Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2013 в 08:29, курсовая работа
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Нормаланатын айналым қаражаты кәчіпорынның қаржы жоспарында (бизнес-жоспарында) көрсетіәледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінбе жоспарланбайтын объект болып табылады.
Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу кәсіпорынға тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі мен оның нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражатыкәсіпорынның меншік капиталы (жарғылық капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Шаруашылық қызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталына қажеттілігі жоспарланады және оның қаржы жоспарында көрсетіледі.
Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз, кредиторлық берешек және өзге де көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уақыиша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы (кредит пен қарыз), ал екінші бөлігі – тегін (кредиторлық берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.
Түрлі елдерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас (норматив) пайдаланылады. Ресейде 50/50, АҚШ-та – 60/40, ал Жапонияда – 30/70 арақатынасы қолданылады.
Капиталдың ауыспалы айналым процесінде айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Мәселен, өндіріс барысында тұтынылатын шикізат пен материал қандай қаражат есебінен сатып алынған жөніндегі ақпарат ешқашан пайдаланылмайды.алайда айналым қаражаты қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына, кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның қаржысының жай-күйіне жан-жақты әсер етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның айналымдағы қаражатының сапасы айналым капиталының өтімділігі мен қаржы тәуекелінің дәрежесі бойынша жіктеледі (3, 4-кестелер). Жіктеуде қойылатын мақсат – сатылуы екіталай ағымдағы активті анықтау. Кәсіпорынның айналым капиталын тиімді басқару үшін қосымша қаржыландыру көзін іздестіріп қана қоймай, оны кәсіпорын активінде, әсіресе ағымдағы активте ұтымды орналастыру қажет.
4.2-кесте – Айналым қаражатының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым қаражатының топтары |
Енгізілетін қаражаттың құрамы |
|
|
|
|
|
|
4.3-кесте – Айналым қаражатының капиталды салу тәуекелінің дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы
Айналым қаражатының топтары |
Енгізілетін қаражаттың құрамы |
|
|
|
Информация о работе Кәсіпорында қаржылық жұмыстың ұйымдастырудың негіздері