Қаржылық жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:31, реферат

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар шарттарында, ол кезде кәсіпорындардың дербестілік пен жауапкершілік принциптері толық мөлшерде іске асырылады, қаржылық жоспарлаудың объективті қажеттілігі туындайды. Қаржылық жоспарлаусыз нарықта сәттілікке қол жеткізу, өндірістік-шаруашылық қызметті кеңейту және ұжымның әлеуметтік дамуы мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
3
І. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық-теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.2 Қаржылық жоспарлаудың әдіс-тәсілдері мен принциптері
ІІ. Ұйымдағы қаржылық жоспарлау жүйесін талдау
2.1 «Жеңіс» Санаторийі Еншілес Кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
2.2 «Жеңіс» Санаторийі ЕК-ның қаржылық қызметін талдау
2.3 Санаторийдегі өндірістік шығындарды талдау
2.4 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
2.5 «Жеңіс» санаторийі ЕК-ғы қаржылық жоспарлау
2.6 Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
5
12

18
19
21
22
24
27
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
30
31

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржылық жоспарлау.doc

— 278.00 Кб (Скачать файл)

Жылдам өтімділік коэффициенті 0,6-дан 0,8-ге дейінгі шектерде болуы тиіс. 2006 және 2007 жылдары кәсіпорында ағымдағы міндеттемелерді төлеуге қатысты төлем қабілеттілігі төмен болды. 2008 жылы коэффициент нормативтік мән шектерінде болды – 0,666.

Абсолютті өтімділік коэффициенті 2006-2007 жж. аралығында өте төмен мәнге ие болды (2006ж. – 0,003 және 2007ж. - 0,001), бұл туралы кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін дереу өтеу алмауының маңызсыз мүмкіндіктері куәландырады. Алайда, осы көрсеткіш 2008 жылдың басында 0,009-ға дейін жақсарады, бұл оңтайлы беталыс болып табылады.

2006-2008 жж. аралығындағы таза айналым  капиталы ауыспалы теріс мәнге  ие болады және ол кәсіпорын  өзінің ары қарайғы қызметін  кеңейте алмайтындығын және өзінің  міндеттерін төлеу алмайтындығын  көрсетеді. 

Жалпы алғанда, өтімділік көрсеткіштері нормативтік мәндерге сәйкес келмейді және олардың теріс динамикасы бар. Бұл – кәсіпорын өзінің ағымдағы міндеттемелерін дер кезінде төлей алмайтындығы туралы көрсетеді.

 

2.5 «Жеңіс» санаторийі ЕК-ғы қаржылық жоспарлау

 

Бизнес – жоспар – бұл кәсіпорынның даму жоспары, ол фирманың жаңа салаларын игеру үшін, бизнестің жаңа түрін дамыту үшін қажет. Бизнес-жоспар жаңадан құрылып жатқан кәсіпорын үшін, сондай-ақ, істегі экономикалық ұйымдары үшін олардың кезекті даму қадамында өңделінуі мүмкін.

Бизнес-жоспарлау келесі мәселелерді  шешеді:

1. Кәсіпорынның өмірлік қабілет  деңгейі мен болашақ тұрақтылығын  анықтайды, кәсіпкерлік қызмет  тәуекелділіг төмендетеді; 

2. Дамудың санды, әрі сапалы  көрсеткіштер жүйесі түрінде  бизнестің әлеуеттерін нақтылайды;

3. Назар аударады, фирманың әлеуетті  инвесторлары тарапынан қолдауды  қамтамасыз етеді; 

4.Жоспарлау тәжірибесін алуға  көмектеседі. 

Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттар  үшін құрастырылады. Кәсіпорынның бизнес-жоспары  құрастырылатын сыртқы мақсаттары – қосымша инвестицияларды немесе қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігін негіздеу, кәсіпорында бар мүмкіндіктерді көрсету және инвесторлар мен банктың тарапынан олардың назарын алу, оларды инвестициялық жобаның жеткілікті деңгейдегі тиімділігіне және кәсіпорын менеджментінің жоғары деңгейі жөнінде сендіру. Инвестициялық жобаның сауатты құрастырылған бизнес-жоспары банк несиесін алудың міндетті түрдегі шарты болып табылады. Егер қарыз алушыда ол болмаса, бұл кәсіпорын менеджментінің төмен кәсіби деңгейі, оның жағдайларды игермеуі туралы айтады және банкте кредит алуды тәжірибелі мүмкін емес етеді.

Нарықтық экономика шарттарында  бизнес-жоспар кәсіпкерліктің барлық салаларында қолданылатын жұмыстық құралы болып табылады. Бұл жоспар ұйымның қызмет етуінің сипаттамасын береді, оның басшылары алдыға қойылған міндеттерге, ең бастапқы кезекте – компанияның табыстылығын жоғарылатуға қандай түрде қол жеткізетінін көрсетеді. Жақсы өңделген жоспар фирманың өсуіне, кәсіпорын қызмет ететін нарықта жаңа ұстанымдарды жаулап алуға, өз дамуының, жаңа тауарлар мен қызметтерді өндірудің тұжырымдамаларының әлдеқайда терең болашақ жоспарларын құрастыруға және оларды өткізудің тиімді әдістерін таңдауға жәрдемдеседі.

Бизнес-жоспар, тәртіп бойынша, жүйелі түрде жаңартылып отырады, оған фирманың ішінде жүріп жатқан өзгерістерге, сондай-ақ, фирма қызмет ететін нарықтағы және жалпы алғанда, экономикадағы өзгерістерге байланысты өзгертулері енгізіледі. Сөйтіп, бизнес-жоспар кәсіпкерге фирмаішілік және макроэкономикалық талдау негізінде өз ісінің ілгерлеуін бағалауға эәне ағымдағы операцияларды бақылап отыруға көмектеседі.

Бизнес-жоспарды өңдеудің негізгі  мақсаты – фирманың таяудағы және алыстатылған кезеңдерге шаруашылық қызметін нарықтың қажеттіліктеріне және қажетті  ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес жоспарлау болып табылады.

Бизнес-жоспарды өңдеудің өзге мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін, мысалға:

  • көзделген нәтижелерге қол жеткізудің нақтылық деңгейін анықтауға;
  • белгілі бір тұлғалар шеңберіне қызмет ететін фирманың жұмысын қайта ұйымдастырудың немесе жаңа кәсіпорынды құрудың мақсатқа қонымдылығын дәлелдеуге;
  • компания қызметкерлерін жобада көзделген сапалы, әрі санды көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкіндігіне сендіру және т.б.

Сондай-ақ, бизнес-жоспар кәсіпкерге кәсіпорынның қызмет етуімен байланысты келесі негізгі міндеттерін шешуіне көмектеседі:

* қызметтің нақты бағыттарын, әлеуетті  өткізу нарықтарын және фирманың  осы нарықтағы орнын анықтауға;

* өнімді дайындау мен өткізу  үшін қажетті шығындарды бағалауға,  жобаның әлеуетті пайдалығын анықтау үшін оларды тауарлардың сатылатын бағаларымен салыстыруға;

* фирма кадрларының және олардың  еңбектерін ынталандыру шарттарының  көзделген мақсаттарға жету бойынша  талаптарына сәйкестігін анықтауға;

* фирманың материалдық және  қаржылық жағдайын талдауға және көзделген мақсаттарға жетудің материалдық, әрі қаржылық ресурстарының сәйкес келетінін анықтауға;

* тәуекелдерді есептеуге және  бизнес-жоспарды орындауға кедергі  келтіруі мүмкін қиыншылықтарды  алдын-ала қарастыруға.

Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастыру негізі ретінде қаржы жоспары болып табылады. Қаржы жоспарының нысаны түсімдер және шығындар балансы болып табылады, мұнда кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері, оның бюджетпен, бюджеттен тыс қорларымен, банктермен өзара қарым-қатынастары көрініс табады.

 

 

2.6 Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі

 

Франция әлемдегі жоғары дамыған бес  мемлекет қатарына кіреді. Франция  ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония  және Германиядан кейінгі төртінші орында.

Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зеттеулердің жоғары деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция мына мемлекеттермен байланыста: Европалық  қауымдастық : 63%( Германия  16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%, АҚШ 7%, Бельгия – Люксенбург 11%).

Бюджет сипаты: кірістер – 210  млрд доллар, шығыстар – 240 млрд доллар. Экспорт  – 325 млрд доллар. Импорт – 320  млрд доллар.

Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны  айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей  салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20% құрайды. Қазіргі кезде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.

Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы  бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар, жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын  қаржыларынан тұрады.

Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке 9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4% үлесі тиеді.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік саясаттарын  сипаттайтын қаржы жүйесінің  негізгі саласы. Франциядағы мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің бірі-біріккен бюджеттер.

Біріккен бюджет құрамында: ағымдағы іс қызметтерге байланысты табыстар мен шығыстар, инвестициялық шығыстар мен оларды жабуға бөлінген арнайы ресурстар. Біріккен бюджеттер сальдосы жалпы бюджетке көрсетіледі, егер біріккен бюджеттердің қаражаттары жеткіліксіз болса субсидиялар жалпы бюджеттен бөлінеді.

Франциядағы мемлекеттік қаржылардың  дамуы басқа елдердегідей бюджет  шығындарының  өсіп  отыруымен  сипатталуда. Ұлттық табыстағы мемлекеттік шығындар үлесі жылдан жылға өсуде. Бүгінгі таңда бұл үлес 50% құрайды.

Францияның 2001 – 2015 жылдар аралығында көзделген мақсаттары мен жоспарлары. Кейінгі жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта  байқалады.Бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 2002 -   2004 жылдарға аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% дан 19,7% - ға төмендеді. 2004 жылдың қаңтар айында мемлекет   тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкенқадам жасалып бағдарламасын жарияланады. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2006 жылғы ЖІӨ - ң 43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

Францияның қаржы минстрлігінің  мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан бекітілген болжамнан төменірек  болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен асқан жоқ, 2004 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан 2005 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық  жоспар бойынша Франция 2006 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2006 жылы басталып кетті. Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы Батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6 % шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе бәсеке қабілеттілігін жоғарлату қажет. Еңбек нарығын реттеу арқылы жұмыссыздықты әлде қайда төмендетуге болатынын Франция әлде қашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қаржылық жоспарлаусыз нарықта  сәттілікке қол жеткізу, өндірістік-шаруашылық қызметті кеңейту және ұжымның әлеуметтік дамуы мүмкін емес.

Қаржылық жоспарлау  кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлаумен тікелей байланысты.

Тәжірибелі барлық қаржылық көрсеткіштер өндіріс көлемі көрсеткіштеріне, өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) ассортиментіне, өнімнің өзіндік құнына негізделеді.

Қаржылық жоспарлау кәсіпорынның ішкі резервтерін анықтауға, үнемдеу  режимін орындауға әрекеттеседі.

Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық принциптер қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік мақсатты. Ведомстволық және салалық принциптер экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты принциптер кеңінен қолданылатын болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау әміршіл аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын  анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар  ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объектиті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз Алматы «Жеті жарғы» 1995ж.
  2. ҚР Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім.1 шілде Алматы 1999ж.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 30 наурыз 2006 ж. №80 Жарлығы.
  4. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Оқу құралы – М.: 2001ж.
  5. Внутрифирменное планирование: Учебник. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2001. – 400.
  6. Ковалев В.В. Финансовый анализ. – М.: Финансы и статистика, 1997.
  7. Савчук В.П. Финансовый менеджмент предприятий: практические вопросы с анализом деловых ситуаций. – Киев: Издательский дом “Максимум”, 2001.
  8. Бизнес-планирование: Учебник / Под ред. В. М. Попова и С. И. Ляпунова. – М.: Финансы и статистика, 2001. – 672 б.: ил.
  9. Финансовое планирование и контроль/Под ред. М.А. Поукока, А.Х. Тейлора; Пер. с англ. М.: Инфра-М, 1996.
  10. Финансовый менеджмент. Под ред. В.С. Золотарева/ 2-е изд., перераб. и доп. Серия «Учебники и учебные пособия». Ростов н/Д: «Феникс», 2000. – 224 б.
  11. Финансы предприятий. – СПб: Питер, 2002. – 224 б.
  12. Финансы предприятий: Учебник/ Н.В. Колчина, Г.Б. Поляк, Л.П. Павлова и др.; Под ред. проф. Н.В. Колчиной. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998. – 413 б.
  13. Финансовое планирование и контроль: Учебник/Под ред. Паукока М.А., Тейлора А.Х. – М.: 1996ж.
  14. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2001. – 208 ж. – (Серия «Высшее образование»).
  15. http://www.consulting.ru/
  16. http://www.e-training.ru/
  17. http://www.finexpert.ru/articles/art_1.htm
  18. http://www.finexpert.ru/articles/art_2.htm
  19. http://www.finexpert.ru/articles/art_4.htm
  20. http://www.optim.ru/trade/2000/1/19/19.asp
  21. http://www.ptpu.ru/issues/

Информация о работе Қаржылық жоспарлау