Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 15:31, курсовая работа

Краткое описание

Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.

Содержание

кіріспе………………………..........……………………………………………….

1 экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелері

1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің қажеттілігі мен алғышарттары..............................................................................................................5
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері..............................................................................................8


2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы

2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау.12
2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау.........15
2.3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері.............................................................................................................26


3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары...................................................................................................................33
3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары.36


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................44

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ЖҮЙЕДЕГІ-ОРНЫҚТЫ-ДАМУ-МЕН-КЕДЕЙШІЛІК-МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 581.50 Кб (Скачать файл)

Негізгі проблемалардың бірі, ол оқу орнын бітіретін түлектерді жұмыспен қамту болып табылады. Облысымызда орналасқан 16 жоғары оқу орындарының жіберген мәліметтеріне сүйенсек  2004/2005 оқу жылын 8593 жас маман бітірген болса, олардың 6745-і ғана  жұмысқа орналасқан немесе оқу бітірушілердің 78,5 пайызын құрайды.  Ал 2005/2006 оқу жылын 7171 түлек бітіретін болса, оның 3292 – і  ғана алдын-ала жұмыс берушілермен келісім шарттарға тұрған немесе 46 пайызы. Талдау көрсеткендей, 2006 жылы оқу бітірушілердің саны 2005 жылмен салыстырғанда 1422 адамға дейін азайған.  
Керісінше, 2006 жылдың 1-ші мамырындағы мәлімет бойынша жұмыспен қамту бөлімдерінде ресми тіркелген  жұмыссыздың саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3707 адамға өсіп 13924 адамды құрады. Оның 1126-ның жоғары, 2018-нің орта арнаулы, 1650-нің бастауыш кәсіби білімі болса, қалған 9094-нің жалпы орта және 36-ның 8 сыныптық білімі барлар. 
Аталған проблеманы шешудің бір жолы ол оқу орындарында жас түлектерге арнап жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары және лауазымды қызметтер жәрмеңкелерін өткізу болып табылады. Осы мақсатта  жыл басынан бері, яғни 5-айда облысымыздың оқу орындарында 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті. Онын 4-і жоғары оқу орны болса, 5-і орта арнаулы және 2-і кәсіптік мектепте. Оқу бітірушілерге 178 жұмыс берушілер 3101 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 4156 жас түлек қатысып 2349-ы жұмыс берушілермен алдын-ала келісім шарттарға тұрды, 2143-і еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнамалардан түсініктеме алды. Жыл аяғына дейін облысымыздың оқу орындарында, жұмыспен қамту бөлімдерінде, сонымен қатар білім бөлімдерімен бірлесіп өткізілетін жәрмеңкелердің барлық саны 50-ге жуық болады деп күтілуде. Педагогтарды жұмысқа орналастыруға арналған жәрмеңкелер  осы жылдың тамыз айында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өтеді. Оған оқу бітіруші жастар мен жұмыссыздар қатыса алады.

2007 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыстағы ірі жіне орта кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелерде орташа жалақы 25444 теңге. 
Облыс бойынша шаруашылық субъектілерінде жалақы қарызы жоқ.

Еліміз экономикасы дамыған сайын мүгедектерді оңалту мәселелеріне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлініп келеді. Оларды оңалтуды халықаралық нормалар талаптарына сәйкестендіруге қадамдар жасалуда. Осы бағыттағы негізгі нормативтік құжат 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы болып табылады. Аталған Заңда   мүгедектік, мүгедек, мүгедек бала деген ұғымдарға кеңінен түсінік берілген.

а) Мүгедектік– организм функциялары тұрақты бұзылуы  салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектеулі дәрежесі;   
б) Мүгедек  – тіршілік – тынысының шектелуіне және әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы  бұзылған адам.

в) Мүгедек бала – тіршілік–тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, қаражаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған адам.

Мүгедектерді оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе оның орнын мүмкіндігінше толықтай толтыруға бағытталған медициналық,әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды. 
Мүгедектерді оңалту мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасына және медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде анықталатын мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.  
Мүгедектерді оңалту 3 түрге бөлінеді.

1. Мүгедектерді медициналық оңалту 

    1. қалпына келтіру терапиясын (дәрі-дәрмекпен, физикалық, санаторий – курорттық емдеуді және организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған басқа да емдеу әдістерін);
    2. қайта жасау хирургиясын;
    3. протездік – ортопедиялық көмекті қамтиды.

Медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары  мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. 
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту:

1) мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзін-өзі қарап-күтудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негізгі әлеуметтік  дағдыларына үйретуді; 
2) мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді;

3) басқа адамның күтімі мен  көмегіне мұқтаж мүгедектерге, соның  ішінде мүгедек балаларға үйде  әлеуметтік қызмет көрсетуді;

4) жеке оңалту бағдарламасына  сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер  көрсетуді: 
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді; 
естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын беруді; 
5) медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуді; 
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетуді; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды.

3. Мүгедектерді кәсіптік оңалту

  1. Мүгедектерді кәсіптік оңалту:
  • кәсіптік бағдар беруді;
  • кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды);
  • жұмысқа орналастыруды қамтиды.

     Кәсіптік бағдар беруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

3. Мүгедектерді кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  алынған лицензия негізінде білім беру қызметін жүргізетін ұйымдар жүзеге асырады.  
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жер шарындағы әрбір оныншы тұрғын - мүгедек. Халық арасында қоғам,әлеумет, үкімет қолдауына зәру жандар аз емес. Сондай адамдардың қатарында мүгедектер де бар.  Статистика мәліметтері көрсетіп отырғандай бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 71 мыңнан астам түрлі дәрежедегі мүгедек, соның ішінде   16 жасқа дейінгі 9810 мүгедек балалар есепке алынған.   
Облыста мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды оңалту шараларымен қамтуға үлкен мән беріліп отыр. 

Облыста мүгедектердің сауықтырылу жағдайы өз шешімін тауып келеді. 2005 жылы Ардагерлер үйінде 920, Сарыағашта 225, Манкентте 166, Денсаулық шипажайында 241 және Спутник демалыс үйінде 170 мүгедек емделді.  
2004 жылдан бері 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері ашылып жұмыс істеуде. Қазір 8 аудан, қалада 10 бөлімше 1315 баланы тұрақты қамқорлыққа алған. Мұндай бөлімшелер жыл аяғына дейін облыстың барлық аудан, қалаларында ашылады деп күтілуде. Облыста мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі түрде атқарылып келеді. 2005 жылы бюджет, демеушілердің есебінен барлығы 442 мүгедек қоларбамен қамтамасыз етілді.  Облыс бойынша қол арбадағы мүгедектердің ғимараттарға кедергісіз кіруіне мүмкіндік беретін пандустар жөніндегі мәліметтер нақтыланып отырады, қазіргі уақытта 300-ден астам мекеме, ұйым, инфрақұрылымдар мен ғимараттарға пандустар жасалынған.  
Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс істеп келеді, қазіргі уақытта облыс бойынша 16 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылып, олар 1600-ден астам балаларды қамтыған. Сондай-ақ Шымкент қаласында 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, 1 балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істеуде. Сондай-ақ облыстық мүгедектерді оңалту орталығы ашылып отыр.  2006 жылдан бастап жүріп-тұруы қиын  1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін беру, естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманы қызметін ұсыну, мұқтаж мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі оңалту шаралары енгізіліп отыр.  
Бұл оңалту шаралары Заңға сәйкес 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап және медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

2006 жылы Республикалық бюджеттен  оңалтудың осы 3 түрін жүзеге асыру  үшін 56 млн. теңге бөлініп отыр.     

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 8 медициналық-әлеуметтік  мекеме қарайды, олардың ішінде 300 орындық қарттар үйі, 840 орындық 4 психикалық жүйке аурулары интернаттары, 430 орындық  мүгедек  балаларға арналған 2 интернат үйі және 150 орындық мүгедектер қатарынан есепші, тігінші мамандықтарын дайындайтын кәсіптік мектеп бар. Қазір бұл мекемелерде барлығы 1700 мүгедектер мен қарттар тұруда, олар толық мемлекет қамқорлығында, 4 мезгіл құнарлы тамақ, тәулік бойғы медициналық қызмет ұйымдастырылған. Оның ішінде әлеуметтік, медициналық оңалту шаралары ұсынымға сәйкес жүргізіледі. 
Ал кәсіптік мектепте мүгедектер есепші, тігінші мамандықтарына оқып, қәсіби оңалтудан өтеді. Мұнда жылына 70-75  мүгедек жастар білім алып шығуда.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды: 
1) жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу арқылы;

2) жеке кәсіпкерлікті, шағын және  орта бизнесті дамыту арқылы  мүгедектер үшін қосымша жұмыс  орындарын құру;

3) мүгедектерді Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін арнаулы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру; 
4) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етеді. 
1. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін ұзақтығы аптасына отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын ұзақтығы он бес жұмыс күнге дейін ақы төленетін қосымша демалыс беріледі. 
2. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және егер оның мұндай жұмыс істеуіне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етіледі.Мүгедектікті сылтау етіп еңбек шартын жасасудан не қызметін жоғарылатудан бас тартуға, мүгедекті жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босатуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары

    

3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары

 

2007 жылғы 10 қаңтарда өткен Парламент  палаталарының бірлескен отырысында  Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев жаңа Үкіметке әлеуметтік  саясаттың барлық бағыттары бойынша жұмыстарды жалғастыруды нақтылап тапсырды. “Әлеуметтік салада біз көп істер атқардық және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді одан әрі жетілдіреміз”, деді. Әлеуметтік саясат бұл әр түрлі топтағы халықтың материалдық және өмір сүру жағдайына мемлекеттің мақсатты түрде ықпал етуі, сонымен қатар, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жылдары болып заңмен қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу нысанынан 2005 жылға – 1,5  %, 2006 жылға – 2  %, 2007 жылға – 3  % мөлшерінде белгіленген.

Осылайша, қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу әлеуметтік аударымдардың белгіленген ставкасы бойынша жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарынан төленеді. Өздеріне табыс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, алатын табыстарынан әлеуметтік аударымдар төлейді.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығындары төмен, халықты қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделіп отыр.

Жаңа жүйе адам өмірде тап болуы мүмкін негізгі қатерлерден халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және дербестендірілген жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудың элементтерін қамтитын аралас жүйе болады. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуы, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы; тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс.

Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлердің негізінде қалыптастырылады.  Әлеуметтік қорғаудың іске асыруға ұсынылып отырған жүйесі:

  • әділ - әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтілі мен жалақысына байланыссыз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек;
  • әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;
  • пәрменді - жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;
  • тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым болуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет;
  • қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары