Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:35, курсовая работа
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].
Г.К.Селевко жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу деңгейі мен оның философиялық негізі тұрғысынан, психологиялық дамудың жетекші факторы мен тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары тұрғысынан, игерім концепциясы бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі сұлбаларды жетілдіру шараларын қолдану тұрғысынан және білім алушылардың категориялары бойынша жасақталған.
КІРІСПЕ
1 әдеби шолу
1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы
1.2 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі
2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті
2.2 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әр түрлі жоғары оқу орындарында олардың білім беру бағыттарына және студенттің болашақ мамандығына сәйкес табиғатты қорғау мәселесіне қатысты білім мен дағды негіздері беріледі. Біздерді, яғни болашақ мұғалімдерді, «Экология және тұрақты даму» атаулы жалпылама білім пәнін оқытатын педагогикалық жоғары оқу орнында, бірінші кезекте антропогендік экология бағыты қызықтырады, себебі экологиялық тұрғыдан мейілінше мәдениетті де сауатты адамды қалыптастыру мәселесі нақ осы бағытқа қатысты білім беру топтары ауқымында жүзеге асырылады. Экологиялық пәндер ауқымында экологиялық білім берудің өзіндік орны мен рөлін іздестіру біздерді әлеуметтік экология тобына бағдарлайтындығы сөзсіз, себебі экологиялық мәдениет қалыптастыруға қатысты бүкіл мәселелер кешенін біріктіретін, адам өмірі мен қызметі барысында бүкіл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрбір жекелеген адамның атқаратын өзіндік рөлі мен орнын анықтайтын нақ осы топ болып табылады.
Бүкіл экологияның, оның ішінде әлеуметтік экологияның біздер ұсынып отырған жаңа мәртебесі ауқымында (2.2-параграф) педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісінің айырықша интегративтік рөлі экологиялық психопедагогикаға тиесілі.
2.2 Педагогикалық жоғары оқу
орындары студенттерінің
Қазіргі таңда «экология» сөзі күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын сөздердің біріне айналды. Мұның өзі әрбір адам өмірінде, сол өмірдің салауатты сипат алуында, өмірді экологиялық тұрғыдан залалсыздандыруда өзімізді қоршаған ортаның өзіндік жағдайы қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын кез келген адамның санадан тыс сезіну нәтижесі болуы мүмкін. Шын мәнінде осы сезіну санадан тыс сезіну емес, бүкіл болмыс-бітіміңмен ұғыну дәрежесіне көтерілуі тиіс. Екінші сөзбен айтқанда, әрбір индивидуум қоршаған орта жағдайын бірінші кезекте өз қара басының іс-қимылы мен тыныс-тіршілігі ғана белгілі дәрежеде анықтап беретіндігін қапысыз ұғынуы тиіс.
Экологияның жіктемелік сипаты бүгінгі таңға дейін шартты түрде қалып отыр, себебі өзінің өте қарқынды дәрежеде дамуы барысында ол тың тұжырымдармен, жаңа принциптермен үнемі толыға түсуде. Экология ауқымында алуан түрлі жіктемелердің көрініс беруі осы маңызды дүниетаным категориясының, оған қатысты мәселелердің пәнаралық және әдістемелік ұстанымдары мен принциптерінің динамикалық қисын тұрғысынан тұрақты түрде дамып отырғандығын, қазіргі экологиялық дағдарыс жағдайында көптеген маңызды мәселелер дұрыс шешімін табу қажеттілігін одан әрі айғақтай түседі.
5-сурет −
Педагогикалық жоғары оқу
«Экология» сөзінің күнделікті өмірде кеңінен таралып кетуі сол экология проблемалары жайлы әрбір индивидуумның қажетті білімі мен дағдысын қалыптастыруға сепігін тигізетін жағымды әсер қалдырса, бұл терминнің ғылыми ортада кеңінен таралып кетуі мейілінше жағымсыз сипатты иеленіп бара жатқандығы да анық байқалады. Бұл орайда, барынша толық негізделген, әрбіреуінің өзіндік нақтылы зерттеу нысаны, мақсат-мүддесі, міндеті, әдістері мен тәсілдері бар арнаулы экологиялық ғылыми пәндер жіктемесінің болмауы мәселеге кері әсерін тигізіп отырғандығын айырықша атап көрсету орынды. «Экологиялық ғылым» деген жөн-жосықсыз атауларды иеленген «ғылыми пәндердің» көптігі соншалық, кейде олардың мазмұны мен болмыс-бітімін анықтау мәселесі, олардың қайсысын расынан да шын мәніндегі ғылым пән ретінде қарастыру, ал қайсысын кезекті «модаға» еліктеуден туындаған «өлі пән» ретінде қарастыру қажеттілігін біржақты ұғыну кейінгі кезде мүлдем қиынға түсетін жайттар санатынан көрініс беріп жүр.
Жоғарыда келтірілген тұжырымды ескере отырып және соңғы кезде жарық көген саналуан жариялымдарды сараптай отырып «әлеуметтік экологияға» жатқызылуы тиіс ғылым пәндерді іріктеуге, олардың болмыс-бітімі имен мазмұнын нақтылап беруге тырысалық. Нақ осындай жіктеме ғана экологиялық білім берудің негізгі міндеті болып саналатын экологиялық тұрғыдан мәдениетті азамат қалыптастыру мен тәрбиелеу ісінде психопедпгогиканың атқаратын рөлі айырықша екендігін ұғынуға мүмкіндік беретін болады.
Әлеуметтік экология – адамдардың нақты қоғамы мен оны қоршаған кеңістіктік, әлеуметтік және мәдени ортаның өзара қарым-қатынасы мәселелерін зерттейтін экологияның арнаулы тарауы. Адамдардың өнеркәсіптік қызметінің қоршаған орта құрамы мен қабілеитіне тигізетін тікелей және жанама әсерлерлері, антропогендік факторлардың адам денсаулығы мен адамзат ұрпағының генетикалық нгізіне тигізер экологиялық әсері нақ осы ғылыми тарау ауқымында сараланады. Әлеуметтік экология, өз кезегінде, мәдениет экологиясына, жеке тұлға экологиясына, қоғам экологиясына, экологиялық экономикаға, экологиялық білім беруге, экологиялық психологияға, экологиялық педагогикаға, экологиялық құқыққа, тұрғындар экологиясына т.с.с. жіктеледі. Мәселен, мәдениет экологиясы адамзаттың даму тарихында сол аамзат қалыптастырған мәдени ортаның әр түрлі элементтерін (сәулет ескерткіштерін туындыларын, саябақтарды, мұражайларды т.с.с.) сақтау және қалпына келтіру мәселесімен айналысады. Жеке тұлға экологиясы адамның (тұлғаның) қоршаған ортамен байланысын кеңістіктік-уақыттық динамика тұрғысынан жетілдіру мәселесімен айналысады. Этноэкология аризи үдеріс барысында этносты қалыптастырған географиялық орта мен жергілікті тұрғындардың өзара байланыс мәселелерін зерттейді. Тұрғындар экологиясы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның азғантай уақыт аралығында өзгерістерге ұшырауы салдарынан адамдар попудяциясыда туындаған үдерістердің өзара байланысын саралайды. Әлеуметтік экологияның осы және өзге де алуан түрлі аспектілері Д.Ж.Маркович еңбегінде жан-жақты қарастырылған [11].
Экологиялық құқық қазіргі және болашақ ұрпақтар мүддесін ескере отырып қоршаған табиғи ортаны сақтау және тиімді пайдалану мәселесінде қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынастың қоғамдық экологиялық мәселелерін реттеп беретін ережелер жиынтығын біріктіреді. Экономикалық экология адам мен табиғат арасындағы байланысты экономикалық механизмдер көмегімен реттеу әдістерін жасақтайды, бұл механизмдер қоршаған ортаның ластану дәрежесінің төмендеуіне, ресурстарды үнемдеуге, биологиялық алуан түрлілікті қорғауға және барлық мәселеге тек ынтазарлық тұрғыдан келу тенденциясына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Солай бола тұрса да, біздің түсінігімізше, Реймерс тарапынан, өзге де эколог-ғалымдар тарапынан жіктемеленген экология категорияларының бәрі де жекелеген нақтылы ғылыми пән дәрежесінен әлдеқайда ірілеу категориялар болып табылады. Мәселен, жалғыз ғана экономикалық экология құрамынан табиғатты ұтымды пайдалану, экологиялық залалдың өзіндік құнын бағалау, табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін экономикалық тұрғыдан бағалау, экологиялық мониторинг, экологиялық сараптама т.с.с. бір топ жекелеген экологиялыұ ғылыми пәндерді даралауға болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік экологияның жоғарыда келтірілген құрамдас бөліктерін өздерінің нақтылы зерттеу нысаны, мақсат-мүдделері, арнаулы міндеттері мен нақты әдістері бар тұтас та жеке-дара ғылым тараулары ретінде қарауға болатындығы даусыз. Ал оларды біріктіретін нәрсе – олар өз зерттеулерінде жалпылама ғылыми әдістерді қолдануымен қатар «экологиялық ережелер, талаптар, стандарттар, сапа бақылауы» сияқты бір топ экологиялық әдістер мен түсініктерді де үнемі қолданатындығы болса керек.
Біздің ойымызша, «экологиялық педагогика», «экологиялық психология» сияқты ғылыми пәндерді бір-бірімен біріктіре отырып, оларды өзара тығыз байланыста қарастыру өте ұтымды болуы тиіс, себебі мұндай біріктіру экологиялық білім беру ісінің тиімділігін барынша арттыруға септігін тигізетін болады. Бұл ғылымдардың бір топ түйін-сөздері өзара ортақ түсініктер, олар – экологиялық мәдениет, экологиялық сана, экологиялық ойлау, экологиялық дүниетаным, экологиялық әдеп, экологиялық ар-ождан сөздері.
Экологияның өзге ғылыми түсініктер ауқымына еселей енуі, сөйтіп сол ғылыми пәндерге айырықша әсер етуі қазіргі тарихи кезеңнің өзіне тән тенденцияларының бірі болып отыр. Мұндай экспансия алуан түрлі жаңа түсініктердің пайда болуына түрткі болуда, және де мұндай түсініктердің әрбіреуін жекелеген ғылыми пән немесе нақты оқу курсы ретінде қарауға болады. Енді-енді ғана ғылыми айналысқа ене бастаған осындай жаңа түсініктердің мысалдары ретінде «экологиялық тұжырымдама», «экологиялық қауіпсіздік», «экологиялық құқық», «экологиялық сана», «экологиялық кодекс», «экологиялық саясат», экологиялық заңнама» т.с.с. сөз тіркестерін атауға болады. Бұл түсініктердің бәрін де бір ғана ғылым пән ауқымында қарастыруға болатын сыңайлы, бұл жаңа пәнді «экологияның құқықтық негіздері» деп атасақ, үйлесіп кететкен болар еді.