Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 16:38, курс лекций
1-тақырып. Кіріспе. Экология ғылымы туралы түсінік .
2-тақырып. Дара организмдер экологиясы - аутэкология.
3-тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология
4-тақырып. Қауымдастықтар экологиясы - синэколгия
5- тақырып. Биосфера және оның тұрақтылығы
6-тақырып. Атмосфералық ауаны қорғау
7-тақырып. Су қорларын қорғау
8-тақырып. Топырақты қорғау
Қорыта айтқанда суға қосылатын барлық ластаушы заттар оның тазалығына өз әсерін тигізеді:
Сондықтан, өндірісте қолданылған және шайынды суларды тазалау қажет және оларға төмендегідей талаптар қойылады:
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Су қорларын ата?
2. Суды тазалау технологиясын ата?
3. Ластаушы заттардың әсерінен болатын өзгерістерді ата?
4. Өндірісте қолданылған және шайынды суларды тазалау үшін қандай талаптар қойылады?
5. Жердің сулы қабатын қалай атайды?
6. Ауыз суы қалай алынады?
7. Табиғи және қалдық суларды тазартудың жаңа әдістері қандай?
8. Биосфера тіршілігі
үшін гидросфераның маңызы
9. Гидросферадағы ластанулардың негізгі жолдары қандай?
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция – 8
Тақырыбы: Топырақты қорғау
Әдебиеттер:
1.Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Феникс, 2003. -576 с.
2.Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.
3.Воронский В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.
4.Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситет, 1999.
5.Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.
6.Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Алматы, 2007.-312б.
Топырақтардың ластануы: Топырақтарды ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану радиоактивті заттарға байланысты. Мыс. уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы
Химиялық ластану – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнекәсіп кәсіпорындарының шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери өндірістік кешендері жатады.
Ауылшаруашылығының
Жердің тақырлануы. Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде, тақырлану үдерісі құрсаулаған Қазақстан бірінші орында тұр. Оның 66 %-ға жуық аумағы топырақтың азуына ұшыраған. Топырақ азуының ошақтары республиканың бүкіл аумағы бойынша белгіленген, ол қолайсыз табиғи құбылыстар жағдайында келеңсіз антропогендік ықпалдардан туындайды. Жердің тақырлануының табиғи алғышарттары климаттың аридтілігі; жауыншашындардың жеткіліксіздігі жəне жоғары булану; мезгіларалық қуаңшылықтар мен гидротермиялық режимнің бұзылуларына жəне өзге де келеңсіз факторларға экожүйелердің, əсіресе ел аумағының жазық бөлігіндегі осалдығы болып табылады. Стихиялық апаттар сияқты (аса төмен температурадағы қыс айлары, көктем аяғындағы жəне ерте күздегі суықтар, сел, көшкін, су тасқындары) тасқындар кезеңділігінің бұзылуы да – сондай-ақ жердің тақырлануының негізгі себептері. Қоршаған ортаға барынша елеулі ықпалын тигізетін, келеңсіз экологиялық өзгерістердің біртіндеп жиналуына жəне жердің құлазу үдерісін күшейтуге əкеп соқтыратын антропогендік факторлар мыналар:
• малды артық жаю;
• егіншілік жүйесінің олқылығы;
• жер қойнауларын өңдеу;
• желілік құрылыстар салу;
• өзен ағыстарын бұру;
• қарқынды ағаш дайындау;
• өрттер.
Малды шамадан тыс артық жаю жайылымдардың тапшылығымен байланысты. 1993-1995 жылдарға дейін жайылымдарды пайдалану нормадан 2-6 есеге жиі асып отырды. Мəселен, тау жайылымдарында бір қойға 2-4 га норманың орнына 0,5 гектарға дейін тисе, ал шөлдегі жайылымдарда – сəйкестігіне қарай 4-8 га
норманың орнына 0,5-1 гектардан келді. Шамадан тыс мал жаю жер-жерде көрінді. 49 млн. гектарға жуық бүлінген жайылымдар тіркелді. Бұл орайда жайылымдардағы құрылым мен түр-тұқымдық құрам да өзгереді: құнды азықтың түрлері жойылады, арамшөптер, улы өсімдіктер қаулайды. Жем-шөпті оқшаулау мен оларды қалпына келтіру жылдамдығы арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Қазіргі кезде құдықтар мен поселкелердің айналасында өте күшті тақырлану жүріп жатыр, ал шалғайдағы жайылымдар өте нашар пайдаланылады, ол меншік нысанының өзгеруімен, жер иеліктерін қайта бөлумен, жалпы мал басының едəуір азаюымен жəне малдың жеке шаруашылықтарға жиналуымен байланысты. Өзен ағыстарын бұру жердің тақырлануының ерекше қауіпті себебі болып табылады, ол экологиялық апат төндіруі мүмкін, соның салдарынан экологиялық тұрақсыздық орнайды. Бұл орайда мал өрістерінің экожүйелері бүлінеді – тоғайлар азаяды жəне олардағы биологиялық алуантүрлілік кемиді, жайылымдық жерлер тарылады, жер асты суларын еселеудің деңгейі, өзендердің барлық алаптарындағы жалпы аридация төмендейді. Жер топырағының одан əрі азып-тозуына нақты қатер төндіретін əрекет – Іле, Сырдария, Қара Ертіс өзендерінің жəне шектес мемлекеттер аумақтарындағы өзге де өзендердің ағыстарын қосымша бөгеу.
Орман ағашын шамадан
артық қырқу, бұталарды отынға тамырымен
қазу, егіншілік жəне құрылыс кезінде
таудағы беткейлерді
Бүлдіргіш үдерісте
əскери-өнеркəсіп кешенінің
Жердің тақырлануының тұрпаттары мен дəрежелері
Қазақстанда тақырланудың барлық тұрпаттары орын алған.
• жерлердің техногендік бұзылуы жəне өсімдіктің азуы;
• сорлану, дегумификация, топырақтың жел жəне су эрозиясы;
• топырақтың, жер асты жəне жер үсті суларының химиялық ластануы;
• гидрологиялық режимнің бұзылуы.
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1. Ауылшаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуының
себептері неде?
2. Топырақтың ластаушы көздеріне не жатады?
3. Жердің тақырлануының табиғи алғышарттары қандай?
4. Жердің құлазу үдерісін
5. Жердің тақырлануының тұрпаттары мен дəрежелері қандай?
6. Биосферадағы топырақтың маңызы қандай?
7. Қазақстанның жер ресурстары, олардың құрылымы?
8. Топырақ эрозиясының түрлері, олардың пайда болу себептері қандай?
9. Жерді рекультивациялау деген не, оның кезеңдері мен әдістері қандай?
10. Пайдалы қазбаларқоры, олардың маңызы?
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция – 9
Тақырыбы: Тұрақты даму тұжырымдамасы
Әдебиеттер:
6. Айтекенов К.М. Экология және орнықты даму. 2002. №5. 4-6б.
7. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие, М., «УРАО» 1997.
8. Тонкопий М.С. Табиғат пайдалану экономикасы. Алматы: Экономика, 2000-475б.
Тұрақты даму концепциясы
Биосфера бүтіндей біртұтас етіп қарастырылатын болғандықтан, адамзаттың оны танып-білу және өзгерту жөніндегі іс-әрекеті де белгілі бір тұтастықта, бірлікте болуы қажет. Соңғы кездері, табиғи орта мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін глобальды даму жағдайлары мен тенденциялары тұрғысынан қарастыру белең алып келеді.
1992 жылы
Рио-де-Жанейрода Біріккен
Тұрақты
дамудың негізгі ережелерін БҰҰ
комиссиясы дайындап, ол 1993 жылы
Сан-Францискода БҰҰ
1997 ж. тұрақты даму
бойынша БҰҰ комиссиясы
- тұщы су;
- энергетика;
- транспорт және қоршаған орта;
- орман;
- әлемдік мұхит.
Негізгі кешенді (комплексті) міндеттер ретінде мына бағыттар белгіленді:
Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері
Тұрақты даму үлгісіне көшу бағдарламасы келесі принциптерге негізделетін сияқты көрінеді:
Тұрақты даму факторлары
. Әл-ауқаттың, табыстың
артуы – таңдаудың үлкен