Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 20:56, курсовая работа
Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін. Курстық жұмыстың мақсаттары:
1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің сыныптамасы
2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
3. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе теңдікті ашып көрсету.
КІРІСПЕ
1.1 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы және сыныптамасы...........................................................................................................2
1.2 Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы...............................................5
2.1 Фискалдық саясаттың нұсқалары....................................................................7
2.2 Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері................................................10
3.1 Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе теңдік............................14
3.2 Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік..................................................................17
3.3 Іс жүзіндегі және жоспарланған шығындар Кейнс кресті өндірістің тепе-теңдік көлеміне жету механизмі..................................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................23
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................................24
Мультипликатор (лат. tilikat көбею, өсу) қазіргі макроэкономикада - бір айнымалының басқа, тәуелді айнымалыға (мыс, инвестициялардың өзгеруі нәтижесінде кірістің өзгеруі) әсерін бейнелейтін коэффициент.
Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзегілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі "үнемдеуге шекті бейімділік" — МР8 және "тұтынуға шекгі бейімділік" — МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде — тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.
Мультипликатордың құбылысы ұлтгық өндірістің нақтылы көлемі мен жүмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау бо-льш табылатьш дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.
Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруьш тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.
Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МР8-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекетгің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекетгің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мулътипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен О әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 млрд. теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, теңдестірілген бюджетгің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
шв = те + т,= 1
Мұндағы: тв — теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы;
тс — шығыстардың мультипликаторы;
т^— салықтардың мультипликаторы.
2.1 Фискалдық саясаттың нұсқалары
Каржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджетгік қаржыға аса зерек өндірісгік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардьщ іс-әрекетгерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекетгің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шекгей отырып, салық түсімдері өседі және автоматгы түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлтгық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.
Девалъвация — ақша реформасы әдістерінің бірі, заңнамалық тәртіппен елдің ақша өлшемінің құрамындағы ресми алтынды азайту немесе басқа елдердің валюталарына қатынасы бойынша оның багамын төмендету арқылы жүзеге асырылады; бір нәрсенің құндылығының, маңызының жоғалуы, құнсыздану.
Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:
Стагфляцияны (құлдыраушылықты) жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі — өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ын-таландыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:
Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.
XX ғасырдың аяғында жаңа теория — тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөніңде ұсыныстар жасалынады.
Тұрақгы даму теориясында тұрақгы жұмыс істейтін жүйелерді — төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айнықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.
Стагфляция — инфляциялық тенденциялардың бір мезгілде дамуы кезінде тоқыраумен сипатталатын ел экономикасының жай-күйі.
Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірісгің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де эко-номикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
2.2 Нарықтық тепе-тендікке салықтардың әсері
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлтгық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші жағдайда, салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлтгық өнімнің өсуін, бағалардың төмендеуін білдіреді.
Мұнан басқа "ұсыным экономикасының" теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместін, керісінше, салық базасын кеңейту — ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициядық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары — ұсыным экономикасының өкілдері А. Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджетгің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікіі ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша,— бұл рынокке бағытталған экономикалық қарекетгегі шаруашылық агентгерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30% артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді (2.2 сызбаны қараңыз).
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражатгардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекетгің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан — Т' нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар ондірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады.
Лаффэрдің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде Т* нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т нүктесінде салықтардың мөлшерлемт сұранымды ынталандырмайтын болса, Т' нүктесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвестицияларға ынталандырмалар жасайды.
Лаффэрдің қисық сызығы
Е=0
^ тах
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды — халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Нақ осы функцияны әлеуметгік бағдарламалар бойынша бюджетгік шығыстар да орындайды, соның нәтижесінде табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп әлеуметгік теңсіздік біршама қысқарады.,
Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды (2.2.2 сызба). Деңгейлес білікте (осьте) от басыларының пайызы, ал сатыласта табыс пайызы салынған. Биссектриса сызбада табыстардағы абсолютгік тендікгі, Лоренщің сызығы теңсіздікгі, бірақ қисық сызық 1 салықты төлегенге дейінгіні, қисық сызық 2 оларды төлегеннен кейінгіні, ал қисық сызық 3 мемлекетгік бюджеттен төленетін трансферттік төлеуден кейінгіні қамтып көрсетеді. { нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды төлегеннен кейінгі табыстардың жөне мемлекетгік бюджетген төленетін трансферпік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.
Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық ретгеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды "ұстаудың" және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғары салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы салық климаты бар елдерге "капиталдардың безінуін" тудырады.
Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы