Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 01:28, курсовая работа
Экономиканы реформалаудың айқын кезеңдік даму бағдарламасы жасалды. Экономикалық реформаның басты бағыты — меншікті (соның ішінде жерге меншікті де) мемлекет меншігінен алып жекешелендіру, экономиканы монополиясыздандыру негізінде оны (меншікті) өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, нарықтық инфрақұрылым құру, шетел капиталын қатыстыра отырып, ашық экономикалық жүйе жасау, каржы-несие саласын реформалау.
Жекешелендірудің екінші кезеңі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық өзгерістерді одан әрі жүргізу, салық жүйесін реформалау.
КІРІСПЕ............................................................................................................3
1. Егемен Қазақстан экономикасы қайта құру кезеңінде.......................4
2. Өнеркәсіп географиясы..........................................................................8
2.1 Негізгі экономикалық ұғымдар.....................................................8
2.2 Шаруашылықтың салалық құрылымы.........................................12
2.3 Өнеркәсіптің құрылымы...............................................................17
3. Отын-энергетика кешені (ОЭК). Отын өнеркәсібі.............................21
3.1 Көмір................................................................................................21
3.2 Мұнай және газ...............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31
Жақсы энергетикалық көмір болғандықтан Екібастұз көмірі республиканың отын-энергетика балансында үлкен рөл атқарады. Екібастұз көмірі электр станцияларында пайдаланылады. Бұл жерде бірнеше ірі мемлекеттік аудандық электр станциялары (МАЭС) салынып жатыр.
Екібастұз көмір алабында қуатты көмір кесінділері салынды. Қазіргі кезде үш ірі көмір кесіндісі жұмыс істейді, барлығы 12 көмір кесіндісін салу жоспарланған.
Жылына 50 млн
тоннадан астам көмір өндіретін "
Ресейдің Орал аймағында Екібастұз көмірін пайдаланып жұмыс істейтін Рефтинск жылу электр станциясы салынды.
Сурет №7. Көмірді тиімді пайдалану («Көмір ағашы»)
Обаған-Торғай алабында да қоңыр көмір өндіріледі. Бұл топ Құсмұрын, Приозер, Егінсай, Қызылтаң көмір кен орындарын қамтиды. Екібастұздан 40 км жерде кен қоры мол Майкүбі коңыр көмір алабы орналасқан.
Республиканың оңтүстігінде Ленгір көмір кен орны жұмыс істейді. Әрбір облыста дерлік шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын көмір кен орындары бар.
Көмірдің қоры аса мол болғанымен, олардың сарқылатын кезі де болады, сондықтан оны ұтымды пайдалану қажет екенін естен шығармау керек.
Көмір әлі де көпке дейін Қазақстан өнеркәсібі үшін отынның негізгі көзі болып қалады. Бұл екі себепке; көмір қорынын молдығына және оның құнын арзанға түсіретін ашық әдіспен өндіруге байланысты.
3.2 Мұнай және газ.
Қазақстан — біршама жас мұнайлы аудан. Ембі мұнай кен орындары патшалы Ресей кезінде-ақ іске қосылғанымен, Каспий маңында мұнайды көптеп өндіру 1930 жылдарда басталды. Республиканың барлық жерінде дерлік кездесетін көмірдей емес, мұнай мен газ кен орындары Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын Батыс Қазақстанда шоғырланған. Мұнай кен орындары екі — Орал-Ембі және Маңғыстау мұнай алабында орналасқан.
Сурет №8.
Мұнайды айырудан алынатын түрлі өнімдер
(«Көмір ағашы»)
Мұнайдың қазіргі шаруашылықтағы рөлі аса зор. Ол — сұйық отын өндіретін басты шикізат. Одан автомобиль, трактор, дизель двигательдері үшін бензин, дизель майы, керосин алынады. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық — мазут электр станциялары мен металлургия пештерінде отын ретінде жағылады, ал қатты қалдық гудрон — жол құрылысында пайдаланылады. Мұнайды өндеген кезде бөлінетін газдар — химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат. Серіктес мұнай газдарынан синтетикалық спирт, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмассалар алынады. Мұнайдан әрбір машинадағы жұмысшы бөліктердің үйкелісін азайтып, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін қажетті жағар майлар жасалады.
Ембі мұнайы өзінің сапасы жағынан аса бағалы, ойткені онда қоспалар (күкірт, парафин, қарамай) аз. Оны өндегеннен кейін жоғары сапалы бензин алынады.
Мұнай кен орындары тұзды-күмбезді дөңестерде орналасады. Ембі алабында олардың мөлшері 2 мыңға жуық, қазіргі кезде олардың ішінен әзірше бірнеше ондағаны ғана өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылады. Ірі мұнай және мұнай-газ кен орындарына жататындар — Доссор, Мазқат, Құлсары, Прорва және т.б. мұнай кәсіпшіліктері. Алаптың барлық мұнай кәсіпшіліктері Уралға және Ресейдің орталық аудандарына баратын мұнай құбырымен жалғасқан.
Атырау облысында Теңіз мұнай кен орны игерілуде. Соның негізінде мұнай, газ және көмірсутектік шикізат өндіріп, өңдеуге арналған ірі кешен салынып жатыр.
Маңғыстау алабы — республикада мұнай мен серіктес газ өндіретін ірі аудан. Бұл ауданды игерудің едәуір киындықтары бар: аумағының көбі елсіз, климаты катаң, су жетіспейді және т.б. Оның үстіне мүнайының құрамында парафин көл, сондықтан құбырмен тасымалдау үшін оны қосымша қолдан жылыту керек. Дегенмен, бұған қарамастан Маңғыстау мүнайын өндіру экономикалық жағынан тиімді. Мұнайында күкірт жоқ, қарамай аз, бірак парафин көп. Парафин химия өнеркәсібі үшін қажетті шикізат больш табылады.
Өзен мен Жетібай кен орындарында мұнайдың мол қоры табылып, игерілуде.
Маңғыстау мұнайы өндеу үшін Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ зауыттарына да жіберіледі. Мұнайды тасып әкету үшін Маңғыстау түбегін Атырау-Ор магистралімен қосатын Мақат-Ақтау-Жетібай -Өзен темір жолы салынды.
Қазіргі кезде
дүниежізілік отын, шикізат қорына
деген қажеті артып отыр. Дәл осы
жағдай шетел инвесторларының
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазакстан Республикасы толық құқықты қожайынға айналып, енді өз жері, өз табиғат байлығы, өз каржысына өзі иелік жасап, реформа барысын өзі басқаратын болды. Кеңестік жоспарлы жүйеден жас Қазақстан мемлекетіне көптеген өнеркәсіп орталықтары мұраға қалды. Олар өндіруші енеркәсіптің қуатты базасын құрайды. Бұл кәсіпорындары шикізат көздері орналасқан жерлерде салынып, іс жүзінде бүкіл республика аумағында шашырап жатыр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ