, валюта нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принцигтгер бойынша құрылымын анықтамақпыз.

Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқаптысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.

Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.

Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
  2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бүған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
  3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, ком-мерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.

Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
  2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
  3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады.

Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, қүнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен

айқындалады.Экономикалық реформа үрдісі бары^інда қор нарығының қалыптасып, жүмыс істеуі экономика дағдарысынан жөне онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде.

Нарық тиімділігінің принципі. Қаржы нарығына тартылған үлкен көлемдегі қолма-қол қаражат пен техникалық құрылымдары осы нарықтан белгілі бір "тиімділікті" талап етеді. Нарық тиімділігін жүзеге асыру үшін екі шарт орындалуы керек: біріншіден, нарық болашағы туралы ақылы және ақысыз ақпараттарды дұрыс тавдап талдау өткізіп отыру керек.

Егер нарық тиімді болса, онда нарықтан тыс ақпараттарды жинау өз мағынасын жоғалтады. Егер бүгін акцияларға баға төмендеп жатса, бізге анық себебін іздеу қажет емес, нарық керек ақпаратты алып, қажетті қорытынды жасайды. Біз оның бағалағанымен келісеміз.

Нарық тиімділігін дәлелдейтін фактілер күдіксіз, нақты, бүкіл дүниенің қаржы нарықтары үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттарды қабылдай отырып, тиімді жерде жедел әрекет жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеде үш қор биржасындағы 2009 ж. шілде - 2010 ж. қаңтар айлары аралығындағы орташа индекс бағасы келтірілген.

 

Валюта

Биржа

Мәміле сомасы

Неміс маркасы

Чикаго сауда биржасы

125000

Жапон иенасы

Чикаго сауда биржасы

12,5 млн.

Австралия доллары

Чикаго сауда биржасы

100000

Швейцария франкісі

Халықаралық ақша нарығы

125000


 

Тамыз айының басында Кувейтке шабуыл жасалуы және сонымен байланысты оқиғалар бүкіл индекстердің динамикасын қалыптастырып, оған қоса қарсы реакция  мен жоғарылату трендін құрды. Осы ақпараттарды нарық экономикалық әрекет пен валюта бағамы тұрғысынан бағалап отырады. Мұндай дерек, нарық тиімділігі тек қана ақпарат жинауына ғана емес, сонымен бірге ол ақпаратты дұрыс талдауына байланысты. Кейбір жұмыстарда, нарық тиімділігінен ста-тистикалық ауытқулар көрсетілген. Мысалы, егер бүгін кейбір активтердің бағасы түссе, біраз уақыттан кейін олар бұрынғы деңгейіне жетуі мүмкін. Сондықтан нарық осыған тым қатты көңіл бөліп, тиімділігін жоғарылауы мүмкін. Қалай? Осы активтерді бүгін сатып алсақ, ертең олар пайда әкеледі деген оймен бүкіл арзан активтерді сатып ала бастайды да, қайта бұрынғы деңгейіне көтереді. Бірақ дүниежүзілік тәжірибе осындай жағдайлардың аздығын көрсетеді. Неліктен? Жауап тәуекелділікті қабылдауында жатыр.

Неліктен және қай жағдайларда нарық тиімділігінің анық ауытқулары пайда болады?

Осы нәтиженің түсіндірмесін нарықтың иррационалдығына жатқыза аламыз. Бірақ бұдан басқа себептер де бар. Олардың біреуі — ол нарықта тәжірибелі саудагерлермен қатар тәжірибесіз жанкүйерлердің жұмыс істеуі. Келесі себеп — оңтайлы алыпсатарлық көпіршіктердің болуы.

Саудагерлердің барлығы оңтайлы болуы керек емес. Олардың кейбіреулерінің ғана активтердің нақты бағасы туралы нақты ақпараттары бар, ал қалғандары тек қана айқайшулы саудагерлер. Осы айқайшулы саудагерлер дұрыс хабардар болмағандықтан, немесе иррационалдық болғандықтарынан өздерін осылай ұстайды. Нәтижесінде олар басқа хабардар бәсекелестерінен жеңіліп қалады. Шулы саудагерлер нарықта бірін-бірі алмастырып, біреулері келіп, екіншілері ұтылып қалып кетіп жатады. Кәсіпқойлардың тиімді және оңтайлы мінез-құлықтарына қарамастан, акция бағалары өзінің түбегейлі мәпінен ұзақ уақытқа ауытқуы мүмкін.

 

Қаржы нарығының жағдайы, мүмкіншіліктері

 

Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлерін карастырып, содан соң Қазақстанға тән каржы нарығының құрылымы анықталады.

Информация о работе Каржы нарыгының қалыптасуы жағдайы