Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Египет пен Сирияға
ресми іссапары кезінде Дамаск
қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың
кесенесін қайта жаңғырту және
Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени
орталығын салу, Каир қаласында
Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың мешітін
қайта жаңғырту туралы Келісім
жасалды.
Бағдарламаның
жаңа кезеңінде үкіметаралық
келісім ережелерін іске асыру
бағытында ауқымды кешенді шаралар
жүзеге асырылады. 2007 жылы Дамаск
қаласында Әл-Фараби кесенесі
мен этномәдени орталығын салу
(Сирия), Каир қаласында Сұлтан
Аз-Захир Бейбарыстың мешітін
қайта жаңғырту (Египет) жұмыстары
басталды.
Берел
мен Есік қорғандары, Түркістан
қаласы мен Отырар қалашығының
ескерткіштері, өзге де тарихи
орындар туралы халықаралық талаптарға
сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы
деректі фильмдер жасалып, оларды
"Би-би-си", "Дискавери" сияқты
әйгілі әлемдік телеарналардан
көрсету ұйымдастырылады. Осындай
жобалар, біріншіден, қазақ жерінің
әлемдік деңгейде танылуына, екіншіден
- туристердің көбеюіне игі әсерін
тигізеді.
Сол
сияқты халықаралық ғылыми-теориялық
конференциялар өткізу жоспарланып
отыр, шетелдік ғалымдармен, іргелі
ғылыми орталықтармен бірге жалпыәлемдік
мәдени құндылықтар тұрғысынан
ұлттық мұрамызды зерделеу жүзеге
асырылады. Ұлттық мәдени мұраны
жалпыәлемдік құндылық ретінде
таныту мақсатында шетелдерде
көрмелер ұйымдастырылатын болады.
Астана
қаласында мемлекеттік және салалық
бағдарламаларын іске асыру шеңберінде
табылған аса құнды жәдігерлер
жинақталатын, халықаралық деңгейдегі
мұражай ашу жөнінде ұсыныс
енгізіледі. Бұл туристердің нақты
экспонаттар арқылы қазақ жерінің
сақ және ғұндар кезінен бүгінгі
күнге дейін адамзат өркениетінің
дамуына қосқан үлесі туралы
ақпарат алуына мүмкіндік береді.
5.4. Өткен бес жылда
табылған тарихи-мәдени мұраны
кешенді зерделеу
Бүгінгі
таңда шетелден Қазақстанға қазақ
тарихына қатысты 5000-ға жуық
материалдың көшірмелері әкелінді.
Жинақталған барлық ақпараттар
мен материалдар ғылыми айналымға
енгізілетін болады.
Сонымен
қатар:
көне
қалашықтарда, қоныстар мен қорғандарда
археологиялық зерттеулер жүргізіледі;
қазақ
халқының және Орталық Азия
көшпенді халықтарының тарихы, материалдық
және рухани мәдениетіне қатысты
қолданбалы ғылыми зерттеу жобалары
жүзеге асырылады;
өскелең
ұрпақты қазақстандық патриотизм
рухында тәрбиелеу мақсатында
мәдени мұра мәселелері бойынша
мемлекеттік тілдегі кітаптардың
жаңа сериялары әзірленіп шығарылды.
5.5. Жүйеленген білімді
оқу процесіне енгізу
Бүгінгі
күнгі басты міндеттердің бірі
- төл мәдени дәстүрлерін жақсы
білетін, өз халқының тарихын
сүйетін ұрпақ, елдің болашағына
тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі
Қазақстан - халықаралық қауымдастықтың
толық құқылы, құрметті және беделді
мүшесі. Негізгі экономикалық, әлеуметтік
дамудың және тұрғындардың өмір
сүру деңгейі көрсеткіштері бойынша
біздің еліміз ТМД-да бірінші
орында тұр. Елде бірнеше тілде
еркін сөйлей алатын, заманға
сай ақпараттық технологияларды
игерген белсенді жас ұрпақ
өсіп келе жатыр. Сонымен бірге
халқының рухани құндылықтарын
игермеген, өз тарихын білмейтін
жас ұрпақ қазіргі жаһандану
ағынына төтеп бере алмай түрлі
догмалық бағыттарға еріп кету
қауіпі бар екендігін жасыруға
болмайды.
Мемлекеттің
осы тұрғыдағы міндеті - жас
қазақстандықтарды патриоттық рухта,
халқына деген сүйіспеншілік
рухында тәрбиелеу. Бұл мәселені
жан-жақты талқылау және тиісті
шешім қабылдау үшін ұзақ мерзімді
болашаққа арналған жұмыс жоспарлары
жасалып, оларды жүзеге асыру
қолға алынатын болады.
5.6. Саланы дамытудың стратегиялық
ресурсы ретінде кадр саясатын
іске асыру
Қоғамның
тұрақты және өскелең дамуының
кепілі - кәсіби кадрлар мәселесін
тиімді шешу.
Қазіргі
уақытта кәсіби біліктілігі жоғары
кадрлар қажет. Кәсіби аудармашыларды
даярлау міндеті әлі де лайықты
шешімін таппай келеді.
Тарихи
мұра мен ұлттық фольклорды
басқа тілдерге, әлемдік ғылым
мен қоғамдық ойдың озық үлгілерін
қазақ тіліне сапалы аудара
алатын мамандар қажет. Ежелгі
қазыналарды қалпына келтіру
үшін реставраторлар жетіспейді.
Жоғарыда аталғандарды ескере
отырып:
аудармашы,
тарихшы және этнографтар мамандарын
даярлауын, жас мамандардың халықаралық
оқыту бағдарламаларына қатысуларын
қамтамасыз ету;
мәдениет
қызметкерлерінің еліміздің және
шет елдердің үздік мәдениет
мекемелерінде біліктілік мектебінен
өтуін ұйымдастыру;
жақын
және алыс шет елдерде тәжірибе
жинақтауын ұйымдастыру қажет.
6. Тұжырымдаманың қағидаттары
мен тетіктері
Тұжырымдама
келесі қағидаттарды ескере отырып,
іске асырылады:
1) мемлекеттік
саясатты іске асыру барысында
инновациялық көзқарасты, жүйелілік
пен сабақтастықты қамтамасыз
ету;
2) тарихи-мәдени
мұраны сақтау және насихаттау
саласындағы әлемдік тәжірибені
пайдалану;
3) тарихи-мәдени
мұраны сақтау және насихаттау
саласында осы заманғы инновациялық
және ақпараттық технологияларды
пайдалану;
4) мемлекеттік
және салалық бағдарламалары
аясында іске асырылған ғылыми-зерттеу
және ізденіс жобаларының жалпыға
бірдей қолжетімділігін қамтамасыз
ету.
Тұжырымдаманы
жүзеге асыру тетіктері мыналар:
1) 2009 - 2011
жылдарға арналған "Мәдени мұра"
стратегиялық ұлттық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі шаралар
жоспарын әзірлеу;
2) 2009 - 2011
жылдарға арналған "Мәдени мұра"
стратегиялық ұлттық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі шаралар
мониторингін іске асыру;
3) "Мәдени
мұра" стратегиялық ұлттық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі ақпараттық
материалдарды "Мәдени мұра"
Web-сайтына орналастыру;
4) "Мәдени
мұра" бағдарламасын іске асыру
жөніндегі Қоғамдық кеңестің
отырысында секциялар жетекшілерінің
есептерін тыңдау.
7. Тұжырымдаманы іске
асырудан күтілетін нәтижелер
Салалық
бағдарламаны одан әрі іске
асыру бойынша ұсынылған шаралар
кешенін жүзеге асыру 2009 - 2011 жылдарға
жоспарланған және:
әлемдік
дамудың тенденциялары мен бағыттарына
сәйкес, Қазақстан ғылымының гуманитарлық
саласының теориялық және ғылыми
базасын нығайтуға;
қазақ
халқының ділі мен мәдениетінің
ерекшеліктерін, халықаралық тенденциялары
мен бағыттарын ескеретін, әлемдік
кеңістікте елдің тарихи-мәдени
мұрасын насихаттаудың бірыңғай
механизмін әзірлеуге;
мәдениеттану
ғылымы саласының дамуы үшін
жағдайлар жасауға;
ұлттық
тарихи мұраны халықаралық деңгейде
насихаттауға;
мәдениет
саласындағы шетелдік ғылыми-сараптамалық
орталықтармен іскерлік байланыстар
жасауға және аталған саладағы
халықаралық трендтерді тиімді
ескеруге;
2009 - 2011
жылдарға арналған "Мәдени мұра"
стратегиялық ұлттық жоба бойынша
жиналған деректер мен материалдарды
ғылыми айналымға енгізуге;
2009 - 2011
жылдарға арналған "Мәдени мұра"
стратегиялық ұлттық жобасын
іске асыру нәтижелері бойынша
алынған жүйеленген мәліметтерді
орта және жоғары оқу орындарының
оқулықтары мен оку бағдарламаларына
енгізуге мүмкіндік береді.
Постиндустриялық
өркениет мәдени мұраның аса
жоғары әлеуетін, оны әлемдік
экономиканың аса маңызды ресурстарының
бірі ретінде сақтап, тиімді пайдаланудың
қажеттігін терең сезініп отыр.
Қазақстан
егеменді мемлекет құрудың жаңа
сатысына өтуі кезеңінде халқы
ұлттық даму мүддесінің аясына
шоғырланып, тарихи мұраларымыз
ел тұтастығының символына айналуы
тиіс.
Осы
Тұжырымдама тарихи-мәдени мұраның
сақталуын және тиімді пайдаланылуын
қамтамасыз етуге, 2009 — 2011 жылдарға
арналған "Мәдени мұра" стратегиялық
ұлттық жобасын тұрақты даму
стратегиясының негізгі факторларының
біріне айналдыруға мүмкіндік
береді.
Елбасының тікелей
бастамасымен қолға алынған «Мәдени
мұра» бағдарламасы – еліміздің
рухани-мәдени өміріндегі айтулы құбылыс.
Бағдарламаның бірінші кезеңі 2004-2006
жылдарға созылса, екінші кезеңі – 2007-2009,
ал үшінші кезеңі 2009-2011 жылдар аралығын
қамтыды. Алғашқы кезеңде, негізінен,
тарихи мұраларды іздестіру, анықтау,
жинастыру шаралары атқарылып, одан
кейінгі жылдарда сол құндылықтарымызды
сұрыптау, зерделеу, оларды тарихи мұраға
айналдыру міндеттері мақсатты түрде
жүзеге асырылды.
Осы уақытқа дейін
елімізде тарихи-мәдени маңызы зор 70-тен
астам ескерткіш күрделі жөндеуден
өткізіліп, қайта қалпына келтірілді,
ел аумағындағы ескі қалашықтар мен
қоныстардың, қорғандардың 40-қа жуығына
археологиялық ірі зерттеулер жүргізілді.
Қалпына келтіру жұмыстары жемісті
аяқталған ірі нысандардың арасында
«Абылай ханның ордасы» кешені де
бар. Сонымен бірге Алматы маңындағы
Есік, Шығыс Қазақстан облысындағы
Берел қорғандарының құрылысына
да үлкен маңыз беріліп, Дамаск қаласындағы
әл-Фарабидің кесенесі мен Каирдегі
Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта
жаңғырту жұмыстары қолға алынды.
«Мәдени мұра»
аясында халқымыздың тасқа басылған
тарихын түгендеу, ғасырлар қойнауында
қозғаусыз қалып қойған әдеби-мәдени
қазыналарын аршып алу тұрғысында
да маңызды бетбұрыс жасалды.
Соның нәтижесінде ауқымды істер
атқарылып, мәдени-рухани мұраларымыздың
айрықша қымбат нұсқалары қолға
тиді. Отандық ғалымдар алыс-жақын
шетелдердің ірі мұрағаттары
мен мұражайларын ақтарып, қазақ
тарихына қатысты мұраларды іздестірді.
Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ,
Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей
мен Арменияда жүргізілген зерттеу
жұмыстары нәтижесінде 5000-ға жуық
құнды дерек табылып, олардың
көшірмелері елге әкелінді. Ресми
мәліметке жүгінсек, 2004-2006 жылдары
ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет
және мәдениет бойынша басылым
дестелерін әзірлеу сериясымен 218
том жарық көріп, 2007 жылы 74 атаулы
кітап шығарылған екен.
«Мәдени мұра»
бағдарламасының рухани-мәдени өмірімізге
тигізген үлкен бір шапағаты
– ғылымға нақты қолдау жасалды.
Жаңаша ізденістер мен зерттеу
жобалардың арқасында отандық
ғылым кеңістігі ерекше бағалы
еңбектермен толықты. Бағдарлама
аясында зерттеушілерді материалдық
жағынан ынталандырудың мүмкіндігі
артты. Елімізде кенже қалып
келе жатқан реставрациялау ісі
өркендеді. Заманауи технологиялармен
жарақтанған баспа өндірісі жаңаша
қарқынмен дамыды. Еліміздің мәдениет
министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің
сөзімен айтсақ, «осы бағдарламаны
іске асыру барысында ұлттық
мәдени мұраларды зерттеудің
тұтас жүйесі құрылды және
гуманитарлық білімнің мемлекеттік
тілдегі толыққанды қорын құру
жөніндегі қадамдар жасалды». Бұл,
әрине, аз жетістік емес.
«Мәдени мұраның»
алғашқы кезеңін қорытындылай
отырып, кезінде Елбасы аса
маңызды алты бағытқа мамандар
назарын аудартқан болатын. Оның
біріншісі – ұлттық символдарымызды
қалыптастыруға көңіл бөлу мәселесі.
Мысалы, Есік қорғандары мен Берел,
Түркістан мен Отырар, Ұлытау
мен Сарайшық сияқты мемлекеттілігіміздің
алтын бесіктерін жөнге келтіріп,
ұлтты ұйыстыру мақсатында пайдалану.
Екіншісі – әлемдік туризмде
Қазақстан аумағын Ұлы Жібек
жолының негізгі тармағы ретінде
танытатын Сарайшық, Отырар, Түркістан,
Жаркент, Тараз жәдігерлері, Есік
қорғаны тәрізді бағалы ескерткіштердің
жеке-жеке тұжырымдамасын әзірлеп,
мәртебесін белгілеу. Үшіншісі
– тарихи құндылықтарымызды халықаралық
деңгейде насихаттау мәселесін
шындап қолға алу. Бізде барымызды
жарқыратып көрсету, терең тамырлы
ел екенімізді өзгелерге таныту
жағы кемшін. Тіпті оған мән
де бермейміз. Мысалы, әл-Фараби,
Бейбарыс тәрізді әлемге әйгілі
тұлғалар байырғы қазақ жерінен
шыққаны тарихтан белгілі. Ендігі
парызымыз – олардың түркі
мәдениетінің бір бөлшегі екенін
әлем жұртшылығына таныту. Төртіншісі
– бағдарлама аясында атқарылған
шаралар барысында табылған мұраларды
кешенді түрде жан-жақты зерттеп-зерделеу,
жиналған барлық деректер мен
мұралардың ғылыми айналымға
түсуін қадағалау, көне деректерді
зерттейтін ғалымдарға арнайы
гранттар тағайындап, қазақ тарихының
ақтаңдақ беттерін ашуға мән
берілуін қарастыру. Бесіншісі
– «Мәдени мұра» бағдарламасы
шеңберінде жүргізілген ғылыми
зерттеулердің нәтижелерін сараптап,
жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары
мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына
енгізу қажет. Өйткені біздің алдымызда
ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл
мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын
сүйетін зерделі ұрпақ дайындау міндеті
тұр. Алтыншысы – кәсіби мамандар
даярлау. Мәселен, елімізде тарихи мұраларымыз
бен ұлттық фольклорымызды өзге тілдерге
сапалы аудара алатын, әлемдік ғылым мен
ақыл-ойдың сан алуан саласы бойынша құнды
дүниелерді қазақ тіліне кәсіби түрде
тәржімалай білетін маманданған аудармашылар,
сондай-ақ көне мұраларды талапқа сай
жаңғыртатын реставраторлар жоқтың қасы.
Ғылыми тұрғыда талдап беретін тарихшылар
да сирек. Осыған байланысты аудармашы,
тарихшы, этнограф, реставратор мамандарын
даярлаудың жолдарын қарастыру керек.