Облигация туралы түсінік және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:14, курсовая работа

Краткое описание

Мен ең алғашқы сөзімді Родостовец атамыздың сөзінен бастайын: «Махаббат, әуен, бухгалтерлік есеп – мәнгілік» деп. Бухгалтерлік есеп дүние жүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер 3 міндетті шешеді:
1.Есепті барынша ақпаратты, әрі дәлжасау;
2.Оның қарапайым және арзан болуына қолжеткізу;
3.Шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Содержание

Кіріспе
1.Облигация туралы түсінік және оның түрлері.
2.Облигация есебі.
3.Еврооблигация ҚР-ның коммерциялық банкінің альтернативті құралын қаржыландыру.
4.Орналастырылған облигациялар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

finance_ref_70.doc

— 250.00 Кб (Скачать файл)
  1. Ааа- өте жорағы сапа;
  2. Аа-жоғары сапа;
  3. А – ортадан жоғары;
  4. Ваа – орта сапа;
  5. Ва- алыпсатарлық  элименттері бар;
  6. В- инвестицияға қажет белгілеріжоқ;
  7. Саа- төмен сапа;
  8. Са- белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
  9. С-ең төмен сапа.

         Ең жоғары ретингілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төмен рейтингілі облигациялар алыпсатушылық деп есептеледі.

Акция сияқты облигациядың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты  процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.

Егер нарықтық бағасы  номиналынан жоғары болса, онда облигация  сыйақымен сатылды деп аталады. Егер номиналынан  бағасы төмен болса, онда облигациясының жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады.Облигацияның нарықтық бағасы  қандай  болсада, сыйақы (мүдде) оның номиналына байланысты есептелінеді.  

  Облигацияның нарықтық бағасы, бір  жағынан заемды шығару жағдайына, екінші жағынан,  нарықтағы  әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталды.Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.

  1. егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса, онда бұрынғы  төмен бағамен шығарылған  облигациялардың курсы төмендейді. Басқаша  айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі мұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.
  2. Жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен (сыйлықпен) сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.

Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дискондтық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.

Жай акциялар тәрізді облигацияларда иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол  бойынша сыйақы ұсынушы субъектке  төленеді.Ондай облигациялардың әр қашан купондық парағы болады. Сыйақы өсім төлейтін күні облигация  иесі купонды қиып алып, оны өтеуге тапсырады.

Ал атаулы облигациялардың  иесі  корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек  толтырып береді.

Заемның мерзіміне  қарай корпорация облигациялары:

  • Қысқа мерзімді- 1 жылдан 3 жылға;
  • Орта мерзімді- 3 жылдан  7 жылға;
  • Ұзақ мерзімді – 7жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке бөлінеді.

Корпорация облигациялары  сонымен қатар купондық  кірісті  төлеу  жөнінен де бөлінеді:

  1. купондық төлем мөлшері  нақты бекітілген  облигациялар. Олар уақытынан қайтарылып алынуы мүмкін;
  2. купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар. Бұл тіпті облигациялардың ерекшелігі,оның купондық төлем мөлшері ақша нарығында негізгі төлем мөлшеріне  байланысты өзгереді.Бірақ, өзгермелі курсты  облигация ұстаушылар  корпорация жарғысында көрсетілгендей өз мүддесін несие берішілердің ең соныңда жүзеге асырылады.
  3. Купонды нөлге тең облигациялар типті облигациялардың айырмашылығы -  бірінші орналасқанда номиналынан төмен бағамен, өтелмегенде-номиналмен сатылады.Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы сыйақыны облигацияның айналым мерзімі аяқталған соң алады.

Облигация айырбасталатын  және жай облигациялар болып бөлінеді. Айырбасталатын облигация  айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталымды акцияға инвесторды қызығушылығын арттырады.Ал жай облигацияларды мұндай құқығы жоқ.

Қорыта  айтқанда, корпорация өз жұмысын  акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен қаржыландырады. Дегенмен, акциядан көрі облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі, облигациядан пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша белгіленген соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанмяның дивиденд төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.

Сонымен бірге облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен ол өте арзан. Ұзақ мерзімде төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген  сыйақы сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көз қарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек  облигация тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып, алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көз жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания  бағалы қағаздардың екі түрінде қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлеммен жоғары болды деген болжамға  байланысты.

Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:

  • Бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
  • Акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады;
  • Пайыздарды төлеу кезінде акция және басқада міндеттемелерді қанағаттандыру алдында жоғары;
  • Эмитентті басқаруға құқық бермейді.

Облигацияларды шығару тәртібі:

  • Эмитент қосымша қорлардытарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға құқығы бар.Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында  жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
  • Құқықты бекіту әдісі бойынша  облигациялар атаулыболу керек;
  • Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құралболып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады;
  • Облигация шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;
  • Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
  • Облигациялар бойынша  пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.

Міржақыпова апамыз былайдеген: Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон- бұл онда купондық  мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон.Облигацияның атаулы құны облигация бетінде белгіленіп және қарызға беріліп,облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома көрсетіледі.

Атаулы құнға қарағанда  төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен сатылған деп аталады.Егер оны жоғары бағамен сататын болса,сатушы сыйақы алады.Эмиссиялау және өтеуге дейінгі  аралықта облигациялар нарықта белгіленген баға бойынша сатылады және сатып алынады. Оның номиналына  байланысты пайыз көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.Бағалы қағаздардың тұрықты пайыздық табысы келесі формула арқылы табылады:

 

Табыс =Номиналды қарыз  *100

             Эмиссиялық курс      

Табыс арнайы айналатын  тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу  жолымен беріледі.

Облигацияны айналысқа  шығару бағалы қараздар нарығы туралы заңдылықты белгіленген тәртіп бойынша  мемлекеттік тіркеуден өту тиіс. Облигацияны мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес уақытқа шығара алады.

Қоғам кезең аралық облигацияның атаулы құнынан пайыз түрінде  төлетін табыс ретінде купонды  облигациялар және сатып алу және атаулы құнының айырмасы ретінде  өтеуден түскен табыс  төленетін дисконтты облигация шығарады.Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:

  • Белгілі бір мүлік кепілімен  қамтылған;
  • Үшінші жақтың сөз беруімен қамтылған;
  • Заңды тәртіпте қамтамасыз етпеу бекітілген;

Эмитенттіне байланысты мынадай түрлері бар:

    1. Мемлекеттік;
    2. Муниципалды;
    3. Корпорациялық;
    4. Шетел.

Номиналды өтеу әдісі  бойынша:

  • Бір жолғытөлем;
  • Уақыт бойыншабөлу;
  • Жалпы облигация көлемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.

Төлеу түріне байланысты:

  • Тек пайыздар;
  • Нөлдік купон;
  • Атаулы құн;
  • Кезеңдік тіркелген табыс және атаулы құн;
  • Атаулы құн және жиынтық табыс.

Купонды төлеу әдісібойынша:

  • Тұрақты купондық мөлшерлеме;
  • Қалқымалы купондық мөлшерлеме;
  • Бір келкі өсетін купондық мөлшерлеме;
  • Ең төмен немесе нөлдік купон;
  • Тандап  төлеу;
  • Аралас түрде.

Банктер облигацияларды және бағалы қағаздардың басқада түрлерін эмиссиялау кезінде ҚР-сының Ұлттық Банкісінде бағалы қағаздардың эмиссия анықтамалығының сараптамасынан өтулері қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Облигация  есебі.

Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 402 «Облигация» шотында жүреді.

402 «Облигациялар» шотында  мемлекеттік және жергілікті  заемдардың проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы және осындай  құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді. Облигация – белгіленген нақты құны бойынша   егесіне процент төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз.

Облигациялардың  төмендегідей  реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің  тұрған жері;  фирмалық атауы немесе  сатып алушының аты немесе  облигацияның талап етушіге  жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны,  қарастырылған болса пайыз  мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу  мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ  облигациясының   сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті  тұлғаларының  қолқою  үлгілері.

 Облигацияның мақсатын  білдіретін міндетті  реквизит  облигацияның  қандай тауар   үшін шығарылғандығын  көрсетеді.  Облигацияларды өтеу мерзімін  және  шығару туралы шешімін   эмитент айқындайды.

Облигацияға салынған қаражат инвестициясы  олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша.

Демек, облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен, немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

Облигацияларды сатып  алу және олардан алынған табыстар бойынша есептеулерді келесі мысалдармен көрсетеді:

  1. Облигация,номиналдық құны бойыншы шығарылған.Кәсіпорын 1 млн. теңге тұратын, әр қайсысы 1000 теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік. Бұл арада эмитенттің 3 жылдық мерзімге, әр 3ай сайын, жылдық деңгейден есептелген 20 % төлем жасап тұруға міндеттенген.

Сатып алынған облигациялардың құнына:

402-ші «Облигациялар» шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі -  1 000 000 теңге.

Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы: 1 000 000 теңге *20%: 100%=200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған. Есептелген проценттердің сомасына  332-ші «Есептелген проценттер» шотының дебиті және 724-ші «Акциялар бойынша дивидендтер және процент түріндегі табыстар» шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік жазбасы жазылып отырады.

Әрбір 3 ай сайын облигация эмитенттінің шығарылымын шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттер төленіп отырылады: ол кезде  441 шот дебиттеліп, 332 шоты 50 001 (16 667*3) сомасына кредиттеледі.

Облигациялардың жабылу мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасы номиналдық құны бойынша қайтарады: ол кезде бухгалтерлік жазудың 3 жазбасы жасалынады:

Дт 843,Кт 402 – 1 000 000;

Дт 334,Кт 723 – 1 000 000;

Дт 441,Кт 334 – 1 000 000;

  1. Сыйақысымен шығарылған  облигация.Эмитент 1 000 000 теңге сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын , 2 жылдық мерзімге арналған жылына 2 рет жылдық 25 %-ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1 000 данасын жасап шығарады.

Информация о работе Облигация туралы түсінік және оның түрлері