Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 01:28, курсовая работа
Экономиканы реформалаудың айқын кезеңдік даму бағдарламасы жасалды. Экономикалық реформаның басты бағыты — меншікті (соның ішінде жерге меншікті де) мемлекет меншігінен алып жекешелендіру, экономиканы монополиясыздандыру негізінде оны (меншікті) өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, нарықтық инфрақұрылым құру, шетел капиталын қатыстыра отырып, ашық экономикалық жүйе жасау, каржы-несие саласын реформалау.
Жекешелендірудің екінші кезеңі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық өзгерістерді одан әрі жүргізу, салық жүйесін реформалау.
КІРІСПЕ............................................................................................................3
1. Егемен Қазақстан экономикасы қайта құру кезеңінде.......................4
2. Өнеркәсіп географиясы..........................................................................8
2.1 Негізгі экономикалық ұғымдар.....................................................8
2.2 Шаруашылықтың салалық құрылымы.........................................12
2.3 Өнеркәсіптің құрылымы...............................................................17
3. Отын-энергетика кешені (ОЭК). Отын өнеркәсібі.............................21
3.1 Көмір................................................................................................21
3.2 Мұнай және газ...............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:
ЖАҢА МАҢЫЗДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Қазакстан қайта кұру басталғаннан экономикалық іс-әрекеттің жаңа түріне — кәсіпорындарды шетел фирмаларына басқаруга беруге көшті. Мұндағы басты мақсат — дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кеңінен интеграцияланған тиімді нарықтық шаруашылық құру.
Экономиканы реформалаудың айқын кезеңдік даму бағдарламасы жасалды. Экономикалық реформаның басты бағыты — меншікті (соның ішінде жерге меншікті де) мемлекет меншігінен алып жекешелендіру, экономиканы монополиясыздандыру негізінде оны (меншікті) өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, нарықтық инфрақұрылым құру, шетел капиталын қатыстыра отырып, ашық экономикалық жүйе жасау, каржы-несие саласын реформалау.
Жекешелендірудің екінші кезеңі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық өзгерістерді одан әрі жүргізу, салық жүйесін реформалау.
1. Егемен Қазақстан экономикасы қайта құру кезеңінде
Үкіметтін реформаны тереңдету жөніндегі 1996—1998 жылдарға арналған орта мерзімді бағдарламасында өндірістің құлдырауын тоқтатып, экономика мен халықтың түрмыс деңгейін көтеруді камтамасыз ету көзделген.
Республикамыз ұлттык валюта — теңге енгізілгеннен (1993) бастап экономикалық саясатты жүргізіп, каржы-несие саласында реформаны тездетуде толық дербестікке ие болды.
Қазакстан Республикасы толық құқықты қожайынға айналып, енді өз жері, өз табиғат байлығы, өз каржысына өзі иелік жасап, реформа барысын өзі басқаратын болды. Кеңестік жоспарлы жүйеден жас Қазақстан мемлекетіне көптеген өнеркәсіп орталықтары мұраға қалды. Олар өндіруші енеркәсіптің қуатты базасын құрайды. Бұл кәсіпорындары шикізат көздері орналасқан жерлерде салынып, іс жүзінде бүкіл республика аумағында шашырап жатыр. Оларды салған кездегі негізгі мақсат — орталықтандырылған бірыңғай жүйенің ішіндегі тұтынушыларға өнім жіберу еді. Бұларға кері қарай Ресей мен Украинадан техника жіберілетін.
Жасалған бағдарламаға сәйкес кайта кұру кезінде өнеркәсіп орындары жаппай дербес баскаруға беріле бастады. Жекешелендіруді кәсіби деңгейде жүргізу үшін Дүниежүзілік банк, Еуропалық қоғам (ЕҚ), ТАСИС және ЮСАИД республикаға кажетті қаржы және техникалық көмек көрсетті. Өнімді сататын рыноктары, айналым қаржысы болмағандықтан өнеркәсіп орындары бірінен соң бірі жұмыстарын тоқтата бастады. Қарызын уакытында төлемеушілік кәсіпорындардың борышын көбейтіп жіберді. Реформалаудың бастапкы кезеңінде Қазақстан көсіпорындарының қандай киындықтарға душар болғанын мына мысалдан айқын көруге болады.
Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты (ССКБК) Магнитогорге негізгі кен жеткізуші еді. Магнитогордың төлем қабілетсіздігінен комбинат тоқтап, ал осы комбинаттың арқасында күнін көріп отырған Рудный каласының тұрғындары жұмыссыз қалды. Қазақстандағы хром өнеркәсібі бұрын дүние жүзі бойынша өндірілетін хромның 40 %-ын; ал бұрынғы Одақ бойынша өндірілетін хромның 95 %-ын қорытып шығаратын. Ол хром Ресейдің кәсіпорындарына өте арзан бағамен жіберіліп, әрбір тонна хромнан оның өзіндік күнының 80 %-ын жоғалтатын. Ал осы кезде республикадағы екі — Актөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары хром жетіспеуінен тоқтап қала беретін. Бұл зауыттардың берешектері аса көп болатын.
Екібастұз көмір алабы Орал мен Сібірдің жүз электр станциясын көмірмен қамтамасыз ететін. Олардың көмір үшін төленбеген қарызы зор мөлшерге жетті де осынын салдарынан ашық әдіспен жылына 85 млн тонна көмір өндіретін бұл алап та тоқтап калды.
Қарағанды металлургия комбинатында бұрын 37 мың адам жұмыс істеді. Кәсіпорын жылына 8,5 млн тонна болат, 4,7 млн тонна прокат өндіретін. Бұрыңғы Кеңес Одағында консерві қалбырларын жасауға жұмсалатьш жұқа ақ қаңылтырдың 70 %-ы осы комбинаттың өнімі еді. Бұл комбинат та өнім өткізетін рыноктың болмауынан тоқтады. Жезказған және Балқаш мыс қорыту комбинаттары катодтың (таза) мыс өндіру жағынан бұрыңғы Одақтағы ең ірі кәсіпорындар еді. Бұлар осы өнімді шығару жөнінде дүние жүзі бойынша АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орын алатын. Комбинаттардың өнімі негізінен Ресейге жіберілетін. Ресей кәсіпорындары алған шикізаты үшін қарызын уақытында төлемегендіктен бұлар да тоқтады.
Ақтау химия комбинаты 70-жылдары пластмасса өндіру жағынан бұрынғы КСРО-да кеңінен танымал еді. Шыныңда да мұндай профильді зауыт ТМД аумағында жоқ. Ақтау полистиролынан көптеген кенестік теледидардың, радиоқабылдағыштардың, телефон, магнитофон, тоңазыткыштар мен басқа да тұрмыстық техниканың қораптары жасалатын. Полистирол әскери техниканың кажетіне де пайдаланылды. Көбіктендірілген полистирол құрылыс өнеркәсібінде ең тәуір жылу өткізгіш материал деп есептеледі. Бұл комбинаттың жағдайы да жоғарыда айтылған кәсіпорындарына ұксас.
Мінеки, осыған байланысты аса ауыр жағдайда калған кәсіпорындарын тығырықтан тез шығару керек болды. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір жолы — кәсіпорындарға аса мол мөлшерде тездетіп қаржы табу еді. Жас мемлекетте мұндай қаржы жоқ болатын. Мол қаржы қалтасы қалың шетел инвесторларының қолында болатын. Сондықтан тендер жарияланып, кәсіпорындар шетел компанияларына белгілі мерзімге басқаруға беріле бастады.
Өнеркәсіп орындары тендерлік негізде ең тиімді шарттар ұсынған инвесторлардың баскаруына берілді. Кәсіпорынды өз басқаруына алатын инвестор кәсіпорынның бюджеттен алған борыштарын толық өтеуге тиіс. Сонымен қатар жұмысшылардың кәсіпорыннан алашақ еңбек ақысын толық төлейді, келешекте жалакының мерзімінде берілуін, кәсіпорыннын кідіріссіз өнімді жұмыс істеуін камтамасыз етеді. Шартта (контракт) кәсіпорынның құрал-жабдықтарын жаңалау, ендірісті қазіргі ең жаңа технологияға көшіру мәселелері де нақтылап көрсетіледі.
Республикада
"Тікелей инвестияларды
Қазіргі кезде 50-ден астам кәсіпорындар республикамыз үшін тиімді шарттармен шетел компанияларының басқаруына берілді. Кәсіпорындарды шетел инвесторларына басқаруға беру өзін толық ақтады, өйткені ондай кәсіпорындардың көпшілігі ойдағыдай жұмыс істеуде.
2. Өнеркәсіп географиясы
2.1 Негізгі экономикалық ұғымдар
Аса маңызды экономикалық ұғымдарға жататындар: экономика, шаруашылық, өндірістік және өндірістік емес салалар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салалары, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, салааралық өндірістік кешең, шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру, қызмет көрсету саласы, кәсіпорын, мекеме, өндірістік бірлестік, комбинат, мамандандыру, кооперативтендіру, құрамдастыру, құн, еңбек өнімділігі.
Шаруашылықтың құрылымың айқын түсіну үшін мүқият қарап-зерттеуді қажет ететін сызбалар беріледі.
\
Сурет №1,2.
№1 Кәсіпорындардың типтері
№2. Жоспар-сызба
Сурет №3. Жоспар – сызба.
Шаруашылық дегеніміз — өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ құрылыс, сауда, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өзара байланысты жиынтығы.
Шаруашылық көптеген кәсіпорындар (фабрика, зауыт, шахта, колхоз, совхоз және т.б.) мен мекемелерден (дүкен, асхана, аурухана, оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, театр, т.б.) турады. Барлық мекемелер мен кәсіпорындар жұмыс жағдайы және өндіретін өнім жағынан бір-бірінен өзгешеленеді. Кәсіпорындар мен мекемелердің көбі — мемлекеттік, алайда, кооперативтік, акционерлік, жеке кәсіпорындар саны біртіндеп артып келеді.
Кәсіпорын — кайсыбір өнім өндіретін немесе кызмет көрсететін, экономикалық жағынан дербес және техникалық жөнінен аяқталған коғамдағы еңбек бөлінісінің бірінші буыны.
Сала дегеніміз бірыңғай өнім шығаратын кәсіпорындар жиынтығы.
Шаруашылық екі өндірістік және өндірістік емес саладан тұрады.
Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы адамдардың еңбек әрекетінің материалдық игіліктер (азық-түлік, киім-кешек, энергия жасап және оларды тұтынушыларға жеткізуді (көлік) қамтамасыз ететін барлық түрлерін қамтиды.
Материалдық өндіріске:
Өндірістік емес сала адамдардың әр алуан тұрмыстық және рухани қажеттерін қамтамасыз етеді.
Өндірістік емес саланы құрайтындар:
2.2 Шаруашылықтың салалық құрылымы
Ел шаруашылығында еңбек құралдарын өндіріп, түрлі материалдар мен ауылшаруашылық шикізатын халық тұтынатын тауарларға айналдырып, өңдейтін өнеркәсіп жетекші рөл атқарады. Өнеркәсіп өндіріс құралдары — машина, құрал-жабдық, шикізат, отын және әлектр энергиясын өндіретін ауыр өнеркәсіп және халық тұтынатын заттар өндіретін жеңіл және тамақ өнеркәсібі болып бөлінеді. Елдің экономикалық қуатының негізі, халықтың әл-ауқаты өсуінің көзі болып табылатын ауыр өнеркәсіптің маңызы аса зор. Өнеркәсіп шаруашылықтың барлық салаларындағы техникалық прогресті белгілейді, жаңа қалалар, көлік жолдарын салуға жол ашады, айналадағы ортаның жай-күйіне елеулі әсер етеді. Өнеркәсіптің ықпалымен жаңа шикізат, отын, энергия, ауылшаруашылық шикізат базалары игеріледі, сала және ауданаралық күрделі жүйе дамиды.
Салааралық кешендер шаруашылықтың жеке саласы ішінде де, сондай-ақ оның түрлі салаларының тоғысқан жерлерінде де пайда болып дамиды. Ғылыми-техникалық революиия дәуірінде салалар арасындағы өзара байланыс күшейіп, осының нәтижесінде өзара байланысты салалар кешені немесе салааралық кешендер қалыптасады. Мәселен, өнеркәсіптің құрамында отын-энергетика, машина жасау және т.б. кешендер түзіледі. Машина жасау кешені технологиясы мен пайдаланатын шикізаты үқсас ондаған мамандандырылған салаларды камтиды. Бұндай кешен ендірістік кооперацияға негізделген салааралық және салаішілік байланыстардың кең дамуымен ерекше көзге түседі.
Энергияны көп қажет ететін салаларға балқытылып алынатын металдың бір өлшем бірлігіне көп энергия мөлшерін жұмсайтын салалар жатады. Мәселен, бір тонна алюминий балқытып алуға 18 мың кВт/сағат электр энергиясы кетеді. Түсті металлургия да химия өнеркәсібі сияқты энергияны көп қажет ететін салалардың қатарына кіреді.
Қазіргі кездегі өнеркәсіпте өндірістің орналасуына су факторы барған сайын көбірек әсер етуде. Бұл кәсіпорындар қуатынын артуына және өндірістердің суды кажет етуінің жалпы өсуіне байланысты. Химия өнеркәсібінің дамуы суды көп қажет етеді, себебі бұл жерде су қосымша материал ғана емес, сонымен қатар маңызды шикізат түрлерінің бірі болып табылады. Суды көп қажет ететін салаларға химия, жеңіл өнеркәсіп, электр энергетикасы, қара және тусті металлургия жатады.