Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 20:57, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады

Содержание

Кіріспе
1Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен басқарудың мәні
1.1Муниципалды басқарудың даму тарихы
1.2Муниципалды шаруашылықты қалыптастырудың экономикалық мәні мен негіздерi
2Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері
2.1Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық механизмі
2.2Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары
2.3Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың экономикалық реформаларын басқару үрдісi
2.4Мемлекет құрылым түрлеріндегі муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерекшіліктер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері.docx

— 69.90 Кб (Скачать файл)

2005 жылға   арналған  қалалық  бюджеттің   жобасын  жасау  Қазақстан   Республикасының  «2005-2007  жж.  арналған  жалпы  сипаттағы   ресми  трансферттердің  көлемдері   туралы  және  «2005 жылға  арналған  республикалық  бюджет  туралың   Заңдарының жобасына  сәйкес, Қазақстан   Республикасының Бюджет  кодексі,  салық кодексіне  енгізілген  өзгерістер  есепке  ала  отырып  жүзеге  асырылды.

Аймақ басқару  объектісі ретінде болады. Мамандардың  пікірінше, аймақ дегеніміз жеке элементерінің (ресурстары) өзара әрекетігінен және аймақты басқару жүйесінің  элементтерін тәуелді болатын әлеуметтік-экономикалық дамыған әкімшіліктерді құрылымы. Сондықтан  атқарушының әлеуметтік және экономикалық дамуын тек еңбек, материалдарды-техникалық, табиғи, қаржы және ақпараттық ресурстарды  пайдалану жағдайына тәуелді  етпей атқарушыны экономиканы басқару  жүйесінен алға қойылған орта ұзақ мерзімді және стратегиялық бағдарламаларға  жетудің мақсаттық бағыттылығынан да тәуелді. Қазақстан Республикасының  «Жергілікті өзін-өзі басқаруң заңының  жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін муниципалды  меншік, жергілікті қаржылар, мемлекеттік  меншіктегі және жергілікті басқару  органдарының басқаруға берілген мүліктер құрайды.

Жергілікті  өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі болатын материалды, қаржы ресурстар, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін  анықтайды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негіздерін муниципалды  құрылым тұрғындарының мүдделеріне  сай муниципалды меншіктің жергілікті бюджетінің және басқа да жергілікті қаржылардың қалыптасуымен, пайдалануына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін  құқықтық нормалар жиынтығы құрайды. Экономикалық негіздер жергілікті өзін-өзі басқарудың шаруашылық дербестігін қамтамасыз етеді, тұрғындар қажеттіліктерін  қанағаттандырады. Оның өмір сүру үшін жағдайлар құрайды, жергілікті өзін-өзі  басқарудың экономикалық негіздерін нығайту  және дамыту Қазақстанның экономикалық жағдайына ықпал етеді. Бұл дегеніміз  мемлекеттік билік органдары  жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық нарықтың дамуына үлес қосуы тиіс. ҚР-ң Конституциясына сәйкес билік  келісімдерді қамтамасыз ету тиіс:

  1. мемлекет меншік объектілеріне муниципалды меншікке беру тәртібін заңның көмегімен реттеу;
  2. мемлекеттік өкілеттері жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды құралдарды жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өткізу;
  3. мақсатты аймақтық бағдарламалар арқылы мәселелерді шешу;
  4. қабылданған мемлекеттік шешімдерді орындау барысында пайда болған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қосымша шығындарының орнын толтыру;
  5. мемлекеттік минималды стандарттарды өңдеу.     

 Қазақстан  Республикасының Конституциясының 6-бабында «ҚР-да мемлекеттік меншік  пен жеке меншік таныладың  деген жолдар бар, ал муниципалды  меншік немесе қауымдық меншік  заңда көрсетілген. Бұл дегеніміз  меншік жоқ жерде билікте болмайды. Мысалы ретінде конституцияда  «Муниципалдық меншік танылғанң  деп жазылған. Жергілікті өзін-өзі  басқарудың заңының жобасында  қауымдық меншік деген термин  кездеседі. Ал, еуропалық хартияда  меншік мәселесі мүлдем айтылмаған. ТМД елдеріне арналған заң  актісінде жергілікті өзін-өзі  басқарудың қаржы экономикалық  негізі арнайы бөлім ретінде  белгіленген, яғни 29- бапта жергілікті  өзін-өзі басқарудың экономикалық  негізін муниципалды меншік жергілікті  қаржы көздері мемлекет иелігіне  жататын, бірақ жергілікті өзін-өзі  басқару органдакрына берілген  мүліктер және муниципалды құрылымның  ішіне кіретін қанағаттануға  жұмсалатын басқа да меншік  құрайды.

Жергілікті  қауым муниципалды меншікті пайдалану  құқығына ие субъекті болып табылады және олар сол муниципалыд құрылымның қорларын тікелей немесе жергікіті  өзін-өзі басқарудың органдары арқылы пайдаланады.

1. Муниципалды  меншіктің құрамына:

- жергілікті  бюджеттің қаржылары

- муниципалды  бюджеттің тыс қорлары

- жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының  мүліктері

- муниципалды  кәсіпорындар мен бірлестіктер

- муниципалды  банкілер мен басқа да қаржы-несие  ұйымдары 

- муниципалды  тұрғын үй қоры

- тұрғын  үйге жатпайтын ғимараттар

- ғылым, денсаулы, мәдениет, спорт мекемелері кіреді.

2.Жергілікті  өзін-өзі басқару орган заң  нормаларына сай муниципалды  меншіктің объектісін уақытша  немес тұрақты түрде пайдалануға  жеке және заңды тұлғаға беруге, жалға тапсыруға заңды жолмен  қайтарып алуға құқықты.

3. Муниципалды  меншікті жекешелендірудің тәртібі  мен шарттарын жергілікті тұрғынды  тікелей анықтайды немесе жергілікті  өзін-өзі бсқарудың өкілдік органдары  шешді. Муниципалды мемлекетке  жататын объектілерді жекешелендіруден  түскен пайда толық түрде жергілікті  бюджетке беріледі.

4. Муниципалды  меншік мемлекет, жеке меншік  түрлерімен бірдей болып саналады  және мемлекет тарапынан да  дәл солай сияқты қорғалады.

Облыстық  әкімият республикада біртұтас атқару жүйесіне кіреді. Облыстық әкімият  әкімнен, оның орынбасарларынан әкім аппаратының  жетекшілерінен, атқару органдарының І-ші жетекшісінен тұрады. Облыс әкімі  ақпаратпен ұйымдастырушылық, сараптама, құқықтық және материалдық базамен  әкім аппараты қамтамасыз етеді. Орталық  атқарушы органдарының аймақтық бөлімшесі  орталық атқарушы органның функциясының аймақтық-әкімшілік деңгейдегі құрылымы болып табылады. Аймақтық бөлімшесінің бастығы тиісті орталық органның басшысы әкімнің келісімінсіз тағайындайды. Бұл аймақтық деңгейді кадр мәселесін  шешуге үкімет мүшелерінің персоналды жауапкершіліктерін жоғарылатады. Жергілікті бюджеттің қаржыларын атқарушы орган  облыс әкімінің қалауымен құрылады. Ол ұйымдық іс-әрекеттерімен құзыреттерін анықтайды.

Жергілікті  атқарушы органдарының аудандық деңгейі. Аудандық әкімиятты ауданның әкімі  құрады. Оның құрамында әкім орынбасарлары, әкім аппаратының тиісті атқару органдарының І-ші басшылары болады. сонымен қатар  атқарушы органның аймақтық бөлімшелерінің І-ші жетекшілері де болуы мүмкін. Аудан әкімиятының жұмыстарына  орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшелерінің басшылары қатыса алады. Аудан әкімі өзінің маслихатының функцияларын жүзеге асыруға міндетті. Өзінің және аудан әкімиятының құзыреті бойынша ҚР-ң Президенті және облыс  әкімі алдында жауапты. Аудандық органдарға мыналар жатады:

  • аудандық әкім аппараты;
  • бөлімдер;
  • ішкі істер;
  • білім;
  • басқару;
  • коммуналды шаруашылық;
  • ауыл шаруашылығы;
  • әлеуметтік саясат;
  • қаржы саласы;
  • діни басқармалар;
  • экономика саласы жатады.

Республикалық маңыздылыққа немесе қала (Астана) аудандағы  қала, поселка, ауылдар.

Республикалық маңызы бар қала (Астана) қалалық, аудандық, поселка, ауылдық жерлерде әкімият  болмайды. Олар заңға сәйкес азаматтық  шағымдарын, азаматтық еркіндігі  мен құқықтары бойынша шешім  қабылдайды. Салық және басқа да бюджетке түсетін төлемдерді жинайды, сметаларды дайындап маслихаттың бекіту үшін әкім аппаратына ұсынады, ҚР-ң жеке және заңды тұлғаларының нормаларын жүзеге асырады, өзінің құқықтық шеңберінде жерді реттейді, құрылысты ұйымдастырады және жөндеуден өткізеді. Сонымен бірге тұрғын үй қорын ұйымдастыруға, жолды жөндеуге, шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді, әскери борыш туралы заңның жүзеге асыуын қамтамасыз етуді, азаматтық тұрмысы туралы актіні тіркеуден өткізуді, тарихи және мәдени ошақтарын қорғауда іс-шараларын ұйымдастырады, жергілікті жердің әлеуметтік құрылымын дамытуды қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыруда, жергілікті басқару органдарын бірге жұмыс жасауды қарастырады. Олар жоғары тұрған әкім алдында жауап береді, республиканың маңызы бар қаладан аудан әкімін, аудандағы қала әкімі, поселк, ауыл, ауылдық округтегі әкімдердің ҚР-ң Президентінің анықтаумен тағайындалады немесе сайланады.

 

 

2.3. Аймақтық муниципалды шаруашылықтардың  экономикалық реформаларын басқару үрдісі

 

Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың  арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай,  дүние жүзілік  тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :

  • өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль   атқаруы;
  • аймақтардың өзара байланыстарының  едәуір ұлғаюы;
  • еңбек  ресурстары жылжымалығының  күшейе түсуі;
  • аймақтардың өндіріс құрылымы  мен инфрақұрылымының  күрделене түсуі;
  • территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық  маңызының артуы  үдейеді.

Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында  басқару функцияларын  қайта бөлу ,  қайта қарастыру ;

Екіншіден, мемлекеттік  территориялық  басқару  мен жергілікті өзін өзі  басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.

   Бұл  жағдай  Қазақсанға да  тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік  құру экономикалық  дамыған аймақтарсыз,  кеңейтілген әлеуметтік инфра-  құрылымсыз мүмкін емес.

    Егеменді мемлекеттің аймақтық  саясатын анықтай түсу өте  қажетті заңдылық. Осы саясаттың  негізгі көрсеткіші болып өндірушілер  мен  тұтынушылардың экономикалық  бостандығы  мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы  алдында  ғана экономикалық жауаптымын  деп есептеуі керек. Аймақтаор  мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары  мыналар  болып есептеледі: өзін өзі басқару , серіктестік  қалаудағы бостандық,  өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық  қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың  және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін  барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру  кейде өктемдік тәрізді   әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық  қағидаларда және  экономикалық   ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе   тұсында елемеу күрделі   зиян келтіреді .

     Әрбір мемлекетте екі түрлі  территориялық құрылымдар бар  . Олар ұлттық деңгейден төмен.  Біріншісі -  аралық  территориялық  құрылымдар және соған сәйкес  билік ететін органдар  мен  басқару. Екіншісі – ең төмендегі  (негізгі)  әкімшілік- территориялық  құрылымдар және жергілікті басқару  органдары. 

     Аралық басқару органдары сипаттайтын  негізгі белгі -  дербестік   өмір сүру  мүмкіндігі . Оның шарты:  өзіне  қарасты ( автономдық) бюджет  және территориялық  бөлімдерге  әкімшілік бақылау жүргізу. 

   Сонымен, аралық орган дегеніміз  -  аймақтарда, облыстарды басқаратын  органдар. Олар өз қызметтерін  өз  территориясында мейлінше  тәуелсіздік қағидалар негізінде  жүргіуге тырысады.

    Жергілікті билік жүргізетін- ол  төменгі  әкімшілік органдар. Олар өз қызметтерін қалалық  болмаса селолық аудандарда іске  асырады.

    Аралық және жергілікті билік  органдары  қаражаттандырудың  негізгі үш кіріс көзі бар:  Салықтар - мемлекетке міндетті түрде  қайтарылмайтын төлемдер; Салықтық  емес табыстар, басқа да  барлық  табыстар (әртүрлі  жәрдемдер,  займдар,  т.б.); Субсидиялар - пайызсыз  берілетін ақшалай жәрдемнің  түрі.

    Жаңа кезеңде әлеуметтік- экономикалық  дамуды аймақтық  басқару саласы  онан әрі өріс алып, ерекше  әсер етуі күмән келтірмейді.

    Аймақтық рынокты объект ретінде   екі жағына қарауға болады.

Бірінші  жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының  ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың  екі жақтығы әуелі  аймақтық өз ішіндегі субъектілері де нарықтық қарым қатынастары  қалыптастыру  арқылы білінеді. Содан кейін аймақ  щеңберінен тыс шарушылық субъектілердің жалпы  ұлттық болмаса  дүние жүзілік  рынокпен ұштасуымен көрінеді.

    Оған көп себептердің бірі  рыноктық факторлардың аймақтық  саралануы (дифференциация). Материалдық   әлеуметтер,  ұйымдық құрылымдар  өндірістің әртүрлі  реттеушілері  аймақтарда бірдей  емес, олар  әртүрлі болады. Мұнымен қатар  айта кететін бір фактор өндіріс  күштерінің аймақтарда әртүрлі  орналастыруы мен дамуы.

     Барлық деңгейде  бюджетті қалыптастыру  мен  пайдалану жүйесін енгізуде  жергілікті  органдарының өкілеттілігін  арттыру қажет.  Республикалық  және жергілікті әрекеттестік  тиімділігін қамтамассыз ету келесідей негізгі  бағыттарда жүргізілуі керек:

  • аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамассыз  ету, соның мүдделі пайдалануын бақылау  тетіктерін әзірлеу ;
  • жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып  білімге, денсаулық сақтауға,  тұрғындарды әлеуметік қорғауға  мұдделі субвенциаларды бөлуді тәжірибеге  енгізу;
  • экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшырағын  шағын және орта қалалар, алыстағы  селолық ауылдардың дамуын жеделдету үшін  салық, кеден және т.б. режимдерден  жеңілдіктер енгізу қажет.

Барлық  елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның ғылыми  түрде  дұрыс жасалған стратегиялық  жоспарларға  әсіресе олардың мезгілімен орындалуына  байланысты болады. Стратегиялар мына тараулардан тұрады.

Информация о работе Жергілікті басқару органдарының материалдық – қаржылық негіздері