Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 16:38, курс лекций
1-тақырып. Кіріспе. Экология ғылымы туралы түсінік .
2-тақырып. Дара организмдер экологиясы - аутэкология.
3-тақырып. Популяциялар экологиясы - демэкология
4-тақырып. Қауымдастықтар экологиясы - синэколгия
5- тақырып. Биосфера және оның тұрақтылығы
6-тақырып. Атмосфералық ауаны қорғау
7-тақырып. Су қорларын қорғау
8-тақырып. Топырақты қорғау
Қазақстан Республикасы 1995 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті. Аталған хаттама күшіне енген жағдайда республикадағы қызған газдардың шығарындарын қысқарту жөнінідегі сандық міндеттемелер жүктеледі. Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама дайындалатын болады.
Қышқыл жаңбырлар – ғаламдық экологиялық проблема
«Қышқыл жаңбырң термині ХХІ ғасырдың екінші жартысында пайда боды. Оны ағылшын аударған Скандинавия елдерінің тұрғындары болды. Өзендер мен көлдерде балықтардың түраралық құрамы өзгере бастады, таудағы мәңгі қарлардың түсі күңгірт тартты. Ағаштар жапырағы ерте сарғая бастады. Дәл осындай симптом арада көп уақыт өтпей-ақ АҚШ-та, Канадада, Батыс Европада белгі берді. Бұл құбылыстардың себеп-салдарын, төніп келе жатқан қауіптің масштабын түсініп зерттеуге, бұл глобальды проблемамен күресу жолын анықтауға жылдар қажет болды.
«Қышқыл жаңбырң проблемасына бірнші рет халықаралық деңгейде 1975 жылы көңіл бөлінді; алғаш рет теориялық және қолданбалы химия бойынша халықаралық кеңестің ХҮІІІ бас ассамблеясында қаралды.
Қышқыл жаңбырлар мәселесін шешу үшін мынадай талаптар орындалуы:
Отынды үнемдеуге;
Бүтін тарту мұржаларынан күкірт тотығын ұстап қалуға;
Азот қалдықтары мөлшерін азайтуға.
Озон қабатының жұқаруы мен оның салдарлары
«Озон сөзін грек тілінен аударғанда «иістің деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1840 жылы швейцарлық химик Шонбейн ұсынған болатын.
Озонның стратосфералық
(50 км-ге дейін) және тропосферлық (17 км-ге
дейін) түрін ажыратып айтуға болады.
Озонның максимальды
Ультракүлгін сәулелердің дозасының өсуі төмнедегідей салдарларға әкеліп соғады:
Стратосферадағы құрамында хлоры бар газдар, қысқа толқынды радиация әсерінен өзгеріске ұшырайды да, бос күйінде хлор бөлінеді.Хлордың бір атомы озонның 10 мыңнан аса молекуласын бұза алады. Фтор, иод және басқа көптеген элементтер де осындай әсерлерге ие. Ал адамзат баласы, жыл сайын атмосфераға 0,5 млн. т. құрамында хлоры бар заттар мен 30 млн-ға жуық озон ыдыратқыш басқа заттарда шығарып тастайды. Өнеркәсіп орындары жыл сайын миллион тоннаға жуық фреон өндіреді. Олардың химияда, тұрмыста: тоңазытқыштарда, кондиционерлерде, аэрозольды қораптарда, т.б. кең қоданылатыны белгілі. Фреондар өз бетінше улы емес, бірақ олар өте тұрақты және ауадғы турбулентті қозғалыстардың әсерінен ерте ме, кеш пе, бір кездері стратосфера қабатына енеді.
Күйе мен фотохимиялық тұман (тұмша)
Өткен ғасырдың 30 жылдары Лос-Анжелес қаласында жылың жылы мезгілінде ылғалды тұман 70%-ға дейін артқан. Бұл құбылысты фотохимиялық тұман деп атаған. Оның пайда болуына Күн жарығы, күрделі фотохимиялық көмірсутектер қосылысы және озот оксиді, автокөліктердің зиянды заттары, токсинді өте зиянды заттардың қосылысынан пайда болған.
Қазіргі кезде мұндай фотохимиялық тұман әлемнің ірі қалаларында Нью-Йоркте, Чикаго, Бостан, Детроитте, Токиода, Миланда жиі болып тұрады.
Өз білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы қандай?
2.Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биололгиялық ластануын сипатта?
3.Энергетикалық балансты құраушылардың географиялық жіктелуі.
4.Термиялық режимнің жартылай эмпирикалық моделі қандай?
5.Климат және оның қазіргі заманғы өзгерістерін ата?
6.Қышқыл жаңбырлар, күйе мен фотохимиялық тұман (тұмша)– дегеніміз не?
7.Озон қабатының жұқаруы мен оның салдарлары сипатта.
8.Дамуға байланысты экологиялық проблемаларды ата?
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Лекция – 12
Тақырыбы: Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық және тұрақты даму
Әдебиеттер:
1.Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд.5-е, доп. и переработ. изд. «Феникс, 2003. -576 с.
2.Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: Учебник для вузов. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. -566 с.
3.Воронский В.А. Экология: Словарь-справочник. Феникс. 1996. – 574 с.
4.Саданов А.К., Сванбаева З.С. Экология –Алматы: «Агроуниверситет, 1999.
5.Бейсенова Ә., Самақова А., ЕсполовТ., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: «Ғылыми баспа орталығы, 2004. -328 б.
6. Асқарова У.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Алматы, 2007.-312б.
7. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие, М., «УРАО» 1997.
8. Тонкопий М.С. Табиғат пайдалану экономикасы. Алматы: Экономика, 2000-475б.
9. Упушев Е.М. Экология, табиғат пайдалану, экономика. Алматы: ғылым, 2002.-328б.
Халық санының өсуі және оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі
Халық денсаулығының жай-күйін өлшеуге арналған негізгі көрсеткіштер ретінде демографиялық статистика көрсеткіштері қолданылады, олар:
Нәрестелер өлімі. Мұны тіркеудің мына жағдайларға байланысты бірқатар ерекшеліктері бар, бір жасқа дейінгі балалар өлімі құрылымында шарананың шетінеуі үлкен мәнге ие. Нәрестелер өлімі дегеніміз, өмірінің алғашқы жылындағы өлім (техникалық ескертулерді қараңыз). «Перинаталды өлім» («перинатальная смертность») термині кеңес практикасына 40-шы жылдардың соңында енгізілді, ол «босану айналасындағы өлім» ұғымын білдіреді, ал 1974 жылы есеп жүргізудің «Перинаталды өлім куәлігі» арнайы нысаны енгізілді.
Өлім-жітім - әр – түрлі жаста болатын көптеген жекелеген өлімнен құралатын ұрпақтың жойылуы. Адамзат тарихының өн бойында өлім-жітім деңгейін азайту үшін күрес жүрді. Бір жағынан, аштықтың, инфекциялардың жойылуына, тұрмыстың санитарлық-гигиеналық жағдайларының жақсаруына, адамдардың білім, мәдениет деңгейлерінің өсуіне байланысты адам өлімі ғасырдан ғасырға қарай азая түсті. Екінші жағынан, ұрпақтың жоғалу үдерісі алуан түрлі тұрақты сыртқы факторлардың әсеріне байланысты болады, олардың денсаулыққа жағымсыз ықпал етуі , өз кезегінде, осы ықпал етудің күшіне, сондай-ақ организмнің тіршілікке төзімділігіне байланысты болады. Өлім-жітім себептерінің ірі екі тобы бар: эндогендік (ең алдымен адам организмі-нің өзінде жүретін ішкі үдерістермен байланысты, аурулардан туындайтын себептердің шартты түрде бөліп қаралатын тобы) экзогендік (сыртқы ортаның әсерінен болатын өлім себептерінің бөліп қаралатын тобы).
Қазақстан Республикасында еркектер, сондай-ақ әйелдер арасында да осы көрсеткіштің төмендеуі жүріп жатқаны көрсетіледі және екі жыныс арасындағы болжалды орташа өмір сүру ұзақтығы, алшақтығы орта есеппен 11 жасты құрайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ-ВОЗ) Еуропалық аймағындағы экономикалық дамыған елдердегі болжалды орташа өмір сүру ұзақтығы: Біріккен Корольдікте – 77,6 жасты (еркектерде-75 жас және әйелдерде-80 жас), Швецияда - 79,6 жасты (еркектерде-77 жас, әйелдерде-82,2 жас), Францияда – 78,9 жасты (еркектерде-75 жас және әйелдерде-82,2жас), Германияда – 78,1 жасты (еркектерде-74,9, әйелдерде-81 жас) құрады.
Туу деңгейінің статистикалық көрсеткіштері Қазақстанда бір кездері орын алған туудың жоғары деңгейінің біртіндеп азайып келе жатқаны туралы айғақтайды. Соңғы екі санақ арасындағы он жыл ішіндегі туылғандар санының қарқынының бәсеңдеуі 39,3%-ды құрады. 1990 жылдан бастап нарықтық экономикаға көшу кезеңінің шығындарына – отбасының экономикалық жағдайының нашарлауына, әлеуметтік және географиялық жинақылықтың ұлғаюына, көші-қонның күшеюіне (әсіресе ел аумағынан тысқары), халықтың денсаулығының нашарлауына, тұтыну заттары бағалары мен қызмет көрсету тарифтерінің секірмелілігіне (атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие саласында, балалар-ды, жастарды мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытуға байланысты және т.б.), жұмыссыздықтың өсуіне, отбасы мүшелерінің дәстүрлі рольдерінің өзгеруіне (негізінен әйелдер: жастары – челноктық, егделері – ұсақ көтерме сауда бизнесіне ұмтылады), мемлекеттік тұрғын үй алуға үміттің үзілуіне, асыраудағы жандар коэффициентінің жоға-рылауына, қылмыстық жағдайдың шиеленусіне, нашақорлыққа, т.б. байланысты республика туу днңгейінің төмендеуіндегі жаңа айналымды бастан кешті.
Туу деңгейінің төмендеуі мен өлім-жітімнің өсуінің айқындаушы факторы отбасының және әрбір жеке адамның әлеуметтік – экономикалық жағдайының нашарлауы болып табылады. Әрине, соңғы он жыл ішінде республикадағы туудың динамикасы жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерісті қоғамның қалай қабылдағаның көрсетеді. Экономикалық дағдарыстың ұшығуы мен әлеуметтік шиеленіс әлеуметті (потенциалды) өсімпаздық қызметті жүзеге асыруды нақты түрде тежейді.
Урбандалу мәселелері
Жалпы қоғамдық өндірістің дамуына және әлеуметтік қатынастардың сипатына байланысты урбанизация процесінің өзі өндірістің дамуы мен орналасуына, қоғамның қызметінің басқа да қалалрына, оның әлеуметтік және экономикалық құрылымдарының, демографиялық көрсеткіштерін, жеке тұрғындардың даму жағдайын және т.б. өзгерте отырып, жан-жақты әсерін тигізеді.
Әлем
қалаларының экологиялық
Көптеген елдердегі
урбанизация кезеңінде
Ірі қлаларда атмосфера құрамы 10 есе аэрозольдар және 25 есе түрлі газдардан тұрады. Осыдан 60-70%- ы ауаны ластайтын автомобильдік транспорттар. Өздігінен атмосфераның тазаруына 10-20% Күн радиациясы және жел жылдамдығына тиесілі.
Қала атмосферасындағы жылы аномальды ауа желдің аз қозғалысынан 250-400м, атмосфераның қабатын алып жатыр. Ал температураның контрасты 5-6 0С-қа жетеді. Онымен температураның инверциясы, жоғары деңгейде ластануы, тұман және ымырттыққа әкеп соғады.
Ірі қалаларда су қоймалары катострофалық жағдайда су дифициті өз алдына үлкен бір мәселе. Сондықтан қала маңындағы су қоймалары, скважина және құдықтар маңызды тереңдікке дейін ластанған.
Қала территориясындағы топырақ жабындылары да өз алдына залалданады. Үлкен алаңдарда магистраль және кварталдардың жолы, яғни рекреациондық аймақтарға жататын – парктер, скверлердің, аула аймақтарының жойылуына әкеп соғады, себебі олар тұрмыстық қалдықтармен, ауаның зиянды заттарымен, ауыр металлдардың таралуымен, топырақтың жел және су эрозиясына ұшырауымен қала топырағы бұзылады
Қалалардың өсімдік жамылғысы әдетте толығымен, «мәдени көкжелектер» - парктер, скверлер, бульварлар, газон, гүлді аллеялар құрайды. Антропогендік фитоценоз құрылымы аймақтық және регионаолдық типтегі табиғи өсімдіктерге сәйкес. Сондықтан қаланың көгалды зоналары жасанды жағдайда, үнемі адамдардың баптауымен өсіріледі. Көпжылдық өсімдіктер қалаларда өте ерекше баптық жағдайда өсіріледі.
Қала құрылысының экологиялық жобасы
Аэрация – ауадағы оттегі айналым қабаты.
Инсоляция – Күн радиациясының түрлерімен жарық, жылу, бактериялық әсерлермен Жердің беткі қабатының сәулеленуі.
Қаланың санитарлық-гигиеналық басты мәселелері мыналары:
Қала құрылысының