Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 15:31, курсовая работа

Краткое описание

Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.

Содержание

кіріспе………………………..........……………………………………………….

1 экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелері

1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің қажеттілігі мен алғышарттары..............................................................................................................5
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері..............................................................................................8


2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы

2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау.12
2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау.........15
2.3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері.............................................................................................................26


3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары...................................................................................................................33
3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары.36


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ЖҮЙЕДЕГІ-ОРНЫҚТЫ-ДАМУ-МЕН-КЕДЕЙШІЛІК-МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 581.50 Кб (Скачать файл)

    Осы айтылғандарды ескере  отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде  қорғаудың мынадай элементтерін  қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр:

  • барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының
  • есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;
  • алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер
  • есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
  • әлеуметтік көмек және белгілі бар санаттағы азаматтарды бюджеттің
  • қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары.

     Бұдан басқа, азаматтардың  әлеуметтік қатерлерден өздерін ерікті сақтандыруды жүзеге асыруы көтермеленетін болады. Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс.  Барлық әлеуметтік төлемді неғұрлым тиімді басқару және бақылау үшін әрбір азаматқа дербес бірдейлендірілген код бере отырып, дербес бірдейлендірудің жалпы мемлекеттік жүйесі мен ұлттық дерекқоры жасалуы тиіс.

Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады. Келешекте әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қатерлер тізбесі кеңейтіледі. Мәселен, демографиялық процестердi қолдау мақсатында бала туу мен оларды тәрбиелеу әлеуметтiк көмекке мұқтаж жағдай ретiнде қаралады. Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады.

Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады. Әлеуметтiк қатерлердің алдын алудың және мүгедектердi оңалтудың (медициналық, әлеуметтiк, кәсiби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектердi әлеуметтiк, еңбекпен бейiмдеу жүйесiн құру, мүгедектердiң қоғамға кiрiгуiне жәрдемдесу жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Бұл ұсыныстар әзiрленiп жатқан Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көрiнiс табады.     Атаулы әлеуметтiк көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдерi негiзiнде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берiлетiн болады. Бұдан басқа, адамдардың белгiлi бiр топтарына - соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы аналарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзiрленедi.

Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің рөлін арттыру, ең төменгi жалақыны кезең-кезеңiмен көбейтiп, күнкөрiс деңгейiне жақындату маңызды болып табылады. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады.

 Әлеуметтік қатерлердің туындау  мүмкіндігін болдырмау және оны  қысқарту мақсатында мемлекет  алдын алу сипатындағы шараларды  қабылдайтын болады. Жұмысынан айырылып  қалудың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың  тұрақты ақы төленетiн еңбек қызметiн тауып алуын ынталандыру мақсатында мемлекет жұмыс орындарын құру бағдарламаларын жетiлдiредi. Азаматтардың еңбек мiндеттерiн атқару кезінде денсаулығы мен өмiрiне зиян келу қаупінің алдын алу үшiн мемлекет еңбек туралы заңнамалар мен еңбектi қорғау туралы заңнамалардың сақталуына бақылауды күшейтеді. Мүгедектiкке ұшырау қатерiн азайту мақсатында медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру, соның iшiнде оны қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру арқылы жетiлдiру көзделуде.     Жасы бойынша, асыраушысынан айрылу және еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк жәрдемақылар алушыларды әлеуметтiк сақтандыруды енгiзу кезiне дейін тағайындалған төлемдердi қамтамасыз ету қағидаттары өзгерiстерге ұшырамайды.

Әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесi тiкелей немесе жанама түрде қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын болғандықтан, әлеуметтiк қорғау жүйесiне әрбiр нақты азаматтың ғана емес, Үкiметтiң әлеуметтiк әрiптестерiнiң - еңбекшілердiң кәсiптiк одақтарының және жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң қатысу деңгейiн көтеру көзделедi.

  Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және оның деңгейін мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты арттыру мақсатында 2007-2009 жылдары бірқатар маңызды міндеттерді шешу көзделуде. Атқарылатын шаралар Үкіметтің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында» жан-жақты баяндалған.

Көздеген мақсатқа жету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуге негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әзірленеді. Міндетті сақтандыруға жататын әлеуметтік тәуекелдердің тізбесін кеңейту қарастырылады. Сондай-ақ базалық деңгейде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне пара-пар базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру көзделіп отыр. Әлеуметтік қамсыздандырудың ерікті деңгейінде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерікті нысандарын ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға белсенді араласуы үшін жағдай жасау жөнінде жұмыстар жүзеге асырылады. 2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу «айдан айға» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мұқтаж адамдар мемлекет кепілдік берген қызметтерге толыққанды қол жеткізуге тиіс. Жеке меншік секторы субъектілерінің әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуға қатысуын ынталандыра отырып, оларды белсенді тарту есебінен қосымша қызметтер ұсыну қажет. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және бәсекелі ортаны дамыту негізінде әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

  

 

   3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету  жолдары

    

 

  Реформа аяқталғанға дейiн мемлекет халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржыландыру көзi болып қала бередi деп көзделуде1. Мұндай жағдай мемлекеттiң қатысуының азаюына және әлеуметтік сақтандыру тетiктерiнiң дамуына қарай бiрте-бiрте өзгеретiн болады. Мемлекет барлық әлеуметтік төлемдердің толығын және уақытында төленуін бюджеттен қамтамасыз етеді.     Әлеуметтiк сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салық ставкаларын 3% азайту және сақтандыру аударымдарын қызметкер табысының 3 % мөлшерінде енгізу есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте аударымдарды төлеушілер алғашқы кезеңде жұмыс берушілер болады. Әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды дербестендіру қызметкердің, кәсіподақтардың және қызметкерлер бірлестіктерінің қаражаттардың аударылу процесiн бақылауға ықыласын арттырады. Әлеуметтiк сақтандыруға аударымдарды дербестендiру есебiн енгiзу әлеуметтiк қорғау жүйесiн реформалаудың аса маңызды шарттарының бiрi болып табылады.    

Республикасында әлеуметтік қорғаудың жаңа саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидаты болып табылады. Жүйеге қатысушылардың қызметін бақылау мемлекетте қалатын болғандықтан, мемлекеттің рөлі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы деңгейі жоғары болған жағдайдың өзінде де жетекші болады. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік сақтандыру және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу саласындағы әлеуметтік өлшемдерді өзгерту жөнінде шаралар қабылдау үшін актуарлық әлеуетті күшейтеді.

Әлеуметтiк сақтандырудың міндетті түрлерiн енгiзу жүйеге қатысатын азаматтардың аударымдарын шоғырландыру үшiн мамандандырылған институттарды құруды қарастырады. Шектелген ынтымақтастық қағидатына негізделген әлеуметтiк сақтандыру жүйесi дамуының халықаралық тәжiрибесiн ескере отырып, халықтың толық қамтылуын және бүкiл жүйенің сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету, әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту мақсатында мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлiк қоғам түрiнде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) құрылмақ. Аударымдардың қатысуы мен мөлшерiн жеке бақылау арқылы Қор қысқа мерзiм ішінде еңбектің ресми секторын, соның ішінде жекеше ұйымдар үшін қызығушылық тудырмайтын шалғайдағы ауылдық аудандарды әлеуметтік сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді. Осымен қатар Қордағы қаражатты мақсаттан тыс пайдалану мүмкiндiгiн болдырмайтын бақылаудың пәрмендi тетiктерi енгiзiледi. Қордың инвестициялау қызметiнiң шеңберi, қаражаттарды басқару және инвестициялау жөнiндегі рәсiмдер, Қордың активтердi сақтау мен есепке алу құқықтары мен міндеттері заңмен белгiленетiн болады. Қордың қаражатын негiзiнен мемлекеттiк бағалы қағаздарға инвестициялау көзделедi. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесімен тығыз өзара байланысын ескере отырып, оның функциялары мен міндеттері кеңейтіледі. Қордың міндеттемелері қолданылып жүрген акционерлік қоғамдар

туралы заңнаманың шеңберінде мемлекеттің акционер ретіндегі ғана міндеттемелері болып табылады. Сонымен бірге, келешекте міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдер төленуін ұйымдастыру кезінде жекеше институттардың қатысуын қарастыруға болады. Әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар өзгерген кезде міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі өлшемдеріне түзетулер уақтылы енгізіледі.

    Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі дамып келеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қамтуды ұлғайту жөнінде жұмыс жүргізілуде, осының нәтижесінде олар үшін Қорға кемінде бір рет әлеуметтік аударым төленген қатысушылардың саны 2006 аяғында 4,5 млн. адамнан асты. 2006 жылы шамамен 9,5 мың адам еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды. «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы іске асырыла бастағанына бір жарым жылдан астам уақыт болды. Осы Заңның аясында «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» өмірді сақтандыру қомпаниясы жұмыс істейді, оның негізгі қызметі аннуитеттік өнімнің жекелеген түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 2006 жылы Компания 3 мыңнан астам сақтандыру шарттарын жасап, жалпы сомасы 12,2 млн. теңгенің, оның ішінде – 10,8 млн. теңгенің әлеуметтік төлемдерін жүзеге асырды. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру  2006 жылдан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі базалық әлеуметтік норматив болып бекітілді, ол жалақының, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және кедейлік шегін белгілеу үшін пайдаланылады.

ЕТКД шамасын айқындау әдістемесі өзгертілді, бұл оның мөлшерін төрттен бірден астамға көбейтуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы ЕТКД шамасы 8410 теңге болды.

Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың қатары азайып, бұл көрсеткіш 2006 жылғы үшінші тоқсанда 2005 жылғы ұқсас кезеңдегі 31,0 %-ға қарағанда 17,7 %-ды құрады.

Кедейлікті жеңуде атаулы әлеуметтік көмектің маңызы зор. Атаулы әлеуметтік көмек енгізілген сәттен бері (2002 жылдан бастап) осы көмекті көрсетуге арналған шығыстар 30 млрд. теңгеден асты. 2006 жылы 339 мыңнан астам адам 3,4 млрд. теңге сомасында әлеуеттік көмек алған. (4-слайд)

2006 жылы ана мен баланы қолдауға  баса назар аударылды. Қазіргі  кезде бала тууына байланысты  берілетін біржолғы жәрдемақы, мөлшері  балалардың санына қарай саралап  белгіленетін бала бір жасқа  толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы түрлері жүзеге асырылуда.

2006 жылы мемлекеттік бюджеттің  осы жәрдемақыларды төлеуге арналған  шығыстары 14 млрд. теңгеден асты. Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған азаматтардың басқа санаттарын әлеуметтік қорғау, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру жөніндегі міндеттер орындалды. Жаппай саяси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға берілетін біржолғы өтемақы төлемдері жүзеге асырып келеді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңа заң қабылданып жүзеге асырылуда, оны іске асыру жөніндегі Бағдарлама мақұлданды.

2006 жылдан бастап оңалтудың жеке  бағдарламасына сәйкес мүгедектерге  мынадай әлеуметтік қызметтер: жүріп-тұруда  қиындық көретін бірінші топтағы  мүгедектерге – жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері  көрсетіледі. Мүгедектер гигиеналық  құралдармен, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмекпен қамтамасыз етіледі. Медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін ұлғайту және оларды қаржыландыруды жақсарту жөнінде шаралар қабылдануда. Облыстарда қарттар мен мүгедектерге арналған, олардың тұратын жеріне жақын сыйымдылығы шағын (50 орынға дейінгі) интернат-үйлер жүйесі дамып келеді. Мүгедектерді оңалту және жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуы жөнінде облыстардың есептерін тыңдау тәжірибесі жалғасуда. Қорытынды мен ұсыныстары бар тиісті ақпарат жиынтығы Үкіметке және Президент Әкімшілігіне жіберіледі. Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралыҚазақстан Республикасы Парламентіндегі Еңбек кодексінің жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталуға жақын. Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбекті қорғауды басқару жүйесін (МОТ-СУОТ 2001) пен OHSAS 18001:1999 стандарттарын қазақстандық кәсіпорындарға енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік әріптестік институты дамып келеді. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау жөнінде шаралар қабылдануда. Оперативтік деректер бойынша 2006 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 21 мыңнан астам (21377) тексеру жүргізген, бұл 2005 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 %-ға артық. Тексеру барысында 130 мыңнан астам заң талаптарын бұзушылықтар айқындалды. 1485 іс құқық қорғау органдарына жіберілсе, олардың ішінде 121 іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі маңызды шаралардың бірі халықтың жұмыспен тұрақты қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта Халықты жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылып келеді. Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша 2006 жылы 7,4 млн адам республика экономикасы салалрында жұмыспен қамтылған (2005 жылға қарағанда 142,7 мың адамға - 2 %-ға артық). (6-слайд)

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары