Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 10:57, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың міндеттері:
экологиялық қылмыстардың түсінігін ашу;
экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздерін сипаттау;
заңсыз аңшылық қылмыстардың субъектісі мен субъективтік жағын ашу;
заңсыз аңшылық экологиялық қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын ашу.

Содержание

Кіріспе 3
1. Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері 4
1.1 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі 4
1.2 Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің қылмыс құрамдарын саралау 9
1.3 Экологиялық қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бойынша жауаптылық негіздері 16
2 Заңсыз аңшылық қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы 23
2.1 Заңсыз аңшылық қылмысының субъектісі мен субъективтік жағы 23
2.2 Заңсыз аңшылық қылмысының обектісі мен обективтік жағы 25
2.3 Соттардың заңсыз аңшылық қылмыстары үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы негіздері 27
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер 33

Вложенные файлы: 1 файл

kurstyk_zhumys.docx

— 74.71 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Жердi улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезiнде оларды ұстау ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтiң зиянды өнiмдерiмен бiлдiру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтiруге, жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауына әкеп соқса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кен өндiру кәсiпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетiнше құрылыс салу, егер бұл әрекеттер едәуiр зиян келтiруге әкеп соқса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, мемлекетке iрi көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуiне әкеп соқса - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Балықты және өзге де су жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:

а) елеулi зиян келтiре отырып;

б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;

в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;

г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;

e) өздiгiнен  жүретiн жүзгiш көлiк құралы  пайдаланылып;

ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет:

а) елеулi зиян келтiрiп;

б) механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және құстар мен аңдарды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып;

в) аулауға толық тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты;

г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау барысында жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiнің бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн немесе олар мекендейтiн жерлердi заңсыз алу, сатып алу, сату, сол сияқты жою - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -

жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, -

екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.

Отты немесе өзге де қауiптiлігi жоғары көздердi ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды жою немесе зақымдау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауiптi әдiспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимi бұзылып, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қасақана зақымдау немесе жою, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi адам өлiмiне, не адамдардың жаппай ауыруына, не қоршаған орта үшiн өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -бес жүзден мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Заңсыз аңшылық қылмысының қылмыстық құқықтық сипаттамасы

 

2.1 Заңсыз аңшылық қылмысының субъектісі мен субъективтік жағы

 

Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстың заңда көзделген белгілі бір жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.

Қылмыс субъектісінің белгілері қандай? Егер қылмыс жасаған жеке тұлғаның бойында, есі дұрыстық, қылмыстың заң тағайындаған жасқа жету сияқты белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті. Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7, 14 – баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қылмыстық және қылмыстық жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған.

Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дұрыс, яғни өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алатын, оның шын мәніндегі сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке тұлға болуы керек. Ал, психикасының бұзылуына байланысты мұндай қабілеттен айырылған есі дұрыс емес (ҚР ҚК 16 - бабы) тұлғалар қылмыстың субъектілері бола алмайды. Тіпті психикасы сау адамның да сана мен еркінің қабілеті белгілі бір жасқа толғанында ғана пісіп жетіледі. Осыған байланысты – қылмыстық заң қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын жас мөлшерін тағайындаған (ҚР ҚК 15 – б.).

Бұл көрсетілген үш белгі қылмыс субъектісінің ортақ заңды белгілері болып табылады. Олар қылмыстың кез-келген құрамының міндетті белгілер болып табылады және бұлардың біреуінің болмауы іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді [6, 56 б].

Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде кейбір жағдайларда тиісті қылмыстың субъектісін сипаттайтын жалпы ғана емес қосымша да белгілері бар тұлғалардың жауаптылығы қарастырылады. Мысалы, әскери қызметке қарсы қылмыстардың субъектісі болып әскерге шақырылып, міндетін өтеп жүрген немесе ҚР Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың қатарында келісіп шартпен жүрген әскери қызметкерлер ғана сол сияқты запастағы азаматтар әскери жиында жүрген кездерінде және де кейбір басқа тұлғалар табылады. Бұл қосымша белгілер тиісті тұлғаны қылмыстың арнайы субъектісіне айналдырады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 15 – б. 2 – т. сәйкес адамды сату қылмысының субъектісі – 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке тұлға. 
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз адамның өзі жасаған қылмыстық іс-әрекетке және оның салдарына (зардабына психикалық қатынасы). 
Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективті жағына қарағанда субъективтік жағы қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар, қылмыстың объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланысты және олар қандай да бір тұтастықты құрайды. Сондықтан да, қылмыстың субъективті жағын зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективті жағына талдау жасаумен тығыз байланыста жүргізіледі.

Информация о работе Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың түсінігі мен олардың негізгі түрлері