Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 15:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi.Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1.Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні................................................................................................................................5
2.Қазақстан аймақтарының бәсекелестік жағдайы..................................................11
3.Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ................18
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСАВАЯ РАБОТА.docx

— 119.95 Кб (Скачать файл)

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта  өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында дамыған елдер қолға  алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда мемлекет құқықтық-нормативтік  негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен  қаржыландырып немесе басқа қаржы  ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.Іс жүзінде  ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың  негізгі кең тараған 3 әдісі бар:

      - Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін  ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы  мәселелерін шешумен айналысады.

      - Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына  қайтарымсыз негізде мемлекеттік  бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі  қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша  толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

      - Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

Стратегиялық  жоспарды iске асыру саласында  ел экономикасының жақсы қарқын алғанын  атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде  қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен  қатар экономика мен әлеуметтiк  салада сапалы өзгерiстер жүргiзу керек. Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған шағын  экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат  ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер  тұрақты экономикалық дамуға қол  жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар  рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi. 
       Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды. Онда мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен тыс асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. 
Қазақстанда өнеркәсiптiң өңдеушi салалары және өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар дамымай отыр.Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 
      Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi. Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.

Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның  “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан  көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары  келесідей:

-Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.

 -Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.

-Инновациялық инфрақұрылымды құру.

- Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру

-Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.

-Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.[9]

Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар  мен ресурстарды, қызметтер көрсетудi жеткiзушiлер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс iстейтiн басқа  да мамандандырылған ұйымдар сол  бiр аймақтың шеңберiнде бiрлесiп жұмыс iстейдi.Мұнай және мұнай өнiмдерiне конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн төмендету мақсатында аса iрi мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебiнен экономиканың өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыруда. Осымен бiр мезгiлде дамыған елдер экономикасынан кiрiс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргiзiлуде.    Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.  Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда көмiрсутектер өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi.Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндiру жылына 150-200 млн. тоннаға жетiп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн.Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдың құрамы жоғары - шамамен 60% көлемiнде болуымен сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайында ғана алынатын газдың қоры Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуi мүмкiн деп күтiлуде.      Тұтастай алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзiмдi перспективасында ОЭК-iнiң дамуы КТҚС-ның дамуымен айқындалатын болады, өйткенi 2006 жылдан кейiн оншорлық кен орындарында өндiрудiң өсуi шамалы болады. 
Каспий өңiрi көмiрсутегiн өндiрудiң өсуiне, магистральдық, оның iшiнде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктердi сақтау және ауыстырып тиеу үшiн теңiз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толтыратын темiр жол терминалдарын салуға, электр энергетикасында және телекоммуникациялық инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгiзуге байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуiр көлемде әсер ететiн инвестициялық және өндiрiстiк белсендiлiктiң қуатты өсуiн бастан кешiретiн болады

Каспийде  комiрсутегiн өндiрудiң дамуы мұнай-химия  индустриясы үшiн отандық шикiзат  базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Iрi инвесторларды тарта отырып, Қашаған  кен орнының өнеркәсiп аймағының  маңында iлеспе табиғи газды ұқсату жөнiндегi мұнай-химия кешенiн салу жоспарлануда. Кешен мұнай-химия  өнiмдерiнiң сұйық және бастапқы компоненттерiнiң  ауқымды бөлiгiн - этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын, олардың негiзiнде  пластикалық массалар мен эластомерлер алуға мүмкiндiк бередi. Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын  өндiрудi дамытуға инвесторлар 80 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет бiлдiруде. Бұл қаражат iске қосылатын  кәсiпорындардың жұмысын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк, инфрақұрылымдық  және әлеуметтiк объектiлер салуға жұмсалатын болады. Аталған инвестициялық  жұмсалымдар тауарлар мен қызметтер  көрсетулердiң ауқымды түрiне сұраныс  тудырады, олардың бiр бөлiгi Қазақстан  жағдайы үшiн уақытша сипатта  болады, ал басқа бөлiгi мұнай қорлары  сарқылғаннан кейiн де сыртқы және iшкi рыноктарда қажет болатын өндiрiстер құруға бағытталатын болады.Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi сипаттамаларының бiрi озық ғылыми-технологиялық әзiрлемелердiң  негiзiнде белгiлi бiр уақыт кезеңiнде  жасалған технологияларды кезең-кезеңiмен  ауыстыру процесiмен байланысты оның әркелкi сипаты болып табылады. Технологиялық  құрылымдардың ауысуы сәтiнде алдындағы  кезеңде көш басында болған елдер  капиталдың құнсыздануына және бұрынғы  өндiрiстерде iстеген қызметкерлердiң  бiлiктiлiгiнен айырылуына тап болады. Жаңа өндiрiстiк-технологиялық жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге қол жеткiзiп  үлгерген елдер дәстүрлi жұмсау салаларынан  сырғып бара жатқан капиталды тарту  орталықтарына айналады. 
Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс. Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс: 
       1) Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу. 
      2) Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.

3) Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану. 
      Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде:

-биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары);

-ядролық технологиялар;

-ғарыштық технологиялар;

жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.

4) Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың: жаңа материалдар мен химиялық технологиялар, ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау. 

5) Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.[10]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

                                                  ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда адамзаттың ойлау  жүйесінде түбірлі өзгерістер жүріп  жатыр. Өмірдің барлық саласын қарқынды екпінмен қамтыған бұл құбылыстан сырт қалу кез келген қоғамға сын. Бұл  ретте әлемдік өркениеттің ұйытқысы болып саналатын жоғары білік  пен білім кеңістігі үшін интеграциялану барысының бағыты мен бағдары  көкейкесті мәселеге айналды. Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауының: "Бәсекеге қабілетті Қазақстан  үшін, бәсекеге қабілетті экономика  үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" деп аталуының өзінде де үлкен  мән жатыр. Ендеше бұл білім жүйесінің  ұлттық саясат деңгейіне көтеріліп, мемлекеттік басқарудың маңызды  тетігі мен кепілі ретінде барған сайын басымдылық таныта береді деуге  негіз бар. Сондықтан да өркениетке ұмтылған және келешегінің көкжиегін  кеңейткісі келген мемлекет ең алдымен  осы интеграциялану жүйесіне зейін  қойып, оның әр қозғалысын көзден таса қылмай қадағалап, озық дәстүрін талдап, таңдап барып өмірге енгізуі керектігі  өзінен-өзі түсінікті.

Бәсекелестіктің бұлжымайтын заңы — күш жігеріңді аямай тер  төгу, сөйтіп, өзінді өзгеге таныта білу. Өткен ғасыр басындағы қазақ  зиялыларының мұңы халықты ояту болса, бұл жаңа ғасырдың мақсаты әлемдік  өркениет көшіне қосылу. Соңғысының талабы ауырлау болуы мүмкін. Арман мен үміт алда. Демек, өткенге алаңдау немесе ескірген жүйенің шырмауынан шыға алмау — ілгері басар қадамға кедергі ғана. Ертеңгі игіліктер үшін, әсіресе, бәсекелестіктің көрігі қызып тұрған бүгінгі таңда, жастарымыз ел мүддесін көздейтін алтын қалыпқа құйылып, өмірлік тәжірибелерде шыңдалуы керек. Біздің көксейтініміз де, көздейтініміз де сол - әлемдік білім кеңестігінің көкжиегіне қол жеткізіп қана қоймай, өз орнымызды дәл табу.Атап айтқанда, ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген, жаңа технологияларды жасақтап және жүзеге асырып жатқан компанияларды қолдап отыру жөн.

Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда  келесідей ұсыныстарды ұсынуға болады:

  1. мемлекет бюджетінен тиімділігі жоғары және технологиялық даму бағдарламаларын, мемлекеттік маңыздылығы бар инновациялық жобаларды, коммерциялық жағынан тиімді инновациялық жобаларды толығымен және үлесті қаржыландыру;
  2. жоғары технологиялық өндіріске  қаражаттарын салатын инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және оларды ынталандыру;
  3. әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға ( инновацияларды игерген кезеңде) жеңілдіктермен несиелер, субсидиялар, субвенциялар беру;
  4. ғылыми сыйымдылығы бар құрал-жабдық лизингін және инновациялық өнімді дамыту;
  5. инновациялық жобалар мен оларды іске асырушыларды конкурстық таңдау жүйесін жетілдіру;
  6. экономика саласында шағын, тиімді және тез сатылатын инновациялық жобалардың үлестік салмағын арттыру;
  7. инновациялық сфераға шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту;
  8. заңдық-құқықтық базаға өзгертулер енгізу;
  9. экономикалық ынталандыру жүйесін құру, яғни салықтық, несиелік және  т.б.жеңілдіктер жасау;
  10. ақпаратпен қамтамасыз ету.

Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -  мемлекеттік  саясаттың басты мақсаты» атты халыққа  Жолдауында айтылғандай Қазақстан  халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру  міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.

Қазақстан 2011 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады.

Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, біз ел экономикасын көтеріп қана қоймай, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосыламыз. Күшті экономикалық даму, халық әл-ауқатының  жоғары деңгейі, саяси тұрақтылық, әлеуметтік деңгейдің тұрақтың дамуы –міне  осылар елдің бәсекелестік жағдайын анықтап беретін маңызды фактолар. Бүгінде Қазақстан дұрыс жоспарланған бағыттар нәтижесінде дамудың ақ жолында нық қадам басып келеді.

Информация о работе Бәсекеге қабілеттілік туралы жалпы түсінік және оның мәні