Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 10:57, курсовая работа
Жұмыстың міндеттері:
экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;
экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;
заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;
заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.
Кіріспе 3
1. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері 4
1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі 4
1.2 Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің қылмыс құрамдарын саралау 9
1.3 Экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздері 16
2 Заңсыз аңшылық қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы 23
2.1 Заңсыз аңшылық қылмысының субъектісі мен субъективтік жағы 23
2.2 Заңсыз аңшылық қылмысының обектісі мен обективтік жағы 25
2.3 Соттардың заңсыз аңшылық қылмыстары үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы негіздері 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33
Қылмыстың субъективтік жағына мыналар жатады: кінә, қылмыс жасаудағы ниет (себеп) және мақсат.
Бұл белгілердің барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді. Бұл белгілердің әрқайсысының мәні әртүрлі.
Кінә - қылмыстың кез-келген құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы да болмайды, сәйкесінше қылмыстық жауаптылық та орын алмайды.
Қылмыстық заңға сәйкес, кінә бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық ҚР ҚК-нің 19 – б. 3 – б. бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл – олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы – қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.
Қылмыстардың талдау жасалатын құрамдарының субъектісі – ортақ,
Заңды тұлғаларды экологиялық қылмыстың субъектісі ретінде анықтаудың пайдалылығы жөнінде айтуға мүмкіндік беретін тағы бір жағдай бар. Кейбір жағдайлар қандай да бір тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болмайтын да жағдай кездеседі. Су және ауаға ортақ 6 - баллдық классфикация бойынша мазуттық тасталуынан болған ластану 5 классқа жатқызылды. Ол өз кезегінде шекаралас аймақтардың тұрғындарында тері және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін туғызуы мүмкін. Кінәланып отырған лауазымды тұлғалар мазуттық өткізгішпен жұмысты ұйымдастырудағы өз қызметін, міндеттерін тиісінше орындауына кедергі келтіре алатын субъективтік және объективтік факторларды - тергеулерді орнатқан жоқ.
мүмкіндіктерін жеңілдетуге әрекет ететіні айдан анық.
Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретінде танылу мәселесі заң шығарушы деңгейде 1991 жылдан бері қарастырылып келе жатыр . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын алдын – ала қарастырылған кезде бұл мәселе жағымды шешілген еді, бірақ жобаны талқылап, дауыс берген кезде осы ереже өтпей қалды, сөйтіп Қылмыстық заң бұл қатынаста ескі позицияда қалды. Соған қарамастан, бұл берілген мәселенің түбегейлі шешілгендігін білдірмейді, себебі мақсатқа сәйкес келуден басқа мәселені шешудің қажеттілігі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне енуімен байланысты осы Халықаралық ұйым нұсқаған ережелермен келісілген шешім қабылдауға міндетті екендігінен туындап отыр.
Қылмыс субъектісін сипаттауды аяқтай келе, ” арнайы субъектіге” тоқтала кету жөн, ол қылмыстық құқық теориясында міндетті белгілерден басқа ( жас, есі дұрыстық ) тағы қандай да бір қосымша белгілерге ие адам болып танылады. Олар оның әлеуметтік, қызметтік, мамандық жағдайын, әскери қызметке деген қатынасын, жынысын, жасын сипаттай алады. Бұл белгілер тек қана қылмыстық – құқықтық нормада нақты анықталған жағдайда ғана саралауға әсер тигізуі мүмкін.[7, 211 б] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабы атмосфералық ауаны қылмыстық түрде ластаған адамға тән қосымша қандай да бір белгілер туралы айтуға рұқсат бермейді. Сондықтан да, егер берілген қылмыс арнайы субъектімен жасалған жағдайда (мәселен лауазымды адаммен жасалса) онда екі немесе одан көп қылмыстың жиынтығы жөнінде сөз болу керек. Лауазымды қызметкерлер арасында ауаны қылмыстық түрде ластаудың субъектілері болып, кәсіпорын басшылары, олардың орынбасарлары, бас инженерлер, бас технологтар және басқа да бас мамандар, цех, смена басшылары, технологиялық процестің дұрыс жүргізілуі үшін, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды сақтау үшін яғни атмосфералық ауаға қалдық тастауды реттеуге сәйкес нормативтер үшін жауап беретін және тазартушы құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі, өндіріс қалдықтарын тазарту үшін тікелей жауап беретін шеберлер және басқа да адамдар. Сонымен қатар тазартушы құрылғылары жоқ немесе пайдасыз тазартушы құрылғылары бар объектті, агрегатты, цехты, кәсіпорынды эксплуатацияға қабылдаған адамдар. Бұл жерде қоршаған ортаға залал келтіруде жанама ойдың болғаны дәлелденуі керек, берілген жағдайда көбінесе қылмыстық жауапкершілік болмайды, себебі абайсыз кінә нысаны болады.
Оған қоса, берілген қылмыс субъектілері болып тікелей потенциалдық ластаушылар мен жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Мәселен, мұнай мен газды тасымалдау жасайтын станцияларда жұмыс істейтін адамдар, транспорттық құрал жүргізушілері, авиаторлар және басқа адамдар.
Заңнамада,
сот практикасында және
Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады
Қылмыстың объективтік жағына қылмыстың сыртқы көрінісін сииаттайтын мына белгілер жатады:
-Белгілі бір объектіге қол сүғатын әрекет немесе әрекетсіздік,
-Қоғамға қауіпті зардаптар;
- әрекет пемесе өрекетсіздік пен зардап арасындагы ссбепті байланыс;
-қылмыстың жасалу тәсілі, уақыты, орны, жагдайы және қаруы мен құралы;
Бұл обьективті белгілер барлық қылмыс құрамдарына тән және олар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде зерттеледі..
Жоғарыда аталған қылмыстың объективтік жағының белгілері міндетті және факультативті болып екіге бөлінеді. Міндетті белгісіне әрекет немесе әрекетсіздік нысандағы қоғамға қауіпті іс-әрекет жатады. Өйткені, ешбір қылмыс белгілі бір нақты іс-әрекетсіз жасалмайды. Іс-әрекет ҚК Ерекше бөлім бабының диспозициясында тікелей көрсетіледі немесе соның мазмұнынан шығады.
Қылмыс құрамының объективтік жағының факультативті белгілеріне: қоғамға қауіпті зардап, әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыс, қылмыстың жасалу уақыты, орны, жағдайы, тәсілі және құралы жатады. Бұл белгілер кейбір жағдайларда, егер олар ҚК Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетілсе қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісіне айналады.
Қылмыстың объективтік жағының қылмыстық-құқықтық маңызын мынадай бірқатар жағдайлармен сипаттауға болады:
Біріншіден, қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының міндетті элементі болып табылатындықтан қылмыстың жауаптылық негізіне кіреді.
Екіншіден, қылмыс құрамының объективті жағының белгілері көпшілік жағдайларда қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтауға көмектеседі.
Үшіншіден, қылмысты дұрыс саралау үшін қылмыстың объективтік жағының маңызы елеулі.
Төртіншіден, қылмыстың объективтік жағы ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажырату, сонымен бірге қылмыстық әрекетті қылмыс емес әрекеттен ажыратудың бір критерийі больш табылады.
Бесіншіден, сотта жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың объективтік жағының белгілері жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ретінде жасалған қылмысқа сәйкесті әділ жаза тағайындауға негіз болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзуға байланысты қылмыс жасалған аумақ шегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе төтенше экологиялық жағдай аумағы (ҚК-нің 278-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 281-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 285-бабының екінші бөлігі, ҚК-нің 288-бабының бірінші бөлігі) болып табылатындығы жөніндегі мәселе анықталған кезде «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының ерекше қорғалатын табиғи аймақ қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негізін белгілейтін және анықтайтын ережелерін негізге алған жөн.
Адамның тірлігіне
қатысы жоқ табиғат аясында
емін-еркін тіршілік ететін
Жабайы құстар
мен жануарларды олжалау
Қолында атылатын
қаруы, қақпандары және басқа
да аңшылық құрал- жабдықтары, қасында
аңға салатын иттері және
Заңсыз аңшылық кезінде
автокөлік құралдарын немесе
әуе кемесін қолдану (ҚК-нің 288-бабының
бірінші бөлігінің «б» тармағы)
деп осындай құралдарды
Егер заңсыз аңшылық, су жануарлары мен өсімдіктерді олжалау заңсыз жолмен алынған, дайындалған немесе сақталған атылатын қаруды (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), әскери қару-жарақтар немесе жарылғыш заттар пайдаланылып жасалса, онда кінәлінің әрекеті экологиялық қылмыстар жасағаны және атылатын қаруды, әскери қару-жарақтарды заңсыз жолмен алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны үшін жауаптылық көздейтін (ҚК-нің 251-бабы) баптар жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Балық, теңіз аңдары
мен өзге де су жануарларын
немесе өсімдіктерін заңсыз
Мұндай әрекеттер үшін ҚК-нің 287-бабы бойынша, егер мынадай мән- жайлардың ең болмағанда біреуі анықталса:
а) ірі шығын келтірілсе;
б) кінәлі адам
өз бетімен жүретін жүзу көлік
құралын, жарылғыш және химиялық
заттарды, электр тогын немесе
су жануарлары мен
в) уылдырық шашатын
немесе оларға баратын
Су жануарларын
немесе өсімдіктерін заңсыз
Кәсіпорындар мен ұйымдар арнайы құрылған немесе дайындаған тоғандарда өсіретін балықтарды, су жануарларын аулауға кінәлі тұлғалардың әрекеті немесе осы ұйымдар немесе питомниктер аулаған балықты, су жануарларын иемдену, сондай-ақ аңдарды ұстайтын орындағы жабайы аңдарды, құстарды иемдену бөтеннің мүлкін иемдену ретінде саралауға жатады.
Заңсыз су кәсіпшілігі,
аңшылық, ағаш кесу туралы істер
бойынша ірі (елеулі) зиянның бары
немесе жоқтығы туралы мәселе
заңсыз ауланған балықтың, су
жануарларының, олжаланған аңның, кесілген
немесе зақымдалған ағаштардың
саны, құны, экологиялық құндылығы,
сондай-ақ жануарлар мен
Осы орайда олжаланған
аң-құстардың саны мен құнын
ғана емес, сонымен тұтастай алғанда
жануарлар мен өсімдіктер
ҚК-нің 287, 288-баптарында
көзделген қылмыстар, шын мәнінде
балықты, су жануарларын немесе
өзге де жануарларды, өсімдіктерді
олжалап алған-алмағанына
Бұзылған тазалау
құрылғылары мен құралдары бар
өндірістік, ауыл шаруашылық, коммуналдық
және басқа да объектілерді
пайдалану, тазалау құрылғылары
мен құралдарын тоқтату, минералдық
тыңайтқыштар мен
Елеулі зиян
келтіру деп ҚК-нің 281-бабының
бірінші бөлігі және ҚК-нің 283-бабының
екінші бөлігі бойынша
Информация о работе Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері