Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 13:07, реферат
Қазіргі уақытта педагогикалық тілге педагогикалық технология туралы ұғым енеді. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістердің жиынтығы. Технологиялық оқыту – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас, процестік бөлігі. Педагогикалық технология – бұл оқу әдістері ғана емес, сонымен қатар тәрбие әдістемелерінің жиынтығы, ұстаздар мен оқушылар үшін оқу процесінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған модель.
Қазіргі уақытта педагогикалық тілге педагогикалық технология туралы ұғым енеді. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдістердің жиынтығы. Технологиялық оқыту – бұл дидактикалық жүйенің құрамдас, процестік бөлігі. Педагогикалық технология – бұл оқу әдістері ғана емес, сонымен қатар тәрбие әдістемелерінің жиынтығы, ұстаздар мен оқушылар үшін оқу процесінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған модель.
Оқушылардың таным кезеңдерінің барлығында дербес іс – әрекет ұйымдастыру арқылы жаңа материалды меңгеру кезеңінде белсенділігін арттыруға болады. Егер оқушылар сабақта белсенді ой әрекетімен отырса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, олардың танымдық белсенділігін және дербестілігін қалыптастыруға болады. Әр сабақтың өтілу барысы әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Нәтижесінде оқушының таным қабілеті өсіп, өтілген тақырып толық меңгерілуі қажет. Мектеп қабырғасында жүрген әр оқушының ойы таза, білімге деген құштарлығы басым және алғыр кезеңдері. Сонымен қатар олар сабақты жеңіл түрде қабылдағанды ұнататындары сөзсіз. Орыс тарихшысы В.О.Клесковскийдің: «Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін емес, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі» дегеніндей, сабақ үрдісінде түрлі тәсілдерді қолдану қажет.
Мұғалімнің алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бірден - бір жолы.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ынталы жұмыс істеуін қамтамасыз етуін алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі тақырыптарға сәйкес лайық сұрақтар мен жаттығулар, тапсырмалар ойын түрінде әзірленеді
Ойын деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандарға ермек сияқты көрінеді. Ал, шын мәнінде дүние танымдық, білімдік мәні бар білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді. «Салқын қарап, белсене кіріспеген ойын әрқашан жақсы болмайды».
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Ойын – бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызығушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктерін ашады. «Ойын, сондықтан ойын, ол баланың дербестігі...» Интеллектуалдық ойын пәннің маңызын күшейтіп, оқушының логикалық ойлауына,басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсерін анықтайды.
Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бірқатар тәсілдер мен әдістер ішінде анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу машықтарын қалыптастырудың маңызы зор.
Ойынның қай түрі болса да оқушыдан төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, іздемпаздықты, ұқыптылықты, шеберлікті т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді, ойын шартын шешу үшін оқушы көп білу немесе көп үйрену керек, онсыз ойынның шешуін табу мүмкіндігі болмайды.
Ойынға кейбіреулері немқұрайлы, ермек ретінде қарайды да, оған мән бермейді. Алайда оның сырын білуге құмартатын оқушылар да аз емес. Ойынның өзіндік тәрбиелік маңызы да жетерлік.
Ойын оқушыны ынтықтырумен бірге оқушы басында көптеген қасиетті ұштап, білім дәнін аңғартты, оның шешімін табуға мүмкіндік болар ма екен? Әрине жоқ, олай болса оқушы миын шынықтыратын негізгі жаттығу, жаттығудың маңызы қашан да зор.
Ойынға қойылатын талаптар:
Ойынның ойналу түрлері:
а) топ болып ойнау;
ә) екеуара, үшеу болып ойнау;
Жалпы пәндік ойындар – әлі де зерттей түсуді қажет ететін педагогикалық объекті. Ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыруда баланың өз еркімен ойнауының қандай рөл атқаратыны туралы мәселе педагогикалық әдебиетте жеткілікті түрде көрсетілмеген, ал шындығында бұл–маңызды мәселе.
Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану
Химия сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың тапқырлығын, дүниетаным шеңберінің көлемділігін т.б. толып жатқан қасиеттерін дамытуға көмектеседі, білім тиянақталады. Оқушылар сабаққа әр түрлі дайындықпен келеді. Олардың кейбіреуі ғана химияны өзінің болашақ мамандығы ретінде таңдап, оны оқып үйренуге ынталы екендігін білдірсе, қалғандары сол пәннің жете қажеттілігін мойындамайды, оның үстіне мұндай оқушыларға химиядан мектеп бітіру емтиханын тапсыру рұқсат етіледі. Сондықтан химиялық ойындарды жекелеп емес, оқушыларды түгел қатысатындай етіп жүргізу қызық болады.
Химиялық ойындар екі – екіден немесе оданда көп ұжызілсе, соғұрлым қызықты болып, жаппай сипат алады. Ол ойынның түріне қарай топталады. Ұжымда ойнаушылар кейбір уақытта бір - біріне «қарсы» екі топқа бөлінеді, бұл топтар бірін бірі жеңуді мақсат етіп, ойынның қызықтылығын арттырады. Химиялық ойындар үшке бөлінеді: дидактикалық, танымдық және іскерлік ойындар.
Химиядан дидактикалық ойындарды қолдану оқушының ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.
Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып (имитациялық) модельдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындарыдң болашақта оқушының кәсіби мамандығын таңдауына да септігі мол екенін атауға болады. Химия сабақтарында оқушыларды пәнге қызықтыру үшін дидактикалық ойындарды қолдануда оларды жіктеудің қажеттілігі туындайды.
Сызбанұсқада берілген ойында металдар мен бейметалдарды бөліп көрсетулеріңіз керек. Онда «шаршылар мен нөлдерді» тік және көлденең бағыттарда үш торкөзде орналасқан элементтердің қасиетіне байланысты белгілеп көрсеткен кезде металдар немесе бейметалдар бір түзудің бойынша жатуы керек. Бір сызықтың бойынша шыққан шаршылар немесе нөлдер бойынша түзу жүргізіп, бұл элементтердің қандай тобына жататынын айтып беріңіз.
Барий |
Кремний |
Кальций |
Калий |
Магний |
Көміртек |
Фосфор |
Хлор |
Алюминий |
Br |
Mg |
Al |
Si |
Ba |
B |
Cl |
S |
Pb |
Жауабы:
|
||
|
||
Хлор |
Сынап |
Алтын |
Кремний |
Азот |
Оттек |
Никель |
Сутегі |
Темір |
Ca |
Cu |
Fe |
S |
C |
Cr |
Co |
Si |
Cl |
Жауабы:
|
||
|
||
Берілген формулалардан азоттың бірдей тотығу дәрежесін табу керек.
KNO3 |
Mg3N |
NH3 |
KNO2 |
N2O5 |
NaNO2 |
N2 |
HNO3 |
NaNO3 |
Ауаның негізгі құрамының концентрациясы іс жүзінде өзгермейді.
Азот |
Көміртек (ІV) оксиді |
Сутек |
Шаң |
Оттек |
Су буы |
Көміртек (ІІ) оксиді |
Озон |
Бекзат газдар |
Ауаның құрамының концентрациясы нақты жағдайларға байланысты болады.
Азот |
Көміртек (ІV) оксиді |
Сутек |
Озон |
Шаң |
Оттек |
Бекзат газдар |
Су буы |
Көміртек (ІІ) оксиді |
Адамның тұрмыстық қызметінің нәтижесінде ауаға тарап, оның ластануына әкеліп соғатын заттар.
Көміртек (ІV) оксиді |
Көміртек (ІІ) оксиді |
Сутек |
Күкірт (ІV) оксиді |
Аммиак |
Азот оксидтері |
Көмірсу- Тектер |
Бекзат газдар |
Озон |
1.2. Химиялық чайнворд
А) Берілген заттарды дұрыс анықтай білсе, химиялық элемент аты шығады.
Аты |
Химиялық элемент |
Химиялық қоспа |
Қосылыс |
Mg |
Г |
Ж |
Д |
Ауа |
З |
Е |
К |
Су |
П |
С |
Р |
HgO |
Т |
Н |
М |
Fe |
А |
В |
Б |
I |
Г |
Н |
О |
ZnS |
Х |
К |
Й |
O2 |
Й |
М |
Л |
Жауабы: Германий
Аты |
Химиялық элемент |
Химиялық қоспа |
Қосылыс |
Mg |
Г |
Ж |
Д |
Ауа |
З |
Е |
К |
Су |
П |
С |
Р |
HgO |
Т |
Н |
М |
Fe |
А |
В |
Б |
I |
Г |
Н |
О |
ZnS |
Х |
К |
И |
O2 |
Й |
М |
Л |