Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 21:49, реферат
Қайсы бір ел болмасын,оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық басталқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т. б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың - бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т. б. болып та бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Сызба1. Кәсіпорынның қаржы тетігінің негізгі қосалқы жүйесі
Басқарушы қосалқы жүйе (басқару субъектсісі) |
Басқарылушы қосалқы жүйе (басқару объектісі) | |||
Қаржы қатынасы |
Қаржы ресурстарының көзі |
Қаржы ресурстары |
Ақша айналымы |
Басқару субьектісі болып, яғни қаржы менеджментінің қосалқы жүйесі —қаржы қызметі, оның бөлімдері және қаржы менеджері болып саналады. Қаржы менеджментінің негізгі басқару обьектісі ретінде кәсіпорынның ақша айналымы саналады.
Сызба 2. Кәсіпорынның қаржы тетігінің құрылымы
Құқықпен қамтамасыз ету |
Қаржы әдістері |
Қаржы қатынасы |
Қаржы тетігінің элементтеі |
Ақпаратпен қамтамасыз ету |
Қаржы көрсеткіштері |
Қаржы инструменттері |
Кәсіпорынның қаржы тетігі — қаржы инструменттері мен қаржы әдістері арқылы кәсіпорынның қаржы қатынасын басқару жүйесі. Сонымен қаржы тетігінің негізгі элементтері дегеніміз — қаржыны басқару обьектісі ретіндегі қаржы катынасы, қаржы әдістері, қаржы инструменттері, қаржыны басқаруды ақпараттармен және құқықпен қамтамасыз ету.(Сызба 2).
Кәсіпорынның қаржы қатынасы. Кәсіпорын деңгейіндегі қаржы қатынасын қамтитындар:
*басқа кәсіпорындардан және мекемелердені шикізат, материалдар жеткізу, құрастырушы мүлікті мен өнімдерді сату, қызмет көрсету қатынасы;
*есеп айырысуға банктік қызмет көрсетің несиелерді алғанда және жапқанда, валютаны сатып алу және сатқанда, т.б. операциялар жасауға банк жүйесімен қатынас;
*коммерциялық және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру жөніндегі сақтандыру компаниялары және мекемелермен қатынас;
Өндірістік және қаржы активтері операцияларымен байланысты тауарлар, шикізаттар және қор биржаларымен қатынас;
инвестицияны орналастыру туралы инвестициялық институттармен қатынас;
кәсіпорын қызметкерлерімен қатынас,
акционерлік кәсіпорындармен қатынас,
салық қызметімен қатынас;
аудиттік фирмалармен және басқалай шаруашылық субьектілер мен қатынас, т.б.
Жоғарыда көрсетілген қаржылық қатынас түрлеріне ортақ қасиеттер олардың ақша түрінде көрсетілуі және жинақ төлемі мен ақша қаражаттарының түсуін көрсету. Жалпыламасына қарамай жоғарыда аталған қаржы қатынастарын төрт топқа , ал олардың екі тобын ішкі қаржы қатынасына біріктіруге болады.
Басқадай кәсіпорындар және ұйымдармен қатынас жасау ақша төлеу көлемі жағынан ең ірі топ болып есептелінеді. Кәсіпорындар бір-бірімен дайын өнімдерді сатумен және шаруашылық қажетке керек материалдарды алумен байланыста болады. Бұл топтың қаржы қатынасы басымқы рөл атқарады, өйткені материалдық өндіріс саласында ұлттық табыс жасалынып, кәсіпорындар өнімдерді сатудан түсім және пайда алады. Бұл қатынастарды дұрыс ұйымдастыру өндіріс әрекетінің түпкі нәтижесіне тікелей әсер етеді. Қаржы-несие жүйесімен қатынас әр түрлі болады. Алдыменен, бұл қатынас әр түрлі деңгейдегі бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен, салық төлемімен, сондай-ақ қаржы нарқы инфрақұрылымының мекемелерімен байланысты.
Кәсіпорынның ішкі қаржы қатынасы — бұл кәсіпорынның әр түрлі құрылымдағы бөлімдерінің арасындағы қатынас: дербес бөлімдер, цехтар, бригадалар, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларының қатынасы.
Фирмалардың ішкі бірлестіктерінің қаржы қатынасы: жоғары тұрған ұйымдар мен холдинг жағдайындағы фирмалардың ара қатынасына бөлінеді.
Қаржы қатынасындағы ортақтық ол кәсіпорынның өздері жасаған шаруашылық операцияларының нәтижесінде пайда болады. Сондықтан кәсіпорынның қаржы жағдайы алдыменен оның өндірістік-шаруашылық күй-жайының сипатымен анықталады.
Қаржы жүйесіиің көрсеткіштері арқылы басқарушы жүйе кәсіпорынның шаруашылық әрекетіне әсер ете алады. Қаржы көрсеткіштеріне талдау жасағанда, жоспарлағанда, кәсіпорынның қаржысын басқаруда қолданылады және олар төмендегі топтарға бөлінеді:
кәсіпорынның мүлкін бағалау көрсеткштері, кәсіпорынның қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері;
кәсіпорынның капитал құрылымының көрсеткіштері;
айналым қаражаттары жайының көрсеткіштері;
рентабелдік, т.б. көрсеткіштер.
Қаржы әдістері: — бұл қаржыны басқару әдістеріне жататындар: қаржы есебі, талдау, жоспарлау, болжау, қаржыны бақылау, қаржыны реттеу, есептесу жүйесі, несиелеу, салық салу, сақтандыру, лизинг талдау, факторинг және т.б. Аталған әдістердің құрамды элементтері болатындар қаржы басқарудың арнайы әдістері: несиелер және қарыздар, пайыздық мөлшерлер, дивидендтер, т.б.
Қаржы инструменттері жалпы түрде кез келген келісім- шартпен түсіндіріледі, онда бір мезгілде бір кәсіпорынның қаржы активінің және басқаның қаржы міндеттемесі ұлғаяды. Сонымен, қаржы инструменттері — бұл ақшалай құны бар құжат, соның көмегімен қаржы нарқында түрлі операциялар орындалады. Қаржы инструменттері екі түрге бөлінеді. Біріншіге жататындар: ақша қаражаттары, бағалы қағаздар, ағымдағы операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар және т.б.
Белсенді нарық орталығының қалыптасуы кәсіпкерлік әрекетте екінші қаржы инструменттерінің қалыптасуына және оның банк жүйесінде, өнеркәсіптік және сауда фирмаларының қаржы бөлімінде қолданылуына ықпал етеді. Алдыменен оларға қатыстылар: фьючерстік шарттар, қаржы опциондары, форварлықшарттар, своптық пайыздар, валюталық своптар және т.б.
Қазіргі нарықтық экономиканың шаруашылық жағдайында кәсіпорындар әрекетінің әр түрлі аспектілерін басқару жүйесіндегі ең бір күрделісі және жауапкершілікті бөлімі қаржыны басқару десек, оған аса маңызды міндеттер жүктеледі:
-банкрот болудан және ірі қаржы сәтсіздігінен қашу;
-бәсекелестік
күрес жағдайында кәсіпорынның
-кәсіпорынның нарықгық құнын барынша молайту;
-кәсіпорынның экономикалық
әлеуетінің даму қарқынын
-өндіріс көлемін және сатуды өсіру;
-пайданы барынша молайту;
-шығындарды барынша азайту;
-негізгі әрекетке қажетті
рентабельдік деңгейді камтамас
Қаржы менеджментінің түпкі мақсаты — кәсіпорынның нарықтық құның барынша молайтуды қамтамасыз ету үшін пайданы қалыптастыру және тиімді пайдалану тетігін қолдана отырып, кәсіпорынның бәсекелестік бағытын арттыру.
Соның ішінде акционерлік қоғамда кәсіпорын иесінің барынша табысқа жетуі акцияның курстық құнының өсуі арқылы қамтамасыз етіледі. Акцияның курстық құнының өсуімен кәсіпорынның пайдасының өсуі бір-біріне сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы,акционерлік қоғам өндірістің дамуына инвестицияны тартып, көп ағымдағы шығындарды жұмсай отырып, нәтижесінде жоғарғы деңгейлі пайда табады. Керісінше жағдайда, кәсіпорын барынша пайданы көбейту үшін, негізгі қорды жаңартуға инвестицияны тартудан қашады. Ол болашақта кәсіпорынның бәсекелестігіне әсер етеді, нәтижесінде кәсіпорын акциясының құнының төмендеуіне ықпал етеді.
Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау процесінде келесі негізгі міндетті орындауға бағыштайды:
алдағы кезенде кәсіпкерлік кәсіпорынның даму міндетіне сай қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
кәсіпорынның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
кәсіпорынның айналым актілерінің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету;
алдағы кезеңде кәсіпорынның пайдасын барынша молайтуды қамтамасыз ету;
кәсіпорынның барлық даму кезендерінде жоғары деңгейлі қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету, т.б.Қаржы менеджменті басқарушы жүйе ретінде басқарылатын субьектілердің барлығымен сипатталады. Жалпы түрде бұл кәсіпорынның қаржы қызметі. Дегенмен, кәсіпорынның ішкі қаржы қызметін ұйымдастырудың бірқатар деңгейі кәсіпкерлік кәсіпорынның мөлшерімен анықталады. Қаржы әрекетінің көлемі шағын кәсіпорындарда қаржы әрекетін басқару, әлбетте, кәсіпорынның меншік иесімен атқарылады, бұл жерде қосымша мамандарды қатыстырудың қажеттігі жоқ. Жекелеген шағын және орта кәсіпорындарда қаржы қызметін ұйымдастыру құрылымына қарай бухгалтерлік бөліммен атқарылады. Бұл бөлімнің міндеті есеп ақпаратын жинақтап, оны қаржыны басқарушы кәсіпорынның бастығына береді. Кәсіпорынның кәсіпкерлік әрекетінің кеңеюіне орай, қаржы әрекеті көлемінің ұлғаюына байланысты кәсіпорынның басшысы қаржы қызметін құрады және оған кәсіпорынның қаржысын басқарумен байланысты өз өкілеттігінің бір бөлігін және міндетін тапсырады. Әлбетте, бұл жағдайда қаржы қызметі қаржы немесе қаржы-экономикалық бөлімімен атқарылады.
Шағын және орта кәсіпорындардың қаржы бөліміндегі жұмысқа, әлбетте, кәсіпорынның қаржысын басқарудың барлық атқарымын орындаушы кең профилді каржы менеджері тартылады.
Ірі кәсіпкерлік фирмаларда қаржы қызметінің құрылымы өте күрделі, өйткені қаржы ағыны мұндай фирмаларда тек қана өндірістік және қаржы әрекетімен байланысты емес, сондай-ақ басқадай кәсіпкерлік мекемелердің капиталының қатысуымен байланысты. Қаржы қызметінің әрекеті кәсіпорынның экономикалық және қаржылық мүмкіншілігінің артуына байланысты кеңейеді.
Ірі кәсіпкерлік құрылымдардың қаржы қызметіне кең профилді қаржы менеджерлері, сондай-ақ атқарымды қаржы менеджерлері тартылады. Біріншісі қаржы әрекетін басқаруға, екіншісі — қаржы басқарудың нақтылы міндетін орындаушы ретінде тартылады. Атқарымды қаржы менеджері кәсіпорынның қаржы әрекетінің бір салымындағы басқару атқарымына маманданған біржақты маман. (мысалы, инвестицияны басқарушы менеджер, тәуекел-менеджер және т.б.).Ірі фирмаларда қаржы қызметі қаржы департаментімен атқарылады, оның құрамында бірнеше мамандандырылған бөлімдер кіреді.
Сызба 3. Кәсіпкерлік фирмалардағы қаржы қызметі.
Қаржы қызметін бұлай ұйымдастыруда әрбір бөлім белгілі атқарымды орындайды. Қаржы менеджментін жалпы басқаруды қаржы директоры атқарады. Олар:
-фирманың жалпы қаржысының
дамуын және саясатын
-фирманың әрекетін жалпы басқаруда жоғары басшылардың құрамында жұмыс істейді;
-фирманың қаржы әрекетін реттеуді, зандарды сақтауды қамтамасыз етеді.
-фирманың қаржысын басқарудың ережелері мен принциптерін әзірлейді;
-қаржыны жоспарлауға жалпы басшылық етеді;
-фирманың басшысына жалпы аналитикалық есепті дайындайды:
-фирманың қаржы қызметінің құрылымына кіретін, қаржы бөлімінің бастығымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Соныменен, қаржы қызметінің құрылымы фирманың дамуымен және оның саласының кеңеюіне байланысты күрделенеді. Фирмалардағы қаржы қызметі тұрақты түрде дамуда, өйткені оған сыртқы факторлардың әсерінің күшеюі, қаржы ағымдарының молаюы және күрделі қаржы инструменттерін пайдалану әсер етуде. Шағын, орта және ірі кәсіпорындардағы қаржы қызметін ұйымдастыруға келтірілген мысал белгілі мөлшерде шартты, бұл қызметті ұйымдастыру басқадай болуы мүмкін, оны фирма әрбір нақтылы жағдайға және қаржы әрекетінің түріне байланысты анықтайды.
Қазақстан экономикасының дамуында өте маңызды болып табылады. Қаржы нарығындағы жас мамандар санының жетіспеушілігі республикадағы қаржы нарығының әсіресе, қор нарығының дамымауының негізгі факторы болып табылады.
Қазіргі қаржы нарықтарындағы операцияларды тиімді басқару бойынша білімді және әдістерді тыңдаушылардың терең ұғынуы- берілген курстың мақсаты болып табылады. Курс бағдарламасында қарастырылатын көптеген сұрактарды толық ұғыну экономикалық теориямен халықаралық экономикалық қатынастар жалпы курстары бойынша студенттер толық білімді болуын талап етеді.