Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 16:38, курс лекций
1-тақырып. Кіріспе. Экология ғылымы туралы түсінік .
2-тақырып. Дара организмдер экологиясы - аутэкология.
3-тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология
4-тақырып. Қауымдастықтар экологиясы - синэколгия
5- тақырып. Биосфера және оның тұрақтылығы
6-тақырып. Атмосфералық ауаны қорғау
7-тақырып. Су қорларын қорғау
8-тақырып. Топырақты қорғау
Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет дами алатын әлсіз шекаралар), экономи-калық фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография).
Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер.
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Қоғамның тұрақты дамуы дегеніміз не?
2.Адамның денсаулығына антропогендік әсер қандай?
3.Тұрақты даму үлгісіне көшудің негізгі принциптері қандай?
4.Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері қандай?
5.Адамның тұрақты дамуының экологиялық аспектілерін ата.
6.Адам дамуы мен тұрақты даму арасындағы байланыс
7.Тұрақты даму концепциясының негізгі міндеттері қандай?
8.Тұрақты даму бағдарлануға тиіс негізгі критерийлерді қандай?
9.Туу деңгейінің төмендеуі мен өлім-жітімнің өсуінің айқындаушы факторы қандай?
10.Қазақстандағы туу деңгейінің статистикалық көрсеткіштері қандай?
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция – 10
Тақырыбы: Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану
Әдебиеттер:
1. Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Феникс, 2003. -576 с.
2. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.
3. Воронский В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.
4. Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситет, 1999.
5. Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану
Оқулық. – Алматы: «Ғылымң ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.
6. Айтекенов К.М. Экология және орнықты даму. 2002. №5. 4-6б.
7. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие, М., «УРАО» 1997.
8. Тонкопий М.С. Табиғат пайдалану экономикасы. Алматы: Экономика, 2000-475б.
9. Упушев Е.М. Экология, табиғат пайдалану, экономика. Алматы: ғылым, 2002.-328б.
Табиғи ресурстардың жіктелуі
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері - табиғи қорлар деп аталады. Су, жер, өсімдік, жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи қорларға жатады. Табиғи қорларды пайдалану нәтижесінде, адамзат азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп аталады. Жаратылыстың құрамында болуына қарап, олар – жер, су, орман, кен қазбалары деп тағы да жіктелінеді. Сонымен қатар, мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын болып та топтасады.
Таусылатын қорларды жаңғыратын, салыстырмалы жаңғыратын және жаңғырмайтын деп жіктеу де бар.
Жаңғырмайтын
қорларға, адамзаттың пайдалануы
барысында қайта пайда
Жаңғыратын қорлар - өсімдіктер және жан-жануарлар дүниесі, кейбір минералды кен көздері.
Климаттық қорға – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады. Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.
Ресурстардың сарқылуына
бойынша жіктелуінің маңызы –
ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті
ресурстарды пайдалануға
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сақталу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мыс. Күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мыс. Белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Азық-түлік қауіпсіздігі. Көптеген елдерде халықтың өсу қарқыны кейінгі жылдарда азық-түлік өндірісінің қарқындарынан озып кетеді. 1985 жылдан 1995 жылға дейін тамақ өнімдерін өндірудің көлемдері тексерілген 105 дамушы елдердің 64-де демографиялық өсуден артта қалып қойды, әрі ең нашар жағдай Африкадан байқалды. Халықтың жан басына шаққанда тамақ өнімдері өндірісінің көлемдері 46 африкалық елдің 31 елінде азайып кетті.
Қазақстанның жер ресурстары 272 млн.гектарды құрайды. ҚР мемлекеттік жер Комитетінің деректері бойынша, ауылшаруашылық жер суларының ауданы 222,7 млн гектарға тең, соның ішінде егіндік – 34,8 млн. және жайылымдар – 182 млн га. Ауылшаруашылық мақсаттағы жер аумақтың 74% құрайды. Өнеркәсіп, көлік, байланыс және айналым иемделген жерлер – 18,7 млн га, ол аумақтың 7%-на тең. Жердің қосалқы қоры – 20,3 млн га (7,4%), орман қоры – 10,2 млн га, су қоры – 0,9 млн га. Егіндіктің үлес салмағы егістік аудандардың құрылымында - 16%. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында егістік барынша ұлғайтуға ұмтылу егіндіктің өнімделген азаюына ұшыратады. Көп жерлер 20-30%-ға дейін гумус жоғалтты және қазір құнарлықты арттыруды қажетсінеді.
Жайылымдарды жүйесіз пайдалану олардың өнімділігін азайтып жібереді. Құнарсызданған жайылымдардың көлемдері 15 млн га жетеді.
Азық-түлік тапшылығын бастан кешіріп отырған елдер, келесі проблемаға кездеседі.
Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау. Жүйе - өзара бір – бірімен қарым – қатынаста, байланыста болатын, қоршаған орта құрамындағы белгілі заттар не дүниеліктер жиыны.
Жоғарыда айтылып өткен
Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану
Энергетика, трансфорт және экологиялық проблемалар қазіргі кезде энергияның негізгі үлгісі, құрамында органикалық заттары бар табиғи шикі заттарды жағы немесе өңдеу арқылы және су энергиясын пайдалану арқылы алынады, энергияның кез келегн түрін қолдану, пайдалану, түптен келегенде қоршаған ортаға азды-көпті зиянды әсері бар.
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Табиғи қорлар дегеніиіз?
2. Ресурстардың сарқылуына бойынша жіктелуінің маңызы неде?
3. Таусылатын қорлардың жіктелуі қандай?
4. Азық-түлік тапшылығы неге байланысты?
5. Альтернативті энергия көздерін пайдаланудың маңызы неде?
6. Адамзат тіршілігіне қажетті табиғи қорларды ата?
7. Табиғи қорлар, олардың қолдану саласына қарай бөлінуі?
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция – 11
Тақырыбы: Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары
Әдебиеттер:
1.Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Феникс, 2003. -576 с.
2.Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.
3.Воронский В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.
4.Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситет, 1999.
5.Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.
6. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Алматы, 2007.-312б.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезең – палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезеңде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Полеолит дәуірінде адамдардың жекеленген ірі шөп қоректі жануарларды (мамонт, алып бұғылар, түкті керіктер және т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.
ІV |
Ақпарттық-экологиялық кезең |
ІІІ |
Индустриалдық кезең |
ІІ |
Аграрлық кезең |
І |
Биогенді кезең |
Екінші аграрлық кезеңге – адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі жатады (б.Э.д. VІІІ ғасыр – VІІ ғасырлар). Бұл дәуір өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді яғни б.э. ХVІІ ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр. Әлеуметтік-экологиялық жағынан алғанда бұл кезең құл иеленушілік және феодалдық қоғамдар кеезеңі болып табылады.
Неолит дәуірінен бастап,
егіншілік пен мал
Үшінші индустриалды кезең - қоғам мен табиғаттың өзара қатиынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол ХVІІ – ғасырдан бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттароды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және аулшаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.
Климат және оның қазіргі заманғы өзгерістері
Климаттың өзгерістерін зерттеу барысында оған әсер ететін негізгі себептер төмендегілер: