Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 08:29, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Вложенные файлы: 1 файл

Айжан отчет.doc

— 1.69 Мб (Скачать файл)

Негізгі капиталдың құрамына негізгі құрал-жабдыққа және жабдық сатып алуға жұмсалған аяқталмаған  күрделі салымда кіреді. Бұл - негізгі  құрал-жабдыққа айналмаған, негізгі  құрал-жабдық сатып алуға және салуға арналған шығынның бөлігі, ол шаруашылық қызмет процесіне қатыса алмайды, сондықтан өтелуі тиіс емес.

Ұзақ мерзімді қаржы  инвестициясы – басқа кәсіпорынның жарғылық каитлында үлестік қатысуға, ұзақ мерзімді негізде акция мен  облигация сатып алуға арналған шығынды білдіреді. Қаржы инвестициясына сондай-ақ мыналар жатады:

  • басқа кәсіпорынға борыш міндеттемесімен берілген ұзақ мерзімді қарыз;
  • қаржы лизингі құқығында ұзақ мерзімді жалға берілген мүліктің құны (яғни жалға алған мернзім аяқталғаннан кейін мүлікті сатып алу және меншік құқығын беру).

Ұзақ мерзімді қаржы  салымына жұмсалған шығын оның сипаты мен түріне байланысты өтеледі.

Негізгі құрал-жабдық еңбек  құралына жатқызылатын материалдық  мүліктік құнжылықытың жиынтығына салынған қаражат. Бизнес жүйе ретінде бұрын капиталдың, ең алдымен негізгі құрал жабдыққа салымның нәтижесінде жұмыс істеп дамиды. Бүгінгі таңда пайда кәсіпорынның операциялық қызметі басталмастан бұрын капиталды негізгі және ағымдағы қаражатына салу үйлесімі жөнініде дұрыс шешім қабылдау нәтижесінде алынады. Сондықтан негізгі капиталды тиімді басқару үшін оның жұмыс істеуі мен ұдайы жаңғырту ерекшеліктерін жан-жақты түсіну қажет.

Негізгі құрал-жабдықтың  құны олар тиімді пайдаланылатын мерзім бойы ай сайынғы амортизациялық аударым  арқылы бірте – бірте өтеледі. Амортизациялық аударым тиісті есепте кезеңдегі өндіріс және айналыс шығынына енгізіледі.

Өндіріс процесіне қатысатын  негізгі құрал-жабдық бірте-бірте  тозады. Тозудың табиғи және сапалық  түрі болады.

Табиғи тозу негізгі  құрал-жабдық өндіріс процесінде қатсыу, сондай-ақ негізгі құрал жабдықты пайдаланумен байланысты емес, әртүрлі сыртқы факторлардан: дымқылдың, атмосфералық жауын-шашынның, тот басу, металдың ескірілуі және т.б. ықпалынын нәтижесінде орын алады.

Негізгі құрал-жабдықтың сапасының тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілдіруімен және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияның жетілдіру себебінен, осылай жұмыс істейтін негізгі құрал-жабдық өндірісі арзандайды. Негізгі құрал-жабдықтың сапасының тозуы жалпы алғанда мына факторлармен байланысты:

  1. өндірістегі жаңалықтармен немесе жабдықты жаңартумен;
  2. технологиялық прогресті жетілдірумен, яғни жаңа технологияда қолданыстағы машиналар мен жабдықты пайдалану мүмкін емес.;
  3. шығарылатын өнімнің номенклатурасын жаңартумен және өзгертумен;
  4. жекелеген тауарға сұраныстың қысқаруына, сол себептен субъект осы тауарды шығаратын машина мен жабдықтың санын қысқартуы тиіс;
  5. өндірісті және пайдаланылатын машина мен жабдық санын қысқарту қажеттімен жұмыс күшін жұмыспен қамтудағы, қызметкерлердің біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер;
  6. жекеклеген өнім түрін өндіру үшін қажет өнеркәсіптік өндеу салаларындағы шикізат құрамдастары жиынтығындағы өзгерістер салдарынан өнеркәсіптік кен өндіру саласында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін өзгерістер;

Табиғи тозу мерзімі  жеткенге дейін сапа тозу нәтижесінде  негізгі құрал-жабдық объектілері  жаңамен, неғұрлым үнемділермен алмастырады. Сапа тозуын жою мақсатында негізгі  құрал-жабдық объектілер қайта жаңартылып жаңғыртылады. Сәулет және өнер ескерткіші болып саналатын мұражай және көркем құндылықтарды, іргелі кітапханалардың кітаптарын, филбм қорларын, ғимараттар мен құрылысты қоспағанда барлық негізгі құрал жабдықтың сапасы тозады.

Меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер негізгі құрал-жабдықтың тозуын-есептейді, ол сәулет және өнер ескерткіші болып саналатын жер, кітапхана қорлары, фильм қорлары, мұражай және көркем құндылықтары, сахна қойылым құралдары, ғимараттар мен құрылыстар, пайдалану жасына жетпеген өнімді мал, бұқа, енеке мен бұғы, көпжылғы өсімдік, зоопарктегі және басқа да осындай мекемелердегі жануар әлемінің экспонаттары, сондай-ақ жұмыс істейтін және жұмыс сітемейтін жабдық, экспонат, модель, кабинет пен зертханалардағы жән ғылыми мақсатта пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға табиғи тозу есептелмейді.

Негізгі құрал-жабдықты жөндеу. Негізгі құрал-жабдықты пайдалану  процесінде ол табиғи және сапасы жағынан  тозады. Негізгі құрал-жабдық объектісімен жалпы салыстырғанда оның жекелеген бөліктері неғұрлым қысқа мерзімде тозады. Негізгі құрал жабдық мерзімінен бұрын тозбауы үшін оларды кезең-кезеңмен  жөндейді. Жөндей ұйымдастыру – техникалық сипаты бойынша күрделі және ұсақ болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу – деп  тұтастай объектімен салыстырғанда тозу мерзімі аз. Негізгі құралжабдықтың жекелеген бөліктерін қалпына келтіру. Машинанығ жабдық пен көлік құралын күрделі жөндеу деп – 1 жылдан асатын кезеңділікте жүргізілетін, агрегат толықтай бөлшектенетін, сондай-ақ, барлық тозған бөлшекпен тарап ауыстырылып, немесе қалпына келтіріліп, агрегат жналатын немесе салынатын жөндеу аталады. Ғимарат пен құрылысты күрделі жөндеу кезінде толығымен тозған конструкция мен бөлшек осындай немесе бұдан да неғұрлым берік және үнемді, сондай-ақ жөнделетін оюъектінің пайдалану мүмкіндігін жақсартатындармен толықтай ауыстырылады.

Шамалы қайта жаңарту  мен жаңғырту негізгі құрал-жабдықтың  бастапқы құнын ұлғайтады. Бұл ретте  құрал-жабдыққа кейін салынған күрделі  салым объектінің бастапқы құнын  объектінің пайдалы қызмет мерзімінің басында бағаланғаннан келешекте пайдаланудан түсетін экономикалық пайда артқан жағдайда ғана ұлғайтады. Барлық кейінгі шығын өз жұмсалған кезеңннің шығысына жатқызылады.

Ағымдағы жөндеуде негізгі  құрал-жабдықтың жекелеген тозған бөлшектері жұмыс қалпында сақтау үшін ауыстырылады және түзетіледі. Ағымдағы жөндеу негізгі құрал-жабдықты пайдалану процесінде жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықты тексеру мақсатында алдын ала  межеленген мерзімдерде жүзеге асырылатын жоспарлық-ескерту арқылы жөндеудің маңызы зор. 

Негізгі құрал-жабдықты жөндеу мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен жүргізіледі. Неғұрлым озық әрі  үнемді болып саналатын мердігерлік  әдісте негізгі құрал-жабдықты арнайы мамандырылған субъектілер; шаруашылық тәсілде жөндеу субъектінің өзінің күшімен және құралдарымен жүзеге асырылады.

Негізгі құрал жабдықты мердігерлік ұйыммен жасалған шарт негізінде мердігерлік тәсілмен күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде  субъект жөндеу жөніндегі аяқталған  жұмысты, сондай-ақ жөнделетін объектіні  жөнделетін жерге және кері жеткізу жөніндегі шығынды төлейді. Жабдықты және көлік құралын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысу үшін жалпы объект бойынша толықтай аяқталған жұмыс үшін жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

4 Айналым капиталы. Айналым капиталында қажеттілікті анықтау

 

4.1 Айналым капиталы

 

Айналым капиатлы (айналым қаражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, қайта сатуға арналған тауар, ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.

Айналым қаражаты өзіне  тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым  қаражатының атқаратын функционалдық  рөлі негізгі капиталдың рөліне өте ерекшеленді. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым капиталының (еңбек  құрал-жабдығы) мүліктік элементтері  әрбір өндірістік циклде тұтынылады. Ол өзінің табиғи нысанын толықтай жоғалтады, сондықтан жасалған өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметің) құнына толықтай енгізіледі. Айналым капиталының ауыспалы айналымының сатылары сызбада көрсетілген (1-сурет).

 


 

 

                                         Д-Т-...П...Т'-Д'

4.1-сурет. Айналым капиталының ауыспалы айналымның сатылары

 

Капиталдың аусыпалы айналымы: дайындау (сатып алу), өндірістік және өткізу деген үш кезеңді қамтиды.

Кез келген бизнесті бастау үшін қолма қол ақшаның біраз  сомасы қажет, осы сома өндіріске  арналған (немесе сатуға арналған тауар) белгіленген ресурстың мөлшеріне айналады.

Айналым капиталы сатып  алу нәтижесінде ақшалай нысаннан өндірістік (еңбек заты немесе тауар) нысанға өтеді.

Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға, жұмысқа немесе қызметке айналады. Осы сатының нәтижесінде айналым  капиталы өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді.

Айналым капиталы сату сатысында  тауарлық нысаннан ақшалай нысанға  қайтадан өтеді. Ақшаның бастапқы сомасы (Д) және өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан  түсетін түсімнің (Д') мөлшері үйлеспейді. Бизнестің нәтижесі (пайда немесе залал) сәйкессіздіктің есебінен түсіндіреді.

Айналым капиталының  элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің  артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе қайталанады және қорытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.

Ақшалай қаражаттың айналым  жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.

Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындағы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзақтығына жеткізушініңкәчіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ықпал етеді.

Айналым капиталының  элементтері өндіріс саласынан  айналым аясына үздіксіз өтіп, өндіріске  қайтадан оралады. Айналым капиталының бөлігі өндіріс саласында (өндірістік запас, аяқталмаған құрылыс, қоймадағы даяр өнім және т.б.), ал басқа бөлігі – айналыс аясында (жөнелтілген өнім, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат, бағалы қағаз және т.б.) үнемі болады. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен мөлшері өндірістің қажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты.

Шаруашылық қызметтің  сан алуан түрлерімен айналысатын  өндіріс саласы мен айналыс саласы, тіпті бір саланың жекелеген  кәсіпорны айналым капиталын әр түрлі қажет етеді. Аталмыш қажеттілік айналым қаражатының мүліктік мазмұнына және айналымның жылдамдығына, сонымен бірге өндірістің мөлшеріне, өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, сондай-ақ өнімді сату және шикізат пен материал сатып алуға және басқа да факторларға байланысты болады.

 

4.2 Айналым капиталының жіктелімі

 

Айналым капиталы жоспарлау, есептеу және талдау практикасында  келесі белгілер бойынша топтастырылады:

  1. Өндіріс процесіндегі функционалдық роліне байланысты – өндірістік айналым қоры (құрал -жабдық)және айналыс қоры (2-кесте);
  2. Бақылау, жлспарлау және басқару тактикасына байланысты – нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
  3. Айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты – меншік айналым капиталы және қарыз айналым капиталы;
  4. Өнімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты – абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
  5. Капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты – салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
  6. Материалдық-мүліктік маңызы байланысты – еңбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.

Айналым қаражатының  өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп  талдау үшін айналым капиталы функционалдық  белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.

 

4.1-кесте – Айналым қаражатының өндіріс процесіндегі функционалдық рөлі бойынша құрамы мен құрылымы

 

Айналым қаражатының  топтары

Енгізілетін қаражаттың құрамы

  1. Өндірістік айналым қоры (өндіріс саласындағы және өндіріс процесіндегі айналым қаражаты)
    1. Өндірістік запас
  • Шикізат;
  • Негізгі материал;
  • Сатып алынатын жартылай фабрикат;
  • Қосалқы материал;
  • Арзан бағалы және тозғыш зат;
    1. Өндіріс процесіндегі құрал-жабдық:
  • Аяқталмаған құрылыс;
  • Меншікті өндіріс жартылай фабрикат;
  • Алдағы кезеңнің шығысы.
  1. Айналыс қор (айналыстың айналым қаражаты)
    1. Сатылмаған өнім:
  • Кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі төленбеген даяр өнім;
  • Қайта сатуға араналған тауар.
    1. Ақшалай қаражат:
  • Касса;
  • Есеп айырысу шоты;
  • Валюталық шот;
  • Бағалы қағаз;
  • Өзге ақшалай қаражат;
  • Басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен есеп айырысу.

 

Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша гормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.

Нормаланбайтын қаражатқа  айналыс қорының қалған элементтері, яғни тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай  қаражаттың және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы  айналым қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың қолданылатын тәрптібінде мемлекет тарапынан төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалық санкциялар жүйесі қарастырылған.

Информация о работе Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері