Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 14:28, курсовая работа

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық жағдай туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайда бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………..............…………..……3
1. БУХГАЛТЕРЛІК ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ………………………………………………………..…............5
1.1. Құжаттар сипаты және жіктелуі.....................................................................5
1.2. Құжаттар деректемелері................................................................................12
1.3. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар.............................................13
1.4. Құжаттарды тексеру және бухгалтерлік өңдеу...........................................17
1.5. Құжат айналымы және оны сақтау...............................................................19
2. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТҮГЕНДЕУ ЖҮРГІЗУ................................................................................................................23
2.1. Түгендеудің түрлері және жүргізілу тәртібі................................................23
2.2. Түгендеу нәтижесін анықтау және оларды реттеу......................................31
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…............34
ҚОСЫМШАЛАР……………………………………………………...…............37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….....................…..41

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 287.00 Кб (Скачать файл)

           Құжаттарды рәсімдеуге тиісті  талаптар қойылады. ҚР-дағы бухгалтерлік  есеп пен есеп беру туралы  ережесімен реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға: үлгінің көзі, жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.

           Құжаттардағы түзетулер міндетті  түрде ескертілуі қажет. Яғни, дұрыс жазылмаған  мәтін немесе  соманы мұқият, алдында жазылғанды  оқуға мүмкіндік болатындай етіп  сызып тастау қажет. Жоғарыда  дұрыс мәтін немесе сома жазылады. Қатенің түзетілуі оның күнін белгілеумен, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.

            Бухгалтерлік құжатты қабылдау  барысында бухгалтер оларға тексеру  және өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

           Құжатты жасап, қол қойған тұлғалар оны өз уақытында және  сапалы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады. Барлық орындалған есеп құжаттары мұрағатта сақталады.Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі.

           Барлық  шаруашылық операцияларды  құжаттау мен шоттардағы қосарлы  жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің толық  бейнеленуін қамтамасыз ете алмайды.  Күнделікті құжаттаудың ықпалына  түспейтін (табиғи кему) немесе кейбір себептермен бастапқы құжаттардың мәліметтерін бұрмалайтын (қоймадағы операцияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қиянат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.

Мұндай фактілер туралы мәліметтер түгендеу кезінде ғана ашылуы мүмкін. Материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар түгендеуге тап болады.

            Түгендеу, бұл – кәсіпорында сақталу  орындары бойынша тауарлы-материалдық  құндылықтардың,ақша қаражаттарының, негізгі құралдардың  бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарын олардың нақты бар болуымен салыстыру.

            Шаруашылық құралдарын қамту  толықтығына байланысты түгендеу  толық және ішінара, сипатына  байланысты жоспарлы және кездейсоқ  болып бөлінеді.

            Бухгалтерлік есеп стандарттарында әр түрлі шаруашылық құралдары мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу тәртібі қарастырылған, енді оның жүргізілуінің жалпы тәртібіне тоқталамын.         

           Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті дайындайтын есеп саясатында бекітіледі.

            Егер, материалдардың түгендеуі  жүргізілсе, онда олар есептеледі, таразыға тартылады, өлшенеді  және техникалық жағдайы бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті  үлгідегі түгендеу тізімі толтырылады.

           Материалдық құндылықтардың нақты  бар болуы бухгалтерлік есеп  мәліметтерімен салыстырылады. Ол  үшін тиісті үлгіде салыстыру  ведомосы түзіледі.

           Соған ұқсас, салыстыру ведомосындағы  түгендеу тізімі үлгісінің шамалы  өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі. Негізгі құралдарды түгендеу әрбір мүлік объект бойынша есепке алынады.

           Түгендеу төмендегі жағдайларда  міндетті түрде жүргізіледі. Олар:

  1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай – ақ меншіктің түрі өзгеру жағдайында;
  2. Жылдық есеп беруді дайындау алдында;
  3. Материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (жұмысты қабылдау – тапсыру күніне);
  4. Ұрлық және қиянат ету, сондай – ақ құндылықтардың бұзылу фактілері анықталған кезде;
  5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.

           Түгендеу кезінде анықталған  артықшылықтар кіріске алынып, кәсіпорынның  табыстарына есепке алынады. Кем  шығулар айыпты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптылар анықталмаса немесе сот органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндіріс немесе айналым шығындары ретінде бейнеленеді. Түгендеуді уақытында әрі сапалы жүргізу шаруашылық құралдарының нақты болуының есеп мәліметтері мен олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

Нысан № түг.-3

 

________________________

(кәсіпорын, ұйым)

 

Цех (қойма) _____________

 

 

ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ  ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ

ТҮГЕНДЕУ ТІЗІМІ № _____

                “_____” ____________________________ ______ж.

__________________________________________________________

ҚОЛХАТ

Түгендеу жүргізу алдында құндылықтарға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға тапсырылды және маған (бізге) жауапкершілік жүктелген барлық құндылықтар кірістелді, ал шығарылғандары шығындарға жатқызылды.

Материалдық жауапты  тұлғалар:

___________                           _______________                        _____________

   (қызметі)                                     (аты-жөні)                                     (қолы)

 

 ___________                           _______________                        _____________

   (қызметі)                                     (аты-жөні)                                     (қолы)

 

 

№  ___________ баланстық шотта “_____”___________                           

 

______ж. жағдайына есепте тұрған құндылықтардың

нақты  қалдығын алу “_____” ___________ ______ж. № ______

бұйрық (өкімінің) негізінде жүргізілді.

Түгендеу басталды “_____” ___________ ______ж.

                аяқталды “_____” ___________ ______ж.

Түгендеу кезінде мыналар  анықталды:

р/с

Тауарлы-материалдық құндылықтар

<td


Информация о работе Негізгі құралдар