Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 19:44, курсовая работа
Бұл жұмыстың мақсаты – лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықтық регламен-тациясын, лизингті ұйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі ли¬зинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1.2 Лизинг түсінігі және оның дамуы....................................................................8
1.3 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері............................................9
II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі..........15
2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы..........18
III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.2 Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………….27
3.3Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау….....28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. 35
Лизинг бизнесінің тарихы мен дамуы зерттеле келе, ол дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданыла бастады, сонымен қатар лизинг кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда ең орынды тәсіл болып саналады.
Осылайша лизинг қатынастарындағы нағыз шу 20-ғасырдың 50-жылдарының басында Америкада болған еді. Лизингке белсенді түрде өндірістік құралдар, технологиялық жабдықтар, машиналар, механизмдер, кемелер, ұшақтар және т.б. өткізіле бастады. Бұл бастамаға АҚШ Үкіметі жоғары баға бере отырып, осы қызмет жағдайын жасаудың мемлекеттік бағдарламасын жасады. Бұл лизинг қызметін едәуір жандандырды. Бірқатар жағдайларға байланысты лизинг тез дами бастады. Бұл лизинг бизнесі қалыптасуының бастамасы еді.
Бекітілген оқиға лизинг қызметін көрсететін компаниялар мен фирмалар пайда болды. Осындай лизинг қызметі олардың кәсіпкерлік қызметінің негізін қалады.
Лизинг АҚШ-та, Канадада, Еуропада 60-80 жылдары қарқынды дамыды, ол жуық арада оның географиялық шекаралары кеңейе түсті. Лизингтік нарық Австралияда, Жапонияда пайда болды. Лизингтің өсуі мен даму деңгейі 80-жылдардың аяғында былай сипатталады: егер АҚШ-та мүлік лизингі өндірісітік инвестициялары жалпы көлемінің 98%-ін құраса, Австралияда – 30%-тен астам, Ұлыбрита-нияда – 20%, Францияда – 17%-ке жуық,, Италияда – 14%, Герма-нияда – 15%, Австрияда – 9%-ке жуық, Канадада 8% құраса, қазіргі таңда мүлік лизингі осы аталған елдерде 1,5-2,0 есе өсті. Ресейде ол 1996 жылы 12%-тін құраса, 2000 жылы 20%-ке дейін өсті. [5]
Мысалы, АҚШ-та 1987 жылы лизингке өткізілген мүліктің жалпы санының 33,2%-тін есептеу техникасының құралдары, 9,5%-ін оргтехника, 21,9%-ін өнеркәсіп жабдықтары, 4,9%-ін көлік құралдары, 1,2%-ін құрылыс машиналары, 10,1%-ін сауда-саттық жабдықтары құрады.
1987 жылы АҚШ-тағы лизинг жеке түрлерінің ара-қатынастық теңдігі мына төмендегідей болған: жасалған шарттардың жалпы құнының 65%-ін қаржы лизингі шарттары, 10%-ін оперативті лизинг шарттары, 25%-ін “леведж-лизинг” шарттары құрады.
Осының барлығы бізге кәсіпкерліктің жаңа түрінің даму қарқыны мен динамикасының негізін құрайтын аренданың бір түрі – лизинг туралы мағлұмат беріп отыр. Сондықтан лизингтің мәнін, оның негізгі қасиеттері мен потенциалын, принциптері мен ұйымдастыру түрлерін анықтап алу керек. Лизинг жүйесінің экономикалық механизмі мен артықшылығын білу арқылы ғана оны кәсіпкерлік істе кеңінен қолдануға болады.
Лизинг барысында қалыптасатын қатынастардың күрделілігі оның пайда болуы мен мәнін анықтайды.
Сонымен, лизинг – қатынастардың ұйымдық-экономикалық түрлерінен тұратын кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, ол көпқұрылысты экономиканы қалыптастыру жөніндегі маңызды, яғни қаржылық, өндірістік, салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді қолдану функцияларын қамтиды. (Қосымша А)
Лизинг алушы мүлікті пайдаланудың ақысын лизинг берушіге лизинг төлемдері түрінде жүзеге асырады. Төлемнің көлемі, тәсілі, түрлері мен мерзімі екі жақтың келісімі бойынша бекітіледі. Лизинг төлемдерінің жалпы сомасына:
-лизинг мүлкінің құнын
-лизинг келісімі бойынша мүлікті алу үшін пайдаланған реесурстардың ақысын лизинг берушіге төлеу;
-лизинг берушіні делдалдық
-егер лизинг мүлкін лиизинг беоруші сақтандырған болса, сақтандыру қаржысын өтеу;
-шартта алдын ала қарастырылға
-егер лизинг беруші мүлікке салған салықты төлеген болса, салық сомасын өтеу;
-шартта алдын-ала
Лизинг алушы төлемдерінің барлық сомасы оның өндіретін өнімінің өзіндік құнына қарасты, бұл салық базасын төмендетеді.
Егер лизинг мүлкінің аммортизациясын лизинг алушы белгілесе, онда осы мүліктің ақысын төлеуге арналған төлемдерді қоспағанда, лизинг төлемдерінің сомасы өзі өндіретін өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.
Сонымен жоғарыда атап өтілген лизинг төлемдерінің құрамы Ресей Федерациясының экономика министрлігі 1996 ж. 16-сәуірде бекіткен лизинг төлемдерінің есебі жөніндегі методикалық ұсыныс-тарға сәйкес Ресей Федерациясының қаржы министрлігімен келісілді.
Лизинг шартында екі жақ лизинг төлемдерінің жалпы сомасын, олардың түрлерін, есептелуін, төлеу мерзімі мен тәсілдерін келісіп шешеді (1.2. кестесі). (Қосымша В)
1.3 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шарттарын жасау кезінде лизинг обьектісін анықтау өте маңызды.
Қазақстан Республикасының 565-бабында былай делінген: “Лизинг шартының обьектілері мен нысанасына бағалы қағаздар мен табиғи ресурстарынан басқа кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат жатады”. Ресей азаматтық заңы мен көптеген елдердің заңдарында жер учаскесінің (танабының) лизинг шартының обьектісіне жатпайтындығы көрсетілген, ал біздің республикамыздың азматтық заңына сәйкес, жер учаскесі лизинг шартының обьектісі бола алады, ал бағалы қағаздар шарттың нысанасы бола алмайды.
Сонымен, нарықта айналымға тиым салынбайтын және өндірістік циклда жабылмайтын кез-келген мүлікті лизингке өткізуге болады. Лизинг обьектілерінің өзгешеліктеріне қарай жылжымалы мүлік лизингі және жылжымайтын мүлік лизингі болып екіге бөлінеді. [4]
Жылжымалы лизинг обьектілеріне:
-ауыр машиналары мен жабдықтар (жылу-техникалық, турбиндік құралдар, электроқозғағыштар және т. б.);
-жұмыс машиналары мен
-есептеу және оргтехника
-көлік құралдары (темір жол жылжымалы құралы, теңіз бен өзен кемелері, автокөліктер, ұшақтар және т. б.);
-теле- және арақашықтық байланыс құралдары;
-және т. б.
Жылжымайтын лизинг обьектілеріне:
-өндірістік ғимараттар;
-құрылыстар (мұнай және газ скважиналары, гидротехникалық және көліктік құрылыстар) жатады. Лизинг обьектісіне жаңа мүліктер ғана емес, бұрын пайдаланғандар да жатады.
Лизинг обьектісіне жылжымайтын мүліктер (үйлер, құрылыстар, кәсіпорындар мен цехтар) жатса, сол мүліктер тұрған жер учаскесін пайдалану үшін лизинг алушыға беру қарастырылады. Қазіргі таңда тұрмыста және жанұяда пайдаланылатын мүлікті лизинг обьектісі ретінде қарастыруға қажет-ақ. Батыс елдерде осы аталған мүлік түрлері лизингке жиі беріледі. Бұл шетелдегі автокөлік пен қ䒱рылыс техника нҰрығының ерекшеліктерімен байланысты. ірақ бұл мүліктер кәсіпкерлік қызметте қолданылмағандықтан, олар, такси ретінде пайд䐰ланылатын жеңіл автокөліктерді қоспағанда, лиѷинг обьектілері бола алмайఴы. Әрине, 䐷аң бойынша айналымға тиым салынған мүліктер де лизинг обьектілері бола алмайды. Сонымен Қазақстан Республикасының “Қаржы лизингі туралы” заңының 4-бабына сәйкес лизинг обьектілеріне ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, инвентарлар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез-келген тұтынылмайтын заттар жатады. [7]
Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
Заң актілері жер учаскелерінің жеке категорияларын пайдалануға басқа да шектеулер қоюы мүмкін.
Лизинг нарқының субьектілеріне лизинг берушілер, лизинг алушылар, мүлікті өндірушілер (сатушылар), сонымен қатар лизинг операцияларына тікелей қатынаспаса да, делдалдық, ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсететін брокерлік және консалтингтік фирмалар жатады.
Лизинг алушы мен лизинг беруші, яғни шарт жасасатын екі жақ, лизингтің негізгі субьектілері болып табылады.
Лизинг беруші – лизинг алушы көрсеткен мүлікті өндірушіден (сатушыдан) өз меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша пайдалануға беретін заңды тұлға болып табылады. Заң бойынша кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға да лизинг беруші бола алады. Лизингтік қызмет нарығында лизинг берушінің функциясын шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғам түріндегі лизинг компаниялары, яғни мамандандырылған коммерциялық ұйымдар орындайды.
Банктер, басқа да несиелік-қаржылық мекемелер де лизинг беруші бола алады, көбіне олар лизинг мүлкін өндірушілер, яғни машина жасайтын зауыттар, құрылыс фирмалары және т. б. болып табылады.
Лизингтік қызметті жүзеге асыру құқығын лицензия береді.
Лизинг шарты бойынша лизинг мүлкін ақы төлеп уақытша иемденіп, пайдаланатын заңды тұлға немесе заңгерлік білімі жоқ кәсіпкер ретінде тіркелген азамат лизинг алушы болып табылады. [2]
Лизинг шарты бойынша мүлік алуға үміттенген кез-келген кәсіпорын лизинг алушы бола алады.
Өндіруші (сатушы) мүлікті лизинг шарты бойынша лизинг берушіге сататын заңды тұлға.
Сатушы – лизинг алушы таңдаған мүліктің иесі және лизинг берушімен сатып алу-сату шартын жасасатын заңды немесе жеке тұлға.
Өндірушінің (сатушының) қызметін лизинг қызметі нарқында кәсіпорындар, яғни лизинг мүлкін жасап шығарушылар орындайды, бұлардың орнында машиналармен және жабдықтармен көтерме сауда жасайтын фирмалар да бола алады.
Банктер мен басқа да несиелік-қаржылық мекемелер, тікелей лизинг беруші бола алмаса да, лизинг қызметі нарқына қатыса алады, өйткені олар лизинг берушіні мүлік сатып алуға қажет қаржымен қамтамасыз етеді.
Лизинг қызметі нарқында жұмыс істейтін брокерлік фирмалар өте маңызды роль атқарады. Олардың міндеті серіктес (партнер) іздеуден, делдалдық қызмет атқарудан, нарыққа қатыспаушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуден тұрады. [2]
Консалтингтік фирмалар нарыққа қатысушылардың барлығына, ең бірінші лизинг алушыға, консалтингтік көмек көрсетеді. Егер сатушы мен лизинг беруші бір ғана тұлға болса, онда шарт жасасушылардың құрамы қысқартылады. Мұндай жағдайда лизинг мәселелерімен лизинг арқылы нарықта тауарларды өткізу үшін тауар өндірушілер құрған лизинг компанияларының фирмалары, сонымен қатар өндіруші кәсіпорынның құрамындағы арнайы бөлімшелер (маркетинг басқару қызмет орындары) айналысады.
Халықаралық лизингте лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының қызметін атқаратын шетелдік заңды тұлғалар Қазақстандық лизинг нарқының субьектісі болып табылады.
Осыған орай біздің алдымызда лизинг қатынастарын қалай жетілдіруге болады және лизинг шарттарын жасаудың дұрыс ыңғайын таба келе, лизинг шарты элементтері арасындағы заңды шектеулерді қалай жүргізу керек деген сұрақ туады. Бұл жерде, сөзсіз, азаматтық-құқықтық қатынастарды басқару ретіндегі лизинг келісімінің елеулі шарттарын қарастыру арқылы осы сұрақтарға жауап таба аламыз.
Іс жүзінде лизинг шарттары көбіне шарт жасаушылардың күрделі құқықтық, коммерциялық, қаржылық мәселелерін қарастырады. “Қаржы лизингі туралы” заң лизинг қатынастарының әр субьектісінің құқықтық статусын белгілейді. Сонымен, осы аталған заңның 5-бабында былай делінген: лизинг берушінің лизинг алушыға уақытша пайдалануға берген мүлкіне меншік құқы лизинг шартында белгіленген барлық мерзім ішінде сақталады. Лизинг мүлкін уақытша иелену мен пайдалану құқы лизинг шарты мемлекеттік тіркеуден өткен заматта лизинг алушыға өтеді.
Лизинг алушы банкрот болған жағдайда лизинг нысанасы конкурстық жиынға кірмейді. [11]
Лизинг алушының лизинг мүлкін пайдалану нәтижесінде алған өнімдері мен тапқан табыстары және басқа да жетістіктері лизинг алушының меншігінде қалады. Егер лизинг алушы мүлікке зиян келтірмей, өз қаржысы есебінен жетістіктерге жетсе, лизинг берушінің жазбаша келісімі бойынша, егер өзгеше шарттар көзделмесе, шарт аяқталған соң, сол жетістіктерге жұмсалған қаржыны өтеп алуға құқы бар. Егер заң актілерімен және лизинг шартымен өзгеше көзделмесе, лизинг берушінің рұқсатынсыз лизинг алушы өндірген бөлінбейтін жетістіктерінің құнын өтей алмайды.
Лизинг берушінің құқықтары:
Лизинг берушінің міндеттері:
Лизинг алушының құқықтары мен міндеттері:
1. Лизинг алушының құқықтары: