Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom,
Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:
Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы.
Зерттелген анықтамаларды нәтижелей келе, несие тәуекелділігі – бұл кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қайтарып ала алмау ықтималдығы, деуге әбден болады. Банк пен қарыз алушы арасындағы тәуекелділік мәселесінен кейін, несиенің бір түрінен, бірдей сомада, бірдей мерзіммен, алған несиелерге байланысты да несие тәуекелділігінің әбден болуы мүмкінкіндігін қарастырғымыз келеді (1-кесте).
Несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер болып, кредитордың жеткілікті мөлшерде ақпарат алуы, оны өңдеуі мен бағалауы келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс: әлуетті қарыз алушыға несие берудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға; қарыз алушы несиелік міндеттемелерін (негізгі қарыз және бойынша сый ақыларды) орындай алмаған жағдайдағы ықтимал қаржылық залалды есептеуге және өз қызығушылықтарын қорғау үшін әрекет етудің арнайы жүйесінің алдын алу болып табылады.
Кесте 1 - Ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Клиент |
Қарыз алушы тұлға-1 |
Қарыз алушы тұлға-2 |
Несие қабілеттілігін анықтау жолдары |
Несие қабілеттілік бір әдіспен анықталды | |
Жұмыс өтелі |
Бұрыннан келе жатқан фирма |
Жаңадан қызмет жасап жүрген фирма |
Персоналдарды басқару менеджменті |
Жақсы дайындалған қызметкерлері бар |
Жалғыз кәсіпкер |
Өнімдер нарығы |
Кеңейтілген нарық (азық-түлік саудасы) |
Маманданған нарық (компьютерлік желілерге қызмет көрсету) |
Негізгі клиенттері мен жабдықтаушылары |
Қазақстандықтар |
Қазақстан және шетелдіктер |
Банкпен анықталған тәуекелділік деңгейі |
Төмен |
Жоғары |
Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылды. |
Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік «жоғалту қауіптілігі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда, банк жүйесі үшін клиенттің несие қабілеттілігін анықтаудағы тиімді әдістер мен жолдарды дұрыс таба білу өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Дағдарыс жағдайында тәуекелдерді басқарудың бірдей әдістемесін қолдану мүмкін емес. Қазақстанның коммерциялық банктері алдында барлық уақытта қарыз алушының несие қабілетін талдау әдістемесін таңдау мәселесі тұрады. Бұл сұрақтың туындауы біріншіден, несие қабілеттілікке талдау жүргізетін несиелік қызметкерлердің тәжірибесінің аздығы болса, екіншіден, қарыз алушылар туралы ақпараттың жалаңдығы. Егер шет елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы жинақталған ақпараттар табылатын болса, бізде несиелік бюролардың құрылғаны кеше ғана. Үшіншіден, несие қабілеттілікті анықтау бойынша Қазақстанда дайындалған әдістемелік нұсқаулар жоқтың қасы, Ресей немесе шет елдер дайындаған несие қабілеттілікке қатысты әдістемелік нұсқаларды Қазақстандық жағдайға ықшамдау қажет. Қазақстан банктері көп жағдайда, банктің несие тәуекелділігі жүйесін басқаруда өзіндік тәжірибе мен олқылықтарға көп назар аударады. Оның қандай себептерден болғанын, қандай әдістер мен шешімдер орын алғанын қарастырады. Нарықтық экономика жағдайында және шетелдік стандарттар мен нормативтердің көптеп енгізілуі жағдайында Еуропа мен АҚШ сияқты елдердің миллиондап қаржы жұмсаған зерттеулеріне үлкен мән берген дұрыс сияқты.
Бүгінгі күнге дейін қазақстандық және шетелдік қадағалау ұйымдарының қарыз алушының несие қабілеттілігін, несие тәуекелділігі мен бағалау әдістемесін қолдануында айтарлықтай ерекшелік болмады. Банкті қадағалау бойынша Базель комитетімен қабылданған жаңа талаптар қалыптасқан тәжірибені түбегейлі өзгертті десе де болады. Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау кезінде банктер мен рейтинг агенттіктерінің беретін бағасының маңызы артты. Отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің еңбектерін зерделей отырып, қазіргі несие нарығындағы және әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты несие қабілеттілікке төмендегідей авторлық анықтама берілді: «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті». Несие қабілеттілікті анықтау кезінде бірнеше көрсеткіштер мен белгілерге үлкен мән берген жөн, әлемдік және отандық банктер тәжірибелерін қарастыра отырып қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер сипатталды. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады. Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты қарызбен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Отандық және шетелдік тәжірибе несие тәуекелділігі мен клиенттің несие қабілеттілігінің бірнеше анықтаушы белгілерін зерттеді. Банктер тәжірибесінде қолданылатын қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен бағалаудың маңызы мен қажеттілігін зерттей келе, олардың сан алуан әдісі мен әдістемесі бола тұра несие тәуекелдерін басқаруға әлі толық қол жеткізілген жоқ, яғни бұл сала көптеген зерттеулерді талап ететіндігін көруге болады. Біз өз зерттеуімізде, несие қабілеттілік анықтамасыа авторлық анықтама жасап, әр түрлі еңбектерде білдірілген пікірлерге байланысты тұжырым білдірдік және қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілерді жинақтап жүйелендірдік.
Халықаралық банктік тәжірибеде тәуекелдерді басқару процесі қаржылық менеджменттің шешуші бағыты деп қарастырылады. Тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджмент) – бұл тәуекелдерді төмендету арқылы табыстардың көлемін арттыруға және шығындардың көлемін азайтуға бағытталған шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру бойынша шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәжірибеде тәуекелді басқару кешенді сипаттағы және тәуекелдердің салдарынан болатын қолайсыз нәтижелерді төмендетуге немесе болдырмауға бағытталған аналитикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәуекелдерді сапалы деңгейде басқару коммерциялық банктің ұзақ мерзімді перспективадағы табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін көтереді. Банк операцияларының басым бөлігі несиелік қызметпен байланысты. Сондықтан да, несие тәуекелділігін басқару банктің қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Зерттеу барысында қарастырылған анықтамалардың біреуі де несие тәуекелділігін себебі мен нәтижесі бар белгілі бір үрдіс ретінде сипаттамайды, сондықтан несие тәуекелділігін дұрыс жіктеу оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп есептеп, несие тәуекелділігінің жаңа жіктемесі енгізілді.
Тәуекелді басқару - бұл өзіне: тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері мен әсерін анықтауды, олардың алдын алу немесе олармен байланысты залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды біріктіретін үрдіс. Осылайша, несиелік үрдіс пен оны жүзеге асырумен байланысты несие тәуекелділігі, коммерциялық банктердің несиелеу жүйесі бағытталған әсер ету объектілері болып табылады. Қалыптасқан банктік тәжірибеде несие операцияларын жүзеге асыру және несие тәуекелділігін басқару бойынша бірнеше әдістер мен тәсілдемелер қолданылады (1-сурет).
1 сурет - Несие операцияларын және несие тәуекелділігін басқару
бойынша қолданылатын тәсілдемелер (шаралар)
Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылды.
Бұл жерде, несиелеу жүйесі несиелік қатынастарды ұйымдастырудың басты буыны деп айтуға болады. Жалпы несие тәуекелділігін басқаруға екі тұрғыдан келу қажет: нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару және несиелік портфельдің тәуекелін басқару тұрғысынан деп есептейміз.
Банктің несие тәуекелділігі сыртқы ортамен қатар ішкі орта факторларына да тәуелді, сол себепті біреуіне ғана кеңірек көңіл бөліп (әдетте, сыртқы факторлар әсерінен болатын тәуекелдер қауіпті саналады), екіншісіне үстіртін қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі тәуекелділіктің шағын көрінген элементтері, ертеңгі күні басқарылмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел тәжірибелерін қарастыра келе, несие қабілеттілікті анықтау әдістері мен әдістемелерінің әр түрін зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субьектті жақсы тани біліп, тиісті әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс. Яғни, банктің несие тәуекелділігін басқару, бірінші кезекте жөнімен дайындалған нормативті құжаттарға тәуелді болса, екінші кезекте банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне байланысты болады.
2 Тәуекелдерді төмендету
әдістері мен тәсілдерін
Банктердің несие портфельдерін
Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын ЕДБ–ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің төмендеуіне алып келді .
2-кестеде келтірілген
деректерге сүйенетін болсақ, несиелеудің
жоғары қарқыны 2005-2006 жылдарға
сәйкес келеді, бұл жылдары өсім
68,9% және 95,7 % құраған. 2007 жылы ағымдағы
жаһандық дағдарыс
Кесте 2 - Банктік сектордағы несие портфелінің көлемі және өсімі, 2005-2009 жж.
Атауы |
01.01.05 жыл |
01.01.06 жыл |
01.01.07 жыл |
01.01.08 жыл |
01.01.09 жыл |
01.01.10 жыл |
Несие портфелі, млрд теңге |
1 813,4 |
3 062,0 |
5 991,8 |
8 868,3 |
9244,54 |
9558,9 |
Өсім, өткен кезеңге %-бен (оң жақ шкала) |
66,8 |
68,9 |
95,7 |
48,0 |
4,2 |
4,3 |
Ескерту - ҚҚА сайты деректері негізінде есептелді. |