Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

Нарық құрылымы өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы нарық құрылымына байланысты.
Елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiнен ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Нарық құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Нарық құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:
Жетiлген бәсеке нарығы;
Монополия;
Монополиялық бәсеке;
Олигополия.

Вложенные файлы: 1 файл

Монополиялық бәсекелестік және олигополия.docx

— 115.99 Кб (Скачать файл)
Кіріспе

 

Нарық құрылымы өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы нарық құрылымына байланысты.

Елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiнен ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Нарық құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Нарық құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:

  1. Жетiлген бәсеке нарығы;
  2. Монополия;
  3. Монополиялық бәсеке;
  4. Олигополия.

Бұлай нарық құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы санына, олардың нарыққа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне  немесе нарықтың қазiргi жағдайы туралы ақпараттың толықтығына байланысты.

Мұндағы жетiлген бәсекелi нарық нарықтың толық қанды қызмет етiп, өзiн-өзi отыруын көрсетедi, ал монополиялы нарық бұл кейбiр салалардың нарық жетiлген бәсекелес жүйесiнiң қызмет ете алмауына байланысты немесе тағы басқа тәсiлдермен нарықтағы жағдайға әсер ете алатын жалғыз фирманың болуы айтылады. Бұл екi нарық бiр-бiрiне қарама-қайшы нарық ретiнде танылады және бұл нарықтар шын өмiрде таза түрiнде сирек кездеседi.

Ал нарық құрылымының күнделiктi өмiрде жиi кездесетiн түрi бұл монополиялық бәсеке нарығы.  Бұл нарықтың ерекшелiгi жетiлген бәсеке нарығы мен монополияға тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келедi.

Мысалы, монополиялық бәсеке нарығы жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде, яғни күнделiктi тұтынатын қарапайым сүт өнiмдерiн алатын болсақ, олардың сапасының, орамының, пайдалылығының және олар туралы жарнама көлемiнiң де әр түрлi болатынын бiлемiз. Айта кетсек елiмiзде сүт өнiмдерiн шығаратын көптеген фирмалар бар, бiрақ солардың iшiндебiзге белгiлерi және халық көп тұтынатыны бүгiнгi таңда “Фуд Мастер”, “Айналайын” компанияларының өнiмдерi болып отыр. Яғни, осы компаниялар өзiнiң тауарының ерекшелiктерiне байланысты олар рынокта монополиялық рынок сияқты азда болса билiкке ие болып, бағаның өзгеруiне әсер ете алады.

Сонымен, монополиялық бәсеке нарығы дегенiмiз – нарықты көп фирмалар әрекет ететiн, фирма өз тәуекелiмен қызмет етiп және баға саясатын өзi анықтайтын нарықты айтамыз. Бұл нарықтың қызмет етуi өзiнiң бойына жетiлген бәсекелi және монополиялы нарықтың қасиеттерiн сiңiре бiледi, сондай-ақ өзiндiк ерекшелiктерi де бар. 

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

Олигополия  нарығы  төмендегідей  ерекшеліктерімен сипатталады:

а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;

ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басым(лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемімем өзгеруіне едәуір ықпал етеді;

б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін керсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.

Монополия кезінде келесі моделдерді қарастыру қажет: Курно дуополиясы, қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны, нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және картель. Баға белгілеу мен әнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бүл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады. Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель олигополиялық нарықтагы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бұрын қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындардың қатынасын, өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын басқа да маңызды жағдайларды тыңғылықты талдау қажет.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi, шын өмiрде жиi кездесетiн монополиялық бәсеке нарығын басқа нарықтармен салыстыру, олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясын және монополия нарығыдағы фирмалардың қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетiн талдау болып табылады.

 

 

 

 

 

1 Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік                                

 

1.1 Монополия, монополиялық бәсеке және оның басқа нарықтардан ерекшелiгi

 

 

Нарық құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне, тауардың сипатына,  ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың  қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда  оның негiзгi белгiсi болып  сатушы мен аларманның ықпалдылық деңгейiне,  әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне  байланысты. [1]

Рынок құрылымының негiзгi түрлерiне келесiлер жатады:

  1. Жетiлген бәсеке нарығы;
  2. Монополия;
  3. Монополиялық бәсеке;
  4. Олигополия.

Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,  олардың өзара келiсiм жасауға  мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны  бiсекелес фирма болып табылады, ал оның  мақсаты тауар өндiру  мен қызмет  көрсету және оларды  нарықта  сату барысында пайданы  мейлiнше арттыру.

Жетiлген  бiсекелес нарығы  дегенiмiз -  төмендегi шарттар орындалатын нарық:

  1. Нарықта өнiм ұсынатын  тәуелсiз сатушылар саны көп  және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
  2. Әр фирманың жалпы нарықтық  ұсыныстағы сату үлесi  елеусiз. Сондықтан, оның  өнiм көлемi туралы өндiрiстiк   шешiмдерi жалпы ұсынысқа  ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына  да әсер ете алмайды;
  3. Баға, техология,   ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
  4. Жаңа фирмалардың  салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.

Бiсекелес фирма  нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген  баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң  кез келген мөлшерiн рыноктық  бағамен сатады. Олардың сұраныс қисығы горизонталь болып келедi. [1]

             Р                    


                       

                      

                        Р0                                                     D = MR


    

                                              

                                                                                       Q


               1.1-сурет – Бәсекелес фирманың сұраныс  қисығы

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q)  тұрақты бағамен (Po)  сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке  жағдайында шектi түсiм (MR)  қисығы  жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келедi. [1]

Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi  баға көбейтiндiсiне тең , яғни 

 

                                      TR = p * Q                                                     (1)

 

Мұндағы:  TR – жалпы түсiм;

                    р – баға;

                    Q - өнiм көлемi.

Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi.

Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз. [3]

Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.

Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды жатқыссақ болады:

  1. Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. [4]

Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап отырады.

  1. Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.

Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны  2-шi суреттен көре аламыз.[6]

 

 Шығындар


 

 

 

АС2

 

 

 

 

АС1 Орташа жиынтық

                                                                                                   шығын (АС)

 

 

Q2           Q1 Өнiм көлемi

 

 

1.2-сурет  – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

 

 

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондыұтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.

3. Жеке  өндiрушiге мемлекет тарапынан  ерекше құқық беру. Бұл көп  жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз  үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер  шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк  немесе жеке фирмада шығарылады.  Егер де шығарылған өнiм инновациялы  болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық  құқық бередi. Бұл шара сол фирманың  өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке  қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.

Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады. [5]

Нарық құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.

Информация о работе Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік