Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 19:44, курсовая работа
Бұл жұмыстың мақсаты – лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықтық регламен-тациясын, лизингті ұйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңдері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі ли¬зинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. ЛИЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1.2 Лизинг түсінігі және оның дамуы....................................................................8
1.3 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері............................................9
II. ЛИЗИНГ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық реттелуі..........15
2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы..........18
III. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ МӘМЕЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.2 Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………….27
3.3Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның тиімділігін талдау….....28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................. 35
Енді біз лизинг қатынастарындағы кейбір жетістіктерді, Қазақстанда лизинг компанияларының құрылуын және олардың қазіргі уақыттағы қызметін қарастырамыз. [14]
Мысалы ауыл шаруашылығын дамыту үшін машина-тракторлық парктерді жаңарту мен кеңейту талаптары қойылып отыр. Көптеген кіші және орта ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің әлсіз қаржы жағдайлары осы салалардың инвестицияланбағандығынан болып отыр, осыған орай олар жаңа қажетті техника сатып ала алмайды. Осы себептермен ауылшаруашылық Министрлігі лизинг қатынастарын дамытуға ортақтасып отыр.
Барлық елдерде негізгі құралдарды жаңалауда лизинг механизмі өте тиімді болып саналады. Осыған орай Ауылшаруашылық Министрлігінің инициативасы бойынша Үкімет деңгейінде мемлекеттің 100% қатысуымен “КазАгроФинанс” жабық акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданды, оның басты мақсаты – ауылшаруашылық өндірушілерін лизинг негізінде қамтамасыз етудің бағдарламасын жүзеге асыру. Осыған байланысты республика аймақтарын қамту үшін филиалдар мен өкілеттіліктер ашылған.
Бірінші кезеңде “КазАгроФинанс” ЖАҚ-на мемлекеттен тауарлық несие ретінде АҚШ-тың “Джон Дир” өндірісінен 630 астық жинау комбайндарын өткізілді. Олар республикаға 1992 жылы “Кең Дала” Акционерлік қоғамымен үкіметтің кепілдігімен несиелік қаржыларға әкелінген болатын. Бірақ бұл акционерлік қоғам несиені өтеу жөніндегі міндеттерін орындай алмағандықтан, мемлекет осы қарыздарды өтеп, 1999 жылы комбайндарды алып қоюға мәжбүр болды. Осы шығындарды өтеу үшін осы комбайндар лизингке беріліп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ақы төлеп пайдалану үшін “КазАгроФинанс” Жабық акционерлік қоғамына өткізілді. Осы комбайндамен екі маусым бойы астық жинау жұмыстары атқарылуда, республика бюджетіне 1,9 млрд. теңге (13 млн. доллардан аса) қарыз өтелді.
“ҚазАгроФинанс” жабық акционерлік қоғамы Павлодар трактор зауытының ақтап шығару үшін, төрт жүз Т-95 тракторларының 9 жылғп лизингке беру жобасын жүзеге асыруда. [16]
Бұл импорты ауыстыру саясатын өткізудегі отанымыздың ауыл шаруашылық машина өндірісін қолдау болып табылады. Екі жыл ішінде отынымыздың ауыл шаруашылық тауар өндірісінің кәсіпорындарына 8,6 млрд. теңге сапасын құрайтын технрка лизинг бойынша берілді. Бұл лизингтің шарттары жеңілдетілген: лизинг инозімі 7 жылға дейін, лизинг төлемдері жылына бір жүзеге асырылады.
2000 жылы лизинг алушылардың
Яғни лизингті ұйымдастыруға бөлінген 2190 млн астам теңге республика бюджетіне қайтарылды.
2001 жылы “КазАгроФинанс” өз
қаржысы есебінен Ақмола, Оңтүстік
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына
ауыл шаруашылық қызмет көрсету
Қазіргі таңда ауылшаруашылық техникасын жөндеуді, МТС арқылы қызмет көрсетуді, қосалқы бөлшектер мен ауыл шаруашылық құрал-саймандарын өткізуді жүзеге асыратын сервистік орталық концепциясы жасалуда.
Жуық арада “КазАгроФинанс” жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлермен кездесуінде лизинг алушымен лизинг берушінің жағдайларын жақсарту жөнінде бірнеше ұсыныстар жасады. Олар мыналар:
- қосымша құнға салықты лизинг объектісінің құнынан емес, лизинг төлемдерден алу керек;
- лизинг алушы аванстық 10%-тік негізде төлейді;
- лизингтің орта мерзімі 7 жыл;
- лизинг алушы сатушыны өзі таңдайды;
- сатушы (ауыл шаруашылық тауар өндірушісі) тауарды қайтып сатып алу керек.
Біз отанымыздың басқада лизинг компаниялары жөнінде сөз алғымыз келіп отыр.
Жаңа авияциялық техниканы пайдалану есебінен авиациялық көлікті қауіпсіздендіру мақсатында лизинг негізінде авиаоператорлар-мен қамтамасыз ету үшін, Үкімет өз қаулыларымен белгіленген капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен “КазАвиаЛизинг” жабық акционерлік қоғамын құрды.
Бекітілген заң тәртібі бойынша жабық акционерлік қоғамның жарғы капиталын қалыптастыру, авиациялық мүлікті лизингке алу мен өткізуді негізгі қызметі ретінде анықтай отырып, жабық акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркелуі қамтамасыз ету, қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену мен пайдалану құқын Көлік пен коммуникация министрлігіне тапсыру және көлік пен коммуникация министрлігімен бірге осы қаулыдан шығатын басқа да шараларды қолдану.
Республика Үкіметінің кейбір шешімдеріне қосымшылар еңгізілген. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-министрдің орынбасары Карим Масимовқа жүктелген.
Жабық акционерлік қоғамның кіші компаниясы “ТуранАлемБТА-лизинг Банкі” астаналық аквабаққа қаржылай көмек берді. Соның арқасында соңғы құралдармен және тренажерлармен, соляриймен жабдықталған аквабақ Астананың тұрғындары мен қонақтарын қуантуды. “Лизинг-БТА” мен оның серіктестерінің бұдан басқа жеткен жетістіктері аз емес.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығын өркендету жылы “Астана-Қаржы” кәсіпорны шетел өндірісінің астық егу мен жинау техникасымен қамтамасыз етуге тапсырыстар қабылдауда. Бұл лизингтің шарттары мына төмендегідей:
- бірінші жарна техника құнының 15%-ін құрайды;
- лизинг мерзімі 7 жылға дейін созылады;
- процент қою 1 жылдық табыстың 10%-іне тең;
- лизинг төлемдері жылына бір рет асырылады.
Біздің республикамыздың лизинг бизнесінің құқықтық талқылаумен реттеуін анық көрсету мақсатында біз Қазақстан Республикасының салық кодексіне кейбір қажетті өзгерістер енгізуді көрсеткӖміз келіп отыр:
1. Заңның 21-бабына сәйкес лизинг төлемдері мерзімді төлемдер болып табылады. Олар:
- лизинг берушінің мүлікке жұмсаған шығындарын өтеу;
- лизинг бойынша ақы төлеу. Лизинг төлемдерінің бірініі бөлігі 7-бухгалтерлік есептің стандартына берілген “тауарлық-материалдық қорларды есепке алу” бойынша тауарлық - материалдық қорлардың өз құнын өтеу деп түсіндіріледі. Сонымен лизинг төлемдері 2 бөліктен тұрады: лизинг нысанасының өз құнын өтеу және лизинг бойынша ақы төлеу. Бірақ, Салық кодексінің 10-бабындағы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша ақы төлеу лизинг төлемдерінің барлығын және лизинг мүлкінің өз құнын қамтиды. Осыған орай, Салық кодексіндегі қаржы лизингі бойынша ақы төлеу түсінігі Заңдағы түсінікке сәйкес, бірақ салық салу мақсатындағы қаржы лизингі бойынша ақы төлеу түсінігі Салық кодексінің 10-бабының 3 -тармағына сәйкес келеді.
Біздің ойымызша салық кодексіндегі ақы төлеу түсінігін анықтауда лингвистикалық қате жіберілген, соның салдарынан осы түсінікке лизингі мүлкінің өз құнын өтеудегі төлемдерді де жатқызуға болады, өйткені Салық кодексінің 222-бабы қаржы лизингісіне мүлікті өткізу кезінде лизинг алушыға тиісті ақы төлеу сомасының бөлігін қосымша құнға төлеу салығынан босатуды қарастырады. Салық кодексін құрастырушылар лизинг төлемдерінің құрамында ақы төлеуде басқа құнға қосымша салықтан босатылмайтын лизинг мүлкінің құнын да қарастырған болулары керек. Бұл құнға қасымша салық бойынша салық есебінен құру ережелерімен расталған. Сондықтан, біздің ойымызша, сол кодекстегі ақы төлеу түсінігі Заңдағы түсінікке сәйкес болу қажет. [19]
Лизинг берушінің айналымдағы қаржыларының шығынын азайту мақсатында лизинг берушінің қосымша құнға салық төлеу мерзімі мен лизинг төлемдерін алу мерзімін бір уақытқа белгілеу керек. Сол себепті біз Салық кодексі 216-бабының 2-тармағына мына тармақ астын қоюды ұсынамыз:
“негізгі құрал ретінде лизинг алушыға тиісті мүлікті қаржы лизингісіне өткізу кезінде шартқа сәйкес лизинг төлемін алу мен айналымды іске асыру бір мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес мүлікті лизинг беру кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшерін белгілеу мақсатында Салық кодекісінің 217-бабын мына редакцияда толықтыру керек: негізгі құрал ретінде лизинг алушыға тиісті мүлікті лизингке өткізу кезінде салық салатын айналвмның мөлшері төленетін ақы мен қосымшы құнға салықшы қоспағандағы айналымды жүзеге асыру мерзіміне төленетін лизинг төлемнің негізінде анықталады.”
Лизинг механизмі арқылы алынған мүлік тікелей сатып, алу мен немесе импортпен алынған мүлікпен салыстырғанда қымбатқа түседі. Бірақ жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алуға тек ірі ауылшаруашылық құрылымдарының ғана шамасы келетінін айта кеткен жөн, ол ресидің орта және кіші тауар өндірушілері үшін қазіргі таңда техниканы жаңалау мен ескірген комбайндар мен тракторларды модернизациялауда лизинг ең қолайлы тәсіл болып табылады.
3.2 Лизинг мәмлелерін жасаудың негізгі кезеңдері
Лизингте оның даму кезеңіне түріне, мөлшеріне, коммерциялық ұйымдастыру түрлеріне байланысты лизинг процесін басқарудың өндірістік тәсілі орын алуды мүмкін, мұнда лизинг операцияларына дайындалу және оларды жүзеге асыру жөніндегі барлық жұмыстарды мүлікті өндіруші-кәсіпорынның өндірістік бөлімшелер орындайды. Бұл жаңа техниканы тез өткізуге, оны сапалы жөндеуден өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өйткені кәсіпорынның жоғары мамандандырылған кадрлары мен техникалық мүмкіндіктері бар. Бірақ өндірілетін өнім көлемінде лизинг үлесінің ұлғаюына байланысты, мұндай ұйымдық форма қатысушылардың экономика-лық мүдделерін қанағаттандыра алмауы мүмкін, сондықтан белгілі бір кезеңде басқарудың жоғары деңгейін қолдану қажеттілігі туады.
Лизинг операцияларының осындай деңгейін қамтамасыз етуді кәсіпорындардың, ұйымдардың (банктердің), сонымен қатар (ең көп тараған) ерекше мамандандырылған сомалардың дербес бөлімшелері жүзеге асыра алады. [6
Осы компаниялардың тиімділігі лизинг процесін ұйымдастыру-дың, құжат айналымының, жарнаманың, нарық зерттеудің, лизинг мүлкін техникалық қызметпен қамтамасыз етудің, оны жөндеудің, қосымша қаржы ресурстарды жұмылдырудың лизинг қызметін қамтамасыз ететін мәселелерді шешуге бағындырылғанымен түсіндіріледі.
Бірінші кезеңде заңды келісімдер (шарттар) жасау жөнінде дайындық жұмыстар атқарылады.
Мұның алдында әр мәселенің шарттары мен ерекшеліктер түпкі-
лікті зерттеледі, сонан соң лизинг алушыдан лизинг берушіге өткізілетін тапсырыс; лизинг алушының төлемді жүзеге асыру қабілеттілігі және лизинг жобасының тиімділігі жөніндегі тұжырым; лизинг алушының мүлікпен қамтамасыз етушіге жіберетін тапсырыс-наряды; лизинг мәмлелерін жасау үшін берілетін несие жөніндегі банкпен келісім-шарт хатталады.
Лизинг процесінің екінші кезеңінде үш-екіжақты шарттардағы лизинг мәмлесінің заңды қортындысы жүргізіледі.
Мұнда мына құжаттар заңды түрде хатталады: мүлікті лизингке сатыпалу-сату шарты; мүлікті пайдалануға қабылдау акті; лизингке берілетін мүлікке техникалық қызмет көрсету жөніндегі лизинг келісімі.
Үшінші кезең мүлікті пайдалану мерзімін қамтиды. Мұнда барлық лизинг операциялары бойынша бухгалтерлік есепке алу және есеп беру жүргізіледі, лизинг берушіге лизинг төлемдерін төлеу жүзеге асырылады,ал лизинг мерзімі аяқталған кезде мүлікті одан әрі пайдалану жөнінде шарт жасалады. [3]
3.3 Лизинг мәмлесін жасауға дайындық және оның тиімділігін таңдау
Кез-келген лизинг мәмлесі лизинг алушының лизинг берушіге мүлікті сатып алу немесе уақытша пайдалануға алу жөніндегі тапсырысынан басталады. Тапсырыс (тапсырыс-өтініш) еркін түрде жасалады, бірақ тапсырыста міндетті түрде мүліктің атауы, оның параметрлері, техникалық жәҽе экономикалық сипаттамалары және де мүлікпен қамтамасыз етушінің мекен жайы мен реквизиттері көрсетілуі тиіс. Лизинг мәмілесін жасаудағы инициатива лизинг алушыдан шығуы керек, өйткені ол өзіне қандай мүлік керек екенін, оның өндірушісінің кім екенін жақсы біледі.
Сонымен қатар лизинг алушы өзіне керекті мүлікпен қамтамасыз етушіні, жабу жөнінде лизинг беруге өтініш жасаса да болады. Бірақ бұл жағдайда да сатушы мен мүлікті лизинг алушының өзі таңдап, қалағанын алады.
Бұған қарамай лизинг компаниялары мәміле жасауға белсенді қатысады.
Ол лизинг алушылардың қызықтыру үшін өз қызметі жөнінде және лизинг артықшылықтары жөнінде жарнама компанияларын жүргізу жабдықтардың жетілдірілген түрлері мен олардың бағасы жөнінде, мүлікпен қамтамасыз етушілер жөнінде ақпарат жинайды, басқа да сұранымдар мен факторларды талдайды. [8
Лизинг алушы тапсырыспен қатар, лизинг беруші талап еткен барлық құжаттарды дайындайды. Құжаттардың стандартты жиналысына нотариуспен қудаландырған құрушы құжаттардың көшірмесі ең соңғы жылдың немесе тоқсанның бухгалтерлік баланысы; мәмленің экономикалық негізі мен оның тиімділігінің талдануы (бизнес-жоспар); мәмлені кепілдікпен қамтамасыз ету кіреді.
Қажет болған жағдайда лизинг беруші лизинг алушыдан қосымша ақпарат талап етуі мүмкін.
Мысалы “Иитерроcлизинг” лизинг компаниясы жобасын қарастыру үшін лизинг алушыдан мынадай бөліктерден тұратын лизнес-жоспарды талап етеді.
1. Жобаны сипаттау және
2. Компания туралы мәлімдеме (қызметтің негізгі түрлері, менеджмент жәнеоның инвесторларға және олардың құқықтарына қатысы, өндірістік инфрақұрылымның, жер учаскесінің сипаты, көлікті меңгеру);
3. Өнім мен қызмет көрсету
(тауарлар мен қызметке