Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 10:57, курсовая работа
Жұмыстың міндеттері:
экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;
экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;
заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;
заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.
Кіріспе 3
1. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері 4
1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі 4
1.2 Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің қылмыс құрамдарын саралау 9
1.3 Экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздері 16
2 Заңсыз аңшылық қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы 23
2.1 Заңсыз аңшылық қылмысының субъектісі мен субъективтік жағы 23
2.2 Заңсыз аңшылық қылмысының обектісі мен обективтік жағы 25
2.3 Соттардың заңсыз аңшылық қылмыстары үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы негіздері 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33
Қылмыстық кодекстің 283-бабының З-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әpeкeттep үшін жауаптылық көзделген.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2, З-тармақтарындағы қылмыс - материалдық құрамға жатады.
Балықтардың ауруға, өлім-жітімге ұшырауы, тұқым шашпауы және тағы басқа зиянды зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі зиян болып табылады.
Қылмыс занда көрсетілген балама зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі.
Қылмыстың субъектісі - жалпы, 16-ға толған кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 281-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын түрі- адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.
Адамның денсаулығына зиян келтіруге - жеңіл, орта, ауыр дене жарақатын келтірулер (бір адамға болса) жатады.
Төтенше Экологиялық жағдай аумағының тусініғіне Қылмыстық кодекстің 279-бабына талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.
Қк -тің 281-бабының 2-тармағында сөз болып отырған - ерекше қорғалалын табиғи аумақ және төтенше экологиялық жағдай аумағы қылмыстың істелетін орны. Заңға сәйкес бұл жерлерде жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстың зардабының болған, болмағанына қарамастан қылмыс болып табылады [5, 276 б]
Қылмыстық кодекстің 281-бабының З-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер абайсызда кісі өліміне әкеп соққан ы үшін жауаптылық белгіленген
Атмосфераны ластау (ҚР ҚК 284 бап) қылмысының тікелей объектісі атмосфералық ауаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың заты - табиғи ортаның элементі атмосфералық ауа. Объективтік жағынан қылмыс: а) атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзу; б) бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соғу; в) бұлардың арасындағы себепті байланыстар арқылы сипатталады.
Атмосфераға ластанатын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды және арнайы өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау» және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңдарында көрсетілген талаптарын бұзған, лас заттарды атмосфераға шығаруды болғызбау, лас заттарды шығаруды азайту жөніндегі шараларды жүргізбеу, лас заттарды тазалау және оларды бақылау шараларын жүзеге асырмау, қондырғыларды, ғимараттарды немесе өзге де объектілерді пайдалану кезінде зиянды физикалық ықпал ету шегінің белгіленген нормативтерін сақтамау, зиянды ауаны жоятын фильтрлі қондырғыларды, бақылау-өлшеу приборларын пайдаланбай жұмыс істеу сияқты әрекеттер жатады.
Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі - ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына және өзге де өзгеруіне әкеліп соғу (мысалы, жылу радиациясының зияңды әсерлері, атмосфералық ауаның физикалық, химиялық құрамы бұзылып, ол адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру қатерін туғызуы) болып табылады әрекет пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Қылмыс құрамы материалдық.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі - лауазымды немесе жай адам. Адамныңденсаулығына зиян келтіру (282-баптың 2-тармағы) және абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әpeкeтrep (282-баптың З-тармағы) осы қылмыстың ауырлататын және аса ауырлататын түрлері болып табылады.
Теңіз аясын ластау Қылмыстың объектісі - теңіз аясының экологиялық қауіпсіздігі. Қылмыстың істелу орны - ішкі теңіз сулары, Казақстан Республикасының аумақтық теңізі және ашық теңіз сулары болып табылады.
Қылмыс объективтік жағынан құрғақтағы көздерден, не адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін затгар мен материалдарды көму немесе оларды көлік құралдарынан немесе тен,ізде орнатылған жасанды құрылғылардан тастау ережелерін бұзу салдарынан теңіз аясын ластау арқылы көрініс табады.
Теңіз сулары на араласқан жағдайда адамның денсаулығына, теңіздің жанды ресурстарына, теңіз суларын Maқcaтrы пайдалануға қауіп келтіретін, халықаралық шартгар бойынша бақылауға алынған затгар зиянды затгар деп танылады.
Ластау көздері болып зияңды затгарды теңіз аясына тастайтын объектілер жатады. Заңда олар құрғақтағы көздер, көлік құралдары немесе теңізде орнатылған жасаңды құрылғылар деп көрсетілген
Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін затгар мен материалдарды көму немесе .оларды көлік құралдарынан немесе теңізде орналасқан құрылғылардан тастау ережелерін бұзу болып табылады.
Көму - зиянды затгар мен материалдарды теңізге тастау немесе оларды теңіз суы аясында қалдыру болып табылады. Қылмыс көрсетілген затгар мен материалдарды тастаған yaқыттaн бастап аяқталған деп табылады.
Тастауға - зиянды затгар мен материалдарды белгіленген ережелерге қайшы түрде теңіз суы аясына әдейілеп лақтыру жатады.
Теңізде орнатылған жасанды құрылғыларға - теңіз аясында белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған техникалық құрылымдар, бұрғылау қоңдырғылары, теңіздегі құрылыстар жәнеТ.б. жатады.
Адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды заттарға - тірі организмді уландыруға, жоюға немесе оларға ауру жұқтыруға қабілетгі улар, мұнай және мұнай өнімдері, спирт, сульфид, хлорлы затгар, тұз және басқа затгар, нәрселер жатады.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-тармағында адамныңденсаулығына, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулі зиян келтірген дәл сол әpeKeтrep үшін жауаптылық белгіленген.
Елеулі зиянға адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр жарақатгар келтірілуі, жұқпалы ауруға душар болуы, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жоятын, бүлдіретін әpeкeттepдiң орын алуы, балық қорының азаюы, тұқым шашпауы, қоршаған ортаның улануы, бүлінуі, теңіз жағасында зиянды затгардың көбеюінен демалыс аймақтарын Maқcaтrы пайдаланудың мүмкіндіктерінің болмай қалуы, оны қалпына келтіру үшін орасан материалдық және қаржы қаражатының қажет болуы жатады. Келтірілген зиянның елеулі немесе елеулі еместігін нақты жағдайларға қарап сот анықтайды.
Қылмыстық кодекстің 283-бабының З-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әpeкeттep үшін жауаптылық көзделген.
Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қаупiн төндiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе токсиндерді жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн заңсыз әкелу, егер бұлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қатерiн туғызса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ветеринарлық ережелердi бұзу iндеттерге немесе өзге де зардаптарға әкеп соқса - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттер ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге де өзгеруiне әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
Адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан теңiз аясын ластау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
Адамның денсаулығына, жануарлар немесе өсiмдiктер дүниесiне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Информация о работе Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері