Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

Нарық құрылымы өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы нарық құрылымына байланысты.
Елiмiздiң нарықтық қатынасқа өтуiнен ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Нарық құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Нарық құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:
Жетiлген бәсеке нарығы;
Монополия;
Монополиялық бәсеке;
Олигополия.

Вложенные файлы: 1 файл

Монополиялық бәсекелестік және олигополия.docx

— 115.99 Кб (Скачать файл)

Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет нарығында көрiнiс табады.

Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық бәсеке деп атайды  [1]

Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.

Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған. Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде дамыған.

Мұндағы тауарлар түрлерi көп, сапасы әр қалай, қызмет көрсету деңгейi әр түрлi. Демек тауарлардың саралануы баға факторына негiзделген. Ал монополиялық бәсеке рыногында бейбағалық факторларға келесiлердi жатқызуға болады:

  • тауардың орамы;
  • жарнаманың әсерi;
  • қызмет көрсетудiң көп түрлiлiгi;
  • жөндеуге кепiлдiк беру және жөндеу мерзiмiне қарай [2]

Монополистiк бәсеке жағдайында рынокқа ену кедергiлерi онша үлкен емес, бiрақ баршылық. Оларға:

  • лицензия;
  • патент;
  • фирма және кәсiпорын белгiлерi;
  • сауда белгiсi.

Монополиялық бәсеке рыногы қызмет етуi үшiн төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:

  1. нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп. Тауарды өндiруде немесе сатуда көбiнесе ұсақ фирмалар жұмыс iстейдi;
  2. өнiмдердiң дифференциясы. Әрбiр фирма өз өнiмдерiнiң бәсекелестерiнен азда болса ерекше қасиеттерiнiң болуына ұмтылады, бұл тауарлар бiр-бiрiн ауыстыра алады;
  3. еркiн рынокқа кiрiп-шығу. Яғни, монополиялық бәсеке рыногына кiруге тосқауыл оншалықты көп емес және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, ұлттық киiмдер тiгетiн шағын фирма ашуға көп қаражат қажет емес, сондықтан мұндай кәсiпкерлiкпен кез келген фирма айналысуы мүмкiн. [3]
  4. нарықтағы өнiм көлемi, баға және басқа да жағдайлар түралы деректер белгiлi болуы керек.

Ендi монополиялық бәсекенiң басқа да рынок құрылымындарынан айырмашылығы және ұқсастығына тоқталып өтсек:

  1. Монополиялық бәсеке рыногының монополиялы рынокпен ұқсастығы жеке фирманың өз тауарына өзгерту енгiзе алуы мүмкiндiгi. Ал айрмашылығы рынокта көптеген ұсақ фирмалардың қызмет етуi және ол фирмалардың тауары бiрiн-бiрi алмастыра алуы;
  2. Монополиялық бәсеке рыногыны жетiлген бәсекелi рынокқа ұқсастығы әрбiр тауар көптеген фирмаларда өндiрiледi және рынокқа кiрiп-шығу еркiн болады, ал айырмашылығы олар өнiмнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң болуы себебiнен бағаға әсер етет алады және сұраныс қисығы жетiлген бәсекелi рыноктағыдай абсалюттi икемдi емес, қайта монополиялы рыноктағыдай ылдилы болып келедi. Оны келесi суреттен көре аламыз. [3]


    Баға               Баға

                 


 

 

 


 

                                          Сұраныс                                                            Сұраныс


 

         


                                                    Өнiм көлемi                                         Өнiм көлемi

1.3-сурет  – (а) – Жетiлген бәсекелi рыноктағы фирма тауарына сұраныс қисығы,  (ә) – Бәсекелiк монополия тауарына  сұраныс қисығы

 

  1. Олигополия мен монополиялық бәсеке бiр-бiрiне қарама-қайшы рынок құрылымдары болып табылады. Олигополия жағдайындағы рынокта бiрнеше iрi фирмалар болып, яғни өндiрушiлердiң аздығы бәсекелестiктi кемiтедi және олардың арасында өзара ымырастық болады. [4]

 

1.2 Олигополия нарығының белгілері мен сипаттары

 

Олигополия нарығы онда сатудағы маңызды нарықтық үлестері бар бірнеше бәсекелес өндірушілер жұмыс істейді, сондықтан жекелеген фирманың баға өзгерісі және шығару көлемі қарсыластың пайдасына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты олигополиялық фирмалардың өндірістік шешімдері тек тұтынушылар әрекеттерінен ғана емес, сонымен қатар бәсекелестер әрекетінен де және олардың стратегиялық тәртібінен де байланысты болады. Олигополиялық нарықтың басты айырмашылығы: баға соншалықты жиі өзгермейді, ал егер өзгерсе, онда айтарлықтай шамада өзгереді.

 

                            


                            Олигополия нарығының белгілері

                   


                      

                              


    Фирмалардың              Әрбір                 Салаға деген        Өнімдерді

       шектелген            сатушының              шектелген            ауыстыру

          саны                  айтарлықтай              қатынау               дәрежесі

                                            үлесі


                                                                                Бір тектес өнім


          Стратегиялық  тәртіптің               


                         болуы                  


                                                                               Таза олигополия

                                                                  


                                                                   Сарапталған өнім


                                                                    


                                                               


                                                              Сарапталған олигополия

 

1.4-сурет  – Олигополиялық нарық белгілері

 

Басқа нарықтық құрылымдарға қарағанда әмбебап олигополия болмайды. Нақты жағдайларда олигополия тәртібін түсіндіретін, мысалы Курно дуополиясы және қарама қайшылықты мүдделері бар екі тұлға ойыны, нарықта, фирмада, картельде басым болып тұратын модель сияқты модельдер қатары әзірленген. Барлық модельдер олигополистік стратегия пайданың азаюына, ал сөз байласу және ынтымақтастық пайданы көбейтеді деген фактіні дәлелдейді. Фирмалар пайда қуғанда, бір жағынан, нарықты жаулап алу мақсатында бағаны төмендете отырып, қиян кескі қарсылықта болуы мүмкін. Орташа шығындардың деңгейіне дейін бір-бірін қысқарта отырып, ең ақырында, фирмалар нольдік экономикалық пайданы алады. Басқаша алғанда, фирмалар картельге ене отырып, нарық үлесі туралы келісім жасасу және бағаны арттыру жолымен өздерінің табыстарын максимум ұлғайта алады. Олигополиялық нарық мысалдары болып нарықтың келесі түрлері болуы мүмкін: автомобиль, компьютер, болат, алюминий және басқалар.

Олигополия нарығы – әрі стандартты өнімді (таза олигополия), әрі дифференцациияланған өнімді ұсынады. Олигополия нарығының негізгі сипаттары:

  1. Салалық нарықты өзара бөліп алған фирмалардың шамалы саны
  2. Нарықтық сұраныстың жекеленген фирмалары да шоғырлануының жоғары деңгейі
  3. Жоғары салалы тосқауылдар
  4. Саладағы фирмалардың стратегиялық әрекеті
  5. Сатып алушылардың саны көп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2  Фирмалардың монополиялық бәсеке және олигополия кезіндегі іс-әрекеті

 

2.1 Фирманың монополиялық бәсеке кезiндегi қысқа және ұзақ мерзiмдi iс-әрекетi

 

Монополистiк бәсеке нарығында рынокқа кiрiс ашық болғандықтан кезең ұзақтығының мәнi зор болып табылады.  Сондықтан, фирмалардың монополиялық бәсеке рыногындағы iс-әрекетiн зертеу үшiн оларды қысқа және ұзақ мерзiмде жеке-жеке қарастыруымыз керек.

Монополиялық бәсеке нарығында тауарлардың өзiндiк ерекшелiгiнiң болуы, фирманың сұраныс қисығы монополиялы рыноққа ұқсас ылдилы болып келетiндiгiн жоғарыда атап өткенбiз. Яғни, бұл рынокта пайданы барынша максималдау және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн монополиялы рыоктағыдай шектi түсiм шектi шығындарға тең болғанға сәйкестендiрiп өнiм мөлшерiн шығарады. Бұл шарт төмендегi формуламен көрсетiледi:

 

MC = MR (2)

 

Мұндағы, MC – шектi шығын;

    MR – шектi түсiм.

Қысқа мерзiмдi кезеңдегi монополиялық бәсекелес фирманың жұмысын талдаған кезде екi жағдай орын алады, ол монополиялы бәсекелес фирманың өнiм көлемiн шығаруда максималды пайда табу және фирманың шығынын төмендету жағдайлары. [3]

Бiрiншi жағдайда фирманың шектi шығындары мен шектi түсiмiнiң теңесуi және сұраныстың жалпы орташы шығындардан жоғары болуы, соған орай тауар бағасы да орташа шығындардан жоғары болады. Бұл жағдайда фирма максималды пайда табады деп айтуға болады. Оны келесi  4-шi суреттен көре аламыз. [4]

 Баға MC



ATC

 3 А


 

 

 2 В D


 

    MR


0 2000 литр Өнiм көлемi

Сурет-4 – Монополиялы фирманың пайдасын максималдау шарты

 

Суреттен көрiп отырғанымыздай, фирманың максималды пайда табу үшiн тиiмдi өнiм шығару көлемi 2000 литр болып отыр. Бұл шығару көлемi (2) формуладағы MR=MC теңдеуiне сәйкес келедi. Осы өнiм көлемiн сату үшiн фирма баға деңгейiн өнiм көлемiнiң сұраныс қисығымен қиылысқан А нүктесiне орай 3 $ деп белгiлейдi. Яғни, 2000 литр өнiмдi 3$ сату фирманың пайдасын барынша көбейту жағдайы деп айтсақ болады. [4]

Екiншi жағдайда монополиялы бәсекелес фирманың бағасының орташа жалпы шығындардан төмен болған кезде фирма максималды пайда ала алмайды, ендiгi жерде оның бiрден-бiр iс-әрекетi шығындарды минимизациялау болып табылады. Оны келесi 5-шi суреттен көре аламыз.

5-шi суреттен  көретiнiмiз фирманың шектi шығындары  мен шектi түсiмдерi қиылысу нүктесiнде  бағаны белгiлегенмен, өнiм көлемiн  азайтамыз. Яғни, фирма өнiмiне деген  сұраныстан осы өнiмдi өндiруге  кеткен жалпы орташа шығынның  үлесi артып отыр. Мұнда шығындар  баға деңгейiнен жоғары болып, суреттегi қара түстес аумақ фирма  зияны болып табылады. [3]

 

       Баға MC  ATC


 

 



Р0

 

 

MR Сұраныс


                                    Зиянды минималдау Өнiм көлемi

 

Сурет-5 – Монополия бәсекелес фирманың зиянын төмендету жағдайы

 

Ұзақ мерзiмдi кезеңде әрбiр монополиялы бәсекелес рыноктағы фирма өзiнiң даму барысында  қуатты iрi құрылымдар салуы мүмкiн. Ұзақ мерзiмде жаңа фирмалар көптеп пайда болады. Алдынғы бөлiмде бiз қысқа мерзiмде фирманың пайда табуын көрсеттiк, бұл пайда рынокқа жаңа сатушыларды шақырады. Бұл кезде фирма болашақ шектi түсiм мен ұзақ мерзiмдi шектi шығынды бағалау арқылы MR = LRMC шартын орындайды. [4]

Сондықтан бұл кезде фирмалар жаңа өнiмдер шығарып, өзге тауарларда нерекшелендiруге тырысады. Мысалы, сусындық шығаратын компания өз өнiмдерiн кофейнсiз шығарып, рынокта көп сұранысқа ие болса, онда оның бақталастары да тез арада осыны iстейдi. Осылайша рынокта бәсекелес фирмалар көбеюiне байланысты ұзақ мерзiмде қысқа мерзiмге қарағанда, бiздiң мысалымыз бойынша сусындықтың әрбiр литрiне сатушы төмен баға деңгейiн белгiлейдi, бiрақ ол сұраныс пен жалпы орташа шығынның қиылысу нүктесiне дейiн болады. Бұл дегенiмiз фирманың күтiлген пайдасы ұзақ мерзiмде тауар ұсынушы фирмалардың көбеюiнен төмендейдi дегендi бiлдiредi, өйткенi тұтынушылардың кейбiр бөлiгi жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықта нескi фирманың нарықтағы үлесi азаяды.  Оны келесi 6-шы суреттен көре аламыз. [5]


 P



 


 P1 “0” AC


 PC D1


D2

D3


Q1 QC Q

 

Сурет-6 – Монополиялық бәсекелес фирманың ұзақ мерзiмдегi тепе-теңдiгi

 

Ұзақ мерзiмдегi тепе-теңдiк (0 нүктесi) тағы бiр ерекшелiгi ол АС ең төменгi нүктесiнен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелiк монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетедi. Неге бұл екi нүкте бiр-бiрiне дәл келмейдi? Өйткенi АС ең төменгi нүктесiн жанап өту үшiн сұраныс қисығы горизонтальды болуы керек. Бұл шарт жетiлген бәсеке нарығында орныдалады да, монополиялық бәсеке нарығында орындалмайды. Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгi нүктесiн қиып өтетiн болса, онда сұраныс қисығының  белгiлi бiр бөлiгi шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 6-шы суретте орташа шығын қисығының ең төменгi нүктесiн қиып өтетiн D2 сұраныс қисығы көрсетiлген. Бұл қмсықты сұраныстың D1-ден D3-ке дейiн, яғни тұрақты жағдайға дейiн жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсiндiру үшiн сызып көрсеттiк.

Информация о работе Монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы жалпы түсінік