Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom,

Вложенные файлы: 1 файл

Несие+тәуекелділігін+басқару+жүйесіндегі+қарыз+алушының+несие+қабілеттілігін+талдау.doc

— 211.00 Кб (Скачать файл)

Тәуекелдерді басқару  әлуетті қолайсыз факторлардың алдында банктің қаржылық әлсіз тұсын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстанның келешектегі тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мәселесінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі аудит тәжірибесінен алыс кетуді және көрсетілген жүйе банктерінің өзін-өзі бағалау механизмін енгізуде. Банктердің өзін-өзі бағалауы ҚҚА – ға тәуекелдерді басқару жүйелеріндегі кемшіліктерді барынша жедел бағалауына және жалпы алғанда алғашқы сатыларда-ақ қосымша тәуекелдерге қамтылуын анықтауға мүмкіндік береді. Банктік тәуекелдер жүйесінде несие тәуекелділігі маңызды орын алады, ол қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе орындағысы келмеуімен тығыз байланысты. Осы ретте кредитор несие ұсына отырып немесе қарыз міндеттемелерді сатып ала отырып тәуекелділікке ұшырайды, бұл тәуекелділік негізгі қарыз және ол бойынша сыйақылардың уақытында өтелмеуі, не болмаса жартылай немесе толықтай  төленбеуі болып саналады.

 

 

3 сурет - Қолданылып  жүрген несие қабілеттілікті  бағалаудың әдістемелері мен  тәсілдері

Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде  автормен құрастырылды.

 

Несие тәуекелділігін басқару  жүйесі бірнеше элементтерден тұрады және стратегиялық басқару, яғни банктің стратегиялық жоспарының, оның несие саясатының және несие тәуекелін бақылау мақсатында ұйымдастыру бөлімшелері жұмысының деңгейінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар арқылы атқарылады. Несие тәуекелі несиенің «ерекше назар аудару» тізімін жасау арқылы басқарылады.

3 суретте ұсынылғандай, банктің қарыз алушысының несие қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру бойынша жалпы ұсынымдар мен қолданылып жүрген әдістемелер келесі негізгі процедуралардың орындалуын ұсынады: қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау; қарыз алушыға несиелік рейтинг бекіту және банктің меншікті несиелеу лимитін белгілеу. Қарыз алушының несие қабілеттілігі сұрағы жеткілікті зерттелген мәселеге жатпайды. Бүгінгі күннің несиелік мекемелері үшін де «несие қабілеттілік» сұрағы өзекті болып отыр. Қарыз алушының несие қабілеттілігі түсінігін екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады қарыз алушы тұрғысынан – несиелік мәмілені аяқтау және алған қарызды  өтеу мүмкіндігі; кредитор тұрғысынан – ұсынылатын несиенің мөлшерін дұрыс анықтау және осы несиеге қатысты тәуекелдің алдын алу.

Несие қабілеттілікті анықтауда  несие қағидаларының барлығы  қатыстырылады және құрылыммен өткізілетін  үдеріс болғандықтан жүйелілік қағидатын  да алғышартқа қою қажет. Жүйелілік  кешенді экономикалық талдауға қатысатын жүйелер мен жүйешелердің өзара байланысын, ол байланыс болмай жағымды нәтиже болмайтынын көрсетеді.  Жүйедегі әрбір элемент аналетикалық көрсеткіштерден тұрады, жүйе элементтері арасында өзара логикалық байланыс қалыптасады.

Қарыз алушының несие  қабілеттілігін анықтау барысында банк бірінші кезекте мына факторларға аса назар аударады: несиелік мәміле жасауға қарыз алушының жеке бас қабілеті, рухани сипаты және іскерлік беделі; құқылық қабілеті; өтімді және құнды қамту нысандарының болуы; тұрақты табыс көзінің болуы. Сонымен, біздің пайымдауымызша «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті».

Қарыз алушының несие  қабілеттілігін бағалаудың көптеген әдістері мен тәсілдерін оқып зерттей отырып, оның басымдылықтары мен қатар өзіндік жетіспеушіліктері мен кемшіліктеріне көз жеткіздік. Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігіне қатысты тәуекелдерді төмендету үшін келесілерді жүзеге асыру қажет

  • коэффициенттерді есептеу үшін өткен кезең есеп берулері қабылданады, болашақ болжамы көп ретте ескерілуі тиіс,
  • төлем қабілеттілік сандарға қарап емес, нақты бизнестің өтімділігіне, өндірілген тауар, өнімдерге байланысты сұранысқа қатысты есептелуі қажет;
  • қарыз алушыны тану үшін, болған төлем қабілетсіздік жағдайларына (төленбеген, мерзімінде өтелмеген, кешіктірілген төлемдеріне) баса назар аудару қажет;
  • сандық және сандық емес мәліметтерді жинай отырып, қарыз алушының қабілетіне көз жеткізу мүмкін емес, сондықтан орнталықтандырылған несиелік тарихты қалыптастыру мәселесін шешу қажет;
  • бас банктің қайта қаржыландыру сияқты мөлшерлемелерінің өзгеруін клиент үшін де тиімділікпен қарастыру, банк үшін де тиімді болып саналады;
  • шетелдің экономикалық, географиялық, әлеуметтік, саяси т.б. ерекшеліктерін ескере отырып құрылған зерттеулері барлық уақытта біз үшін тиімді емес, сондықтан қарыз алушыны несиелеудің тиімді жолдарының бірі ретінде, исламдық қаржыландыруды кеңірек қолдану қажет.

Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз қабілеттілікті анықтауға және несиелеуге байланысты тәуекелдерді басқаруға несие тәуекелдерін құқықтық реттеу және несие тәуекелдерін төмендету әдістері мен тәсілдерін кешенді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Іске асырылған диссертациялық зерттеу мынандай қорытынды жасауға  мүмкіндік береді:

  1. Әр елдің және әр банктің несие қатынастарын реттейтін несиелеу жүйесі орын алғанымен оларға бірдей моделді қолдану мүмкін емес, бұл жерде банктердің операция көлемі, ішкі ережелері, қойылатын талаптары болатыны сияқты, клиенттердің несие қабілетттілігін бірдей шартпен талдау мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Яғни бір модель бір банк үшін сәтті болса да, екінші банк үшін қолайсыз болуы мүмкін. Осы аталғандарға қатысты, осы еңбекте несие тәуекелділігін басқару жүйесінің, несие қабілеттіліктің және несие портфелінің теориясы зерттеліп, оларға байланысты авторлық анықтамалар берілді.
  2. Несие жүйесіндегі тәуекелдерді басқару ұғымымен қатар, несие тәуекелділігі жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдауға байланысты атақты отандық және шетелдік авторлардың  еңбектері зерттелді. Осы зерттеу нәтижесінде, еңбектерде білдірілген пікірлерге байланысты тұжырым жасалды, несие тәуекелділігінің түрлері анықталды, несие тәуекелділігімен қатар жалпы банк тәуекелділігінде қолданылатын ұғымдардың ерекшеліктері ажыратылды. Несие тәуекелділігін қарыз алушы түріне қатысты бөлу үлгісі дайындалды. Несие операциясының технологиясын басқару жолдары сараланып, несиелік комитет атқаруға тиіс қызметтер белгіленді және қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер жинақталып  жүйелендірілді.
  3. Банк қызметіндегі несие тәуекелдері жүйесін басқару және оның ішінде қарыз алушы несие қабілеттілігін жүйелі басқару жөнінде жазылған отандық еңбектер жоқтың қасы, көп еңбектерде жазылған теориялық материалдардың іс жүзінде практикадан алшақтығы сезіліп жатады. Сол себепті, несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі және қарыз  алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін  ескерілуге тиіс бірнеше факторлар  анықталды: Банктік несиелеуде тәуекелділік туғызатын ішкі және сыртқы факторлар; Банк пен қарыз алушы тарапынан туындайтын тәуекелдер және оған әсер ететін факторлар; Кәсіпорынның қаржы (несие) тәуекелділігінің деңгейіне әсер етуші негізгі  факторлар және ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар және себеп-салдарлары анықталды, аталған факторлардың алдын-алу шаралары ұсынылды, бұл болашақта банк жүйесінде шешімдер жасауға, тәуекелдердің алдын алуға көмек болады.
  4. Қазақстанда несие тәуекелділігін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ, несие тәуекелділігін басқару жүйесінде  жекелеген элементтер ғана қызмет етуде. Сондықтан, несие тәуекелділігін  басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға әкелетін олқылықтар және олардың мүмкін себептері зерттелді, не<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-size

Информация о работе Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау