Жаңа маңызды экономикалық мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 01:28, курсовая работа

Краткое описание

Экономиканы реформалаудың айқын кезеңдік даму бағдарламасы жасалды. Экономикалық реформаның басты бағыты — меншікті (соның ішінде жерге меншікті де) мемлекет меншігінен алып жекешелендіру, экономиканы монополиясыздандыру негізінде оны (меншікті) өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, нарықтық инфрақұрылым құру, шетел капиталын қатыстыра отырып, ашық экономикалық жүйе жасау, каржы-несие саласын реформалау.
Жекешелендірудің екінші кезеңі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық өзгерістерді одан әрі жүргізу, салық жүйесін реформалау.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3
1. Егемен Қазақстан экономикасы қайта құру кезеңінде.......................4
2. Өнеркәсіп географиясы..........................................................................8
2.1 Негізгі экономикалық ұғымдар.....................................................8
2.2 Шаруашылықтың салалық құрылымы.........................................12
2.3 Өнеркәсіптің құрылымы...............................................................17
3. Отын-энергетика кешені (ОЭК). Отын өнеркәсібі.............................21
3.1 Көмір................................................................................................21
3.2 Мұнай және газ...............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Вложенные файлы: 1 файл

Манызды мемлекет.doc

— 626.50 Кб (Скачать файл)

Ғылыми-техникалық революция дәуірінде шоғырландыру және құрамдастыру, мамандандыру және кооперативтендіру сияқты өндірісті ұйымдастыру формалары оны орналастырудың маңызды факторларына айналып отыр. Бұлар шаруашылықтың барлық салаларын интенсивті даму жолына түсіруге көмектеседі.

Шоғырландыру — өндірісті қоғамдық ұйымдастырудың аса маңызды формасы. Шоғырландыру дегеніміз, бір жағынан, косіпорындар көлемінің үлкейгенін, екінші жағынан, жеке салалар өндірісі мен тұтас өнеркәсіп көлемінде ірі кәсіпорындар үлесінің артқаның білдіреді. Өндірістің шоғырлануы өнеркәсіптің жергілікті табиғат және әкономикалық жағдайларға тәуелділігін күшейтеді. Кәсіпорын неғүрлым ірі болса, соғүрлым ол шикізат, отын, энергия көзі бар жерге, сондай-ақ дайын өнімді тұтынатын аудандарда орналасуы тиіс. Өндірісті ірі кәсіпорындарға шоғырландыру ең жаңа техниканы толығынан пайдаланып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Шоғырландыру нәтижесінде мамандандыру, кооперативтендіру және құрамдастыру дамитын болады.

Мамандандыру  — өнімнің жеке түрлерін немесе оның жеке бөліктерін (бөлшектерін) шығаруды дербес кәсіпорындарда шоғырлау. Мамандық дегеннің не екені бәрімізге белгілі. Біреу — токарь, екінші адам наубайшы, үшінші біреу — болат балқытушы және т.с.с. Бұл — адам белгілі бір салада еңбек етеді (машина бөлшектерін жасайды, болат қорытады, нан пісіреді және т.с.с), осы салада маман дегенді білдіреді. Осы мамандық бойынша адам неғүрлым үзақ жұмыс істесе, соғұрлым оның біліктілігі арта туседі. Оның бойында белгілі бір кәсіби дағдылар қалыптасады, шеберлік кұпиясын меңгереді, сөздің толық мағынасындағы шеберге айналады.

Кәсіпорындарда  да өндірісті мамандандыру шығарылатын өнімнің біркелкілігінің нәтижесінде автоматтандыруды, механикаландыруды кеңінен енгізіп, еңбек өнімділігін күрт арттыруға жағдай жасайды.

Өндірісте кәсіпорындардың мамандануы дегеніміз олардың қызметін белгілі бір өнімді, өнімнің бір бөлігін өндіруге шоғырлау дегенді білдіреді. Сондықтан мамандандырудың үш түрін ажыратады: бұйымдық (дайын өнім өндіру), бөлшектік (дайын өнімдердің бөлшектерін немесе бөліктерін шығару), технологиялық (жартылай дайын өнімдер өндіру).

Бұлардың  ішінен бұйымдық мамандандыру арқылы белгілі бір аумақта ірі өнеркәсіп орындары құрылады. Ауыл-шаруашылық машина жасау зауыттары түтынатын жерлерде салынбайды. Мысалы, трактор шығару металды көп қажет етеді, сондықтан трактор зауыттары металлургия базаларына жақын орналастырылады. Ал комбайн шығару үшін шикізат факторы косалқы рөл аткарады. Металды салыстырмалы алғанда аз жұмсап, көлемді және тасымалдауға қолайсыз өнім беретіндіктен, комбайн зауыттары тек тұтынушы аудандарда орналасады, сонын өзінде зауыттың профилі айналадағы ауыл шаруашылығының мамандануына байланысты болады. Астық жинайтын комбайн шығаратын зауыттар астық көп өндіретін аудандарда, қызылша жинайтын комбайн зауыттары қызылша өсіретін аудандарда, картоп жинайтын комбайн шығаратын зауыттар картоп өсірумен айналысатын аудандарда орналасады.

Дайын өнім шығаруға көптеген кәсіпорындар қатысады. Белгілі бір өнім жасап шығаруға бірлесе қатысатын кәсіпорындар арасынадағы өндірістік байланыстар кооперативтендіру (ынтымақтасу) деп аталады.

Өндірістің мамандануы Қазақстан аумағының сол бөлігінің табиғат жағдайлары мен табиғат байлығының сипаты-нан туындайтын еңбек бөлінісі ерекшеліктеріне байланысты.

Бір кәсіпорындар көмір өндіреді, екіншілері металл қорытады, үшінші біреулері мақта немесе астық өндіріп, содан кейін өз еңбек өнімдерімен алмасады. Әрбір аумақ бір немесе бірнеше өнім түрін өндіруге маманданып, республиканың басқа жерлерін өз өнімдерімен қамтамасыз етеді және олардан өздерінде жоқ қажетті өнім түрлерін алып отырады. Сөйтіп еңбек нәтижесін алмасу, басқаша айтқанда, ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі іске асады.

Ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі — бұл басқа аудандар үшін өнім өндіретін жекелеген аумақтардың шаруашылық мамандануы. Ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі қоғамдық еңбекті үнемдеп, еңбек өнімділігін арттырады.

Құрамдастыру — бұл технологиялық процесс бойынша өзара байланысты бірнеше өндірістердің, кейде өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын өндірістердің, бір кәсіпорында - комбинатта жинақталып қосылуы. Құрамдастырудың мәні ішжізаттың (немесе энергияның) бір түрінен бір мезгілде бірнеше дайын өнім түрлерін алуға болатындығында. Әсіресе қара және түсті металлургия, химия және тоқыма өнеркәсіптерінде құрамдастыру деңгейі өте жоғары. Мысалы, қара металлургияда шикізат ретімен былай өңделеді: домна пештерінде темір кенінен шойын өидіріледі, ал шойыннан болат балқытатын пештерде болат қорытылып, ал одан дайын өнім — прокат алынады.

Химия өнеркәсібі басқа салалармен құрамдасқанда кокс-химия (Қарағанды. көмір алабы), мұнай-химия (Батыс Қазақстан мұнайы сияқты ерекшеө ндірістер пайда болады.

Шаруашылықтың дамуын және оның деңгейін ең алдымен еңбек өнімділігі белгілейді. Бұл шаруашылык салаларының маңызды көрсеткіші. Ол бір қызметкер жұмыс уақытының бір өлшемі (сағат, ауысым, ай, жыл) ішінде өндірген өнім мөлшерімен немесе бір өлшем сапалы өнім алуға жұмсалған жұмыс уақыты мөлшерімен анықталады.

Еңбек процесі  механикаландырылған және автоматтандырылған жерлерде еңбек өнімділігі жоғары болады.

Кәсіпорындардың шаруашылық есебі мен өзін-өзі қаржыландыруының мәні мынада. Ондай кәсіпорындарда өндірістік, әлеуметтік қызмет пен еңбекке ақы төлеу тек еңбек ұжымы жұмыс істеп тапқан қаржы есебінен ғана іске асырылады. Өнеркөсіптегі негізгі шаруашылық есеп буындары — кәсіпорындар, өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктер, қызмет көрсету саласында да тиісті сол сияқты кәсіпорындар мен бірлестіктер. Қазақстанда енгізіле бастаған аймактық (региондық) шаруашылық есеп дегеннің не екенін түсіну үшін алдымен жалпы шаруашылық есеп үғымын қарастыру қажет. Шаруашылық есеп — бұл кәсіпорындар мен бірлестіктердің барлық қызметкерлерінің өз еңбегінің сапасы мен тиімділігін арттыруға материалдық жағынан ынталануын тудыруға мүмкіндік беретін шаруашылықты жүргізу принципі. Басқаша айтқанда, қызметкер неғүрлым жақсы жұмыс істесе, оның еңбекақысы және соған сәйкес табысы соғұрлым жоғары болады.

Қазақстан Республикасы толық тәуелсіз және дербес мемлекет болғандықтан, оның аумағындағы барлық қазба және басқа да табиғат байлығы, өндірістік және өндірістік емес салаға қатысты барлық кәсіпорындары республиканың игілігіне жатады. Олардан түсетін табысты мемлекеттің өзі ғана жұмсайды. Сонымен аймақтық шаруашылық есеп республика халкының материалдық және мәдени қажетін қанағаттандыруға қызмет етеді.

2.3  Өнеркәсіптің  құрылымы

 

Өндірістік  саланың, тіпті бүкіл шаруашылықтың басты саласы — өнеркәсіп. Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құралдарын (құрал-жабдық, отын, машина) өндіретін салалар жетекші рөл атқарады. Бұлар ауыр индустрияға жатады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет №4.  Өнеркәсіптің  негізгі  салалары.

 

 

 

 

 

Өнеркәсіп экономикалық жағдайына  қарай " А" және "Б" топтарына бөлінеді.

Өнеркәсіптің ішіндегі негізгі, үйлесімді өндіріс құралдары өндірісі немссе "А" тобы мен тұтыну заттары өндірісі немесе "Б" тобы, өндіруші және өндеуші (үксатушы) өнеркәсіп арасындағы сандық  арақатынастар құрайды.

"А" тобының басым болуы "Б" тобының дамуын тездетіп, тұтыну заттарын өндіруді ұлғайтады. Өндірістік шығынды барынша азайтып, барынша көп өнім алу экономикалық дамудың негізгі белгісі болып отырған қазіргі кезеңде "А" және "Б" топтарының арасында еңбек кұралдары мен шикізатты оңтайлы таратып бөлудің маңызы өте зор. Сондықтан өнеркәсіп құрылымындағы ең жақсы көрсеткіш "А" және "Б" топтары дамуының үйлесімділігі болып табылады.

Өнеркәсіптің  салалық құрылымын ірілендірілген күйде көрсетуге болады. Бұндай жағдайда мыналарды бөліп көрсетеді:

    1. отын-энергетикалық кешен (отын шаруашылығы мен 
      электр энергетикасы);
    2. машина жасау кешені;

3) шикізат пен материалдар өндіретін салалар кешені 
(химия өнеркәсібі, түсті металлургия, кұрылыс материалдары өнеркәсібі);

4) тұтыну заттарын өндіретін салалар кешені (жеңіл және 
тамақ өнеркәсіптері).

Өнеркәсіп көптеген салалардан тұрады. Әрбір саланың құрамына өндіретін өнімі немесе пайдаланатын шикізаты, немесе өндіріс технологиясы жағынан біршама біртектес кәсіпорындар енеді.

Қазақстан шаруашылығы — күрделі, көп салалы. Ол әуел бастан-ақ бұрыңғы Кеңес Одағының кен өндіруші өнеркәсіптің меншікті үлесі өте жоғары шикізат базасы ретінде дамыды. Шаруашылықтың құрылымында жалпы өнім көлемі жағынан. Өнеркәсіп, ал оның өз ішінде ауыр өнеркәсіп (70%-дан астам) бірінші орын алады. Өнеркәсіптің дамуына жергілікті энергетика мен минералды шикізат қоры база болды.

Бұрыңғы Кеңес  Одағы құрамында Қазакстан корғасынның 60% -ын, мырыштың 40%-ын, сары фосфордың 90%-ын; хром кенінің 95%-ын, мыстың үштен бірін, көмірдің 16,5%-ын, темір кенінің 10,6%-ын өндірді. Алтын, күміс, мұнайдың едәуір бөлігі Қазакстанның үлесіне келді. Оның

көп салалы индустриясының құрамында түсті металлургия (кен өндіру, байыту, түсті, сирек және асыл металдарды балқытып алу), ал оның ішінде мыс және корғасын-мырыш өндірісі жетекші орын алады.

Қазақстан экономикасының күрт дамуына оның аса зор табиғат байлықтары себеп болды. Олардың қорының молдығы мен көп түрлілігіне қоса пайдалы қазбалардың жинақы шоғырлана орналасуы да, республика шаруашылығының кешенді дамуына әсерін тигізді.

Теміртау  металлургия зауытына қажетті шикізат біршама жақын орналасқан, бұл экономикалық жағынан өте тиімді. Қасында — Карағандының кокстелетін көмірі және тым қашық емес жерде Екібастұздың энергетикалық көмірі орналаскан. Темір кендері Атасу кені мен Қостанай облысының ірі темір кенді алабынан жеткізіледі. Орталық Қазақстанда аса ірі мыс кенішторі орналасқан. Энергетика мен су қорының болуы бұл жердегі Жезқазған мен Балқашта ірі кен-металлургия комбинаттарын салуға мүмкіндік берді.

Оңтүстік Қазакстанда  полиметалл кен орындары энергетикалық көмір кендерімен қатарласа орналасқан. Кенді Алтайда полиметалл кен орындары аса мол су қорымен бірге орналасқан. Оның үстіне түсті металл кендерінде басқа да әр алуан металдар кездеседі де, мүның өзі кенді кешенді (жаң-жакты) өндеуге мүмкіндік береді.

Қазакстанда жер қойнауы байлықтарын игеруде кездесетін бірден-бір қиындык — бұл су корының,  әсіресе Орталық және Батыс Қазақстанда жеткіліксіз болуы. Орталық Қазақстанда Ертіс — Қарағанды каналының салынуымен бұл қиындық ішінара шешілді.

Казақстан жергілікті шикізат және отынмен өзін-өзі толық қамтамасыз етеді. Сондықтан республикада өндіріс құралдарын өндіретін салалар да, сондай-ақ халық тұтынатын заттар өндіретін салалар да бірдей дәрежеде ойдағыдай дамуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Отын-энергетика  кешені (ОЭК).  Отын  өнеркәсібі

3.1  Көмір 

 

Отын - энергетика кешеші — күрделі салааралық отын мен энергия (электр энергиясы мен жылу) өндіру, оларды тасымалдау, энергияны тарату және пайдалану жүйесі. Оның құрамына шаруашылықтың барлық салаларымен тығыз байланысты отын өнеркәсібі (мұнай, газ және көмір) мен электр энергетикасы енеді.

Отын өнеркәсібі электр энергиясын өндіру үшін электр энергетикасын отынмен қамтамасыз етеді. Республика эиергияны неғұрлым көп өндіріп, пайдаланса, ол соғүрлым өнімді көп шығарады да, оның экономикалық даму денгейі соншама жоғары көтеріледі.

Қазақстан шаруашылығы  негізінен өз энергетика қорына сүйенеді.

 


Сурет №5.  Энергетика.

 

 

Барлық салалар  үшін отын қорынын негізгі көздері — көмір, мұнай, газ, тақтатас. Көмір — республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік, металлургияда пайдаланылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір — химия енеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден металлургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жүмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет №6. 

Көмір, мұнай, газ өндіру, тасымалдау және өңдеу.

 

 

 

Жылу электр станциялары (ЖЭС) үшін калориялылығы төмен, күлі көп коңыр көмір пайдаланылады. Оны негізінен ашық әдіспен Қарағанды және Екібастұз алаптарында өндіреді. Майкүбі жөне Торғай көмір алаптары да игерілуде.

Қарағаңды көмір  алабы — республикадағы ең ірі көмір кен орны. Қазакстанда өндірілетін көмірдің 45%-ын осы Қарағанды алабы береді. Бұл жердегі көмірдің геологиялық қоры 51 млрд. тонна деп есептелген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Донбасс уақытша жау қолында қалған кезде Қарағанды Кеңес Одағының өнеркәсіп орындары мен көлігін көмірмен қамтамасыз ететін негізгі кен орындарының бірі болды.

Қостанай  облысындағы аса мол темір  кендерін игеруге байланысты Карағанды көмір алабының маңызы арта түсті. Теміртау металлургия комбинатына келіп жатқан Костанай темір кені концентраттары Қарағанды алабында көмір өндіру көлемін ұлғайтуға әсерін тигізуде.

Қарағанды алабының көмірі аз ғана жерде (300 км) шоғырлана, қалың қабат түзе орналасқан. Көмір сапасы жоғары, өйткені оның кұрамында күкірт пен фосфор аз. Бұл сапалы шойьш балқыту үшін қажетті жоғары сапалы кокс алуға мүмкіндік береді. Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды алабының маңайында Сараң, Шахан, Тентек, Топар, Абай сияқты көмір өндіретін жаңа аудандар пайда болды.

Маңызы жағынан  Екібастұз коңыр көмір алабы екінші орын алады. Ол республика бойынша өндірілетін көмірдің жартысына жуығын береді.

Екібастұз алабы Павлодардын оңтүстік-батысында 135 км жерде орналасқан. Көмірдің геологиялық қоры 12 млрд. тонна. Алаптағы көмір қалың орналасқан. Көмір қабатының қалыңдығы 160—200 м. Көмірдің жер бетіне жақын орналасуы оны ашық әдіспен өндіріп, ең арзан көмір алуға мүмкіндік береді. Екібастұз көмірінің күлі көп, сондықтан оны алыс жерлерге тасымалдау тиімсіз.

Информация о работе Жаңа маңызды экономикалық мемлекет