Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 13:59, реферат

Краткое описание

Еңбек нарығының пайда болуы жұмыскердің еркіндігімен, өз еңбегін пайдалануда өндірушіге берілген еркіндікпен анықталады. Феодалдық крепостнойлық қоғамда еңбек нарығы жалдамалы жұмыскерлердің саны көп болмағандықтан тек қана негізі қаланған. Дегенмен, «еңбек» түсінігі игілік көзі ретінде Ульям Петидің (1623-1686) еңбектеріне орай он жетінші ғасырда танымал болған. Ол өз еңбегінде «еңбек бұл байлықтың әкесі мен белсенді принциптері, ал жер - оның шешесі» деп атап кеткен. «Физиократизм» деп аталып кеткен еңбек теориясын дамыта отырып, Франсуа Кене және бірқатар зерттеушілер байлықтың көзі тек қана еңбек емес, осы еңбекті өнімге айналдыру процессінде өндірілген өнімнің тұтынылған өнімнен басымдығын қамтамасыз ететін өнімді еңбек екендігін айқындаған.

Содержание

1 Еңбек нарығының экономикалық ресурс ретіндегі теориялық негіздері
1.1 Еңбек нарығының мәні, қызмет ету еркешеліктері
1.2 Еңбек нарығының негізгі құрамдастары және олардың өзара әрекетті
1.3 Еңбек нарығының қазіргі түрлері, үлгілері және ұйымдастырудың
шетелдік тәжірибесі

Вложенные файлы: 1 файл

енбек нарыгы.docx

— 62.43 Кб (Скачать файл)

Сыртқы (жалпы халықтық) еңбек  нарығы жалдамалы еңбек тұлғаларының барлығына ашықтығымен, бәсекеге қабілеттігімен, қол жетімділігімен ерекшеленеді. Жұмыс  орындарын толтыру кәсіпорыннан тыс даярланған жұмыскер күшінің  негізгі көлемімен іске асады.

Ішкі кәсіпорындық еңбек  нарығы жабықтығымен, бәсекеге әлсіз  қабілеттігімен ерекшеленеді. Жұмыскер күшінің қозғалысы кәсіпорын  ішімен шектеледі, яғни жұмыскер күшінің  бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысуы, бірнеше ұқсас мамандықтарды  игеру. Жұмыскерлердің негізгі бөлігін  жұмысқа алу алдыңғы келісімнің мерзімі өткен соң ұжымдық  келіс-сөздер арқылы жүзеге асады. Сондықтан  кәсіпорын кадрлары сыртқы нарықта  әлсіз бәсекесетікке ие болады.  Аталған нарықтың түрі екі мәселені шешеді:

    • қарт жұмыскерлердің жас жұмыскерлерге кәсіби білімдер мен кәсіпорынішілік тәжірибелерді беру үдерісін қамтамасыз ету;
    • жинақталған білім мен тәжірибенің кәсіпорыннан тыс шығуына тосқауыл қою.

Сыртқы нарық ағылшын  тілді елге, әсіресе АҚШ-қа тән. Сондықтан  нарықта көп жағдайда еңбек нарығының  АҚШ үлгісі деп атайды.

АҚШ еңбек нарығының үлгісі. Аталған нарық еңбек нарығы субъектілерінің жоғары белсенділігімен, экономиканың бәсекелестік жағдайын үнемі қолдап отыратын мемлекеттік саясатымен, жоғары еңбекақы көлемімен сипатталады. Қатардағы әрбір американдық пайдамен ақша табу үшін ақшаны алуға, оны банкке салуға, акциялар сатып алуға ұмтылады.

Кәсіпорындардағы жұмыспен қамту саясаты кәсіпорындар арасында аумақтық жоғары деңгейде  жұмылдыруға, оқу мекемелерінде даярланған кадрларды  жұмысқа алуға, өндірістік оқытуға  кәсіпорын шығындарын ең аз мөлшерге жеткізуге бағдарланған.

Жұмыссыздықты сақтандыру федералдық және штат заңдарымен реттеледі. Федералды  заң жұмыссыздық бойынша сақтандырудың  жалпы қағидаларын белгілесе, кейін  әрбір штат заңдарында оны кеңірек  нақтылайды. Сақтандыру жарналарын кәсіпкерлер  мен жалдамалы жұмыскерлер төлейді, дегенмен оның көп бөлігі кәсіпкерлерге  түседі. Жиналған ақшалар жеке федералдық қор мен штаттар қорларына  түседі.

АҚШ- та сыртқы еңбек нарығымен  қатар ішкі еңбек нарығы да  бар. Мысалы, өмір бойы жұмыспен қамту кепілдігін ірі ИБМ компаниясы ұстанады.

Ішкі нарық бәрінен  бұрын Жапонияға тән. Сондықтан  бұл үлгі көп жағдайда жапондық деп  аталады. Еңбек нарығының жапондық үлгісінде тән ерекше белгісі  жұмыскерлердің бүкіл еңбек мерзімін қамтуға кепілдік беретін «өмір  бойы жалдау жүйесі» мен компания ішінде жеке кәсіподақтық ұйымдарды  құру.

Жұмыспен қамтудың мұндай саясаты білікті мамандар кәсіпорыннан кетіп қалады деп және оны даярлауға  кеткен шығындар бекер кетті деуден қорықпай, компания кәсіби даярлау  мен мамандықты жоғарылатуды жүзеге асырады. Дайындық ғылыми-техникалық серпілістікпен, жұмыс орнының құрылымымен, шығарылып  жатқан өнімнің көп түрлігіне  сай жүзеге асырылады, кәсіпорын  ішінде кәсіби жұмылдыру алын ала  қарастырылады (кәсіпорын басшылығына  кәсіпорын ішінде өз қалауы бойынша  жұмыскерлерді бір орыннан екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік берілген) және жұмыскерлерде еңбекке деген  шығармашылық көзқарастың болуын тәрбиелейді.

Шведциядағы еңбек нарығының  үлгісі ерекше белгілерге ие. Шведциялық модель мемлекет жүргізетін белсенді жұмыспен қамту саясатымен ерекшеленді. Еңбек нарығының бұл үлгісі реттеудің  мемлекеттік элементтері нарықтық элементермен тығыз байланысқан  мемлекеттік нарықтық тетігіне ие. Мемлекеттің белсенділігі ауқымды  қаржы ресурстарын жұмыспен қамтуды  қолдау бағдарламаларына, жұмыскер күшін  қайта даярлауға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға аударуында байқалады. Бұл мақсаттарға жұмыспен қамту қорының 70 % дейін көлемі шығындалады, немесе ЖІӨ 3,5 % (1993-1995 жж). Жұмыссыздық бойынша жәрдем ақыға ЖІӨ 2,7% дейінгі көлемі жұмсалады. Шведцияда жұмыспен қамту қорына сақтандыру жарналары басқа Европалық елдердің деңгейінде сақталады.

Еңбек нарығының ресейлік үлгісі. Ресейде өркениетті еңбек нарығы қалыптасу сатысында. Кеңестік кезеңде оның дамуы бір жағынан экономиканың жоғары монополизациясымен, еңбек нәтижесіне байланысты оның аз бөлшектегендігімен шектеліп келді.

Жалпы ресейлік еңбек нарығын  құрауды шектейтін, басқа да тұрақсыздырғыш факторлар әлі де сақталып келеді. Оларға жататындар:

  • жалпы дағдарыстан
  • туындаған өндірістің күйзелуі мен оның ұзақ болуы;
  • заңнамалық базаның жетілмегендігі;
  • жасырын жұмыссыздықтың өсуі;
  • қорғаныс өндірісінің аз нәтижелі конверсиясы;
  • әскери реформалардың ұзақтығы жағдайында әскери контенгенттің қысқаруы;
  • ТМД елдері арасында халықтың басқарусыз миграциясы;
  • Жұмыспен қамтудың әкімшілік пен нарықтық әдістерінің өзара байланысының аздығы;
  • Тұрғылықты мекеннен тыс жерлерде бос жұмыс орындары туралы ақпараттардың болмауы.

Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы  иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен  қатар ерекшеленген жұмыс күші мен  еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен  «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.

Швециядағы жұмыспен қамтуты  басқару.

Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың  Шведтік түрі экономикалық және өмірлік  деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента»  алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің  алатын

өнімінің жоғары сапасы мен  инновациялығы. Әрине Швеция  өте  жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.

 

Кесте

Еңбек нарығын реттеу үлгілері

 

Еңбек нарығын реттеу үлгісі

Қолданыстағы үлгісі

Ерекшелігі

Ескерту

Америкалық үлгі

Жұмысқа алу мен жұмыстан шығу еркіндігі;

Фирма деңгейінде ұжымдық-келісімдікті реттеу

Тұрғындардың еңбек нарығына кірудің қиындығы

Жұмыссыз кедейлердің  көптігі

Шведтік үлгі

Жұмыс орындарын құруға, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға  көп шығын жұмсау

Еңбек нарығына жастардың  жұмысқа орналасу қиындығы

Еңбек ақы төлеудің төмен  болуы

Жапондық үлгі

«Өмірлік жалдану»  жүйесінің  қолданылуы

Бұл жүйе жастардың еңбек  етуіне өз әсерін тигізуі

Жастардың қызмет ету аясының  тар

болуы

Қазақстандық  үлгі

Еңбек нарығын белсенді түрде  жүргізу, жұмыспен қамту саясатын іске асыру

Еңбекке орналастыру бойынша  жалпы қоғамдық жүйенің жұмыс  істемеуі

Жас маманды жұмысқа алу  кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға қолдау көрсетудің жоқтығы

Ескету-Шетел тәжірибесіне байланысты автордың құрастырған үлгісі




 

Шетелдік тәжірибеде көп  уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай  дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді  бір жыл ішінде немесе бірнеше  жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы  жеткілікті түрде кезекті бағыт  ұстанғанда мүмкін болады.

Осы шетел тәжірибесін  қолдана отырып Қазақстанның еңбек  нарығын реттеу жүйесін жасауға  болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан  өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша  үлгісін құруы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Еңбек нарығы