Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 15:57, курсовая работа
Бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi.Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1.Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні................................................................................................................................5
2.Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы..................................................11
3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ................18
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................
Олигополияға
қарама-қайшы құбылыс болып
Монополияның ролі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасынен ерекшелінеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады.
Аймақтардағы кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.[2]
Өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның
нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты.
Өнімнің бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын
өнімнің параметрлерін
Бәсекеге кабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
• өнімнің жаңалық дәрежесі;
• өндірілу сапасы;
• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
• қаржылық жағдайы.
Сонымен бірге,
бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы
құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша
Бәсекеге қабілеттілікті
бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын
өнім мен салыстыру базасының параметрлерін
а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Q1 = Рi/Ріо* 100% (і= 1,2,3. ..,n)
Мұндағы, Qі - і-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
Ріо - қажеттілік толығымен
n - бағалау параметрлерінің саны,
Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.
б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
QІ = РІ/Ріо* 100% (і= 1,2,3,...,n)
QІ = Ріо/Ро* 100%
Мұндағы, Qі - і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Рі - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
Ріо - үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
n - бағалау параметрлердің саны.
Бағалау нәтижелерін талдау:
Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті бағалау үшін — формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін — формула (2)
Егер өнімнің техникалық
параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса
(мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға
сәйкес келуі, т.б.), онда балмен бағалау экспертті әдістер
колданылады.Дифференциалдық әдіс талданатын
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін немесе
ұқсас өніммен салыстырғандағы кемшіліктерді аныктауға
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына негізделген.
Нормативті параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула арқылы есептелінеді:
Інп = Qһіn i=1
Мұндағы, Інп - нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;
Qһі - і-нші нормативтік параметр
n - бағалауға қатысатын
Нәтижелерді талдау:
Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім қандай да болмасын параметрлер бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.
Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептелінеді:
Ітп = Qi* Аіn і=1,
Мұндағы, Ітп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;
Аі - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-нші параметрдің салмағы;
n - бағалауға қатысатын
2. Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы
Қазіргі Қазақстан-өзінің жан-жақты дамуына қажетті көптеген мүмкіндіктері бар, экономикалық тұрғыдан алғанда болашағы зор егеменді ел. Мұнда қазіргі уақытта шаруашылық салаларының кез келген дамыған елге тән барлық үш тобы –мемлекетаралық маңызы бар маманданған салалар, сондай–ақ қосалқы және қызмет көрсететін салалар дамыған. Олардың шығарған өнімдері, негізінен, өз ауданының мұқтаждарын өтеуге және ең алдымен мамандандырылған салаларды жетілдіруге және одан әрі дамытуға бағытталған.
Экономиканың өсіп, көліктің осы заманғы түрлерінің пайда болуына байланысты Қазақстанда өзінің аумақтық еңбек бөлінісі дамыды. Бұл оның кейбір бөліктеріндегі шаруашылықтарда революцияға дейін-ақ байқала бастаған, кейін аумақтық еңбек бөлінісін күшейтіп, бірте-бірте республикаішілік бес- Орталық, Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік экономикалық ауданның қалыптасуына себепші болды. Бұл аудандардың әрқайсысының шаруашылықтарындағы жергілікті ауданішілік маңызы бар салалар әдетте республикалық және республикааралық маңызы бар салалармен ұштасқан, олардың әрқайсысының республиканың бүкіл халық шаруашылығын серпінді әрі кешенді дамытуды қамтамасыз ететін ауданішілік және ауданаралық экономикалық байланыстары қалыптасқан:
Экономикалық аудандар |
Жер аумағы (%) |
Халқы (%) |
Халық тығыздығы 1 км 2 |
Шығыс Қазақстан |
10,2 |
10,8 |
6,3 |
Оңтүстік Қазақстан |
26,2 |
37,9 |
8,7 |
Орталық Қазақстан |
15,9 |
11,4 |
4,3 |
Солтүстік Қазақстан |
20,9 |
27,2 |
7,8 |
Батыс Қазақстан |
26,8 |
12,7 |
2,8 |
Кесте 1. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының жер аумағы мен халқы (% есебімен).*
*(автор құрастырған)
Аймақтарға қысқаша сипаттама
Облыс, облыс орталығы |
Терсы, мың км2 |
Халық саны мың адам |
Өндірістің негізгі салалры | ||||
1 |
Алматы қаласы |
0,3 |
1131 |
Машина жасау, жеңіл, тамақ | |||
Солтүстік Қазақстан | |||||||
1 |
Қостанай обл. Қостанай |
196,0 |
1017,7 |
Темір рудасын өндіру, электромеханикалық, асбест, жеңіл, тамақ | |||
2 |
С. Қазақстан обл Петропавл |
98,0 |
725,98 |
Машина жасау | |||
4 |
Павлодар обл. Павлодар |
124,8 |
806,9 |
Көмір, энергетика, түсті металлургия, мұнай химия, машина жасау, жеңіл, тамақ. | |||
5 |
Ақмола обл. Көкшетау |
146,1 |
836,27 |
Ауыл шаруашылық, машина жасау, химия өңдеу салалары | |||
Батыс Қазақстан | |||||||
6 |
Ақтөбе обл. Ақтөбе |
300,6 |
682,5 262,6 |
Қара металлургия, химия, жеңіл, тамақ | |||
7 |
Атырау обл. Атырау |
118,6 |
440,28 |
Мұнай өңдеу, мұнай химия, машина жасау, тамақ. | |||
8 |
Батыс Қазақстан Орал |
151,3 |
616,8 |
Машина жасау, жеңіл, тамақ. | |||
9 |
Маңғыстау обл Ақтау |
165,5 |
314,6 |
Мұнай, химия | |||
Орталық Қазақстан | |||||||
10 |
Қарағанды обл Қарағанды |
428,0 |
1816,1 |
Көмір қара металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ | |||
Шығыс Қазақстан | |||||||
11 |
Ш. Қазақстан обл. Өскемен |
283,3 |
1531,0 |
Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ | |||
Оңтүстік Қазақстан | |||||||
12 |
Алматы обл. Талдықорған |
224,0 |
1700,0 |
Түсті металлургия, машина жасау, жеңіл, тамақ. | |||
13 |
Жамбыл обл. Тараз |
144,3 |
1056,9 |
Химия, жеңіл, тамақ | |||
14 |
О. Қазақстан обл Шымкент |
117,3 |
1978,2 |
Түсті металлургия, мұнай химия, жеңіл | |||
14 |
Қызылорда облысы |
226.0 |
596.2 |
Жеңіл, тамақ |
Кесте 2. Қазақстан аймақтарына сипаттама.*
*(автор құрастырған)
Батыс Қазақстанда қырықтан астам қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер бар. Қалалық елді мекендердің басым көпшілігі кен байлықтарын, негізінен Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай мен газды игеруге байланысты пайда болған. Аудандағы төрт облыс орталығының үшеуі өзен жағасында және біреуі Каспий теңізінің жағасында бой көтерген, бұл темір жол болмаған кезде қалалардың пайда болуы үшін маңызды географиялық фактор болып табылатын су жолдарының маңыздылығын дәлелдей түседі.
Солтүстік Қазақстан аумағында 5 өнеркәсіп торабы қалыптасты:
Қарағанды алабының негізгі міндеті – кокстелетін көмір өндіру, энергетикалық көмір қосалқы өнім ретінде шығарылады. Өнеркәсіп салаларының дамуына байланысты электр энергиясына деген қажеттілік өсті. Соған байланысты Екібастұз-Қарағанды электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) салынды.
Шығыс Қазақстан – ірі полиметалл өнеркәсібі мен су электр энергиясы өндірісінің орталығы. Бұл ауданда Қазақстанда шығарылатын мырыш, титан және магнийдің негізгі бөлігі, қорғасын, мыс, асыл және сирек металдардың көбі өндіріледі. Өнеркәсіп орындары электр энергиясын Бұқтырма сияқты ірі электр станцияларынан алады.Жер қойнауы байлығының молдығы жағынан Кенді Алтайды Оралмен салыстыруға болады. Жоғарыда аталған қазба байлықтардан басқа Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдағы қалайы-вольфрам кен орындарының маңызы үлкен. Алтай таулары орманға бай. Республикадағы орман алқабының 40%-дан астамы Шығыс Қазақстанда.
Информация о работе Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні