Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2015 в 12:32, реферат

Краткое описание

Қазақстан - барынша аз еңбек және қаржы шығынымен шаруашылықтарға үлкен кіріс әкелетін малды ұстаудың жайылымдық нысандарын дамыту үшін табиғи мүмкіндікіері мен жергілікті халықтың тарихи қалыптасқан дағдылары мол маңызды мал шаруашылы аудандарының бірі.
Қазақстан өзінің ерекше табиғи жағдайларымен және жергілікті халықтың еңбек дағдыларымен ертеден бері ірі мал шаруашылығы аудандарының бірі болып саналады.

Вложенные файлы: 1 файл

Ізмұхан О..docx

— 351.33 Кб (Скачать файл)

 


  1. Мазмұны

 

Қазақстан -  барынша аз еңбек және қаржы шығынымен шаруашылықтарға үлкен кіріс әкелетін малды ұстаудың жайылымдық нысандарын дамыту үшін табиғи мүмкіндікіері  мен жергілікті халықтың тарихи қалыптасқан дағдылары мол маңызды мал шаруашылы аудандарының бірі.

Қазақстан өзінің ерекше табиғи жағдайларымен және жергілікті халықтың еңбек дағдыларымен ертеден бері ірі мал шаруашылығы аудандарының бірі болып саналады.

Тың және тыңайған жерлерді  игергенге дейін елуінші жылдардың ортасында мал шаруашылшығы республиканың ауыл шаруашылығының  басты саласының бірі болып табылады. Егіншіліктің тез дамуына қарамастан тың жерлерді игерген уақыттан бастап  Қазақстан экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы  қазірдің өзінде зор.

Ірі қара мал өсірілетін негізгі аудан – Батыс Қазақстан – республиканың егіншілік барынша  игерілген бөлігі. Бұл жерде барлық ірі қара мал басының  шамамен 501 пайызы орналасқан.

Ірі қара мал өсіретін екінші  бір маңызды аудан Солтүстік, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның таулы өңірі. Бұл жерде барлық мал басының шамамен 30 пайызы бар. Республикада өсірілетін  ірі қара мал тұқымынан сүтті-еттіқырдың қызыл, алатау, талас тұқымдарын және ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырларын ерекше атап өтуге болады.

Мал шаруашылығы Қазақстанда барлық жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 43% құрайды. Мал шаруашылығы Қазақстанның негізгі стратегиялық экономикалық  міндеттерінің бірі болып табылады және  ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуының,  тамағы мен кірісінің  негізгі көзі болып қала береді.

Республиканың  маңызды малшаруашылық салалары қой шаруашылығы және мал шаруашылығы болып табылады, сондай-ақ  шошқа шаруашылығы,  құс шаруашылығы, жылқы шаруашылығы мен  түйе шаруашылығы да дамыған. Республиканың шығысында  марал шаруашылығы дамыған.

Табиғи мал жайылымдарының сипаттамасы  ең алдымен қой шаруашылығын, етті мал шаруашылығын дамытуды алдын ала айқындайды, Республикада өндірілген еттің шамамен 65% осылардың үлдесінен тиеді.

 

  1. Түйіндеме

 

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында (бұдан әрі – Батыс Қазақстан облысы) сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы  қызметтерді тұтынушылар – облыс пен жақын орналасқан аудандар тұрғындары болып табылды..

Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В”  жүйесіндегі жылы ғимаратты сатып алу жоспарлануда.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың тг.

2 015

Негізгі капиталға инвестициялар

76 906

Негізгі капитал

3 730

Барлығы

80 636


 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты  қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг.

Сома

Кезең

Үлес

Өз қаражаты

28 073

01-06.2015

35%

Қарыз қаражаты

52 563

01-06.2015

65%

Барлығы

80 636

 

100%


 

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

7%

Өтеу мерзімі, жыл

7,0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

9

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

9

Негізгі борышты өтеу түрі

тең үлестермен


 

Жобаның 7 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:

Жылдық пайда (7 жыл), мың тг.

16 959

Активтердің рентабельділігі

20%


 

11% дисконттау  ставкасы кезінде инвестицияланған  капиталдың дисконтталған таза  кірісі 5 жылда  33 874  мың теңгені  құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

20%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

33 874

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

5,4

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

6,7


 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты кіріс алуына мүмкіндік береді;

сүтті мал тұқымын өсіретін жаңа фермалар құру;

Батыс Қазақстан облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі. Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады: халықтың сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.

Жобаның тұжырымдамасында сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашу қарастырылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін  табыс алу болып табылады. Өнімнің негізгі түрлері  ІҚМ сүті мен еті болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерді тұтынушылар -  облыстың және Патропавл қаласының  халқы болып табылады.

Өнімнің басымдылығын мыналар құрайды:

- жоғары технологиялы және заманауи  жабдықтарды пайдалану;

- экологиялық;

- демократиялық бағалар.

Сиыр қораға арналған орын-жайдың жалпы алаңы1 060 шаршы метрді құрайды. Бұл бизнес – жоспар  басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек  осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігінің көрсеткіші ғана болып табылады. Сондықтан да  осы жобаны іске асыру кезінде  жобаның бастапқы өлшемдері өзгеруі мүмкін. Шығаруға жоспарланған өнімнің  бәсекелестік  басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың  айырықша ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет

 

Сиыр, ешкі, қой және басқа дажылы қандылардың сүті емшек бездерінде – желінінде қан арқылы келетін азықтық заттардың күрделі құрылымдалуы арқылы  пайда болады. 1 л сүтті синтездеу үшін желіннен 400-500 л қан өтуі тиіс.     Сүт және сүт өнімдері өзінің азықтық құндылығымен ерекшеленеді.

Сүт және көптеген сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдер санатына жатады, өйткені микроағзалардың дамуы үшін өте қолайлы орта болып табылады. Оған жаңа сауылған сүт жатпайды, сауылғаннан кейін 2-3 сағат бойы құрамында микробқа қарсы табиғи заттарының болуы арқасында  оның сақталу тұрақтылығы жоғары  болады. Бұзаулағаннан кейін 6-8 күн бойы  оның сүті уыз болады, түсі сарғылт, қоймалжың, ерекше иісі және дәмі қышқылтым болып келеді.

Сүт өнімдері мынадай топтарға бөлінеді:  сүт өнімдері – сүт, кілегей,  қышқыл сүтті сусындар, қаймақ, ірімшік, сыр;  сүт консервілері;  май; балмұздақ.

Қазақстан Республикасында 6 сүтті мал тұқымы және 2 сүт-ет бағытындағы аралас өнімді  тұқымы  тараған.

Сүтті мал тұқымының 5-і  бейімделген болып табылады.

Қара-ала сиырлар  барынша көп және  Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Эстониядан әкелінген болып табылады. Қазіргі уақытта малдың осы тұқымы  елдің барлық табиғи-климаттық аймақтарында  өсіріледі. Сиырлардың өнімділігі 2,2-6,0 мың кг сүт көлемінде және одан жоғары  аралықты қамтиды.

Қырдың қызыл тұқымды сиыры негізінен республиканың солтүстігінде  және ішінара батыс өңірінде (Ақтөбе облысы) тараған. Республикада  осындай тұқымды сиырдан орташа 2,0-4,0 мың кг сүт алынады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап  қырдың қызыл тұқымды сиырларының  сүт өнімділігін арттыру мақсатында оларды эстондық қызыл, латвиялық  күрең,  даттық  англер және қызыл  тұқымдылармен будандастыру жүргізілді. Соңғы 20 жылда будандастыруда қызыл-ала голштиндар пайдаланылады. Селекциялау жұмысы сауымында  4,5-5,0 кг сүт беретін  қырдың қызыл малынан  мол сүт алуға  бағытталған.

Латвиялық  күрең тұқым бір асыл тұқымды табынның шеңберінде ғана  ұсталады және  тауарлы сүт өндірісінде ерекше орын алмайды.

Симментал, қара ала, әулиеата тұқымдарының сүттілігін ұлғайту үшін селекцияға қатысқан  Айрышир тұқымы  қазіргі уақытта жойылған.

Сүт бағытындағы өнімді малдардың арасында Оңтүстік Қазақстан және ішінара Жамбыл облыстарында кеңінен тараған отандық әулиеата қара-ала тұқымын бөліп көрсетуге болады.

Бұл тұқымның ерекшелігі  Оңтүстік Қазақстанның ыстық ауа райына,  таулы алқаптар мен таулы шалғындарда жайылымда ұстауға бейімділігі, сондай-ақ қан арқылы жұғатын  ауруларға (тейлериоз, приоплазмоз) тұрақтылығы болып табылады. Осы тұқымның негізінде қара-ала тұқым мен Еуропадан, Солтүстік Америка мен Канададан әкелінген голштиндер генефондын пайдалана отырып ішкі сүтті қара-ала тұқымды  алуға арналған  селекция жүргізілуде.

Сүтті-етті тұқымдар отандық алатау және  бейімделген симментал тұқымдары арқылы ұсынылады.

Алатау тұқымы жергілікті қазақтың малын Еуропадан әкелінген швиц тұқымымен  будандастыру арқылы алынды және 1950 жылы дербес тұқым ретінде танылды. Республиканың оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Көптеген асыл тұқымды  шаруашылықтарда  майлылығы 3,8-4,0% 4 000 – 5 500 мың кг сүт сауылады. Жас малдар денесінің ірілігімен ерекшеленеді және жақсы бордақыланған тайыншалар 18 айда 500 кг таза салмаққа жетеді, оның массасының 1 кг  өсіміне  6,5-7,0 жемазық бірлігі жұмсалады.

Алатау тұқымында сауылымында 5,0 кг сүт, тұқымдық ядросында тиісінше 7,0-11,0 мың кг сүт беретін американыдық селекцияның швицтерін пайдалана отырып  ішкі тұқымдық күрең «Ақ-Ырыс» түрі алынды.

Ірі қара малдың симментал тұқымы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кеңінен тараған елімізге бейімделген ертеден келе жатқан түрлерінің бірі. Симментал малының негізгі массиві  қазақ, қалмық,  қырдың күрең тұқымдарын Ресейден, Украинадан, Австриядан , Швейцария мен Германиядан  әкелінген бұқалармен  будандастыру  арқылы (1932-1950 жж.)  алынды.

Қазіргі уақытта монбельярд, немістің ала, айыршир және қызыл-ала голштин  тұқымдарымен күрделі будандастыру жолымен ішкі тұқымдық қызыл ала түрі алынды (2009ж.).

 

1-кесте –Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш (жылдық)

2 015

2 016

2 017

2 018

2 019

2 020

2 021

Сауылған сүт л.

196 425

261 900

292 455

323 010

328 030

394 814

414 097

Сиыр басы, бас

45

45

50

56

56

68

71

Орташа бір сиырдан сауылған сүт, л/жыл

5 820

Ет өндіру, тн.

0

8

15

15

19

16

22


 

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады..

 

2-кесте - Жоспарланған сатубағдарламасы

Кірістер бабы

Сатудың басталған күні

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Сүт сату

с 04.15

20 952

20 952

23 396

25 841

26 242

31 585

33 128

Ет сату

с 01.16

0

11 856

12 650

15 715

13 071

17 683

17 579

Барлығы

 

20 952

32 808

36 047

41 556

39 313

49 268

50 707

Информация о работе Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет