Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].
Г.К.Селевко жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу деңгейі мен оның философиялық негізі тұрғысынан, психологиялық дамудың жетекші факторы мен тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары тұрғысынан, игерім концепциясы бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі сұлбаларды жетілдіру шараларын қолдану тұрғысынан және білім алушылардың категориялары бойынша жасақталған.

Содержание

КІРІСПЕ


1 әдеби шолу

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

1.2 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті
2.2 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой Бекзат (2) (1).docx

— 92.08 Кб (Скачать файл)

– ресурстар шетсіз де шексіз, себебі біз жаңа ресурстарды іздеуде немесе оларды өзге баламаларымен алмастыру ісінде жасмпаздық танытамыз; ресурстар қашан да бізге қажетті мөлшерден артық;

– әлемдегі жетекші рөл сол әлем ресурстарының басым бөлігін иеленген және сол ресурстарға билік жүргізген елге ғана тиесілі;

Өз күшімен ғана табысқа жете білген, өз ісін өзі ғана ұқсататын, өзгелерге еш залал келтірмейтін адам ғана мінсіз адам болып табылады  [23].

Алайда біздің көпшілігіміз өзіміздің өмірімізде теориялық тұрғыдан алғанда жоғарыда келтірілген ұстанымдармен келіспейміз, бірақ, өкінішке орай, көп жағдайларда нақ осы ұстанымдарды негізге алуға бейім тұрамыз. Осы тұрғыдан алғанда экологиялық мәдениет қалыптастыру, сонымен бірге жаһандық масштабтағы экологиялық проблемаларды табысты шешу мәселелерін жүзеге асыру қазіргі таңда жаппай етек алып отырған экологиялық сана-сезімді түп-тамырымен өзгертпей тіпті де мұмкін болмай отыр. Экологиялық дағдарыс ғылыми-техникалық прогресс жемісі ғана емес,  «бастардағы дағдарыс» нәтижесі болып отыр, олай болса қазіргі таңда тұрақтанып қалған экологиялық сана-сезім типі экологиялық мәдениет дәрежесін де (адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасы мен іс-әрекетін де) анықтайтын болғаны. Бұл мәселені табысты шешу психопедагогика мен экология бойынша білім бұлағынан сусындаған білікті педагогтың ғана қолынан келмек. Қалай дегенде де, қазіргі жағдай білім беру жүйесін түгелдей экологияландыру және экологиялық білім беруді одан әрі жетілдіру негізінде ғана жүзеге аспақ

Біздерде, оның ішінде студенттерде, өкінішке орай, ысырапшылдық дүниетаным әбден қалыптасып қалғандығы және ол  өз жалғасын одан әрі тауып жатқандығы біз әлі де болса өндіріссіз экономикалық жүйе жағдайында өмір сүріп жатқандығымызды көрсетеді.

Экологиялық мәдениет қалыптастыруға мүмкіндік беретін қоғамды экололгияландыру үдерісі кез келген ел үшін, кез келген қоғам үшін бүгінгі кезеңнің аса маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Бұл мәселеге біздің республикамызда да айырықша мән беріледі. Бұл айтқанымыздың дәлелі ретінде елімізде Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың 2004-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы және ҚР экологиялық қаіпсіздік Тұжырымдамсы сияқты маңызды құжаттардың қабылдануын атауға болады. Бұл құжаттарда қоршаған орта сапасын басқару жүйесін жетілдіру үшін республикамыздың бүкіл әлеуметтік-экономикалық жүйесін түгелдей экологияландыру, яғни заңнамаларды, экономиканы және бүкіл қоғамды экологияландыру шаралары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998. – 147 с.

2. Дерябо C.Д., Ясвин В.А. Экологическая педагогика и психология. Ростов-на-Дону, 1996. – 480 с.

3. Моисеев Н.Н. Универсум. Информация. Общество. (Библиотека журнала «Экология и жизнь». Серия «Устройство мира»). – М.: Устойчивый мир, 2001. – С. 22

4. Асафова Е.В.   http://www.ug.ru/issues/?action=topic&toid=5425

5. Зверев И.Д. Учебные исследования по экологии в школе: Методы и средства обучения. – М., 1993. – 113 с.

6. http://www.ecoline.ru Экологическая культура с.12

7. 321 К вопросу о стратегии устойчивого экологического развития // Стратегии и методы оценки экологического риска аридных и горных территорий: матер.  межд.  Симпозиума. – Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2001. –  С. 57-59.

8. Устойчивое развитие водных ресурсов как основа экологического благополучия // Новое в охране труда и окружающей среды, защите человека  в  ЧС: матер. 5М НПК. – Алматы: КазНТУ им. Сатпаева, 2002. – С. 110-113.

9. Обязательное условие экологической безопасности планеты в целом и отдельных государств - формирование устойчивой экологической культуры населения // Актуальные проблемы безопасности жизнедеятельности:  интеграция науки и практики: сборник научных трудов по материалам МНПК / Ставропольский Государственный университет. – Ставрополь,  2008. – С. 59-62.

10. Формирование экологической культуры студентов в вузах – основное условие современной концепции устойчивого развития в Казахстане // Актуальные проблемы безопасности жизнедеятельности: интеграция науки и практики:  сборник научных трудов по материалам III научно-практической конференции.  – Ставрополь,  2009. – С. 103 -105.

11. Маркович Д.Ж. Социальная экология: кн. для учителя / пер. с серб.- хорв. – М.: Просвещение, 1991. – 176 с.

12. Дерябо C.Д., Ясвин В.А. Экологическая педагогика и психология. Ростов-на-Дону, 1996. – 480 с.

13. Мамедов Н.М., Суравегина И.Т. Экология: учебное пособие для 9-10 классов общеобразовательной школы. − М.: Школа - пресс, 1996. – 462 с.

14. Залыгин С. Экология и культура // Новый мир. − 1992. − № 9. – С. 6.

15. Яницкий О.Н. Экологический аспект проблемы культурного прогресса. // Культурный прогресс: философские проблемы. – М., 1994. – С.21-25.

16. Когай Е.А. Социальная экология. Культура и природа: этапы развития // Социально-политический журнал. − 1998. − №9. – С. 23-27.

17. Кружалин В.И., Мазуров Ю.Л. Образование и экологическая культура // Высшее образование сегодня. − 2002. − № 12. − С. 7-11.   
18. Культура и экология  http: //www. xserver.ru/user/kulik/

19. http://www.ecoline.ru Экологическая культура.

20.  Стратегия экологического образования и воспитания в ХХI веке // Тезисы докладов УI Международной конференции по экологическому образованию. − М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. –  398 с.

21. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. – М.: Изд.-во Магистр, 1997. – 224 с.

22. Хабибулин Р.Д. и др. Детское экологическое движение: образование и воспитание. – Казань: Дронт, 1998. − 138 с.

23. Миллер Т. Жизнь в окружающей среде: в 3-х т. / пер. с англ. под ред. Г.А.Ягодина. – М.: Прогресс, Пангея, 1993. − Т. 2. – 250 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру