Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте экологиялық мәдениет қалыптастырудың педагогикалық технологиясына қатысты бірнеше жіктемелер ұшырасады. Мұндай жіктемелердің мейілінше әмбебап және жалпылама нұсқасы Г.К.Селевко жіктемесінде жүйеленген [1].
Г.К.Селевко жіктемесі бір топ қағидалар, атап айтқанда, жіктеменің қолданылу деңгейі мен оның философиялық негізі тұрғысынан, психологиялық дамудың жетекші факторы мен тұлғалық құрылымның бағыт-бағдары тұрғысынан, игерім концепциясы бойынша, мазмұн мен құрылым сипаты, жұмысты ұйымдастыру формасы, бұл орайдағы жетекші әдіс тұрғысынан, білуге талпыну әрекеттерін басқару, жасөспіріммен ортақ тіл таба білу, бұрыннан белгілі дәстүрлі сұлбаларды жетілдіру шараларын қолдану тұрғысынан және білім алушылардың категориялары бойынша жасақталған.

Содержание

КІРІСПЕ


1 әдеби шолу

1.1 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің экологиялық мәдениетін тұрақты даму жағдайында қалыптастыру технологиясы

1.2 Педагогикалық жоғары оқу орны студенттері экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
1.3 Cтуденттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі

2 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


2.1 «Экология және тұрақты даму» оқу пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының фрагменті
2.2 Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

курсавой Бекзат (2) (1).docx

— 92.08 Кб (Скачать файл)

Бұрынғы кезде «экологиялық мәдениет» түсінігі жекелеген тұлғаның табиғи ортаны өзі мекендеген баспана ретінде қарауға қабілеті деп ұғынылған болатын. Қазіргі таңда адам мен табиғаттың бір-біріне кереғарлығы өзінің шарықтау шегіне жетіп отыр. Сондықтан да қазіргі таңда «экологиялық мәдениет» түсінігінің мүлдем ұмыт бола бастаған тұңғыш мағынасын қайтадан иемденуіне немесе оның жаңа заман тұрғысынан жүйеленген мүлдем жаңа анықтамасын жасақтауға қажетті арнаулы психологиялық-педагогикалық жігерлер қажет болып отыр. Себебі жеке бастың мәдениетін немесе кәсіби мәдениетті экологиялық мәдениетсіз қалыптастыру тіпті де мүмкін емес.

Қазіргі ХХІ ғасырда бірінші кезекте әлеуметтік-экологиялық проблемалармен айналысу мәселесі басты басымдылықты иеленуі тиістілігі ешбір күмән туғызбайды, себебі бұл мәселе кез келген адамдар қоғамының тарихи дамуы жолындағы ең көкейтесті мәселеге айнала отырып, өмірдің өзі талап етіп отырған проблемаға айналып үлгерді. Осыған байланысты әлеуметтік экологияның біздер жоғарыда атаған жекелеген бағыттары ішінде экологиялық білім беру ісіндегі негізгі мәртебе экологиялық психология мен экологиялық педагогикаға берілуі тиіс, себебі бұлардың біріншісі кез келген индивидуумның экологиялық проблемалармен бетпе-бет келуіне психологиялық тұрғыдан дайындық дәрежесін (педагог көмегімен  алған дайындығын) анықтайтын болса, екіншісі осы экологиялық проблемаларды тиімді шешуге қажетті ең дұрыс педагогикалық ұстанымды таңдап алуға көмектеседі. Олай болса, бүгінгі таңның негізгі талаптарының бірі жоғарыда аталған екі ғылыми пәнді біріктіріп, соның есебінен «экологиялық психопедагогика» деп аталатын жаңа ғылыми пән қалыптастыру болып отыр. Бұл құрама пән экологиялық дүниетаным негіздерін психологиялық деңгейде мүлдем жасөспірім кезінен бастап игере бастаған, яғни білім беруді асқан шеберлікпен жүзеге асыруға қабілетті тәжрибелі педагог көмегімен экологиялық білім алуды жалпылама білім беретін мектептерінде бастаған, осы білімін жоғары оқу орнында үзбей жалғастырған экологиялық тұрғыдан мейілінше сауатты студент дайындаудың ең тиімді инструменттерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, экологиялық дағдарыстан туындаған бүкіл проблемаларды жалпылама экология ғылымы күн тәртібіне қойып беретін болса, экологиялық психопедагогика пәні осы проблемаларды шешуді қамтамасыз етуге қабілетті экологиялық білім мазмұнын, яғни  жекелеген тұлға игеруі тиіс біліктілік деңгейін, нақтылы мүмкіндіктер мен дағдылар жиынтығын анықтап береді. Экологиялық психология жекелеген тұлғаның экологиялық сезім-нанымы дамуының заңдылықтары мен механизмдері жайлы мағұлмат береді, ал экологиялық психопедагогика осы мағұлмат негізінде аталған үдерісті педагогикалық тұрғыдан басқару ісінің арнаулы мазмұнын, принциптері мен әдістерін анықтайды. Сол сияқты, экологиялық педагогика жалпыпедагогикалық принциптер мен әдістерді, экологиялық мәдениет қалыптастыру мүддесін жүзеге асыруға қолданылатын ұйымдастыру формаларын анықтайды,

Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім берудің экологиялық мәселелері оқытудың жалпылама технологияларын саралау мәселесіне де мүлдем жаңаша келуді қажет етеді. Мәселен, «білім беру» деген түсініктің мән-мағынасын салмақтап қарар болсақ, бұл түсінік расынан да психология мен педагогиканың «жиынтығынан» тұратын сыңайлы; мұның себебі – адамның  жан-дүниесінде туындағанның бәрі де «бос кеңістікте» емес, арнаулы қарым-қатынастардың тең құқықты мүшесі болып табылатын табиғи және әлеуметтік ортада туындайды, ал осы ортаның бүкіл болмыс-бітімі білім мен тәлім жинақтудан және сол білім мен тәлімді психологиялық тұрғыдан игере білуден тұрады. (К.Ш. Здесь «много мыслей» добавил от себя, поскольку не очень понял то, что Вы хотели сказать, Н.С.)

Экологиялық мәдениетті қалыптастырушы экологиялық психопедагогика жеке тұлғаның экологиялық сана-сезімін дамытудың заңдылықтары мен механизмдері туралы көзқарастар негізінде білім беру мен тәрбиелеу үдерісін педагогикалық тұрғыдан басқару принциптері мен әдістерін жасақтайды.  Экологиялық психопедагогика – бұл педагогика ғылымының өз ауқымында экологиялық білім берудің мазмұнын, ұстанымын, принциптерін, әдістері мен формаларын анықтап беретін арнаулы әдіснамалық бағыты. [12].

 Жалғыз  ғана педагогикалық экология  ауқымында осыншалық пәнаралық  байланыстардың болуы біз ұсынып  отырған соны тұжырымды пысықтай  түседі, бұл тұжырымның мән-мағынасы  – экология бүкіл адамзат идеясына  сәйкес келетін өзінің жаңа  мәртебесі тұрғысынан алғанда  алуан түрлі дүниетанымдық бағыттарды  біріктіретін аса ірі иерархиялық  бірлік болып шығады.

Сонымен, мамандар дайындаудың психологиялық-педагогикалық блогы өз ауқымына жалпылама психологияны, түрлі жастағы тұлғаларды қамтитын психологияны, педагогикалық психологияны, психологиялық теорияны және педагогика тарихын біріктіретін жалпы дайындықты, сол сияқты экологиялық психологияны және экологиялық педагогиканы біріктіретін арнаулы дайындықты жүзеге асырады. Экологиялық психология ауқымында: жеке тұлғаның экологиялық сана-сезімі деген түсінік қалыптасады; адамдарда экологиялық  түсініктер жүйесінің қалыптасу заңдылықтары, олардың табиғат әлеміне деген көзқарасы, табиғи нысандармен өзара қарым-қатынасының стратегиясы мен технологиясы қаралады; жеке тұлғаның экологиялық сана-сезімі қалыптасуының механизмдері ашылып көрсетіледі; оның онтогенетикалық даму үдерісі паш етіледі; әлеуметгенез үдерісінде қоғамдық экологиялық сана-сезім қалыптасу эволюциясы сараланады; жекелеген тұлғаның табиғатқа деген қарм-қатынасының психологиялық өлшемін анықтау әдістері көрсетіледі; адамдардың табиғатпен қарым-қатынасының типтері, осы қатынас типтерінің жалпылама сипаттары беріледі т.с.с.

Экологиялық педагогика мұғалімді экологиялық тұлға жөніндегі түсініктермен, осындай тұлғаны қалыптастырудың принциптерімен, әдіс-тәсілдерімен қаруландырады; экологиялық білім беру үдерісінің мазмұны мен формалары сараланады, бүкіл әлем бойынша экологиялық білім берудің педагогикалық стратегияларының тиімділік дәрежелері қаралады т.с.с.

Жалпылама білім берудің «Экология және тұрақты даму», «Экопсихопедагогика» курстары негізінде экологиялық мәдениет қалыптастыру моделі төмендегі мәселелерді қамтиды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастырушы «экологиялық білім беру» және «білім беру жүйесін экологияландыру» түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты түсініктер, алайда олар, сайып келгенде, әр түрлі құбылыстарды сипаттайды. Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі сипаттағы және түрлі деңгейдегі экологиялық білім мөлшерін қолма-қол игеру. Экологиялық білім берудің екі түрлі басты бағыты бар, олар – адамдарға қоршаған ортаны қорғау және адамдар денсаулығын  сақтау идеялары негізінде тәрбие беру, сол сияқты табиғи және антропогендік экожүйе сақталуының жалпылама заңдылықтары жайлы адамдарға арнаулы да кәсіби білім беру. Бұл ек бағыт  бір-бірімен тығыз байланысты, себебі олардың екеуінің де негізінде экологияға қатысты принциптерді, ұстанымдарды және заңдылықтарды жете түсіне білу қажеттілігі жатыр.

Экологиялық мәдениетті жетілдіру шаралары бірінші кезекте экологиялық білім алу үдерісімен байланыстырылады. Алайда экологиялық мәдениетті тек қана формалық экологиялық білім алмен шектеу айтарлықтай тиімділікке қол жеткізбейді, сондықтан да іс-шараларды «білім беру жүйесін экологияландыру» шараларымен қанықтыру қажет болады. «Білім беру жүйесін экологияландыру дегеніміз – экологияға қатысты идеялар, түсініктер, принциптер және ұстанымдар жиынтығының өзге пәндерге кірігу сипаты, сол сияқты түрлі бағытта білім алған, экологиялық тұрғыдан мейілінше сауатты мамандар дайындау» [13].

 Білім  беруді экологияландыру дегеніміз  жалпылама білім беру ісіне  экологиялық мәселелерді механикалық  тұрғыдан тіркей салу емес, ол  жалпы білім беру ісінің тапжылмас  құрамдас бөлігі рөлін атқаруы  тиіс. Сондықтан да экологиялық  білім беру жалпылама білім  беру құрылымына жай ғана енгізіле  салмауы, оның ең басты негіздерінің  бірі болуы тиіс. Егер әдебиет  пен тарих рухани мәдениет  құндылықтарын игеру үшін қажет  деп есептесек, жаратылыстану ғылымдары  табиғат заңдылықтарын анықтауға  мүмкіндік берсе, экологиялық білім  беру экологиялық мәдениет қалыптастыруға, адамдардың табиғатқа деген жанашырлығын  оятуға, табиғатты өзгерту үдерісінің  шектен шығып кетпеуіне, адамзаттың  одан әрі өмір сүруін және  дамуын қамтамсыз етуге мүмкіндік  беретін заңдылықтар мен іс-әрекет  ережелерін қалыптастыруға мүмкіндік  береді.

Көптеген отандық және шетелдік педагогтар мен философтардың пікірінше [14-18].

білім беру үдерісіне «экологиялық мегземе» беру бүкіл педагогикалық үдеріске қажетті жүйелілікті қамтамасыз етеді, тіпті оған айтарлықтай орынықтылық береді. Педагогиканы экологияландыру үдерісі, бір жағынан алғада, тәрбие беру ісінде көрініс беріп отырған тоқырауды тоқтатуға деген тиімді іс-шаралардың бірі рөлін атқарса, екінші жағынан, экологияны педагоктандыру үдерісі қоршаған орта дағдарысына тойтарыс беруге көмектеседі. Екі  үдеріске де (педагогиканы экологияландыру және экологияны педагогтандыру) ортақ мүдде – экологиялық дағдарыс нәтижелерінің әсерін барынша төмендету тәсілі ретінде студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру шаралары болып шығады.

Қоғамның тұрақты дамуы барысында мұғалімнің атқаратын рөлі де сапалық өзгерістерге ұшырайды: байырғы мұғалім өткен уақыт тәжрибесін ғана ұсынады, ал үлгілі мұғалім балаларды болашақ өмірге дайындайды. Бүкіл әлем ғалымдары қазіргі таңда осындай принципті жай ғана ұсыныс ретінде қарап қоймай, оны бүкіл өркениет сақталуының ең басты шарттарының бірі деп есептейді [19].

ТМД елдері Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің он бірінші сессиясы шешімдерінде адамдардың іс-әрекеттеріндегі сапалы да пайдалы тәжрибелерді одан әрі дамыту және тұрақтандыру міндеті қойылған, мұндай талап мына мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізеді: табиғат ресурстарын үнемдеуді; қоршаған ортаның ластануын болдырмауды; табиғи экожүйелердің ұдайы қалыпты сақталуын; әрекет етудің және өмір сүрудің халықаралық бірлестіктер тарапынан қабылданған ережелерінің сақталуын; табиғатты қорғау бағытындағы бүкіл іс-шараларға белсенді түрде араласуға саналы түрде ұдайы дайын болуды және, мүмкіндігіне орай, мұндай іс-шараларға қажетті қаржылық көмек көрсетуді; табиғатты қорғау бағытында бірлескен іс-қимылдар жасауды қамтамасыз етуді және мемлекетте бірегей экологиялық саясат жүргізілуін қадағалап отыруды [20].

Жоғарыда келтірілген мақсат-мүдделер мен міндеттерден экологиялық мәдениет қалыптастыру мәселелері қазіргі заманның бүкіл көкейтесті проблемаларымен тығыз ұштасып жатқандығын байқаймыз. Шын мәнінде білім беру жүйесі ғылыми зерттеулерден үнемі кешігіп жүретіндігі байқалады. Экологиялық проблемаларды шешу мәселесі қашан да өте тез қимылдауды қажет ететіндігін ескерер болсақ, жоғарыда аталған «кешігуге» тіпті де жол беруге болмайды. Сондықтан да студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру шаралары білім беру құрылымындағы ең түйінді мәселесі дәрежесінде қарала отырып, оның болашақ дамуының ең басты факторларының біріне айналуы тиіс.

Қорыта айтқанда, жоғары дәрежелі экологиялық мәдениетті игерген, экологиялық сана-сезімі де жоғары деңгейдегі тұрақты дамыған қоғамды жаһандық масштабта қалыптастыру – қазіргі таңның көкейтесті мәселесі. Бұл үдерісті іске асыру барысындағы, яғни экологиялық мәдениеті мен дүниетанымы жақсы жетілген тұрақты даму үстіндегі қоғам қалыптастыру  барысындағы негізгі де шешуші рөлді нақ осы психопедагогика атқаратын болады, себебі тек осы ғылыми пән ғана білім берудің барлық сатыларында сол білімді эклогияландыруға және экологиялық біліктілік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі бүкіл қоғам ауқымында тұрақты экологиялық дүниетаным орнатуға қол жеткен жағдайда ғана шешілетін болады. Экологиялық дағдарыс дегеніміз негізінен  дүниетанымдық, философиялық-идиологиялық дағдарыс екендігіне соңғы кездері талай-талай ғалымдар айырықша көңіл аударуда [21].

  Мәселен, Е.Ф.Шумахер былай деп жазады: «Қоршаған орта жағдайының жыл санап нашарлай түсуі ғылымның немесе технологияның дамуымен, ақпараттың жетімсіздігімен немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті оқыған мамандар мен қаржы мәселесінің жетіспеуімен тіпті де байланысты емес. Бұл келеңсіз жағдайдың басты себебі қазіргі әлем халықтарының өмір сүру сипатынан туындайды, ал аталған сипат, өз кезегінде, біздің негізгі түсініктеріміздің нәтижесі болып табылады». Осы ойды Грегори Батесон деген зерттеуші одан әрі тиянақтай түседі: «әлемдегі негізгі проблемалар сол әлемнің болмыс-бітімі мен сол әлем жөніндегі адамдардың пайымдауы арасындағы айырмадан туындайды»,–деп атап көрсетеді ол [22].

Жаһандық экологиялық дағдарыстың туындауына себепші болып отырған өмірді шектен тыс әспеттеу, адамаралық қатынастарды бөтенсіту және мейірімсіздендіру, табиғатты аяусыз игеру сияқты келеңсіз әрекеттердің барлығы да агрессиялық әрекеттер басымдылығына негізделген парадигма жемісі. Өкінішке орай, бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің зерделік  бастаулары планетадағы тіршілік атаулының қаулай өсуіне, табиғат пен қоғамның ортақ тіл табысуына септігін тигізетін өткен уақытта өмір сүрген ұрпақтардың іс-тәжрибесін сарқа пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Көптеген адамдарда, әсіресе өнеркәсібі жақсы дамыған елдердің тұрғындарында өте төмен дәрежелі экологиялық мәдениетке негізделген ысырапшыл дүниетаным қалыптасқан. Олардың ұстанымдары төмендегі тұжырымдарға негізделген:

– біз табиғаттан аулақпыз;

– біз өзге биологиялық түрлердің бәрінен де биікпіз;

– біздің өмірдегі рөліміз жер бетін және оның қойнауларын жасамаздандыру арқылы өзіміз көздеген мақсатқа қол жеткізу жолында жабайы табиғатты жаулап алу және өзімізге бағындыру;

Информация о работе Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру