Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 16:58, курсовая работа
Нарық құрылымы өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы нарық құрылымына байланысты.
Елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiнен ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Нарық құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Нарық құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:
Жетiлген бәсеке нарығы;
Монополия;
Монополиялық бәсеке;
Олигополия.
Лидер (басым) фирма бағаны қалай тағайындайтынын қарастырып өтейік. Фирма өзіне ең көп пайда әкелетін баға белгілейтіні бізге белгілі және бұл кезде шекті түсім шекті шығынға тең болатын шарт орындалуы керек. Сондықтан лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды. Ол үшін басқа ілеспелі фирмалардың әр түрлі баға деңгейінде сата алатын өнім көлемін анықтайды (ілеспелі фирмалардың ұсыныс қисығын 5Ғ), содан кейін бұл көлемді нарықтағы сұраныс көлемінен шегереді. Суретте лидер фирманың тауарына деген таза сүраныс нарықтағы сұраныс кәлемінен ілеспелі фирмалардың ұсыныс шамасын алып тастағандағы айырмасына тең болады
Бұдан кейін фирма шекті түсімді (МRn) анықтайды және МRn = МС болғандағы өнім шығару көлемін (QL) табады. Осы көлемге сәйкес келетін баға (РL) басқа фирмалар үшін де белгіленген баға болады. Олар РL бағасы бойынша qF көлемінде өнім шығарады. Нәтижесінде нарықтағы жалпы ұсьныс көлемі qL=qL+qF болады.
3. Қазақстандағы бәсекелестік нарығының жағдайы
3.1 Елiмiздiң экономикасындағы монополиялық бәсекенiң маңыздылығы
Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуне байланысты рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда монополиялы нарықтың да орны ерекше. Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. [2]
Стратегия мақсатындағыдай бәсекелестiкке шыдайтын, импорталмастырушы жеңiл және тамақ өнеркәсiптерiн қалыптастыру үшiн рынок құрылымының жиi кездесетiн түрi монополиялық бәсекенiң орны ерекше. Яғни, монополиялы бәсеке рыногында бәсекеқабiлеттi сапалы тауарлар өндiруге фирмалар ие болып, рынокта монополиялық билiкке ұмтылады. Фирмалардың арасындағы мұндай бақталастықтың ионополист жалғыз фирмадан артықшылығы сол, егер монополия рынокта тұтынушылар алдында жалғыз ғана фирманың өнiмдерi болып, олар соны тұтынуға мәжбүр болады, сондықтан кей кезде монополист фирма өз өнiмдерi өнiм сапасын жақсарту үшiн артық шығындар жұмсамауы да мүмкiн. Өйткенi олардың тауарлары рынокта мiндеттi түрде өтiп отырады. Ал, монополиялы бәсеке рыногындағы фирмалардың санының көпсболуына байланысты олардың бәсекелестерiне төтеп беру үшiн өз өнiмдерiнiң сапалы және бәсеке қабiлеттiлiгi жоғары болуын қамтамасыз етедi.
Мұндай инновациясы бар, еркше сапалы өнiмдер өндiретiн салалардың саны көбейiп, олардың дамуы елiмiздiң ұлттық экономикасы үшiн маңыздылығы жоғары екенi белгiлi. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады.
Осындай өңдеу өнеркәсiбiнiң iшiндегi кезек күттiрмейтiн, қарқынды даму жолына түсудi талап ететiн салалардың бiрiне жеңiл өнеркәсiбi жататындығн атап өтуге болады. Өйткенi, бүгiнде Қазақстанда монополиялық бәсеке рыногында тамақ өнiмдерiнiң бәсеке қабiлетi бiршама жақсы болғанымен жеңiл өнеркәсiбiнiң жағдайы әлi де болса дамуды, экономикалық қолдауды қажет етедi.
3.2 Отандық өнеркәсiп салаларындағы жеңiл өнеркәсiп саласының жағдайы
Жоғарыда өзiмiз атап өткендей монополиялы бәсеке рыногы көбiнесе жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде көрiнiс табады. Тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнде 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 125,6%-ға артқанмен, өнiмнiң көптеген түрлерi бойынша өндiрiстiң төмендегенiн көрсетедi. Шикiзат пен материалдардың тапшылығы (“Озат” АММК), жiптiң аздығы (“Тұлпар”АҚ), айналым қаржыларының жетiспеушiлiгi (“Атрико” АҚ, “Котекс” АҚ, “Южтекс”Ақ, “Дина”АҚ, “Обувная фабрика” АҚ) сияқты кәсiпорындарды тығырыққа тiредi.
Қазақстан нарығына келiп түсетiн тоқыма және тiгiн өнеркәсiп өнiмдерi көп жағдайда үкiметi жеңiлдiктер мен субсидиалар беретiн елдерден әкелiнедi екен. Сөз жоқ, мұндай өнiмдердiң сапасы отандық тауарлардан төмен, бағасы арзан. Статистика мәлiметтерiне жүгiнетiн болсақ, елiмiзде тұтыну тауарларын импорттау көлемi 700 млн. АҚШ долларын құрайды екен, ал қалғаны астыртын әдiстермен сырттан тасылады.
Импортталатын тауарлар құрамындағы киiм-кешек, аяқ-киiм, жеңiл көлiктер, медикаменттер, жиһаздар және т.б. Ресей, Германия, Түркия, Оңтүстiк Корея, Қытай, Ұлыбритания, Азия сияқты елдерден ағылып келуде.
Сарапшылардың топшылауынша, тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнiң ойдағыдай дамымай отыруының басты себебi айналым қаржыларының жетiспеушiлiгi мен негiзгi қорлардың тоуы болып отыр. Негiзгi құралдардың тозу шамасы – 31,5%, олардың жаңару коэффицентi – 0,7%, ал ескiру коэффицентi – 0,8% құрап отыр.
Осы салаға мемлекеттiң әсерi салық салу, несие беру және лизингтiк қатынастарды дамыту болып табылады. Ондағы өндiрiстiк аппараттардың ескiруiнiң басты себебiне тоқтайтын болсақ, мемлекеттiң белсендi қолдау шараларының қажеттiгiнде деп тұжырым жасауға болады. Мысалы, инвестициялық қызметтi жақсы жолға қою арқылы “Қыз Жiбек” АҚ-да өнiм түрлерi көбейдi. Оған бiрден-бiр себеп, осы қаржыларға әр түрлi үлгiдегi өнiм өндiруге мүмкiндiк беретiн жаңа құрал-жабдықтар сатылып алынды.
Жалпы жеңiл өнеркәсiптiң тiгiн өнiмдерiн өндiретiн өндiрiстерi шағын кәсiпорындарға айналды. Нарық талабына тез бейiмделе алатын мұндай кәсiпорындар iрi кәсiпорындар негiзiнде қалыптасып, сұранысқа сай және тапсырыстар мен жеке талап – тiлектi ескеруде өте икемдi өндiрiстер құруға жаңа мүмкiндiктер ашады.
Тоқыма-тiгiн өнеркәсiбiнiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн Үкiметтiк деңгейде келесi мәселелердi шешу қажеттiгi туындайды:
Бұл мәселелердiң барлығы уақыт өте келе бiр жүйеге келтiрiлуде. Оған басты себеп тұтынушының талғампаздығы мен экономиканы жаһандандыру мен интеграциялану үрдiстерiне қатысуы болып табылады. Әйтсе де, Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек.
Осы жұмыстарды қаржыландыру бюджеттен бөлiнген қаражаттардан құралатын, Даму институттары арқылы iске асырылмақ. Сондай-ақ елiмiзде өндiрiлген инновациялы өнiмдерге мемлекет тарапынан ерекше қолдаулар көрсету керекпiз.
Әрине, инновация тек ғылыми жаңалықпен ғана емес, оны өндiретiн негiзгi қорлардың жаңаруымен, материалдардың озық үлгiдегi түрлерiмен, өндiру технологиясымен, мамандардың бiлiм деңгейiмен анықталады.
Қорытынды
Нарық құрылымымен және оның қызмет ету механизмiн жете зерттеп, оның тиiмдiлiктерi мен кемшiлiктерiн талдау жаңа егемендiгiн алған елiмiздiң ұлттық экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Нарық құрылымындағы жетiлген бәсекелi нарық дегенiмiз ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы және олар баға деңгейiн белгiленген деп есептейдi.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Бұл нарықтағығы фирмалар баға деңгейiне толық өзгертулер енгiзе алады.
Ал монополиялық бәсекелi нарықтың қызмет етуi жалпы басқа нарықтарға қарағанда экономикаға және халыққа тиiмдi болып келедi. Ол қысқа және ұзақ мерзiмде жеке-жеке қарастырылған. Яғни, монополиялық бәсекелес нарықта фирмалар өз тауарына сұранысты көбейтiп, монополиялық билiкке ие болуы үшiн өз өнiмдерiнiң белгiлi бiр ерешелiктерiнiң болына тырысады. Өз кезегiнде бұл отандық кәсiпорындардың бәсеке қабiлеттiлiгiн арттырып, ұлттық экономиканың дамуына өз үлесiн қосады.
Екiншiден, ұзақ мерзiмдi кезеңде салаға ену еркiн болғандықтан осы салада фирмалар санының көбеюiне байланысты шығарылған өнiмдердiң сапасы жақсарып және баға деңгейi төмендейдi. Яғни, әлеуметтiк салаға ұтыс алып келедi.
Олигополия нарығы онда сатудағы маңызды нарықтық үлестері бар бірнеше бәсекелес өндірушілер жұмыс істейді, сондықтан жекелеген фирманың баға өзгерісі және шығару көлемі қарсыластың пайдасына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты олигополиялық фирмалардың өндірістік шешімдері тек тұтынушылар әрекеттерінен ғана емес, сонымен қатар бәсекелестер әрекетінен де және олардың стратегиялық тәртібінен де байланысты болады.
Басқа нарықтық құрылымдарға қарағанда әмбебап олигополия болмайды. Нақты жағдайларда олигополия тәртібін түсіндіретін, мысалы Курно дуополиясы және қарама қайшылықты мүдделері бар екі тұлға ойыны, нарықта, фирмада, картельде басым болып тұратын модель сияқты модельдер қатары әзірленген. Барлық модельдер олигополистік стратегия пайданың азаюына, ал сөз байласу және ынтымақтастық пайданы көбейтеді деген фактіні дәлелдейді. Фирмалар пайда қуғанда, бір жағынан, нарықты жаулап алу мақсатында бағаны төмендете отырып, қиян кескі қарсылықта болуы мүмкін. Орташа шығындардың деңгейіне дейін бір-бірін қысқарта отырып, ең ақырында, фирмалар нольдік экономикалық пайданы алады. Басқаша алғанда, фирмалар картельге ене отырып, нарық үлесі туралы келісім жасасу және бағаны арттыру жолымен өздерінің табыстарын максимум ұлғайта алады. Олигополиялық нарық мысалдары болып нарықтың келесі түрлері болуы мүмкін: автомобиль, компьютер, болат, алюминий және басқалар.
Елiмiздегi монополистiк бәсеке нарығына келетiн болсақ отандық өндiрiс орындарының әлi де болса бәсеке қабiлеттiлiгi төмен болып отыр. Өйткенi ұлттық өндiрiс орындары дағдарыс жылдары тоқырауға ұшырап және негiзгi құралдардың тозуына байланысты сапалы, бәсеке қабiлеттi өнiм көлемiн шығарудағы үлесi аз болып отыр. Ол әсiресе жеңiл өнеркәсiп саласында орын алуда. Сондықтан отандық жеңiл өнеркәсiп салаларына қолдау көрсетуiмiз керек.
Ал тамақ өнеркәсiбi соңғы бiр-екi жылдағы жағдайы жақсару үстiнде, бүгiнде бiрнеше тамақ өнiмдерiне импорт алмастырушы сапалы өнiмдердi шығарып үлгердiк және экспортқа да шығарылуда.
Сонымен, монополиялық бәсеке нарығы нақты өмiрдегi жағдайда жиi кездесетiн, халыққа және экономиканың тиiмдi дамуына өз үлесiн қосатын негiзгi нарық құрылымының бiрi болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік