Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Еңбек нарығының пайда болуы жұмыскердің еркіндігімен, өз еңбегін пайдалануда өндірушіге берілген еркіндікпен анықталады. Феодалдық крепостнойлық қоғамда еңбек нарығы жалдамалы жұмыскерлердің саны көп болмағандықтан тек қана негізі қаланған. Дегенмен, «еңбек» түсінігі игілік көзі ретінде Ульям Петидің (1623-1686) еңбектеріне орай он жетінші ғасырда танымал болған. Ол өз еңбегінде «еңбек бұл байлықтың әкесі мен белсенді принциптері, ал жер - оның шешесі» деп атап кеткен. «Физиократизм» деп аталып кеткен еңбек теориясын дамыта отырып, Франсуа Кене және бірқатар зерттеушілер байлықтың көзі тек қана еңбек емес, осы еңбекті өнімге айналдыру процессінде өндірілген өнімнің тұтынылған өнімнен басымдығын қамтамасыз ететін өнімді еңбек екендігін айқындаған.

Содержание

1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі

Вложенные файлы: 1 файл

енбек нарыгы.docx

— 62.43 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

 

1 Еңбек нарығының  экономикалық ресурс ретіндегі  теориялық негіздері

1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері

1.2 Еңбек нарығының негізгі  құрамдастары және олардың өзара  әрекетті 

1.3  Еңбек нарығының  қазіргі түрлері, үлгілері және  ұйымдастырудың 

       шетелдік  тәжірибесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Еңбек нарығының  экономикалық ресурс ретіндегі 

теориялық негіздері

1.1 Еңбек нарығының  мәні, қызмет ету еркешеліктері

 

Еңбек нарығының пайда  болуы жұмыскердің еркіндігімен, өз еңбегін пайдалануда өндірушіге берілген еркіндікпен анықталады. Феодалдық  крепостнойлық қоғамда еңбек  нарығы жалдамалы жұмыскерлердің саны көп болмағандықтан тек қана негізі қаланған. Дегенмен, «еңбек» түсінігі игілік көзі ретінде Ульям Петидің (1623-1686) еңбектеріне орай он жетінші  ғасырда танымал болған. Ол өз еңбегінде  «еңбек бұл байлықтың әкесі мен  белсенді принциптері, ал жер - оның шешесі»  деп атап кеткен. «Физиократизм» деп  аталып кеткен еңбек теориясын дамыта отырып, Франсуа Кене және бірқатар зерттеушілер байлықтың көзі тек  қана еңбек емес, осы еңбекті өнімге айналдыру процессінде өндірілген өнімнің тұтынылған өнімнен басымдығын қамтамасыз ететін өнімді еңбек екендігін  айқындаған.

Еңбек нарығының басты  құрамдастары – еңбекке деген  жиынтықты сұраныс пен еңбектің жиынтықты ұсынысы. Олар қиылыса  отырып, еңбекке деген негізі қанағаттандырылған сұранысты (бос жұмыс орындарын  толтыру) қалыптастырады, сонымен қатар  әр уақытта қанағаттандырылмаған еңбектің ұсынысы (жұмыссыздық) мен еңбекке  деген сұраныс (бос жұмыс орындары) сақталынады. Бұл құрамдастар өз бірлігінде жиынтықты еңбек нарығының  сиымдылығын анықтайды.

Еңбек нарығының әрекет етуінің  негізіне басқа да өндірістік факторлар  нарықтарындағыдай, тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының әрекет ету механизмдерінің негізіндегі  принциптер жатады. Сұраныс пен ұсынысты талдау осы және басқа да нарықтарды зерттеудің негізгі әдістері болып  табылады. Бірақ, еңбек нарығы әрекет етуінде өзінің ерекшеліктері бар. Ол жұмысшы күші тауарының үдайы  өндірісінің сипаттамасы мен  ерекшеліктеріне байланысты. Бұл  ерекшеліктер 1 суретте көрсетілген.

 Осылайша, еңбек нарығы  әлеуметтік-экономикалық механизм  ретінде басқа түрдегі нарықтардан  айтарлықтай өзгеше, қатынастар  кең және күрделі. Бұл ерекшеліктер  осы нарықтағы тепе-теңдіктің  тұрақтылығы мен мүмкіндігінде  көрінеді. Нарықтық экономика жағдайларында  тауарлық нарықтар әдеттегідей  тұрақтылыққа ұмтылатын динамикалық  қалыпта болады. Керісінше, көптеген  мемлекеттердің еңбек нарықтарында  теңсіздік қалыпты жағдай болып  саналады да, ал сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестенуі қысқа  және тұрақсыз қалыпта болады. Сонымен қатар, еңбек нарығының  әлеуметтік мәнділігіне қарай  ондағы теңгермешілікке жету, жұмыссыздықпен  күрес кез-келген үкіметтің экономикалық  саясатының ең маңызды мәселелерінің  бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

Жұмысшы күші мен оның иесі-тауарына меншік құқығының бөлінбейтіндігі.


 

Келісімдердің басқа түрлерімен салыстырғанда сатушы (жалдамалы жұмысшы) мен сатып алушының (жалдаушы) өзара байланысының ұзақ мерзімділігі.

 

Ерекше  институционалды құрылымдардың санының көп болуы (еңбек заңдылықтарының жүйесі, әлеуметтік-экономикалық бағдармалалар,  жұмыспен қамту органдары мен мекемелері, кәсіподақтар, жұмыс берушілердің бірлестіктері және т.б.) да өзіндік ерекшеліктер тудырады

 

Жұмысшы күшінің әр түрлі кәсіби-біліктілік деңгейі, технологиялардың әртүрлілігі, еңбекті ұйымдастыру, жалданудың контрактілік жүйесіне көшу және т.б. қажеттілікті туындатады

 

 

Заттай тауарды айырбастаумен салыстырғанда жұмысшы күшін айырбастаудың өзіне тән ерекшеліктерінің бар болуы. Ол жұмысшы күші тауарының айналым сферасынан басталады сатушыға еңбекке деген қабілетін пайдалану құқығын беру еңбек келісім шартында немесе ұжымдық келісім шартта көрсетіледі.

 

 

Сатушы  (жұмыскер) үшін келісімнің ақшалай емес аспектілері, соның ішінде: еңбек мазмұны мен шарты; жұмыс орнын сақтау кепілдігі; қызмет бойынша өсу мен кәсіби өсудің болашағы; ұжымдағы микроклимат және т.б.

 

 

Еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 cурет. Еңбек нарығының  қалыптасу ерекшеліктері

Ескерту: Сүрет  пайдаланылған әдибиет көздері  негізінде авторлармен жасалған

    

«Еңбек нарығы» және «жұмысшы күші» түсініктері көп жағдайда теңестіріліп, синоним ретінде пайдаланылады. Бірақ, көптеген зерттеушілер жұмысшы  күшінің нарығы еңбек нарығының  құрамдас бөлігі ғана, ал нарықтың өзі  екі нарықтың – жұмысшы күші және жұмыс орындары нарықтарының жиынтығы деп санайды

 «Жұмысшы күшінің нарығы»  түсінігі біздің ойымызша барынша  кең және еңбек етуге жарамды  барлық халықты қамтиды. Еңбек  процессінде адам өзінің еңбекке  деген қабілеттілігінің бәрін,  яғни өзінің жұмыс күшін пайдаланады.  Бірақ, еңбек процессіне әрбір  адам қатыса бермейді. Халықтың  айтарлықтай бөлігі өзінің еңбекке  деген потенциалды қабілеттілігін  жүзеге асыра бермейді. Сонымен  қатар, еңбек процессіне қатысушы  жұмысшы күші шектеулі уақыт  қана еңбек етеді, көп бөлігі  адамның басқа да қажеттіліктерін  қанағаттандыруға жұмсалады. Міне, сондықтан біз «жұмысшы күшінің  нарығы» және «еңбек нарығы»  терминдерінің әр түрлі мағынасы  бар деп есептейміз. Егер «жұмысшы  күшінің нарығы» оның еңбек  және оқу процессіне тікелей  қатысуына байланыссыз барлық  еңбек потенциалын қамтитын болса, онда «еңбек нарығы» онда тек экономикалық белсенді (еңбекпен айналысатындар мен жұмыссыздар) халықтың қатысуын білдіреді. Өз кезегінде «жұмысшы күші» түсінігі еңбек нарығының қалыптасуының өзіндік теориялық потенциалы бола тұрып, сәйкесінше функционалдық жүктемеге жауапты және демографиялық аспектіге ие болады. «Еңбек ресурстары», «еңбек күшінің нарығы» және «еңбек нарығы» түсініктерінің негізгі айырмашылығы, экономикалық қызметтің негізінде еңбек ету, еңбектің жатқандығын білдіреді. Осыған байланысты еңбек нарығында жұмысшы күші, еңбек ресурстары сатылмайды, адамның нақты еңбек етуге деген қабілеті сатылады. Дегенмен еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастыру керек.

Өз кезегінде еңбек  нарығы ешқандай жасына байланысты шектеусіз  халықтың тек қана экономикалық белсенді бөлігін қамтиды. Оған қатысушылардың саны жұмысшы күшінің санынан  әлдеқайда төмен.

Еңбек нарығының негізін  қалаушы сипаттамасы жұмысбастылық  болып табылады. Экономикалық категория  ретінде жұмысбастылық – халықтың еңбек ету процессіне қатысуы  бойынша барлық қатынастардың жиынтығы; оның еңбекке араласуының деңгейін, ақылы жұмыс орындарында табыс  табуда жеке және қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру дәрежесін білдіреді.

Экономиканы тұрақтандыру жоспарында монетаризм тұрақтандырушы бағдарламалар  арқылы жүзеге асырылады. Еңбек нарығы үшін осы тектес бағдарламалардың типтік мысалдары: мемлекеттік әлеуметтік шығындардың, субсидиялардың қысқартылуы, еңбек ақы өсімінің шектелуі.

Бүгінгі таңда неоклассикалық көзқарастар экономикалық теорияда басым болып отыр. Еңбек нарығының  казіргі заманғы неоклассикалық моделі – бұл В. Парето-Д.Хикстің  шекті пайдалылық теориясы және П.Хейненің ұтымды күтулер теориясымен толықтырылған, классикалық түрдегі еңбек нарығының  моделі. Берілген модель идеалды деп  есептеледі және оны неоклассиктер  қолдайды. Бірақ, олардың ойлары бойынша  еңбек нарығындағы экономикалық саясаттың мақсаты сұраныс пен  ұсыныс механизмінің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін себептерді мүмкіндігінше  болдырмау. Осыдан шығатын маңызды  мақсат еңбек нарығының барынша  икемділігіне қол жеткізу – еңбек  ақы мен пайдаланатын еңбек санының  өзгеруінің есебінен нарықты шұғыл  қолдау қабілетінің бар болуы.

Еңбек нарығының әрекет етуін  талдау барысында батыстық мамандар жеке тұлғаның мінез-құлқындағы психологиялық  мотивтерге көңіл бөледі. П. Хейне  айтқандай, жұмысқа орналасу шығындары  сияқты одан бас тартудың шығындары  да әртүрлі адамдар үшін біліктілік бұл, еңбек өтілі, жасы, жанұя алдындағы  міндеті, табыстың басқа да көздері, құнды бағыттары, сол адамның  қандай да біреудің ойын бағалайтын көзқарастары сияқты факторларға байланысты әр түрлі  болады/.

Жаңалықтапқыштардың, ғалымдардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің, өндірісті ұйымдастырушылардың, кәсіпкерлердің еңбектері шығармашылық түрге жатады. Шығармашылықтың жоғарғы белгісі  ретінде өнер болып саналады, себебі онда қайталану болмайды және осы өрістегі шығармашылық өнімі  сонымен бірге жеке бастың, авкестенің тұлғасының бейнесі болып табылады. Қазіргі экономикада шығармашылық элементер маңыздылығының бір белгісі ретінде жұмыскердің  жалпы табысындағы қаламақы түрінде түсетін еңбекақы үлесі болуы мүмкін. Бұл аспектіде шын бәсекелестік пен құқықтық мемлекет жағдайында қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлердің пайдасы авторлық қаламақы түрінде болады.

Сонымен, еңбек ресурстары- жеке кәсіпорын, халық шаруашылығының өрісі немесе оның территориялық  бірлік ауқымында қоғамдық өндіріске  қатысатын жеке жұмыскерлердің жиынтығы. Еңбек нарығы жұмыскерді өндіріс  құралдарынан, ең бастысы жерден, айыру  кезінде пайда болды. Алайда, заң  түрінде еркін болғанымен, өндіріс  құралдарынсыз ол өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аштан өліп қалмау үшін, ол өзінің еңбекке қабілеттілігін немесе жұмыс  күшін сатуға мәжбүр болды. Осылайша нарыққа жаңа ат берген жаңа тауар  пайда болды. Алайда жаңа тауар және жаңа нарық атауы бойынша зерттеушілер арасында келіспеушілік  орын алды. Ғаламат ағылшын экономистері, саяси  экономканың классиктері А.Смит және Д. Рикардо қарастырып отырған  нарықта тауар еңбек, «еңбек өзінің табиғи және нарықтық бағасына ие»  деп санады. Осындай пікірді қазіргі  уақытта экономиклық ойлардың неоклассикалық өкілдері ұстануда.

ХІХ ғасырда ғаламат неміс  экономисі, философ және әлеуметтанушы  К. Маркс «Капитал» еңбегінде  нағыз тауар еңбек емес, жұмыс  күші - еңбекке қабілеттілік болып  табылатыны көрсетті. Осыдан кейбір экономистер  еңбек нарығы деп атаса, К. Маркс  ілімінің ізбасарлары жұмыс күшінің  нарығы деп атады. Кеңестік экономикалық әдебиеттерде соңғы терминді көпшілік қабылданған болатын.

Отандық экономикалық әдебиетте  радикалды экономикалық реформалар кезінде, аталған нарықты қалай  дұрыс айтуға болады деген сұрақ  бойынша пікірталас қайта басталды. «Еңбек нарығы» немесе «еңбек күшінің  нарығы». Онда қандай тауар сатылады? Сонымен бірге экономикалық әдебиеттерде (шетел және отандық) «еңбек ресурстарының  нарығы» және «еңбек қызметінің нарығы»  терминдері пайда болды. Көп жағдайда аталған барлық терминдер синоним  ретінде қолданылды. Сонымен бірге  олардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық мағына беретінін аңғару қиын емес еді. Олардың негізінде жатқан «еңбек күші, еңбек», «еңбектік қызмет», «еңбек ресурстары» тең емес. Сонымен, жұмыс  күші – бұл еңбекке деген қабілеттілік; еңбек – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын, табиғат затын  өнімге айналдыруға бағытталған  мақсатты қызмет. Еңбектік қызмет –  бұл термин «еңбек» терминіне  жақын, алайда  қызметтің бұл түрі қажеттілікті жүзеге асыру барысында  қолданылатынын көрсетеді, яғни игілікті заттай түрде емес, қызмет түрінде - мысалы: оқу, ем алу, көлік, тұрмыстық  қызмет көрсету және т.б. түрінде  көрінеді. Еңбек ресурстары – бұл  еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын   халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек  заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер – 16-58 жас аралығында еңбекке  қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

Егер сату-сатып алу  нысаны болып табылатын тауарды  анығырақ бөліп алсақ, аталған проблеманы дұрыс шешуге болады. Қазір отандық  экономикалық әдебиетте екі көзқарас басым. Біріншісі тауар шығаруға әлеуетті еңбекке қабілеттіліктер  – жұмыскер күші болып табылады десе, екіншісі тауар деп еңбекті  санайды. Бірақ оның жақтастары, еңбекті  мақсатты қызмет үдерісінде тауар ретінде  қарастыру қиын екенін түсіне отырып, тауар ретінде «әлеуетті еңбекті» санайды.

Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек  үдерісінде олардың барлығын қолдана  бермейді. Еңбек нарығы, біріншіден, еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден  адам қабілеттерінің бір бөлігін  қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін  қолдану уақытымен, төртіншіден  жаңа пайда болған құнды қайта  бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы  жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек  ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің  нарығы, жұмыскер күшінің нарығы  терминдерін синоним ретінде  пайдалануға болатын, өзара тең  ұғымдар ретінде пайдалануға  болады. Сонымен бірге «еңбек нарығы»  термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең етек алғанын атап өту керек.

Сонымен, еңбек нарығы –  бұл жұмыс күшін пайдалану  мен жалға алу шарттары бойынша  сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың  жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін  білдіретін, орталық қатынас ретінде  жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі  тауары мен өмірлік  қаражаттарға сұраныс – ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады. 

Нарыктық қатынастар жүйесінде  еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер  мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының  тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық  деңгейі және еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы, оның ұлғайымы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі  мамандарды іріктеу, дайындау және қайта  дайындау, оларды жұмысқа орналастыру  мен материалдық көмекке кететін  қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жумысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде  негізгі мәселе болып табылады.

Еңбек нарығы - бұл жұмыс  күшін адамның еңбек ету қабілетін  тауар түрінде сатуға және сатып  алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің  сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының  бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, сапасына деген  талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша  қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру аса маңызды орын алады. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді. Оның зор дамуына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.

Информация о работе Еңбек нарығы