Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 20:57, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады

Содержание

Кіріспе
1Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен басқарудың мәні
1.1Муниципалды басқарудың даму тарихы
1.2Муниципалды шаруашылықты қалыптастырудың экономикалық мәні мен негіздерi
2Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері
2.1Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық механизмі
2.2Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
2.3Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісi
2.4Мемлекет құрылым түрлеріндегі муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерекшіліктер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері.docx

— 69.90 Кб (Скачать файл)

2.2. Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық механизмі

 

Аймақтық  әлеуметтік-экономикалық  дамуының кешенді жоспарларында кеңейтілген  өндірістің  бүкіл  процессі көрінуі  қажет. Территорияның  экономикасының дамуындағы құбылыстар мен процесстердің  көп жақты және қиын жиынтығын  анықтау  үшін  экономикалық көрсеткіштер қажет.

        Аймақтың экономикасының  жоспарына   қажетті  көрсеткіштер  жүйесі  әдістемелік және  тәжірибелік  сипатта болады.  Және де бұл  жүйе облыстық қаланың және  аймақтың экономикасының жоспарлы  объектілерін  және шекараларын  анықтайды.

     Ағымдығы  аймақтық жоспардың  көрсеткіштер жүйесі  келесі талаптарға  сай келуі керек:

- біріңғай  ағымды  экономикалық жоспарды  салалық тапсырмаларды біріктіруге   мүмкіндік беретін бүкіл экономикалық  масштабындағы көрсеткіштердің  бірлігін   қамтамассыз ету;

- республика жоспарының  бір  бүтін болуы мен бірге  әр аймақтың ерекшеліктерін есепке  алу, бұл  көрсеткіштер жүйесіне  нақты адрестік сипаттама береді,  және де территориялық және  салалық шаруашылық тапсырмаларды  шешуде  дифференциалды қарауға  мүмкіндік береді.

- салалық  тапсырмаларды біріктіруде қажетті  координацияны қамтамассыз ету;

-   сала аралық  және  экономикалық  байланыстар  мен пропорцияларды  жасау;

-   статистикалық  көрсеткіштер  жүйесімен  сәйкес келетін,  және  бірігетіндей болуы керек. 

Табиғат ресурстары, әдетте ,  натуралды  бірліктермен  есептеледі;     

 Бұл  жоспарлау органдарына жердің  минералдық және биологиялық   шикізаттардың  тепе-теңдігін  жасауға мүмкіндік береді. Табиғи  ресурстардың  тиімді  және  кешенді  қолдануды қамтамассыз ететін   экономикалық механизмді  қалыптастыру  мақсатында аймақтық ресурстардың   сапасы мен  орналасқан жерін  есепке ала отырып , оның  бағасы  жайлы мәселені шешу қажет. 

Аймақтың  маңызды экономикалық ресурсы негізгі  қорлар болып табылады.  (өндірістік  және өндірістік емес)  негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеру   аймақтағы өнім өндіруді қосымша  капитал  салмастан-ақ  жоғарылатуға  мүмкіндік береді. Қолданысқа өндірістік емес негізгі қорларды енгізу халықтың  тұрмыс  деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік  береді. Негізгі өндірістік  және өндірістік емес қорларды сипаттайтын  көрсеткіштер капиталдық  салымдардың  салалық жоспарының бағалануына  мүмкіндік береді. Бұл  үшін келесідей  көрсеткіштер қолданылады:

  • негізгі қорлардың  құрылымының  көрсеткіштері, негізгі  қорлар  құрылымы  өндіріс сипатына  байланысты болады. Сондықтан да  спецификаның салалық  факторлардың есепке ала  отырып, әр салаға жекелеп бағыттылуы тиіс.
  • Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері, яғни  негізгі қорлардың    жалпы  және жекеше түрлерінің абсолютті өсімінің көрсеткіші;
  • қор, энерго- механикалық қаруланудың  көрсеткіші.

Аймақтық  өндіріс процестің көрсеткіштері  өздерінің экономикалық табиғаты бойынша  экономикалық жүйесінің  бірлігі  ретінде экономика дамуының  бағыттарымен жалпы құбылыстардың синтетикалық  өлшеуіші болып табылады.  Олар көптеген тапсырмалардың  шешілуіне еркін  территориялық жоспарлауды қолданылады. Бірінші  кезекте аймақтық материалдық  өндіріс салаларында өндірілген материалдық қызметтер мен өнімдердің  жиынтық көлемін   анықтауға  мүмкіндік береді. Бұл  тапсырманы аймақтық экономикалық өсуін  сипаттайтын  өзара байланысты  көрсеткіштер  көмегімен шешуге болады.  Атап айтсақ:

ЖҰӨ-нің  адам басына шаққандағы  өсімі және  шынайы ЖҰӨ-нің атаулы уақыттағы  өсуі. Осыған байланысты экономикалық  өсудің көрсететін статистикалық  көрсеткіш  ЖҰӨ өсімінің жылдық пайыз  түріндегі  өлшемі болып табылады.  

Мемлекетті  экономикалық, әлеуметтік және саяси  жағынан одан әрі демократияландыруда  жергілікті шаруашылықты басқаруды  жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.

"Қазақстан  - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

Жергілікті  шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін  оның әлеуметтік мәселелер бойынша  тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың  келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға  мынадай шарт қоюға құқықтары  бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.

Мемлекеттік реттеудің экономикалық пен бірге  әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық  шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың  арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай,  дүние жүзілік  тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :

  • өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль   атқаруы;
  • аймақтардың өзара байланыстарының  едәуір ұлғаюы;
  • еңбек  ресурстары жылжымалығының  күшейе түсуі;
  • аймақтардың өндіріс құрылымы  мен инфрақұрылымының  күрделене түсуі;

Территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық  маңызының  артуы  үдейеді.

Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында  басқару функцияларын  қайта бөлу ,  қайта қарастыру ;

Екіншіден, мемлекеттік  территориялық  басқару  мен жергілікті өзін өзі  басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.

    Бұл жағдай  Қазақсанға да  тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру экономикалық  дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз мүмкін емес.

     Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы  мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы  алдында ғана экономикалық жауаптымын  деп есептеуі керек. Аймақтар  мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары  мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік қалаудағы бостандық,  өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін  барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді   әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық  қағидаларда және  экономикалық   ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе   тұсында елемеу күрделі   зиян келтіреді .

           Аралық басқару органдары сипаттайтын негізгі белгі -  дербестік өмір сүру  мүмкіндігі . Оның шарты:  өзіне қарасты ( автономдық) бюджет және территориялық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.

    Сонымен, аралық орган дегеніміз -  аймақтарда, облыстарды басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз  территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргіуге тырысады.

     Жергілікті билік жүргізетін- ол төменгі  әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.

     Аралық және жергілікті билік органдары  қаражаттандырудың негізгі үш кіріс көзі бар: Салықтар - мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер; Салықтық емес табыстар, басқа да  барлық табыстар (әртүрлі  жәрдемдер, займдар,  т.б.); Субсидиялар - пайызсыз  берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.

     Жаңа кезеңде әлеуметтік- экономикалық  дамуды аймақтық  басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.

     Аймақтық рынокты объект ретінде  екі жағына қарауға болады.

Бірінші  жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының  ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың  екі жақтығы әуелі  аймақтық өз ішіндегі субъектілері де нарықтық қарым қатынастары  қалыптастыру  арқылы білінеді. Содан кейін аймақ  щеңберінен тыс шарушылық субъектілердің жалпы  ұлттық болмаса  дүние жүзілік  рынокпен ұштасуымен көрінеді.

     Оған көп себептердің бірі рыноктық факторлардың аймақтық саралануы (дифференциация). Материалдық әлеуметтер,  ұйымдық құрылымдар өндірістің әртүрлі реттеушілері  аймақтарда бірдей  емес, олар әртүрлі болады. Мұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әртүрлі орналастыруы мен дамуы.

      Барлық деңгейде  бюджетті қалыптастыру мен  пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті  органдарының өкілеттілігін арттыру қажет.  Республикалық және жергілікті әрекеттестік  тиімділігін қамтамассыз ету келесідей негізгі  бағыттарда жүргізілуі керек:

  • аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамассыз  ету, соның мүдделі пайдалануын бақылау,  тетіктерін әзірлеу ;
  • жергілікті бюджеттерге  орталықтандырылған қолдаудың нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып  білімге, денсаулық сақтауға,  тұрғындарды әлеуметік  қорғауға  мұдделі субвенциаларды бөлуді тәжірибеге  енгізу;
  • экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшырағын  шағын және орта қалалар, алыстағы  селолық ауылдардың дамуын жеделдету үшін  салық, кеден және т.б. режимдерден  жеңілдіктер енгізу қажет.

Барлық  елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның ғылыми  түрде  дұрыс жасалған стратегиялық  жоспарларға  әсіресе олардың мезгілімен орындалуына  байланысты болады. Стратегиялар мына тараулардан тұрады.

    • Әлеуметтік -экономикалық жағдайларды талдау;
    • Әлеуметтік – экономикалық  дамудың тұжырымдамасы ;
    • Негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер;
    • Ұлттақ бағдарламалар;

  Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы,   экономика дамуының  ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен   оның дамуы  сонымен бірге осыларға  әсер етуші процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету қажет. Әлеуметтік әкономикалық   дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік - әкономикалық  саясаттың  стратегиялық мақсаты  мен міндеттерін,   басым бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы  ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды.

Жергілікті басқаруды жетілдіру  үшін ең маңызды - қаржы мәселесі жыл  санап өз шешімін таба береді. Қазір  оларға дербестік берілсе, бюджеттің  шығыс бөлігін қамтамасыз ететін қаржы кезін қайдан алмақ? Әлеуметтік қамсыздандыру саласы ақсап жатса, ол облыс шеңберінде саяси наразылық  туғызады. Демек, әр облыс өз бетінше  өмір сүре алатын жағдайға жетпей, орталықтың билігін шектеуді енгізу ерте екендіп  көрініп тұр. Ал әкімдерді сайлау мәселесіне тоқталсақ, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыр аймақта әкімдерді  сайлау кері әсер беруі мүмкін. Экономикалық дағдарыстан жаңа шыға бастаған ел үшін толассыз сайлаулар экономиканың өсу қарқынын бәсендетуі әбден мүмкін. Жергілікті шаруашылық тек қана коммуналды қызмет көрсетумен шектелмейді, яғни жоғарыда аталып өткендей, болашағы бар елді мекендерде басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, туризм, балық, аң шаруашылықтарымен байланысты. Тіпті жерге байланысты да, себебі біздің мемлекетімізде жер тек қана мемлекет меншігінде емес.

Информация о работе Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері