Қаржылық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:31, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар шарттарында, ол кезде кәсіпорындардың дербестілік пен жауапкершілік принциптері толық мөлшерде іске асырылады, қаржылық жоспарлаудың объективті қажеттілігі туындайды. Қаржылық жоспарлаусыз нарықта сәттілікке қол жеткізу, өндірістік-шаруашылық қызметті кеңейту және ұжымның әлеуметтік дамуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
3
І. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық-теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.2 Қаржылық жоспарлаудың әдіс-тәсілдері мен принциптері
ІІ. Ұйымдағы қаржылық жоспарлау жүйесін талдау
2.1 «Жеңіс» Санаторийі Еншілес Кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
2.2 «Жеңіс» Санаторийі ЕК-ның қаржылық қызметін талдау
2.3 Санаторийдегі өндірістік шығындарды талдау
2.4 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
2.5 «Жеңіс» санаторийі ЕК-ғы қаржылық жоспарлау
2.6 Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
5
12

18
19
21
22
24
27
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
30
31

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржылық жоспарлау.doc

— 278.00 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның құрамына құрылымдық бөлімшелер құқығында Бальнеофизиотерапевтік емханасы, «Бүлдіршін» № 4 балалар  бақшасы кіреді.

Өзінің қызметінде кәсіпорын еншілес  кәсіпорындардың қызметін реттейтін  заңдарын, жарғыларды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Материалдық-техникалық базасының  жағдайы, атап айтқанда: ыңғайлы жоспарлануы  мен жайларының сапалы әрленуі, оның қоғамдық жайлары мен тұрғын нөмірлерінің жайлы жаһазбен және құрал-жабдықтармен қамсыздандырылуы, жоғары сапалы төсек-орындарының толық жиындары, заманауи жоғары өнімділікті асхана жабдықтары, ыңғайлы лифт шаруашылығы және тағы басқалары қонақ үй кәсіпорындағы сапалы қызмет көрсету факторларының бірі болып табылады. Оның үстіне, ғимараттар мен құрылыстар сәулетіне, қонақтарға арналған бөлмелердің, спорттық алаңдарының, ойын-сауық мекемелерінің және демалу орынжарыны, медицина мекемелерінің ерекше орналасуына арнайы талаптар қойылады.

«Жеңіс» санаторийі 1999 жылдың маусымында соғылып, қолданысқа берілді. Алғашқы демалушыларды сол жылдың 24 маусымында қабылдады. Санаторийдің ғимараты технологиялық күрделі құрал-жабдықтан тұрады. Санаторий бірегей емдеу мүмкіндіктері бар қонақ үй жайлығын сәттілікті біріктіреді. Бастапқы артықшылығы - өзенге өте жақын орналасқандығы.

Санаторийде жатын корпусы бар, ол бір уақытта 355 адамға дейін қабылдай алады.

  Жатын корпусында 1-2 жатын және екі бөлмелі нөмірлері бар. Нөмірлерде барлық коммуналды жайлықтары бар. «Люкс» түріндегі бөлмелері кондиционермен және телефонмен қамсыздандырылған.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты –  азаматтарға, басымдылықты ата-аналы  балаларға кешенді, сауықтыру, санаториялық-курорттық  қалпына келтіру, арнайы (реабилитациялық) емдеу, демалу және тағы басқа қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну болып табылады.

«Жеңіс» емдеу-сауықтыру санаторийінде  жоғары білікті мамандары жұмыс  істейді, олар: педиатр, гинеколог, терапевт, ортопед, физиотерапевттер, соның ішінде, балалар стоматологы, ЛОР, психотерапевт, гастроэнтеролог.

«Жеңіс» санаторийінің аумағында  керемет қамтамасыз етілген емдеу  кабинеттері бар: физиотерапия, ванна  бөлімі, балшықпен емдеу, ЛОР, гинекология, стоматология, ингаляторий, аромотерапия, инерефленотерапия, фитобар, массаж, гидромассаж, мануалды терапия, ультрадыбыстық (УЗИ), компьютерлік диагностика.

2.2 «Жеңіс» Санаторийі ЕК-ның қаржылық қызметін талдау

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  келесі топтардың жиынтығын сипаттайды:

  • Мүліктік жағдайының көрсеткіштері;
  • Өтімділік және төлем қабілеттілік коэффициенттері;
  • Іскерлік белсенділік көрсеткіштері.

Талданатын кезең ішінде кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын пайдалануын  талдау

2008 жылы «Жеңіс» санаторийінің  толық сыйымдылығы 370 төсек-орыны құраған болатын, бұл бір жыл қорытындысына қайта есептеген кезде 68080 төсек-күні қызмет етуіне тепе-тең болып  келеді. 2007 жылы санаторийдің толық сыйымдылығы 350 төсек-орны болды, ал 2006 жылы - 300 төсек-орнын құрады. Төсек-орындардың өсімі нөмірлердің бір бөлігін қайта жоспарлау және кейбір қызметтік жайларын қайта соғу салдарынан болды. Нөмір қорының деректерін келесі кесте түрінде көрсетейік (Кесте 2).

 

Кесте 2 – «Жеңіс» санаторийіндегі  нөмір қорын пайдалану

р/н

Кезеңі 

«Жеңіс» санаторийінің толтырымдылығы

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

Толық, төсек-күн

Нақтылы, төсек-күн

Жүктелу коэф., %

Толық, төсек-күн

Нақтылы, төсек-күн

Жүктелу коэф., %

Толық, төсек-күн

Нақтылы, төсек-күн

Жүктелу коэф., %

1

Қаңтар 

                 

2

Ақпан

                 

3

Наурыз 

                 

4

Сәуір

                 

5

Мамыр

9300

90

0,97

10850

126

1,16

11470

552

4,81

6

Маусым 

9000

3254

36,16

10500

5496

52,34

11100

9773

88,05

7

Шілде

9300

11045

118,76

10850

15090

139,08

11470

17621

153,63

8

Тамыз

9300

12886

138,56

10850

15455

142,44

11470

17828

155,43

9

Қаркүйек 

9000

2570

28,56

10500

3673

34,98

11100

8981

80,91

10

Қазан

9300

45

0,48

10850

56

0,52

11470

182

1,59

11

Қараша 

                 

12

Желтоқсан

                 

Барлығы 1 жылда

55200

29890

54,15

64400

39896

61,95

68080

54937

80,69

Барлығы бір маусымда

45900

29823

64,97

53550

39805

74,33

56610

54570

96,40


 

Көзі: автор кәсіпорын есептемесі негізінде құрастырды

 

Кестеден көрініп тұрғанындай, санаторийдің нақтылы толтырылуы толыққа  қарағанда аз, бұл санаторий негізгі  қызметін жазғы кезеңде жүргізетіндігі туралы куәландырады.

Сондай-ақ, кестеден нөмірлік қордың толтырымдылығында маусымдылық бар екені анық көрініп тұр.

Жүктеу коэффициентіне келетін  болсақ, ол келесі түрде ауытқиды:

  • 2006 жылдың мамыр айында 0,97%-дан бастап тамызда 138,56%-ға дейін;
  • 2007 жылы мамыр айында 1,16%-дан бастап тамыз айында 142,44%-ға дейін;
  • 2008 жылы мамыр айында 4,81%-дан бастап тамызда 155,43%-ға дейін.

«Жылдық жүктелу коэффициенті»  көрсеткішінің 2006-2008 жылдар аралығындағы динамикасы оның 2006 жылы 54,15 пайыздан 2008 жылы 61,95 пайызына дейін ұлғайғандығы туралы куәландырады.

2.3 Санаторийдегі өндірістік шығындарды талдау

2006-2008 жылдар ішінде абсолюттік көріністе өндіріс шығындары өсуінің тұрақсыздығы байқалады.

 

Кесте 3 – Қызметтерді іске асыру  бойынша шығындар құрылымы

 

Көрсеткіштер аталуы

2004

2005

2006

Мың тң

%

Мың тң

%

Мың тң.

%

1

Материалдық шығындар

1582,20

40,10%

2108,00

40,60%

2224,30

41,63%

2

Жалақыны төлеуге жұмсалған  шығындар

845,20

21,42%

1248,30

24,04%

1416,80

26,52%

3

әлеуметтік қорларға аударымдар

310,30

7,86%

447,10

8,61%

488,30

9,14%

4

Негізгі қорлардың амортизациясы

620,20

15,72%

730,90

14,08%

709,30

13,28%

5

өзге шығындар

587,60

14,89%

657,70

12,67%

503,70

9,43%

барлығы

3945,50

100,00%

5192,00

100,00%

5342,40

100,00%


 

Көзі: автор кәсіпорын есептемесі негізінде құрастырды

Кестеден көрініп тұрғанындай, талданып отырған кезеңнің соңында еңбекақыны төлеуге жұмсалған шығындар және әлеуметтік қорларға аударымдар ұлғайюда, бұл минималды жалақы көлемінің, инфляция коэффициентінің және күн көріс минимумының ұлғаюына байланысты болды.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда амортизациядық аударымдар көлемі 730,90 мың теңгеге дейін өсті, бұл нөмірлердегі, холлдардағы және өзге жайлардағы жиһазды мүмкін болғанша тез жаңартуға, сонымен бірге, сантехниканы ауыстыру жоспарланғандығына байланысты болды, ал 2008 жылы амортизациялық аударымдар көлемі 709,30 мың теңгеге дейін қысқарды.

Материалдық шығындарды шартты түрде, санаторийдің жүктелу деңгейіне  тікелей тәуелді болмайтын ауыспалы шығындар деп есептеуге болады.

2.4 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау

Негізгі қорлардың қалдық құны баланс сомасының жартысынан асатынын құрайтындығынан, негізгі құралдардың тозу, жаңару және шығу коэффициенттерін талдаймыз. Талдаудың ыңғайлығы үшін келесі кестені құрастырамыз (Кесте 4).

 

Кесте 4 – Кәсіпорынның мүліктік жағдайының коэффициенттері

 

Көрсеткіш

Нормативтік мәні

2006ж. басында

2007ж.

басында

2008 ж.

басында

аяғында

1

2

3

6

7

8

9

1.1.

Негізгі қорлардың тозу коэффициенті

Азаюы

0,369

0,385

0,416

0,422

1.2.

Негізгі қорлардың жаңарту коэффициенті

Ұлғаюы

0,038

0,045

0,074

-

1.3.

Негізгі қорлардың шығу коэффициенті

НҚ жаңарту коэффициентінен  аз болуы тиіс

0,063

0,02

0,007

-


Нормативтік мәні бойынша негізгі  қорлардың тозу коэффициенті азаюы тиіс. Кестеден көрініп тұрғанындай, тозу коэффициенті 2006 жылмен салыстырғанда 2007ж. 0,016-ға ұлғайды, ал 2008ж. 0,031-ге ұлғайды. Бұл кәсіпорындағы негізгі қорларды жаңарту қажеттілігін білдіреді.

«Жеңіс» санаторийінің басшылығы  осы мәселені ақырындап шешіп  отырған, бұл туралы 2006-2007 жж. негізгі  қорларды жаңарту коэффициентінің  ұлғаюы растайды, ол сатып алынған  негізгі қорлардың бастапқы құнының  барлық негізгі қорлардың бастапқы құнына қатысты азайып отыруы көрсетеді, бұл оңтайлы беталыс болып табылады. Алайда, 2008 жылдың соңында осы коэффициент азайды. Негізгі қорлардың шығу коэффициенті жаңарту коэффициентіне қарағанда төмен болуы тиіс. Осы көрсеткіштің оңтайлы беталысы 2008 жылдың соңында байқалады.

 

Кесте 5 - Кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіш

Нормативтік мәні

2006ж.

басында

2007ж.

басында

2008ж.

басында

соңында

1

2

3

6

7

8

9

2.1.

Өтеу коэффициенті

1-ден көп

0,405

0,772

0,653

0,396

2.2.

Жылдам өтімділік коэффициенті

0,6-0,8

0,308

0,666

0,446

0,289

2.3.

Абсолютті өтімділік  коэффициенті

0-ден көп ұлғаюы

0,003

0,001

0,009

0,009

2.4

Таза айналым  капиталы,

Мың теңге

0-ден көп ұлғаю

-786,6

-265,1

-452,9

-1097,2


 

Өтеу коэффициенті

Өтеу коэффициенті 1-ден көп болуы тиіс. Кестеде өтеу көрсеткіші нормативтік мәнге сәйкес келмейтіні көрініп тұр. Осы коэффициенттің мәндері кәсіпорын ресурстарының жеткіліксіздігі туралы куәландырады, олар ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Қаржылық жоспарлау