Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 19:33, реферат
10 наурыз 2014 жылы Су шаруашылығы экология және құрылыс факультетінің кафедрасында жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста өзіміздің кафедра меңгерушісі Турекельдиева. Р. Т және практика жетекшісі Сарбасова Гүлмира бізді өндірістік практиканың басты бағыттарымен, тапсырмаларымен және техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Студенттердің өндірістік практикалары біліктілігі жоғары эколог мамандарды дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
КІРІСПЕ
4
Қауіпсіздік ережелерімен танысу
6
1
АТМОСФЕРАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
8
1.1
Атмосфералық ауның ластану дәрежесі
8
1.2
Атмосфера ластануының деңгейіне метеорологиялық факторлардың әсері
9
2
АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН САПАСЫНА АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР.
12
2.1
. Атмосфераның құрамы
12
2.2
Атмосфералық ауаны ластаушы көздер
16
2.3
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
17
2.4
Ауаның стацоинарлы көздерден шыққан заттармен ластануы
18
2.5
Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы
19
2.6
Ластанған ауаның зиянды әсері
19
2.7
Эксперименттік бөлім
20
3
АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗДЕРДІ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ФИЗИКАЛЫҚ ӘСЕРЛЕРДІ БАҚЫЛАУ
31
3.1
Ауа құрамындағы СО2 көлемін анықтау
31
3.2
Атмосфералық ауа құрамын анықтау
33
3.3
Ауаның химиялық құрамын анықтау
34
3.4
Аммиакты, күкіртті сутегін және көміртегі тотығын анықтау
37
ҚОРЫТЫНДЫ
41
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
42
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді [4].
2.3. Атмосфераны ластағыштардың құрамы.
Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындының құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ-та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді, әр түрлі ұшпа көмір сутегілері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутегі, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
1-кесте – Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері.
Заттектер |
млн.тонна |
Дүние жүзі бойынша |
Қазақстан |
Тұрақты көздер Көлік |
Қатты бөлшектер |
57 |
80 |
6,4 |
3,7 |
Көміртек оксиді |
177 |
200 |
7,6 |
10,1 |
Күкірт оксиді |
99 |
0,7 |
9,2 |
- |
Азот оксиді |
68 |
20 |
3,0 |
1,1 |
Көмір сутектері |
4 |
50 |
0,2 |
2,0 |
Бензинді мұнайды айдау арқылы алғанда да күкірттің біраз мөлшері ауаға тасталады. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.
2.4. Ауаның стацоинарлы
көздерден шыққан заттармен
Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал улы заттар денені улайды. Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 пайызы иісті газ, 27 пайызы күкіртті газ, 1,1 пайызы азот тотығы, 28,3 пайызы қалқып жүретін қатты түйіршіктер. Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электростанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай – химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады. [5].
2-кесте – Өндірістің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардың үлес салмағы
Негізгі өндіріс салалары |
Шаң-тозаң |
Күкіртті газ |
Көміртек тотығы |
Азот тотығы |
Көмірсутек |
Жалпы үлес салмағы |
Жылу электр станциялары |
39 |
38 |
- |
- |
- |
29,0 |
Құрылыс материалдарын өндіру |
25 |
- |
- |
- |
- |
8,1 |
Қара металлургия |
10 |
16 |
43 |
23 |
3 |
24,0 |
Түсті металлургия |
16 |
22 |
- |
- |
- |
10,5 |
Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндіріс і |
- |
3 |
13 |
- |
82 |
15,5 |
Химия өнеркәсібі |
- |
- |
- |
- |
12 |
1,3 |
Автопарктің облыс бойынша саны 2009 жылы 36214 бірліктен 2010 жылы 45278 бірлікке дейін өсті.
Автотранспорттан шыққан улы қалдықтар:
- 2009 жыл – 75,5%
- 2010жыл – 71,6%
- 2011 жыл – 60,8
2.5. Ауаның қозғалмалы көздерден шыққан заттармен ластануы
Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың алатын орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары – азот, оттек, сутек, судың булары, зияндылары – көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а) пирен, күйе, күкіртті түтін т,б. Автомашиналардан бөлінген қалдық газдардың 75 пайызы көміртек тотығынан, 15 пайызы көмірсутектен, 7 пайызы азот тотығынан тұрады. Автомашина қозғағышы 1 тонна бензинді жаққанда 12,3кг, 1 тонна дизель отынын жаққанда – 24,5 азот тотығы бөлінеді. Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстіңгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жұмыстарында айнала шаң-тозаң, иіс болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын полимерлі материалдар мен шайырлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формальдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолформальдегидтер мен шайырларды пайдалануға тыйым салынған. Коммуналды – тұрмыстық қызмет орындары да от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады [6].
2.6. Ластанған ауаның зиянды әсері
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1км-ге көтеріліп жан-жаққа жүздеген км қашықтыққа тарайды. Онан ірілері 300-500 метрге көтеріліп, ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1 квадрат км жерге жылына 390 тонна, Нью-Иоркте 300, Париж бен Чикагода-260, Алматыда125 тонна шаң-тозаң түседі. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 пайызға жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныс демікпесіне дейін) аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-тозаңның көп болуы өкпе ауруына себепші болады. Ауаны негігі ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек, күкүртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомашиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен (қанның ішіндегі бояушы қызыл зат) қосылып, дененің оттекті пайдалануына кедергі жасап оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне түрлі ауруларға төтеп бере алмайтын халге, оттекпен нитрит топырақтан ауаға қосылған адамдар өкпе ауруына шалдығып, витамин алмасуы бұзылады. Нитрит емшек сүтімен балаға өтсе, олардың тынысы тарылып, ұйқысы бұзылып, денесі көгеріп кетеді. Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауа көмір қышқыл газы өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100 жылда ауадағы көмір қышқыл газы 11-13 пайызға өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, бас ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады. Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарларға да зияны көп. Мысалы, ауада фтор көп болса жануарлардың тістері тез қажалып, бал аралары өліп қалады. Мышьяк көбейсе құлындардың аяғы ісіп, сал ауруына шалдығады.Хлорлы сутек немесе Т73 қышқылы – металды өңдегенде қолданылады. Дымқыл ауада тұман пайда болып, жоғарғы дем алыс жолдарына әсер етеді. Уран – радиоактивті элемент, атом электр станцияларында, шыны және фосфор өндірістерінде қолданылады. Сәулелену ауруына ұшыратады, бүйрекке зиянды. [7].
2.7. Эксперименттік бөлім
Жұмыстың эксперименттік бөлігі газоанализаторда жүргізіледі. Универсалды газоанализатор МЕГАКОН 10К 300-ден астам улы газдар мен олардың буын анықтауға арналған. Бұл приборда 10 компонентке дейін анықтауға болады. Соның ішінде СО, СО2(О2), NО, NО2, SО2, СS, N2Н4, көмірсутектерді, спирттерді, күрделі эфирлерді, альдегидтерді т.б. заттарды анықтауға болады. Конструкциясында универсалды фотоакустикалық датчик және оптикалық тарамдар орналасқан Әсер ету принципі газды кампоненттің оптикалық сүзгінің инфрақызыл спектрін таңдамалы сіңіруге негізделген.
Газоанализаторлар үш топқа бөлінеді:
Атмосфералық ауа – қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Оның жағдайы аймақтық және ауқымды климаттық жүйеге айтарлықтай әсер етеді. Қызылорда облысы бойынша ауа бассейніне стационарлы көздерден 41 мың тонн, ал автокөліктерден – 64,4 мың тонна ластаушы заттар бөлініп шыққан. Облысымызда табиғи және мұнайға ілеспе газдарды кешенді және тиімді пайдаланып Арысқұм ойтпатының Оңтүстік Торғай иінінде экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жылу көздерін Қызылордада газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.01ж. №281 және 29.08.01ж №1121 санды қаулылары қабылданды. Осы қаулыға сәйкес «Қызылорда қаласындағы жылу көздерін ілеспе газдарға көшіру» құны 7,48 млрд.теңге болатын жобасы жасалып, жылу турбинасы іске қосылғаннан кейін, Қызылорда жылу орталығынан бөлінетін қалдықтардың көлемі жылына 415 тоннаға азайды.
Ақшабұлақ кен орындарындағы қондырғы 300млн м3 казды өңдеп, зиянды заттарды 8563 тоннаға азайтады. Атмосфераның жерге жақын қабатын автокөліктен шыққан улы заттар ластайды. Жеке сектордағы үйлерде жылу маусымында 80 мың тоннадан астам көмір жағылады.
Атап шыққан қалалардың көбінесе кейбір ластағынтардың мөлшер ШРК-дан асқан. Жалпы зиянды заттектерді шығарындылардан негігі үлес афтокөліктерге түсіреді. Қара жұмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жұтса да инфаркт миокарда (жүрек бұлшықетінің жансыздануы) ауруына шалдығуы мүмкін. Көміртек тотығымен аз мөлшерде этилен косылса өсімдіктердің жапырақтары түсіп, гүл түйнектері және өсімдіктердің өзі де қурап қалатыны белгілі. Тар көшелерде, көше қиылыстарында, бағдаршам маңында, жер асты туннельдерде көміртек тотығы көп жиналады, норма бойынша 3мг/куб метр орнына 25-125мг/куб метрге дейін жетіп жатады. Өте қауіпті ластаушылар қатарына жататын көмірсутектер топырақ пен судай тотықпай, ұзақ сақталып, тек ультракүлгін түстес сәулелер ғана табиғаттық жағдайда ірітіп, аздыратын газдар болып саналады. Олардың ішінде метан, этан сияқты қанған газдар болса, этилен, пропилен, бутилен сияқты қанбаған газдар бар. 3,4 бенз(о)пирен сияқты канцерогендік, ісік ауруына себепші болатындарына да кездеседі. АҚШ-тың ұлттық онкология институты қатерлі ісіктердің 60-тан 90 пайызына дейінгі Экологиялық факторларға, әсіресе көмірсутектермен ауаның ластануына байланысты екенін айтады. ГРД-дегі 12 жылға созылған зерттеулер автомашиналар жүретін тас жолдарға жақын тұратын кісілердің арасында қатерлі ісіктен өлгендер саны жолдан алыс тұратындармен салыстырғанда 9 есе артық болғанын көрсетті. Күкіртті каз оттекпен қосылып күкірт ангидридіне, су буларымен қосылып күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылының тамшылары ауада тұман болып тұрады да, жауын жауғанда жерге түседі. Ол бояуды күйдіріп жеп қояды, кісілердің өңеші мен өкпесіне, жануарлар мен өсімдіктерге өте зиянды. Топырақтың қышқылдануына байланысты өнім азаяды. Жапырақсыз тұрған бұталар мен ағаштар, ұшы соғылған қарағай мен шыршалар, түрі өзгерген жапырақ, жерге түскен қылқан – мұның бәрі ауада күкіртті газдардың көп екендігінің белгісі. Судың қышқылдығы көбейсе балықтар, су жәндіктері мен жануарлары өмір сүре алмайды. Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластанғыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. тоннаны құрайды. Бұл көлемге жер эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылауы салдарынан ауаға бөлінетін ластағыш және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді. Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні. [2,5].
3-кесте – Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер.
Қалалар |
Негізгі ластаушы көздері |
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер |
Алматы |
Энергетика, автокөлік, үй құрылыс комбинаты, асфальт-бетон зауыты, ауыр машина жасау зауыты |
Бенз(а)пирен, фторлы сутек, аммиак, шаң, көмір қышқыл газы, күйелер, азот оксидтері, ауыр металдар, аммиак |
Тараз |
Фосфор зауыты, энергетика, автокөлік |
Бенз(а)пирен, формальдегид, қорғасын, күкірт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар көмірсутегі |
Өскемен |
Қорғасын-мырыш зауыты, титан-магний комбинаттары, энергетика, автокөлік , цемент зауыты |
Бенз(а)пирен,формальдегид, қорғасын, күкірт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар, көмірсутегі |
Шымкент |
Қорғасын, фосфор, цемент зауыты, автокөлік, ЖЭС |
Қорғасын және т.б. ауыр металдар,шаң,бенз(а) пирен, азот, т.б. оксидтері |
Түркістан |
Мақта тазалайтын зауыт, қазандықтар, темір-бетон зауыты, автокөлік, теміржол обьектілері |
Көміртек оксидтері, бенз(а)пирен, ауыр металдар, пестицидтер, тұздар, күл, шаң, күйе, мұнай өнімдері |
Балхаш |
Тау-кен металлургия комбинаты, жылу орталығы |
Күкірт, көміртек, азот оксидтері, мышьяк, қорғасын, т.б. ауыр металдар, шаң-тозаң |
Ақтау |
Атом электр станциясы, автокөлік |
Радиоактивті заттектер, мұнай, көміртек, азот оксидтері, көмірсутектер |
Атырау |
Мұнай өңдейтін өндіріс орындары, химия зауыттары, гипс өндірісі |
Күкіртті сутек, көмірсутектер, шаң-тозаң. |
Жалпы соңғы жылдары ауаға автокөліктен шығарылатын зиянды заттектер көлемі 2 млн.тоннадан асып отыр.