Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 15:31, курсовая работа
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.
кіріспе………………………..........……………………………………………….
1 экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелері
1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің қажеттілігі мен алғышарттары..............................................................................................................5
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері..............................................................................................8
2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы
2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау.12
2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау.........15
2.3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері.............................................................................................................26
3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары...................................................................................................................33
3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары.36
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................44
Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Өмір сүру сапасын арттырудың басымдықтары мыналар:
Тұжырымдаманың мақсаты өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орнықты даму саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет.
1. РПТ көрсеткішін 2012 жылға қарай 37 %-ға , 2018 жылға қарай 43 %-ға және 2024 жылға қарай 53 %-ға дейін арттыру
Бірінші міндетті іске асыру:
2. 1000 адамға шаққанда өмірге келетін 18-22 баладан төмен болмайтын деңгейде ұстаған жағдайда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту
Өмір сүру сапасын арттырудың екінші міндетін іске асыру:
2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы
2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау
Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасын арттырудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған елдерінен артта қалып келеді. Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен: өмір сүрудің ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай-күйімен айқындалады.
Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффициенті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда, Қазақстан 1,17 коэффициентпен 78-орында тұр,
Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды.
Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экономикалық аспектілерін, экономикалық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда, 76 параметр есебіне негізделген Йель экономикалық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен Жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының (Колумбия университеті, АҚШ) экономикалық орнықтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасы үшін -25,5-ті құрайды, ал Ресей Федерациясы үшін -4,4, Норвегия +14,8, АҚШ +4,4.
Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша елдер рейтингінде 80-орынға ие. Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің шамасы ретіндегі бұл индекстің осындай құрамдас бөліктері бойынша әлемнің негізгі елдері арасындағы Қазақстан Республикасының жағдайы суретте бейнеленген (Сурет 1).
Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен экономикалық тұрақтылық индексінің арақатынасы бойынша Қазақстан Республикасының жағдайы келесі суретте бейнеленген (Сурет 2).
Сонымен, 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экономикалық орнықтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет.
Сурет 1- Алдағы салауатты өмірдің (жыл) орташа ұзақтығы мен халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімінің көлемі бойынша Қазақстанның әлемнің негізгі елдері арасындағы жағдайы (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша, мың АҚШ доллары).
Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде мынадай параметрлерге сәйкес келуге тиіс екенін көрсетеді:
РПТ – кемінде 43 %, ресурстарды пайдалану жиынтығы – кемінде 246,86 ГВт,
өндірілген жылдық жиынтық өнім – кемінде 113,1 ГВт.
Болжамға сәйкес, осы кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады. 53 %-ға тең РПТ кезінде «орнықты даму» траекториясына шығу және жаңартуға келмейтін табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, «озыңқы» технологиялар есебінен экономиканың өсуі қамтамасыз етіледі (Сурет 2).
Сурет 2- Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен экономикалық орнықтылық индексінің арақатынасы бойынша Қазақстанның жағдайы
Сурет -3 Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының болжанған үлгісі
Қазақстан Республикасы халқының саны өмір сүру сапасын арттырудың маңызды өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру үшін қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерді өрістету (ең алдымен, еңбек нарығы проблемасын шеше отырып), қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды еңсеру қажет.
Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кездегі 8,0-ге қарағанда), өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7,5 жылға азаюға тиіс.
Экономикалық өсім процесінде өмір сүру сапасын арттыру үшін кедейшілік деңгейін төмендету қажет. Ол үшін 2024 жылға қарай экономикалық орнықтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы көрсеткіш – 88 балға дейін жеткізу қажет. Сол арқылы өмір сүру сапасының көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады.
2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау
2006 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 8201 теңгені, тамызында Қазақстан Республикасы бойынша Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8912 теңгені, қыркүйекте Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 8 мың 736 теңгені құрады – 13 жасқа дейінгі балалардың ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 7 мың 532 теңге болса, 14-17 жастағы жігіттердегі бұл көрсеткіш 10 мың 881 теңгеге шыққан. Ал осы жастағы қыздардың көрсеткіші 8 мың 337 теңгені құраған. Еңбекке жарамды халықтың (ерлер мен әйелдерді бірге алғанда) төменгі күнкөріс деңгейі 9 мың 249 теңгені құраған. Ал зейнеткерлер мен қарттар үшін ол 8 мың 75 теңгені құрап отыр.
Күнкөрістің ең төмен деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай табыс. Ең төмен тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төмен жиынтығы болып табылады.
Ол тұтыну қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Азық-түлік қоржынын статистика жөніндегі уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы |
соның ішінде |
Орта есеппен жан басына шаққанда-ғы шамамен ара салмағы, пайызбен |
Өзгеруі пайызбен | |||
азық-түлік тауарлары |
азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер |
өткен айға |
2005 жылғы желтоқсанға | |||
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда |
8912 |
5347 |
3565 |
100,0 |
104,3 |
117,2 |
Әлеуметтік-демографиялық топтар: |
||||||
балалар, 13 жасқа дейінгі |
7739 |
4643 |
3096 |
86,8 |
115,0 |
127,1 |
жасөспірімдер, 14-17 жастағы |
||||||
жігіттер |
11075 |
6645 |
4430 |
124,3 |
102,9 |
115,3 |
қыздар |
8486 |
5092 |
3394 |
95,2 |
102,9 |
115,5 |
еңбекке қабілетті халық, 18 жастан жоғары: |
||||||
ерлер |
10515 |
6309 |
4206 |
118,0 |
102,9 |
116,2 |
әйелдер |
8342 |
5005 |
3337 |
93,6 |
102,9 |
116,1 |
зейнеткерлер мен қарт адамдар |
8222 |
4933 |
3289 |
92,3 |
103,1 |
115,8 |
Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары