Облигация туралы түсінік және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Мен ең алғашқы сөзімді Родостовец атамыздың сөзінен бастайын: «Махаббат, әуен, бухгалтерлік есеп – мәнгілік» деп. Бухгалтерлік есеп дүние жүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер 3 міндетті шешеді:
1.Есепті барынша ақпаратты, әрі дәлжасау;
2.Оның қарапайым және арзан болуына қолжеткізу;
3.Шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Содержание

Кіріспе
1.Облигация туралы түсінік және оның түрлері.
2.Облигация есебі.
3.Еврооблигация ҚР-ның коммерциялық банкінің альтернативті құралын қаржыландыру.
4.Орналастырылған облигациялар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

finance_ref_70.doc

— 250.00 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны.

 

 

Кіріспе

1.Облигация туралы  түсінік және оның түрлері.

2.Облигация есебі.

3.Еврооблигация ҚР-ның  коммерциялық банкінің альтернативті  құралын қаржыландыру.

4.Орналастырылған облигациялар.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Мен ең алғашқы сөзімді  Родостовец атамыздың сөзінен бастайын: «Махаббат, әуен, бухгалтерлік есеп – мәнгілік» деп. Бухгалтерлік есеп дүние жүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.

Қоғамның дамуы барысында  бухгалтерлер 3 міндетті шешеді:

1.Есепті барынша ақпаратты, әрі дәлжасау;

2.Оның қарапайым және  арзан болуына қолжеткізу;

3.Шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің , қызметкерлер,бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеледі.Сондықтан әрдайым кейбірлеулерінің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының себебі осында.

Есеп қашан пайда  болғаны тура тауып айту мүмкін емес.Оның пайда болуының алғы шарты-адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.

Бухгултерлік есептің  пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  • Ежелгі дүние;
  • Ортағасырлық:
  • Ренессанс пен қосарлы  бухгалтерияның пайда болуы.
  • Ғалымның пайда болуы.ХІХ ғ. Екінші жартысы.
  • ХХ ғ.-бухгалтерлік есептің үдемелі дамуы.
  • Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.

Көрнекті ғалым Б.Де Солозаноның «Бухгалтерлік есеп болмас, әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін- бірі түсінбес еді»-деген.

ҚР-сының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды.

Қаржылық есеп беру мен  оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы  тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді.

ҚР-сы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанды және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәлендіратын құжат.

Бағалы қағаздардың  экономикалық мәнін ашуда құжатын  бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы  үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

  Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы бағалы қағаздар сияқты нысаны болмайды. Олардың көбісі  келісім құжатында 1-2 бап ретінде көрсетіледі.Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.

Бағалы қағаздар бірнеше  түрлі болып жіктеледі:1)түсетін  кірісіне;2) эмитенттің сипатына; 3) айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.

Бағалы қағаздардың  жіктелуі.

 




Енді осы бағалы қағаздардың бір түрі облигация туралы айтып кетейін. Кеңес Одағы кезіндегі құнды қағаздардан қазіргі кездегі құнды қағаздың айырмашылығына келетін болсақ, естеріңізде болар, жұртшылықтың қолында   «25 сомдық», «50 сомдық» облигациялар болды. Осы облигацияларды, егер ақша болған жағдайда, жинақ кассасына барып ауыстырып алуға болатын, бірақ пайдасыз.Одақ кезіндегі осы облигацияларға кейде ұтыс жариялайтын,ол ұтысқа жүздің бірі, не мыңның бірі ие болатын. Яғни бір облигациялар көпшілікке ешқандай табыс,пайда әкелмейтін. Ал егер сіз қазір жақсы дамыған акционерлік қоғамның ақшасын алсаңыз, сіз сол акционерлік қоғаммен бірге пайда көресіз.

Қазіргі қазыналық облигация  бар, ол бір рет айналымға шықты, енді екінші рет шығарылады.Яғни, мемлекеттік  құнды қағаздар айналыста бар  деген сөз. Оны алуға болады. Осы  шығарылып жатқан қағаздардан халыққа  түсер пайдасы – 35-45 %. Ресейде-65%.Облигациялар шығарылымы несиені банктер қойған   талаптардан  басқа тиімді талаптар  бойынша алуды қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі кездің өзінде құнды қағаздар рыногының дамуына жағдай жасап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Облигация  туралы түсінік және оның түлері.

 

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады.Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.Облигация шығару- қосымша капитал тартудың бір нысаны.

Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға  және оларды орналастыруға  жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

Облигацияға  әрбір  адам өзі мынадай анықтамалар  береді.Олардың бірі Кеулімжаев атамыз былай деген: Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәләндіратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін инвестициялық маңызды көзі болып табылады.

Яғни, облигациялар–кәсіпорындармен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін  растайтын құжат.Ол корпорацияның  активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады.

Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті ;атаулы  және талап етушіге  арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.

Ал енді Родостовец атамыз айтқандай, Облигация дегеніміз- ұстаушысына өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар  эмитенттің  облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация- жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де  құқысы жоқ.

Міржақыпова апамыз мынадай  анықтама береді: Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне сәйкес облигация – бұл облигацияның немесе  басқа да мүліктік  баламаның онда  көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстаушының иемденуге  құқын растайтын бағалы қағаз.Обигация  оны ұстаушыға  облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді.

 Облигация мерзімдік  қарыз міндеттемесі  болғандықтан  оның кепілі болып эмитенттің  жалпы кепілдігі саналады. Ол  кепілдік- эмитенттің банкротқа  ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – корпорация мүлігінің  бір бөлігін иеменденуге облигация ұстаушының құқы.

Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды  көзі.Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың  бір-бірінен түбегейлі өзгешіліктері  бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары  мыналар:

  • Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі.Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі.Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді.
  • Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді.Оның мөлшері бекітілген және нақты  анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде  көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді.Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны  уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.

 Акционер де дивиденд  түрінде төлем алады.Бірақ   дивидендтің  мөлшері  тіркелмейді  және ол арнаулы уақытта   төленбейді. Егер корпорация дивиденд  төлеу туралы хабарламаса, демек,  төлегісі келмесе, онда акционер  корпорацияға қарсы ешқандайшара қолдана алмайды.

  • Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ.Олакционерлержиналысына, сонымен қатар,корпорация  басқаруға да қатыспайды.Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешімі дауыс құқығы бар.
  • Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына  жатады.Ол салық төлейтін пайдадан төленеді.Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.

  Облигация  бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы  түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып  алынатын талонды айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетіледі.

 Төленген  сыйақының орнына  облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін купондарды қырқу деп аталады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер,өтеу туралы нұсқау, эмиссия  шарты қамтамасыз етілуі, рейтингі.

Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады.Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.

Купондық мөлшер - жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның  номинал өқнына байланысты келісілген сыйақы-төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін,  мысалы,жарты жылда бір рет  немесе тоқсан сайын бір рет.

Әлбетте, төлем мына интервалмен  орындалады: қаңтар-шілде, ақпан-тамыз, наурыз-қыркүйек, сәуір-қазан, мамыр-қараша, маусым-желтоқсан.Одан басқа айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталынады. Мысалы, 5 қаңтар- 5 шілде, 20 наурыз-20 қыркүйекжәне сол сияқты.

Өтеу күні – компанияның сатып алушы облигацияның номиналына тең соманы  қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.

Эмиссия шарты - ашықтан-ашық облигация шығару мәселесі.Ол қарыз алушымен  траст компаниясының  шарты бойынша шығарылады.Траст компаниясы корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі болып,облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап  отырады.

Траст компаниясы эмитенттің  қаржы құжаттарын  және оның инвестициялық  жобасының  бизнес- жоспарын  тексеріп, содан кейін ғана  өз ризашылығын  береді. Осыған  байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыныс енгізеді.Олардың ішінде  жиі кездесетіндері мыналар:

  • Ең аз өтімділік;
  • Борыштың ақырғы деңгейі;
  • Активтерді сатуға тыйым салу;
  • Төлетін дивиденд мөлшерін шектеу;

Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның  номиналдық құны және сыйақы (мүдде) төлейтін арнаулықор құрады. Ол қор траст компаниясының  бақылауында болады.

Эмиссия шартында облигацияның уақытынан  бұрын сатып алу  бабы да болуы мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын  қайтарып алу құқы. Әдетте,ондай жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады.

Уақытынан бұрын қайта  сатып алғанда  облигацияның бағасы оның номиналдық құнынан  жоғары болады.

Қамтамасыз  етілген облигациялар - оларды шығарғанда   кепілдікке  корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз  етілген және қамтамасыз етілмеген  болып бөлінеді.

Қамтамасыз етілген  облигация корпорацияның негізгі  активтерін талап етуге құқық  беріп және  сонымен біргеоның негізгі меншігінің  облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер корпорация  мағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз  пайдасына сатуға құқы бар.

Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа  бағалы қағаздар салынады.  Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:

  • Қозғалмайтын  мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін  жайнемесе арнаулы  мүліктер;
  • Басқа   компаниялардың траст жағдайында сақталатын  акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген  осы компанияның  облигациялары;
  • Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар.Оларды сенімхатпен  басқа біреу иемденуіне құқылы.

Қамтамасыз  етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен  шығарылған қарыз міндеттемесі. Осы болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін  табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

Облигацияның  рейтингі - олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы, «Стэндарт  энд  пур» және «Мудиз инвесторз сервис» екі компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Мудиз»  компаниясы облигацияны бағалауды төмендей түрде жүргізеді:

Информация о работе Облигация туралы түсінік және оның түрлері