Бизнес-жоспардың мәні және нарықтағы қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:58, курсовая работа

Краткое описание

Американың белгілі қоғам қайраткері Бенджамин Франклин былай деген екен: “Болашаққа көз таста, әйтпесе артта қалып қаласын”. Менің бұндағы айтайын дегенім жоспарлау туралы. Себебі, жоспарлау кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізі болып табылады. Онсыз ешбір фирма нарық жағдайында өмір сүре алмайды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. БИЗНЕС –ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ.
1.1 Бизнес – жоспар құру мақсаттары және атқаратын қызметтері.................4
1.2 Бизнес – жоспар құрылымы...........................................................................8
II. «КРОН» ААҚ – Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ
2.1 «КРОН» ААҚ – на жалпы сипаттама............................................................14
2.2 Өнім сипаттамасы, нарықты талдау мен бәсекелестер, өндірістік жоспар және инвестицияға деген қажеттілікті талдау......................................16
2.3 Персонал, меркетинг жоспары; потенциялды тәуекелдер және қаржылық жоспарын талдау ..............................................................................18
III. Кәсіпорынның бизнес – жоспарын жетілдіру жолдары...........................20

Қорытынды............................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................23

Қосымша.................................................................................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

БИЗНЕС –ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ.doc

— 354.00 Кб (Скачать файл)


                                                         ЖОСПАР.

Кіріспе......................................................................................................................3

 

I.   БИЗНЕС –ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ  ЖӘНЕ  НАРЫҚТАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ.

 

1.1   Бизнес – жоспар құру мақсаттары және атқаратын қызметтері.................4

1.2   Бизнес – жоспар құрылымы...........................................................................8

 

II. «КРОН» ААҚ – Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ

 

2.1 «КРОН» ААҚ – на жалпы сипаттама............................................................14

2.2 Өнім сипаттамасы,  нарықты талдау мен бәсекелестер,  өндірістік  жоспар және инвестицияға деген қажеттілікті  талдау......................................16

2.3 Персонал,  меркетинг  жоспары;  потенциялды  тәуекелдер  және  қаржылық  жоспарын  талдау ..............................................................................18

 

III. Кәсіпорынның  бизнес – жоспарын  жетілдіру  жолдары...........................20

 

Қорытынды............................................................................................................22

 

Пайдаланылған  әдебиеттер.................................................................................23

 

Қосымша.................................................................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

      

       Американың   белгілі   қоғам   қайраткері   Бенджамин   Франклин былай деген екен:   “Болашаққа  көз   таста,  әйтпесе  артта   қалып қаласын”. Менің бұндағы   айтайын дегенім   жоспарлау   туралы.  Себебі, жоспарлау  кез-келген   кәсіпкерлік іс-әрекеттің   негізі  болып  табылады. Онсыз  ешбір фирма нарық жағдайында  өмір   сүре   алмайды.

        Жоспарлау   туралы    сөз   қозғағанда   бизнес   жоспарды   естен шығармаған  жөн.   Өйткені,   бизнес-жоспар   кәсіпорынның   даму преспективаларын  анықтау  үшін,  баантен   несие   алу   қажеттілігін дәлелдеу   үшін,  рентабельді  жұмысты   ұйымдастыру  жағдайларын  құру үшін,   фирманың   материялды   және   қаржылық   жағдайын    зерттеу    үшін қажет   болып   табылады.   Нарық    жағдайындағы   шаруашылықты жүргізгенде   бизнес-жоспар  кәсіпкерліктің  әр  түрлі    сферасы  мен формасында   қолданылады   және   кәсіпорын   не   болмаса   кәсіпкер   нарық   конъюнктурасының   өзгерісіне   байланысты   кездесетін  мәселелерді   бейнелеуге   көмектеседі.   Бизнес-жоспар  ұсынылы  отырған бизнестің   қысқа,  нақты,   түсінікті  көрінісі  болып  табылады,  әрі кәсіпорын  алдында   тұрған   стратегиялық,   тактикалық  шешімдерді және:

  • кәсіпорынның   ұйымдастырушылық-басқарушылық    және  қаржылық-экономикалық   жағдайына   бағалау  жасауды;
  •   кәсіпкерлік   іс-әрекеттің   потенциялды  мүмкіншіліктерін   анықтауды;
  • жоспарланған   периодқа   инвестициялық  мақсат   құруды қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Бизнес жоспардың мәні және нарықтағы қажеттілігі.


         1.1 Бизнес-жоспар  құру  мақсаттары  және  атқаратын қызметі.

 

          Нарықтық  экономика  жағдайында  бизнес-жоспар  кәсіпкерліктің  әр түрлі  сферасында  қолданылатын  іс-әрекет  құралы  болып  табылады.  Бизнес- жоспар   фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін алдына  қойған  мақсаттарына  қалай жету  керектігін көрсетеді.  Дұрыс  жасалған  бизнес-жоспар  фирманың  өсуіне,  нарықта  позицияларға  ие  болуына,  инвестициялар  мен  кредит  ресурстарын  тартуға өз септігін тигізеді.   

         Бизнес-жоспар  жүйелі түрде жаңарып отырады,  оған  фирма ішіндегі  және  фирма жұмыс атқаратын нарықтағы өзгерістер  әсер еріп отырады.  Осылайша, бизнес-жоспар  кәсіпкерге  өз  ісінің  жетістігін  фирма ішілік  және макроэкономикалық  зерттеулер  негізінде  бағалауға,  сонымен  қатар  ағымдық   операцияларды  қадағалауға,  көмектеседі. Бизнес-жоспар  нарық жағдайындағы  ең  қажетті құрал болып табылады.  Оның  себебін төменде келтірілетін  бизнес-жоспардың мақсаты мен атқаратын  қызметінен  көруге  болады.

        Бизнес-жоспар  құрудың   негізгі   мақсаты  -   фирманың  қысқа   мерзімге  және  ұзақ  мерзімге  нарықтық  қажеттіліктеріне  сәйкес  шаруашылық  іс-әрекетті  жоспарлау  және  қажетті  ресурстарды  тарту  болып табылады.  Бизнес -жоспар  құрудың басқа мақсаттары  әр  түрлі болуы мүмкін,  мәселен:

  • белгіленген  нәтижелерге  жетудің  жүзеге  асу  дәрежесін  анқтау; 
  • белгілі  бір  тұлға  топтарына   жұмыс  атқарып  тұрған  фирманың  іс-әрекетін  қайта  ұйымдастыру  немесе  жаңадан  құрудың  мақсаттылығын  дәлелдеуҮ
  • компания  қызметкерлерін  жобада  көрсетілген  сапалы немесе  сандық көрсеткіштерге  жету  мүмкіндігіне  көндіру;

     Бизнес-жоспар  кәсіпкерге  фирманың  қызмет  етуімен  байланысты  келесі  тапсырмаларды  шешуге  көмектеседі :

  • іс-әректтің  наақты  бағыттарын  анықтау Ү
  • өнімді  өндіруге  және  өткізуге  кететін  шығындарды  анықтау, ол  шығындарды  жобаның  потенциялды  пайдасын  анықтау  үшін  өнім  сатылатын  бағамен  салыстыру ;
  • фирма  кадрларының  фирмаға сай келетіндігін  және  алға  қойған  мақсаттарға жету  үшін  жұмысшылар  еңбегінің  мотивизацияларын  анықтау;

-    фирманың  матиралдық  және  қаржылық  жағдайын  зерттеу  және                белгіленген  мақсатқа  жету  үшін  фирманың  материялдық  және  қаржылық  ресурстары  сай  келетінін,   келмейтінін  анықтау; 

- биснес-жоспардың іске асуына кедергі  болатын қиындықтарды алдын-ала анықтау және тәуекелдерді есептеу;

     Қазіргі  практикада бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады. Оның бірінші қызметі   бизнестің   стратегиясын  құруға  бизнес  жоспарды  қолдану мүмкіндігімен байланысты.   Бұл қызметті  кәсіпорынды құрған  кезде және  іс-әрекеттің жаңа  бағыттарын  ойлап тапқан  кезде өте маңызды роль  атқарады.

     Бизнес-жоспардың   екінші  қызметі – жоспарлау.  Ол  жаңа  іс-әрекет  бағытының   даму  мүмкіндіктерін  бағалауға   және  фирма  ішіндегі  процестерді   бақлауға  мүмкіндік  береді.

     Үшінші  қызметі  ақша  ссудалар  және  несиелер  тартуға  өз  септігін  тигізеді.  Қазіргі  кезде  көп  жағдайда  белгілі-бір   жобаны  несиесіз  жүзеге  асыру  мүмкін  емес .  Ал  несие  алу   оңай  емес .  Сондықтан  дұрыс  құрылған  бизнес-жоспар  несие  алуда   шешуші   фактор  болып  табылады.

     Төртінші  қызметі  компания  жоспарын  жүзеге  асыру үшін  өндіріске өз  капиталын немесе  өзінде  бар технологияны  салғысы  келетін  потенциялды  әріптестер  тартуға  мүмкіндік  береді.  Әріптестер  өз  капиталын  немесе  технологиясын  өндіріске  компанияның  белгілі-бір  уақыт  мерзіміндегі  даму  бағытын  көрсететін  бизнес  жоспардың  болғанында  ғана  салады. 

       Фирма   ішілік  жоспарлау  кез-келген  кәсіпорынның  көлеміне  қарамастан  оның  ажырамас  бөлігі  болып   табылады.  Бизнес-жоспар  нақты   жағдайда  бизнесті  бастауға  немесе  кеңейтуге  керекті  талдау  мүмкіншіліктерін  көрсетеді  және  іскер  әріптестерді  тартуда ,  біріккен  кәсіпорындар  құруда  үлкен  рольге  ие,  яғни,  бизнес-жоспарды  дайындау  және  тиімді  қолдану ең  маңызды іс-әрекеттердің  бірі  болып  тадылады .   Бұл  жоспар  менеджермен ,  жетекшімен,  фирмамен  немесе  фирма  топтарымен  құрылуы  мүмкін. Көп жағдайда  бизнес  жоспарды  дайындау  барысында потенциялды әріптестер  және  инвесторлар анықталады.

       Бизнес-жоспар  екі  негізгі  жолмен  құрылады.  Бірінші  түрінде  бизнес-жоспар  жалдамалы  мамандар  тобымен  құрылады,  ал  жобаның  иницияторлары  мен  алғашқы  тек  алғашқы  мәліметтерді  дайындайды.  Екінші  түрінде бизнес-жоспарды  инициатордың  өзі құрады, ал  методикалық ұсыныстарды мүмкін  болатын инвесторлардан  алады.

       Бизнес  жоспарды  фирмаішілік  және  оның  сыртындағы  преспективті  жағдайлар  бағаланады.  Бизнес-жоспар,  әсіресе,  басшылыққа  акционерлік   меншік  жағдайында  дұрыс   дұрыс  бағыт таңдауға  өз  септігін  тигізеді.  Себебі,  бизнес-жоспардың көмегімен компания  жетекшілері пайданың  жинақталуы  және  акционерлер арасында  дивиденттер түрінде бөлінуі туралы   шешімдер   қабылдайды.   Бұл    жоспар   фирманың ұйымдастырушылық -өндірістік  құрылымын  дамыту  және  жетілдіру  туралы  іс- шараларды  жүргізуде  қолданылады.

     Фирмаішілік   қызметімен  бірге  бизнес-жоспарлау   макродеңгейдегі  жоспарлау   стратегиясын  анықтауда  үлкен  мағынаға  ие  болып  келеді. Кәсіпорындардың  ұзақ  мерзімді  бизнес-жоспарлары  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  шеңберінде  ұлттық  саяси  жоспарлауды  құрудағы  негіз  болып  табылатын  информациялық  базаны  құрайды. Яғни,  көп  жағдайда  бизнес-жоспар  фирма  ішіндегі  немесе  фирма  сыртындағы  жағдайларды  бағалауға  және  инвестициялар  іздеуде  қолданылады.  Ол  ірі  кәсіпкерлерге  басқа  фирманың  акциясын  сатып  алу  көмегімен  өз  жұмысын  кеңейтуге  көмектеседі ,  сонымен  қатар  жалпы  мемлекеттік  жоспарлау  стратегиясын  құруға  негіз болып табылады.

        Практика  жүзінде  бизнес-жоспарды  процесс  ретінде  жүзеге  асыру  үшін  оның  принциптерін  білген  жөн:

-ИКЕМДІЛІК.  Яғни,  ұйым  өмір  сүретін  ортада  болып  жатқан  өзгерістерге  оңай  бейімделгіштігі;

-КОММУНИКАТИВТІЛІК – барлық  іс-әрекеттердің үйлесімділігі мен бірлігі;

-КӨПВАРИАНТТЫЛЫҒЫ –  белгіленген  мақсатқа  жету  үшін  альтернативті  мүмкіншіліктердіңішіндегі   ең  жақсысын  таңдау;

-ҚАТЫСТЫҒЫ – жоспаролау процесін  ұйым  жұмысшылары көзқарасымен  сәйкестендіру;

      Нарықтық  экономикада  бизнес-жоспардың   формасы , мазмұны , құрылымы  бойынша   жіктелуі  төмендегі  суретте   көрсетілген:   

         

                   

    Бизнес-жоспар  келтірілген  суретке  сәйкес  әртүрлі  модификацияда  құрылады.  Яғни,  бизнес  бағыты  бойынша  (өнім,  жұмыс,  қызмет),  жалпы  кәсіпорын  бойынша  (жаңа  немесе  жұмыс  атқарып  тұрған).

     Қаржылық  сауықтыру  бизнес–жоспары  қаржыны   төлеуге  қабілетсіз  кәсіпорындарға  арналып  жасалады.  Ол  кәсіпорынның  негізгі  құжаты  болып  табылады  және:

     –кәсіпорынның   нарықта  өз  орнын  сақтап  қалу  стратегиясын  құру  үшін; 

     –қайта  ұйымдастыру  жоспарын  жасау   үшін;

     –дағдарыс   жағдайында  кәсіпорынды  басқару   үшін;

     –мемлекеттік  көмектің  керек екендігін түсіндіру үшін  қажет. 

     Жоғарыда  айтылғандай  бизнес–жоспардың   негізгі  мақсаты–инвесторлар,  жаңа  акционерлер,  кредиторлар   тарту  болып  табылады.  Сондықтан  инвесторлардың  ұнататын  1–2 бетті  бизнес–жоспардыңқысқа  мазмұнын  дайындау  маңызды  іс  болып  саналады.  Осы  2  бетте  жобаның  ерекшелігі  мен  артықшылығы  нақты көрсетілген  жөн.  Қысқа  мазмұн  инвесторларды  тартатын  алғашқы  құрал  болса,  келесі  ұсынылатын  нәрсе  фирма  туралы  жалпы мәлімет болуы керек:

     I.  Фирманың  құрылуы:

     –фирманың   құрылған  күні (тіркелуі,  орналасқан,жері, фирма қайда және  кіммен  тіркелген);

     –фирманың   ұйымдастырушылық–құқықтық  формасы;

     –фирма  капиталының  құрылымы  (шығаруға  рұқсат  етілген  акциялар  саны,  шығарылған  және  айналымдағы  акциялар  саны,  олардың  биржалық  бағасы)

     –фирманың   есеп–шоттары  бар  банктер;

     –фирманың   жетекшісі,  төрағасы,  директоры;

     –фирма  бухгалтері;

     –фирма  юристі;

    –негізгі  менеджерлер,  олардың білімі,  тәжірибесі;

     II.  Фирманың  ұйымдастырушылық  құрылымы

     III.  Фирма имиджі:

      –Фирма  несімен  белгілі;  ?

      –оның   басқа  фирмалардан  айырмашылығы  неде?

      –фирманың   саудалық  белгісі  қай  жерде белгілі?

      –кім  негізінен  бұл  фирманың  тауарын  сатып  алады?  Сонымен   қатар  осы  жерде  фирманың  негізгі  тұтынушыларын  көрсеткен   жөн.

      Қорытындыда  керекті  қыржыландыру  көлемін  және  фирманың  қаржыландыру  көмегімен  капиталды  өсіруі  үшін  қандай  іс–әрекеттерді  жүзеге  асырайын  деп  жатқандығын  айта  кеткен  дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  1.2  Бизнес–жоспар құрылымы

 

       Күрделі құжат болып табылатын бизнес–жоспардың  құрылымы  үлкен рольге ие.  Себебі  онда  компания  сипаттамасы,  оның  потенциялы,  өндірістік  жоспары және  фирманың  дамуы туралы  нақты мәліметтер  көрсетіледі.  Бизнес–жоспар құрылымы  төменедегіше  сипатталады:

       –бизнес   концепциясы;

       –қазіргі  кездегі   жағдай  және   кәсіпорын   туралы  қысқаша  мәлімет  ;

       –бизнес  обьектісіне   сипаттама;

       –нарықты  зерттеу  және  талдау;

       –ұйымдастырушылық   жоспар;

       –персонал  және  басқару;

       –өндіріс  жоспары; 

       –маркетингтік іс-әрекеттердің  жоспары;

       –потенциялды  тәуекелдер;

       –қаржылық   жоспар  және  қаржылық  стратегия;

      Енді  осы  айтылғандарға   сипаттама  бере  кетейік.

1) Бизнес  концепциясы–ұсынылып  оырған  бизнес  туралытез  оқылатын  және  қысқартылған  мәлімет.

Информация о работе Бизнес-жоспардың мәні және нарықтағы қажеттілігі