Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 14:28, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдай туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайда бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.
КІРІСПЕ…………………………………………………..............…………..……3
1. БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ………………………………………………………..…............5
1.1. Құжаттар сипаты және жіктелуі.....................................................................5
1.2. Құжаттар деректемелері................................................................................12
1.3. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар.............................................13
1.4. Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу...........................................17
1.5. Құжат айналымы және оны сақтау...............................................................19
2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ................................................................................................................23
2.1. Түгендеудің түрлері және жүргізілу тәртібі................................................23
2.2. Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу......................................31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…............34
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………...…............37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….....................…..41
Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында бекітіледі.
Бухгалтерлік есеп стандартында әр түрлі шаруашылық құралдары мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі қарастырылған, енді мен оның жүргізілуінің жалпы тәртібіне тоқталайын.
Түгендеуді өткізу тәртібі
мен мерзімдерін субъект
Түгендеу жүргізудің
алдында түгендеудің жұмыс
Нақты қалдықтарын алуды аяқтаған күнге құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталып, талдау есебінің, карточкаларында (кітаптарында) сәйкес жазбалар жүргізіліп, түгендеу күніне қалдықтары шығарылып болуы керек.
Тауарлы – материалдық құндылықтардың нақты болуын тексеруді бастамас бұрын түгендеудің жұмыс комиссиясы мыналарды жүзеге асыруға міндетті:
Түгендеу комиссиясының төрағасы “түгендеу жүргізгенге дейін күнге” (күні) деген белгімен тізілімдерге тіркелген барлық кіріс және шығыс құжаттарына бұрыштама қояды. Ол бухгалтерияға есеп мәліметтері бойынша түгендеу жүргізудің алдында құндылықтардың қалдығын анықтау үшін негіздеме болып табылады. Құндылықтарға жауапты тұлғалар түгендеу жүргізудің алдында құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға (орталық бухгалтерияға немесе орталық бухгалтерияның есепбақылау тобына) тапсырылды және оған жауапкершілікке жүктелген барлық құндылықтар кірістелді, ал шығарылғандары шығындарға жатқызылды деп түгендеу тізіміне қолхат береді. Осыған ұқсас қолхаттарды құндылықтарды алуға берілген есеп беруге тиісті сомалары және сенімхаттары бар тұлғалардан да алады.
Кездейсоқ түгендеу кезінде
барлық тауарлы-материалдық
Негізгі құралдар, шикізат, дайын өнім, тауарлар, ақшалай қаражат және басқа да құндылықтарды түгендеуді олардың орналасу орындары мен осы құндылықтарды сақтауға алған жауапты тұлғалар бойынша жүргізеді.
Құндылықтардың нақты
қалдықтарын тексеру
Түгендеу кезінде
Жабдықтаушының тиісуге болмайтын орауында сақтаулы материалдар мен тауарлар бойынша олардың саны таңдау жүргізу арқылы осы құндылықтардың бір бөлігін ғана міндетті тексеру негізінде анықталуы мүмкін. Материалдардың салмағын (көлемін) анықтауды өлшеу және техникалық есептеулер негізінде жүргізуге болады: өлшеу және есептеу актілері тізімге қосылады. Салмақталатын тауарлардың үлкен мөлшерін түгендеген кезде өлшеу ведомостарын түгендеудің жұмыс комиссиясиның бір мүшесі мен материалдық жауапты тұлға жүргізеді. Жұмыс күнінің соңында (немесе қайта өлшеу аяқталғаннан кейін) осы ведомостардың мәліметтерін салыстырады және дұрыс жиынын түгендеу тізіміне енгізеді. Қайта өлшеу ведомостарын түгендеу тізіміне қосады.
Түгенделетін құндылықтар мен объектілердін атауларын олардың санын есепке алынатын номенклатура және өлшем бірліктері бойынша тізімде көрсетеді.
Түгендеу тізіміне түгендеудің жұмыс комиссиясының барлық мүшелері мен материалды жауапты тұлға қолдарын қояды. Тізімнің соңында материалдық жауапты тұлға комиссиясының көзінше құндылықтарды түгендеуді растайтын қолхат береді.
Егер құндылықтарды түгендеу бір күннің ішінде аяқталмаса, онда келесі күндердің ішінде міндетті түрде аяқталуы тиіс. Мұндай кезде құндылықтар сақталынған орындар түгендеу комиссиясы кеткен кезде мөртаңбалануы қажет.
Түгендеу комиссиясының жұмысы кезіндегі пломба комиссия төрағасының қолында сақталады. Түгендеу комиссиясы жұмысының үзілісі кезінде (түскі мезгілде, түнгі уақытта, басқа да себептер бойынша) тізімдер түгендеу жүргізіліп жатқан жабық орындағы жәшіктерде (сөре, сейф) сақталуы керек. Түгендеу комиссиясының жұмысын түгендеу нәтижесі, сонымен қатар қойма шаруашылығы жағдайын тексеру мен тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етілуін көрсететін хаттамамен рәсімдейді.
Пайдаланылатын және толық емес тауарлы-материалдық құндылықтардың болуы кезінде хаттамада оларды әкелу уақыты, жабдықтаушының атауы түгендеу жүргізу кезіндегі құндылықтардың жай-күйі мен олардың сапасының төмендеу себептері көрсетіледі. Осындай тауарлы-материалдық құндылықтарға арнайы түгендеу тізімдерін жасайды, ал осы құндылықтардың өздері сақтау орындарында ерекше орналастырылады.
Жарамсыз болып қалған құндылықтарға жеке түгендеу тізімін жасайды. Комиссия хаттамасында оларды жеке көрсетеді және бүліну себептері мен оған кінәлі тұлғалар көрсетіледі.
Хаттамада комиссия түгендеу қорытындысы бойынша өздерінің шешімдерін жазады және анықталған кемшіліктер, жетіспеушіліктер есебі мен қайта сорттау кезіндегі артықшылықтар көрсетіледі, сонымен қатар табиғи кему нормасы шегінде жетіспеушіліктерді шығару бойынша олардың алдын-алу шараларын ұсынады.
Түгендеу аяқталғаннан кейін барлық материалдар бойынша және комиссия хаттамасын үнемі қызмет етуші түгендеу комиссиясына қарауға береді.
Басқа кәсіпорындардың қоймасында сақталған тауарлы-материалдық қорларды жауапты сақтауға бергендігі растаушы құжаттардың негізінде тізімге алады. Тізімде осы құндылықтардың атауын, санын, сортын, нақты құнын (есеп мәліметтері бойынша), жүктің сақтауға алынған күні, сақтау орны, құжаттардың нөмірі мен күнін көрсетеді.
Жауапты түрде сақтауға кәсіпорындардан алынған осы құндылықтарға түгендеу тізімінің көшірмесін комиссия құжаттар бойынша бекітілген құндылықтардың нақты болуын (түгендеу тізімі көшірмесінің мәліметтері бойынша) санымен салыстырады.
Түгенделетін негізгі
құралдар, тауарлы-материалдық
Түгендеу тізімдері есептеу немесе басқа техникалардын көмегімен, сондай-ақ қолмен толтыру әдісімен толтырылуы мүмкін.
Ешқандай шимайлар мен өшірулер жүргізуге жол берілмейді.
Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған бос бағандар қалдыруға болмайды. Тізімдердің соңғы беттерінде толтырылмаған бағандар сызылады.
Егер материалдық жауапты тұлға түгендеу жүргізіп болғаннан кейін түгендеу тізімдеріне қате тауып алған жағдайда (қойма, секция ашылғанға дейін және т.б.), бұл жайында түгендеу комиссиясына хабарлауына болады. Материалдық жауапты тұлғаның жетіспеушіліктер немесе артықшылықтар атаулары толтырылмай кеткенде, дұрыс санамай кеткенде болған қателіктерден туындағаны жөніндегі өтініші түгендеу жүргізілген қойма, кілет, секция ашылғанға дейін қабылданады.
Түгендеу комиссиясы көрсетілген фактілерді тексеруді жүзеге асырады және олар расталған кезде белгіленген тәртіп бойынша табылған қателерді жөндеуді жүзеге асырады. Түгендеу тізіміне жетіспеушіліктер мен артықшылықтарды жасыру мақсатында нақты мәліметтер туралы теріс мәліметтерді жазатын болса, түгендеу комиссиясында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілік жүктеледі.
2.2. Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу
Бухгалтерияда түгендеу тізімінің мәліметтері есепте көрсетілген қалдықтармен салыстырылады және есеп мәліметтерінен ауытқу анықталған позициялар бойынша салыстыру ведомостары құрылады.
Салыстыру ведомостарын құру жұмыстарын бастамас және түгендеу нәтижелерін анықтамас бұрын бухгалтерия түгендеу тізімінде келтірілген барлық есептемелердің жиындарын дұрыстап санап тексереді. Бағаларында, таксировкада және есептеулерінде жіберілген қателер түзетіліп, бұл комиссия мүшелері мен материалдық жауапты тұлғаның қолымен расталады.
Түгендеу тізімінің соңғы бетінде сонымен бірге осы тексеруді жүргізген тұлғалардың қолы бар жиындардың таксировкасы мен қайта санаулары, бағаларын тексеру жүргізілуі керек.
Салыстыру ведомостары түгендеу кезінде есеп мәліметтеріне ауытқулар анықталған құндылықтар бойынша да құрылады.
Салыстыру ведомостары мен материалдық жауапты тұлғалардан алынған түсініктемелердің негізінде түгендеу комиссиясы анықталған жетіспеупеушіліктердің, жоғалтулар мен бүлінулердің, артықшылықтардың себептерін анықтайды және осыған байланысты алынған айырмашылықтардың тәртібін реттейді.
Барлық жетіспеушіліктер мен артықшылықтар бойынша, сонымен қатар дебиторлық қарыз бойынша талап ету мерзімінің өтуімен байланысты түгендеу комиссиясымен сәйкес жұмысшылардан жазбаша түсініктеме алынуы керек.
Ұсынылған түсініктемелер мен материалдардың негізінде тұрақты әрекет етуші түгендеу комиссиясы анықталған жетіспеушіліктер, жоғалтулар мен құндылықтар бүлінуінің сонымен қатар артықшылықтардың сипаттамасын бекітеді.
Тұрақты әрекет етуші түгендеу комиссиясы салыстыру ведомостарының дұрыстығын тексереді және өз қорытындыларын түгендеу нәтижесі бойынша хаттамада көрсетеді. Онда жетіспеушілікке, жоғалтуға және артықшылыққа кінәлілер мен оның себептері туралы толық мәліметтер келтіріледі, сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты қандай шаралар қолданылғандығы, әрі бухгалтерлік есеп мәліметтеріне қарсы құндылықтардың нақты болуын реттеу бойынша ұсыныстар келтіріледі.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес түгендеу нәтижелерін мынадай тәртіппен реттейді:
Түгендеуді уақытында және сапалы жүргізу шаруашылық құралдарының нақты болуының есеп мәліметтері мен олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, құжат, бұл – бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін, жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.
Құжаттарды неғұрлым тереңірек игеру және пайдалану үшін бухгалтерлік есепте құжаттарды мақсатын сипаттайтын айтарлықтай мәнді белгілері бойынша былай жіктейді: